Статистикалық әдістің мүмкіншіліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Зерттеу нәтижелерін хабарлау және өңдеу әдістері

Кәсіптік педагогикада статистикалық әдістерді қолдану

Статистикалық әдістің мүмкіншіліктері

Статистикалық әдістер деп - зерттеуді жоспарлау, материалдар жинау, өңдеу, нәтижелерін көрсету кезінде қолданылатын зерттеу жұмыстарының әдістерін айтамыз. Статикалық әдістерді зерттеу материалдарын ғылыми өңдеп ұсынуға мүмкіндік беретін құрал деп қарсатыруға болады. Педагогикалық зерттеудің кемшіліктеріне тоқталғанда, әдетте мынаны айтады:

1) Педагогикалық құбылысты объективті өлшеу үшін критерийлердің жеткіліксіз өңделмеуі

2) Көптеген құраушы факторлар есебінен дәл және объективті құбылыс себептерін анықтау қиындығы

3) Басқа ғылымда қолданылатын әдістер көмегімен педагогикалық құбылыстар арасындағы байланысты табу қиындықтары

Кез келген ғылымда нәтижелер объективтілігі құбылыстың өлшеу дәлдігі, талдау мен өңдеуге байланысты. Бірақта педагогикалық ғылымда соңғы уақытқа дейін құбылысты субъективті сипаттау басым. Нақты статикалық құбылыстың сапалық жағын зерттеу мүмкін емес. Ғылымда егер нақты критерий, өлшемдер және жан-жақты зерттеу, сапалық және сандық құбылыстың жақтары болмаса жеткілікті объективті деп айту мүмкін емес. Осыны ескеріп соңғы кездерде гуманитарлық ғылымдарда да, оның ішінде педагогикада да, құбылыстың сандық жақтарын өлшеу мен зерттеу жұмысының нәтижелерінің сенімділік мәселелерін шешудің жолдарын іздей бастады. Статистика құбылыстың негізін ашпайды. Ол тек екі құбылыстың статикалық сенімді айырмашылығын бекіте алады, бірақ оның себебін түсіндіре алмайды. Мысалға, оқытудағы жаңа әдіс жоғары нәтиже көрсетеді. Осындай статистикалық есептеу негізінде неге жаңа әдіс жақсы болу себебін айта алмайды. Оның оқу үрдісінің терең талдау, жан- жақты оқытушы мен оқушы әрекетін бақылау негізінде айтуға болады. Ғылымда фактілерді дәл бекіту жеткіліксіз, олардың негізін, өзара байланысы мен өзгерісін теориялық түрде түсіндіру керек. Педагогикада қолданылатын статикалық әдістер құбылысты зерттеу үшін қолданады. Бірақ оларға сүйеніп, қорытынды, болжам жасауға болмайды. Практика көрсеткендей жеткіліксіз, дайындықсыз арнайы ғылыми ой -санасыз, құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды табу және талдау білмей зерттеу жұмысының мазмұнын, түсініктерін статикалық есептеулері көп жағдайда дұрыс емес қорытындыларға әкеледі. Кейде бұл гуманитарлық ғылым салалаларында болып тұрады, өйткені олар математика статистикалық әдістерді жеткілікті қолдануды білмейді. Педагогикалық зерттеу жұмысында статистикадан бас тартпау керек. Статикалық әдістер зерттеу нәтижелерін жүйелеу және өңдеуге, оның ғылыми ақиқаттығын тексеруге мүмкіндік беретінін ескеру керек.

Құбылыстар туралы жалпы түсінік және орташа көрсеткіштері

Статистика -көптеген құбылыстардан тұратын құбылыстар жиынтығын қарастырады. Статикалық әдістерді қолданғанда бірқатар мәліметтер зерттеуші репрезентативный деп санаған бір мәнге меншіктеледі. Педагогикада статикалық әдістер педагогикалық құбылыстың жиынтығының анықталған нәтижелерін қысқаша ұсыну немесе салыстыру үшін қолданады. Жиынтыққа кіретін бөлек құбылыстарды жиынтық элементтері деп атайды. (Әдетте х1 у1 деп белгіленеді) . Егер элементтер жиілігін F деп белгілесек, ал олардың қосындысын (Ғ) жиынтық көлем деп аталады және N деп белгілейміз. Жиынтық элементтеріне ең аз дегенде бір белгі тән, оның әдетте нақты сандық мәні болады және оның неізінде бір жиынтық элементінен екіншісін айыруға болады. Жиынтықтардың сандық сипаттамалары үшін әртүрлі орта көрсеткіштер қолданады. Статикалық әдістер қолданғанда бір маңызды жағдайға назар аударған жөн; жиынтық элементінің мәні жалпы заңдылық бойынша пайда болмайды, ол кездей -соқ факторлар әсерінен пайда болады. Мысалға, қатысушылардың білімін бақылау жұмысы нәтижесіне қарап бағалайды. Негізінде дұрыс. Бірақ бақылау жұмысына кездей-соқ жағдайлар әсер етуі мүмкін: қатысушылардың психикалық күйі, шаршау, көшіру мүмкіндігі т. с. с. Қатысушылардың білім деңгейін бір ғана қатысушының көрсеткішіне сүйеніп анықтауға болмайды. Тек бақылауға бірнеше қатысушы кіргенде және орта көрсеткіштерін талдағанда ғана қорытынды жасауға болады. Орташа көрсеткіштер жиынтық элементтерінің жеке мәндеріне қарағанда тұрақты болып келеді. Орта көрсеткіштер ғылыми ақпараттың қайнар көзі болып табылады, егер оларды есептеу барысында үлкен сандар заңы ескерілсе.

Бұл заңның негізін келесі түрде баяндауға болады.

1) Көп мәліметтердің саны жеткілікті болғанда жиынтықтың бірқалыпты құрамының заңдылықтарын табуға болады.

2) Осы заңдылықтарды сандық түрде тек орта көрсеткіштермен сипаттауға болады.

3) Жиынтық заңдылықтар неғұрлым дәлірек болса, соғұрлым зерттелетін элементтер саны көп болады.

Құбылыстардың ортадан басқа жаққа ауытқуы көп объектілер санымен өзара толықтырылады. Орташа салыстыру немесе параметрлік әдістерді егер зерттелінетін шамалар шкалалық қатынаста немесе бірқалыпты интервалдық шкалаға келтірілсе ғана қолдануға болады . ”Параметрлік” деген атау орташа көрсеткіштердің параметрлерін салыстыратындықтан шыққан. Жиынтық көлемі бірнеше элементпен мыңдаған элементтер арасында болуы мүмкін.

Статикалық зерттеу жұмысының кезеңдері

Педагогикалық мәселелерді статикалық зерттеуде біз 4кезең бойынша қарастырамыз:

1) Зерттелетін объектінің негізгі қасиеттерінің цифрлары көмегімен сипаттау үшін моделін құрау.

2) Қандай да бір құбылыс туалы сандық мәліметтерден бақылаудың көмегімен мәліметтерді жинау.

3) Жалпы сандық мәліметтерді табу және оларды өңдеу.

4) Мәліметтерлі талдау.

Бірінші кезең қалыптасу деп аталады, бұл кезеңде нақты цифрлар мен толтырылатын математикалық модель алынады. Екінші кезеңде мәліметтер жинайды. Үшінші кезеңде мәліметтерді өңдейді. Тек төртінші кезеңде мазмұнды қорытындылайды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін шығару бұл бөлек жиынтық элементтері туралы жинаған мәліметтерден бір тұтас ретінде жиынтықты сипаттайды, мәліметтерге ауысу кезеңі. Жай хабарлауда бақыланатын жиынтық бір тұтас аморфты масса ретінде қарастырылады. Топтық хабарлауда зерттелетін жиынтықты бір белгісі бойынша топтарға бөлінеді. Осылайша топтау жиынтықты танудың ең жақсы құралы болып табылады. Екінші статикалық әдістердің бірі орташа құрылымдық деп аталады. Жалпы жиынтық көлемі әртүрлі мүшелер саны бар нақты бөліктерге бөлінеді. Сандық белгілері бойынша топтау немесе сандық топтау сандық сипаттағы белгілерге негізделеді. Мысалға тест нәтижелері, жасы, жұмыс жылдамдығы т. с. с.

Сапалық белгілері бойынша немесе атрибутивті топтау сандық сипаттағы қайталана беретін белгілерге негізделеді (қатысушылардың жынысы, ұлты, жүйке әрекетінің типі, әлеуметтікжағдайы т. с. с. ) . Зерттеу нәтижелерін бір немесе бірнеше белгілері бойынша топтауға болады. Белгілер санын жай және құрама топтау деп бөлуге болады. Жай топтауда жиынтықты тек бір белгісіне қарап бөлуге болады. Құрама топтауда бір уақытта бірден көп белгісі бойынша топтауға болады. Зерттеу нәтижелерін шығару үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады:штрихпиц, фишка, перфокит, рейтеркарт, механикалық.

Зерттеу нәтижелерін кесте түрінде ұсыну.

Кесте мәндері және құру.

Зерттеуден алынған мәліметтерді әдетте үш тәсілмен ұсынуға болады.

1) Жұмыс мәтін түрінде көрсетіледі.

2) Кесте түрінде ұсынады.

3) Графикалық бейнелер түрінде ұсынылады.

Бірінші тәсіл сандық мәліметтер аз болғанда қолданылады. Педагогикалық зерттеулерде сандық көрсеткіштерді ұсынудың негізгі тәсілі әртүрлі кестелерді қолдану болып табылады. Кестелер қандайда бір құбылысты сандық белгілері бойынша көрсетуге мүмкіндік береді. Әрбір кесте екі бөліктен тұрады мәтіндік және цифрлық . Мәтіндік бөлігінде кесте тақырыбы, сөздік түсініктемелер, қосымша ескертумен сілтемелер жатады. Цифрлық бөлігінде статикалық мәліметтер кесте нөмірі беріледі. Барлық кестелерде тақырып болуы тиіс. Тақырыпта қысқаша кесте мәліметтерін сипаттау керек. Әрбір кесте араб цифрымен белгіленеді. Кесте нөмірін тақырыптан бір жол жоғары оң жақ бұрышына жазады. Жол мазмұнын түсіндірген тақырыптар кестенің бірінші бағанында орналасқан, бір бағандағы параметрлер ондық сандары бірдей болуы керек.

Кесте түрлері

Баған мен жолдардың бөлігіне қарай кестелер 6 топқа бөлінеді. Жай кесте. Құрастырылған жиынтық бөлік құбылыстар туралы жинақталған мәліметтерден тұрады.

Таллин қаласының ПТУ қатысушыларының саны 40 кесте

Училище атауы
Қатысушылар саны
Училище атауы: 21 ор ПТУ
Қатысушылар саны: 830
Училище атауы: 22 ор ПТУ
Қатысушылар саны: 740

Топтық кесте. Топтық кесте деп бір белгісі бойынша топталған кестені айтуға болады.

Қатысушылардың саны бойынша училищелерді топтау 41 кесте

Училищедегі қатысушылр саны
Училище саны
Училищедегі қатысушылр саны: 20-100
Училище саны: 8
Училищедегі қатысушылр саны: 101-200
Училище саны: 12
Училищедегі қатысушылр саны: 201-300
Училище саны: 16

Комбинациялық кесте. Бірден көп белгісі бойынша топталған мәліметтер жиынтығын айтуға болады. Егер кесте тақырыбында алдымен қатысушылардың жасы берілсе, оны кейін қыз бен ұл деп бөліп, жас аралыққа бөлген. Жоғарыда айтылғандай комбинациялық кесте жай мен топтық кестелерге қарағанда салыстырумен талдау үшін жақсы қолайлы шарттар жасайды.

Комбинациялық кесте 42 кесте

Мектеп
Қатысушылар
Барлық қатысушылар
Ұл
Қыз
8 жас

8-10

жас

10-12

жас

барлығы
8 жас
8-10 жас
10-12 жас
барлығы
Мектеп: 1
Қатысушылар: 2
Барлық қатысушылар: 3
4
5
6
7
8
9
10
Мектеп: Вильяндық орта мектеп
Қатысушылар: 42
Барлық қатысушылар: 36
53
131
53
41
48
142
273
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық талдаудын математикалық экономика әдісі
Сақтандырудың Қазақстандағы қалыптасу барысы
Орта мектепте географияны оқыту
Картаны пайдалану деңгейі
Шығындардың мақсатқа лайықтылығын талдау
Адам генетикасын зерттеу әдістері
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Адам генетикасын зерттеу әдістері. Медициналық-генетикалық кеңес беру
Microsoft Visual basic 6-ең жаңа программалау тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz