Қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі


С. БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ АУДАРМА КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді Қолжазба құқығында
Филология және аударма
кафедрасының меңгерушісі
Ергазина А. А
«___» 2015ж.
НУРТАЕВА Айгуль Бекболатовна
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
6M020500 - Филология
гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
ДИССЕРТАЦИЯ
Ғылыми жетекшісі:
М. К. Амангазиева
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
Ақтөбе, 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І БӨЛІМ. ТІЛ - МӘДЕНИЕТ - ҰЛТ
- Қазақ тіл білімі саласындағы жаңа ғылыми бағыттар . . .
1. 2 Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы және ғылым ретінде қалыптасуы . . .
1. 3 Мәдениет және жаһандану . . .
ІІ БӨЛІМ. Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негізі және зерттелуі
- Тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеудің қажеттілігі . . .
- Қ. Жұбановтың лингвомәдени көзқарасы . . .
- Лингвомәдениеттану бағыттары мен ұстанымдары, термин сөздері . . .
ІІІ БӨЛІМ. Лингвомәдениеттанудың тілдік көрінісі
3. 1Тілдік бірліктердің лингвомәдени бейнесі мен сипаты . . .
3. 2 Тілдік бірліктердің лексика-семантикалық ерекшеліктері (сан есімдер бойынша) . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ГЛОССАРИЙ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адам қай кезде адам болып қалыптасады? Әрине, сәби кезінде тілді меңгеріп, сонымен бірге өз халқының мәдениетін үйренген кезде, бойына сіңірген кезде ғана Адам деген ұлы атқа ие болады. Әлем туралы ақпараттың көбі адамға лингвистикалық каналдар арқылы келеді, сондықтан да адам концептуальды әлемнің ортасында өмір сүреді, әлеуметтік, рухани қажеттілігін қанағаттандырады. Адамның өмірдегі қол жеткізетін жетістігі де оның тілді меңгеру мүмкіндігіне қарай болады. В. А. Маслованың тілімен айтсақ: «Тілдің құпиясы - адамның құпиясынан да маңыздырақ, егер оны жасырсақ, ғасырлар қазынасы ашылмайды, не білім жоғалып, жоқ болады»[1, 3-4] . Сондықтан да әр халықтың ұлттық болмысын өз бойына сақтаған тілді әр қырынан зерттеу сол халықтың жер бетінен жойылмай, өміршеңдігін арттырудың бір тәсілі болып табылады.
«Тіл - ұлттың тірегі, ұлттық мәдениеттің негізі» деген қағидалар тіл мен мәдениет арасындағы ажырағысыз байланысты танытады. Осы байланыстың арқауы ана тілі бойында сан ғасыр өтсе де бар асылын еш шашаусыз жиып, болашаққа сақтап жеткізу игілікті іс болып табылады. Дүниедегі мәдениет халық өмірінің айнасы іспетті. Әр халық мәдениетінің өмірінен хабар беретін атаулар мен құбылыстар тіл ғылымында лингвомәдениеттану сипатында танылған. Мәдениет - адам қолымен жасалған әлем емес, бұл адам өз әрекетімен сақтаған қазына байлығы. Әлемнің танымдық бейнесі - адам ақыл-ойының өнімі, ол шексіз. Мәдениет - өте күрделі жүйе.
Халық өмірін лингвомәдени аспектіде зерттеу ұлттың, ел халқының тарихынан және дүниетанымынан хабардар ететін, көне дәуірден ақпарат беретін өткен тарихтың шынайы куәгері. Қазақ халқының дүниетанымын бейнелейтін лингвомәдени деректер ұлт пен халықты танудың үлкен көрсеткіші. Қоғамдағы мәдениет пен тілдің тоғысуынан туындаған лингвомәдениеттану әр этнос мәдениетін тілдік деректер арқылы сипаттайтын, ана тілі арқылы өзге жұртқа өз мәдениетін насихаттайтын, ұлттық рух пен тілдің туын көтеретін, халық болмысын тіл деректері арқылы өз тұғырына жеткізіп болашаққа танытатын зерттеу нысаны этнолингвистика ғылымымен үндес, ұлттық тілмен рух арасында қалыптасқан даңғыл жолы бар жүйе. Тілді мәдениет арқылы зерттеуде өзгеше бітімімен басқаларынан ерекшеленетін, қоғамдық әлеуметтік философиялық сипаты бар, қазақ тіл білімінде енді ғана қалыптасып келе жатқан кешенді ғылым саласы. Қысқаша айтсақ, лингвомәдениеттану - ұлттық сипаты бар деп танылып әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси адамгершілік арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыда лингвистикалық мәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілерімен халықтың танымдық этикалық, эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады.
Бұл жұмыста қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі, түрлі көзқарастар, жаңа ұғымдар мен түсініктер қамтылып, ұғымдардың лексика-семантикалық ерекшеліктерін сараптауды қарастырмақпыз.
Зерттеудің өзектілігі.
Кез келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік заңдылықтарына сүйеніп қана қоймай, сонымен бірге халықтың дүниетанымына сүйеніп қана қоймай, сонымен бірге халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына, бір сөзбен айтқанда мәдениетіне назар салып қарау - лингвомәдениеттану пәнінің үлесіне кіреді.
Бастау көздерін В. фон Гумбольдт, Э. Сепир т. б. идеяларынан алып, соған сәйкес, мазмұндас пікірлер мен теориялық қағидалардың ғылыми нышандарының көріністері қазақ тіл білімінің, мәдениеттануының негізін салушы ғалымдардың еңбектерінде де қалыптасқан. Қазақ тіл біліміндегі осы бағыттағы зерттеулердің дамып, жаңа деңгейде жалғасуының нәтижесінде түрлі жарыспалы көзқарастар пайда болып, ғылымның жаңаша бағытта жарқырауына септігін тигізді деп айтуға болады. Бұл орайда лингвомәдениеттану ғылымының тереңірек зерттелуі өзектіболып саналады. В. Гумбольдт концепциясы (тұжырымдамасы) А. А. Потебня, Ш. Балли, Ж. Вандриеза, И. А. Бодуэн де Куртэне, Р. О. Якобсон және басқа зерттеушілер еңбегінде жалғасын тапса, қазақ тіл білімінде Ә. Т. Қайдар, Е. Жанпейісов, М. М. Копыленко, Р. Сыздық, К. Хұсайын, Г. Смағұлова, А. Сейілхан, А. Ислам т. б. еңбектерінде көрініс табады.
Осы еңбектердің нәтижелерін, түйген ой-пікірлерін қорыта келіп, тіл мен мәдениеттің тығыз байланысы коммуникативтік процестен, халықтың тұрмысынан, тілінен, салт-дәстүрінен көрінеді деп тұжырым жасауға болады. Тіл - мәдениет дерегі, өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бөлігі және тіл мәдениетті танудағы негізгі құрал, себебі ол арқылы біз мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этникалық қоғамдастықта, бір жағынан, этностың мәдени өзгешелігінің факторы ретінде, екінші жағынан - тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Осылайша қазіргі, келер ұрпақты бір тұтастырып, бүтіндікте байланыстырады. Демек, тіл мәдениетте өсіп-өнеді, дамиды және соны бейнелейді.
Зерттеудің мақсаты -
қазақ тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттар аясында лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуіне кешенді түрде талдау жасау. Ол үшін мына
міндеттерді
жүзеге асыру көзделді:
- тілдік құбылыстарды лингвомәденитанымдық ерекшеліктер ретінде талдаудың теориялық-әдістанымдық негізін анықтау;
- лексикалық бірліктердің негізінде қазақ тіліне тән көркем мәтіндерде берілу ерекшеліктерін анықтау;
- тілімізде қалыптасқан материалдық мәдениет атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сипаттау;
- лексика-семантикалық тәсіл арқылы қызметін анықтау;
- тілімізге тән көркем әдебиеттегі қызметіне талдау жасау, өзіндік ерекше топтарын жіктеу, төркінін анықтау.
Зерттеудің жаңалығы.
Зерттеу нысаны: Лингвомәдениеттану аясындағы ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен пікірлері, талқыланып жүрген өзекті мәселелер, жыраулар поэзиясы, мақал-мәтелдер, ақын-жазушы шығармалары.
Зерттеу әдістері: Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негізі ретінде салыстыру, тілдік материалды этнолингвистикалық сипатта зерделеу, талдау жасау, компоненттік және семантикалық талдау, сипаттама жасау, жинақтау әдістері қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- әрбір лингвокультуремада өзі қалыптасып, пайда болған өңірдің мәдени жүйесінің белгісі, өзіндік қолтаңбасы қалып отырады;
- лингвомәдениеттану мәдениеттің рухани жақтарына көбірек көңіл бөледі;
- лингвомәдениеттану салыстырмалы-салғастырмалы түрде зерттеуді басты назарда ұстайды;
- лингвомәдениеттанудың басқа ғылым саларынан өзгешелігі- кез келген нысанды зерттеуде тілдік және мәдени деректерді бірдей қарастырады;
- лингвомәдениеттанудың міндеті -тілде сақталып келген тілдік көріністердің түп төркінін айқындау болып табылады;
- ол ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне ықпалынан туындайды;
- тілдік фактілерді тіл мен халық мәдениетіне байланыстыра отырып зерттеуді мақсат етеді.
Зерттеу жұмысының дереккөздері мен материалдары ретінде лингвомәдениеттану мәселелерімен айналысушы отандық және шетелдік ғалымдар:Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Ә. Қайдар, І. Кеңесбаев, Н. Уәлиев, А. Салқынбай, Б. И. Нұрдәулетова және т. б., шетел тіл білімінде: В. фон Гумбольдт, Ю. Апресян, А. Потебня, Ф. де Соссюр, Э. Сепир, В. Уорф, Н. Арутюнова, С, Аскольдов, А. Вежбицкая, В. Воробьев, С. Воркачев, Е. Кубрякова, В. Карасик, С. Тер-Минасова, А. Кунин, В. З. Демьянков, Н. А. Красавский, Ю. С. Степанов, И. А. Стернин, В. Н. Телия және т. б. ғалымдардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік.
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттейтін объективтік ауқымы ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиетте, фольклорда т. б. берілу арқылы кеңи түседі, сонымен бірге ұлттық мәдениет пен болмыстың ерекшелігін таныту, лингвомәдениеттану ғылымына қатысты Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұбанов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. Жылқыбаева, К. Қ. Күркебаев т. б. ғалымдардың еңбектерінде тілдік фактілер сипаты ретінде танылады. Осы аталған авторлар еңбектерінде сөз етілген ұлттық тіл деректерінің зерттелуін лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу аясына жатқызуға болады.
Бүгінгі күні лингвомәдениеттану ұлттық тілтанудың негізі екені соңғы кездегі зерттеулерде (Г. Смағұлова, А. Алдашева, А. Салқынбай, А. Сейсенова Г. Қажығалиевалардың т. б. ) сөз болуы, назар аударылуы лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағанын байқатады.
Г. Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуындағы өзара байланысты анықтап мәдениет ұғымын мағыналас фразеологизмдердің бойынан тіл аспектісінде қарастырған. Ол өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді; лингвомәдениеттану - этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерделеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз қазіргі заманға сай келбетін таныту. Бұл орайда тіл - ұлт- мәдениет дейтін үштік (триада) лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысаны болмақ.
Лингвомәдениеттанудың өркениетте қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын тілдік тұрғыда сөз ету зерттеу объектісін нақтылай түседі. Сондай-ақ көне тіл деректері лексикамызда сөзжасам саласының қызметін арттыруды халқымыздың мәдени өмірімен байланысты екенін тілші Анар Салқымбайдың мына пікірі толықтырады: «Тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу - ең әуелі тілдер арасындағы жалпы адами гуманистік, мәдени, өркениеттілік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, әлемдегі, құбылыстар қоғамдағы сана мен салт бәрі де тіл де өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның аталу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылад» [2, 41] .
Зерттеудің мақұлдануы мен жариялануы. Диссертацияның негізгі нәтижелері С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті магистратура бөлімі мәжілістерінде талқыланды. Атап айтқанда, ***
Зерттеудің негізгі мәселелері мен теориялық тұжырымдары әртүрлі басылымдағы * жарияланымда жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, әр тарау 2-3 тараушадан тұрады. Сонымен қатар қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, глоссарийден және зерттеу жұмысының мазмұнын ашатын тірек-сызбалардан құралған қосымшадан тұрады.
І БӨЛІМ. ТІЛ - МӘДЕНИЕТ - ҰЛТ
1. 1 Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы және ғылым ретінде қалыптасуы
. . . Тіл - қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінің мән-маңызы болмайды. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Тіл - халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұрпақтың салқынқанды, мейірімге зәру болатыны ақиқат. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, мәңгүрттік кейіпке түсетіні де жалған емес. Тілдің құдіреті осында. Тар мағынада айтсақ, тіл - қоғамның өмірінде адамдармен өзара пікір алысу, түсінісу қызметін атқарса, кең мағынада, тіл - ұлттың айнасы, өнер деп қабылдаймыз.
Ғылыми ой-тұжырымдарды ой елегінен өткізсек, халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатынын көруге болады. Бұл жөнінде, зерттеуші В. фон Гумбольдт: “Тіл -халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» дейді. Бұл тұжырым - жаңа ғылыми концепцияның алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ ғалымның «Мәдениет - тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі» деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны ақиқат. Ғалым өз зерттеуінде: «Біріншіден, мәдениеттің екі түрі - материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдениет - ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, үшіншіден, мәдениет пен халықтық рух - тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. [3, 32] . Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан, тіл мен мәдениет бір-бірінен ажырамайтын байланысқа ие екенін көруге болады. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э. Сепир : “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” [4, 186] деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, өзінің зерттеу еңбегінде дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілі мен тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “ Сепир - Уорф болжамы ” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты, ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі деп есептеуге болатынын байқауға болады.
Тіл - тек мәдениетті танушы құрал ғана емес, сонымен қатар тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында, мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде сақталған. Өйткені адам баласының ой-санасы, сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен байланысты этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен дәлелдеген В. фон Гумбольдт концепциясында: “Тілдің табиғаты мен тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыстылығында” деген құнды пікірмен бағаланды. Осы пікірді ғылыми жолға сүрлеп түсірушілер Г. Штейнталь мен М. Лацарус болды . Олар өз еңбектерінде халық психикасының этнотанымдық мәні, тілдің ішкі мазмұны адамның мінез-құлқымен байланысты деп түсіндіріп “тіл мәдениетке қатысты алғанда индивидтің творчествалық әрекеті”, “халық рухы алдымен тілде” [5, 92-117] деп түйіндеген. Бұл үрдіс осы ғылыми тұжырымдардың бастамасымен ғылымда өз жалғастығын тапты. Ғалым А. Вежбидская бұл туралы: “Каждый язык национально спецефичен. При этом в языке отражаются, не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национального характера его носителей”, - деп көрсетеді [6, 19] . Демек, этнопсихология ілімінің тіл аясында мәдени факторларсыз анықталуы оның жете танылуын қамтамасыз ете алмайды деген пікірмен келісеміз.
Ұлт тілі мен мәдениеттің өзара байланысы туралы В. В. Воробьев былай деп жазады: "Тіл дегеніміз - қарым-қатынас пен ойды білдірудің аса маңызды құралы ғана емес, ол сондай-ақ мәдениет білімдерін жинақтау құралы болып табылады. Күрделі таңбалық жүйе бола отырып, тіл ақпарат беру, сақтау, пайдалану және иелену құралы да бола алады. Тіл сияқты мәдениет те ақпарат беруге қабілетті таңбалық (семиотикалық) жүйе болып саналады, бірақ оның тілден айырмашылығы - ол өз бетінше ұйымдасуға қабілетті емес, өйткені мәдениет дегеніміз - ең алдымен жады, ес, күрделі семиотикалық жүйе, оның қызметі - жады, ес, ал негізгі қасиеті - жинақтау мен шексіз жалпылыққа талпыну. Өзінің шексіз бірегейлік қасиетіне талпыныста болған тұлға қарым-қатынас мәдениеттер диалогынан тыс қала алмайды. Сондықтан «тіл - ұлт (ұлттық тұлға) - мәдениет» - орталық үштік (триада), осы ғылым саласындағы аса маңызды мәселелер түйісетін және шешілетін орталық нүкте (фокус) болып табылады» [7, 12 - 13] .
Тілдің ерекшелігін әлеуметтану тұрғысында зерттеген ғалым В. Вундт өз еңбектерінде күрделі интеллектуалдық әрекеттердің ұлттық мәдениетті танудағы орнына ерекше назар аударады. Ол ұлттық рухты жаңғыртатын факторлар, салт-дәстүрлер олардың дамуы мен халық мәдениетіндегі рөлін әлеуметтік рухани құбылыс деп бағалаудың бағытын көрсетті. Расында да, ұлттық рухтың нағыз келбетін танытатын - салт-дәстүрлер. Этностың бар өміріне рухани азық болған, тұрақты ұрпақ жалғастығына себепкер құбылыс салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениет бастауы екендігі сөзсіз. Осы құбылысты дер кезінде мойындап, ғылыми тұрғыдан жаңа бағытқа жол салушы - ресейлік тілші-ғалым А. Потебня болды. Ол тіл халық мәдениетімен біте қайнасқан ұғым деген түсінікті қалыптастыра келіп: “Тіл - халықтық “рухтың” жемісі, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті көрсетеді” деп анықтайды. Мәдениет - тілдің таңбалану қасиеті арқылы танылатынын, оған дәлел халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін жан-жақты сөз ете келе: “Халық рухы” алдымен тілде, содан кейін барып әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде, ән өнерінде, фольклорында көрініс береді” [5, 117] деп қорытады.
Жоғарыда біз сөз еткен ғалымдардың зерттеулері ұлттық тіл мен халық мәдениеті арасындағы сабақтастықты о бастан болжап, тілдің ішкі формасына саятын қасиеттерін танытудан туған. Оның (ішкі форманың) тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми құнды ойлар мен тұжырымдар тіл ғылымының жаңа бағытымен ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің болжамы сияқты.
Адамзат қоғамының дамуында маңызды фактор- әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі, тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуы. Ал әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде, әлемдік мәдениеттің ауқымында және дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі бүгінгі күні тіл ғылымының ғылыми өрісін тереңге жайған этнолингвистика саласында сәтті бағытта іске асуда. Осымен тығыз байланысты ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары бір-біріне әсері айқын деректің белгілі бір этносқа тән екендігін танытуда бізге кешеуілдеп жеткен жаңа бағыттың бірі - лингвомәдениеттану. Бірақ тіл ғылымында XV ғасырдың бас кезінен бастап ерекше қалыптасқан жоғарыда аталған ғалымдардың ( Ф. Соссюр, В. Гумбольдт, А. Потебня, В. Штейнталь тағы басқа) ғылыми ой-тұжырымдарын одан әрі ұластырушы Ресейдегі фразеологиялық мектептің өкілдері В. Воробьев, В. И. Телия, Е. М. Верещагин, В. Т. Костомаров, В. Маслованың зерттеулерінің лингвомәдениеттануды дербес ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуына зор ықпал еткенін ерекше ықпал етті. Сонымен қатар, қазақ тіл білімінің дамуына, жаңа қырынан танылуына, қазақ ғалымдарының ғылыми біліктілігін арттыруға өз әсерін тигізбей қойған жоқ.
Тіл мен мәдениет ұғымдарының өзара тығыз байланысәсіресе Е. М. Верещагин мен В. Т. Костомаровтың зерттеу еңбектерінде жаңаша қырынан танылады. Қос ғалымның: «Тіл - тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол Адам өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы, сақтаушы құрал, осы арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп танимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі - әлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде қалыптасуы» [9, 10] деген құнды пікірлері бүгінде лингвомәдениеттану пәнінің қоғамдағы әлеуметтік орнын нақтылай түсуге ықпал етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz