Балалар неврологиясын зерттеудің негізгі әдістері


Тақырыбы: Балалар неврологиясын зерттеудің негізгі әдістері.
- I. Кіріспе.
- II. Негізгі бөлім.
- 1. Балалардағы жоғары дәрежелі нерв қызметін зерттеу.
- 2. Жұлын сұйықтығын зерттеу. Пункция түрлері.
- 3. Диагностикалық зерттеу әдістері.
- III. Қорытынды.
- IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Балалардағы рефлекстік жүйені зерттеу.
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (тұрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі.
Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек:
- - әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы;
- - шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;
- - тітіркендіргіштердің тұракты ретпен әсер етуі; аталган жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен өлсіздеу болуы;
- - жүйке жүйесінің маңызды болімі - ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы.
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады. Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті/ ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит үстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.
Шартты рефлекстердің пайда болуы мен тежелуінін жас ерекшеліктері .
Жаңа туған сәбидің біраз ғана шартсыз рефлекстері болады. Олардың көбі қорғаныс және тамақтану рефлекстері. Баланың алғашқы апталық өмірінен бастап оның шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Ғалымдардың зерттеуінше, 5-10-шы күндері тамақтануға байланысты шартты рефлекстері қалыптасады: ең алдымен тамақтану негізінде баланың денесінің кеңістікте дұрыс орын алу шартты рефлекстері байқалады. Баланың бұл рефлекстері күрделі тері рецепторлары, проприорецепторлары (лат. проприус - әзіне меншікті + рецептор) мен вестибулярлық құрылымдарын тітіркендіруге байланысты пайда болады. Алғашқы шартты рефлекстер өте баяу туады, олардың нервтік байланыстары тұрақсыз, оңай жайылады.
Баланың дамуында бағдарлау рефлекстерінің маңызы зор. Соның негізінде балада сыртқы орта жайында алғашқы танымдар пайда болады. 3-4 айда оның бағдарлау рефлекстері қалыптасып, әрі қарай жасы өскен сайын жеңілденеді.
3-5 жас арасында шартты оң рефлекстердің бекуі қиындау, себебі бұл мерзімде балалардың қорғану рефлекстері және шартты қорғаныс тежелуі жақсы болады. Қорғаныс тежелу ми қыртысында тез жойылады да, шартты оң рефлекстердің пайда болуына кедергі жасайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың комплекстік шартты рефлекстерінің пайда болуы қиындай түседі: негізінен олар комплексті тітіркендіргіштің жеке әсеріне ғана туады. Сыртқы ортаның әсер леріне байланысты пайда болған шартты рефлекстер балаларда түрақсыз, тез жайылады, шартты тежелуі байқалады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың қозуы мен тежелуінің әлсіз екенін көрсетеді.
5-7 жас арасында қозу мен тежелу күшейе түседі. Сондықтан бұл кезде, әсіресе 6 жаста, ішкі тежелуі жақсарады, ми қыртысының жұмысы артады. Бала 16-20 минуттей бір нәрсеге зейінін тоқтата алады. Сыртқы тежедудің маңызы төмендейді. Сондықтан 15-20 минуттей баланы оқытуға мүмкіндік пайда болады.
Жұлын сұйықтығын зерттеу.
Жұлын сұйықтығын зерттеу неврологиялық клиникада диагностикалық мақсатта қолданылады. Жұлын сұйықтығын зерттеуді 2 кезеңге бөлуге болады:
1. сұйықтықты тірі адамнан және жануардан алғанға дейін;
2. алғаннан кейін.
Жүргізілетін пункциялар:
*Люмбальді
*Субокципитальді
*Вентрикулярлы.
1891 жылы Эссенс Уинтер және Квинке алғаш рет люмбальды пункция арқылы жұлын сұйықтығын алған. Осы жылдан бастап жұлын сұйықтығының зат алмасу және қорғаныс процессіндегі ролі туралы зерттеле бастады.
Люмбальді пункция.
Операциялық немесе процедуралық бөлмелерде жүргізіледі. Науқасты отырғызып немесе қырынан жатқызып, аяғы бүгулі күйде, басын алға қояды. Балаларда көбінесе жатқызулы күйде жүргізеді. Бұнда мандрені бар ине көмегімен жасайды. Иненің ұзындығын таңдаубаланың жасына байланысты .
- Инені 2-3 немесе 3-4 бел омыртқасының өсіндісінің тұсынан енгізеді. Балаларда ерте жасында жұлын 3 бел омыртқасынан аяқталады.
- Пункция жүргізіліп болғаннан кейін каталок арқылы тасымалдап, горизонтальді жағдайда(жастықсыз) жатқызып, тәулік бойы қатаң төсек режимі сақталады.
Субокципитальді пункция.
Жұлын сұйықтығының құрамын зерттеу үшін, диагностикалық мақсатта жүргізіледі. Науқастың шүйде және мойын бөлігін тазалап, иод және спирттің 10 % ерітіндісімен өндейді. Пункцияны науқасты оң қырына жатқызған күйде, басын алға орналастырады. 2-бел омыртқа өсіндісін тауып, инені жоғары 45-60* еңгізеді. Инені 3-3, 5 см тереңдікке дейін сұғады. Прокол орнын стерильді салфетка көмегімен жауып, науқасты каталкамен палатасына тасымалдап, 3-4 күн қатаң төсек тәртібін тағайындайды.
Вентрикулярлы пункция.
Балалардағы бір жасқа дейінгі әртүрлі жүйке жүйесі аурулары кезінде ми қарыншаларына екпін арқылы пункция жасалады.
Жұлын сұйықтығын тексеру-оның қысымын, құрамын (клеткалық элементтер, белок құрамы, қант, хлорид), сондай-ақ арнайы диагностикалық пробалар мен реакцияларды анықтауда маңызы зор.
Қарсы көрсеткіштері :
- *Геморрагиялық диатез және әр түрлі асқынулар.
- *Инфекциялы аурулар - тұмау, ангина, сепсис.
- *Жергілікті іріңді қабыну процестері - флегмона, фурункул, абцесс.
Диагностикалық зерттеу әдістері.
Электроэнцефалография (ЭЭГ) - мидың биопотенциалдарын жазу. Мидың биотогын тіркеу құралы. мидың электрлік қуатын басының зақымданбаған сыртқы қабаты арқылы жазып зерттеу (тіркеу) . Жалаңаштанылған мидың биопотенциалдарын жазып тіркеуді электрокортикография деп атайды. Электроэнцефалография ми клеткаларының басым көпшілігінің электрлік белсенділігін жазып көрсетеді. ЭЭГ ми құрылымдарындағы патологиялық өзгерістердің мөлшерін, оның қызметі бұзылуының қаншалықты асқынғандығын, сондай-ақ мидың әр бөлігінде және тұтас алғанда электрлік белсенділігінің сипатын анықтауға көмектеседі. Эпилепсия және басқа да эпилепсиялық талмалар, мидағы ісіктер, қан-айналым бұзылуы, түрлі жарақаттар мен қабыну процесі кезінде ЭЭГ әдісі арқылы алынған деректер ми ауруларын анықтау барысында ерекше орын алады.
Зерттеулер Ресейде жасалған «НЕЙРОСОФТ» фирмасының 24 каналды , АҚШ-та жасалған «NIKOLET» фирмасының 30 каналды жүргізіледі. зерттеулер мидың функционалдық белсенділігінің деңгейін бағалау үшін жасалады. Зерттеулердің залалсыздығы, қауіпсіздігі және жоғары сезгіштігі секілді маңызды ерекшеліктері -- емдеу тиімділігіне динамикалық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Реоэнцефалография - артериялық және көктамырлық арналардың тамыр тонусын бағалауға мүмкіндік беретін зерттеу түрі, Ресей өндiрiсiнiң Мицар, Реоспектр аппараттарында жүргiзiледi.
Нейросонография - 2 жасқа дейінгі балалардың еңбегінің ашық күйiнде мидың қан ағымы жағдайын және патологиясын анықтауға мүмкіндік береді. Заманауи Премиум және эксперт класты ультрадыбыстық сканерлерде жүргізіледі. Мидың қатерлі ісіктерін, кистаны, бас сүйек ішіндегі қысымды және ми шеменін анықтайды.
Эхоэнцефалография - миды ультрадыбыс көмегімен зерттеу нәтижесінде бас сүйек қуысындағы құрылымдардың патологиялық процесс әсерінен қалыпты орындарынан ауытқуы мөлшерін анықтайтын диагностикалық тәсіл (әдіс) . Ми қарыншалары жүйесі жағдайына баға беру үшін III қарынша енінің ұлғаю мөлшері мен бүйір қарыншаларының кеңею деңгейіне ерекше көңіл аударылады. Қалыпты жағдайда мидың III қарыншасының бүйір кабырғаларына сәйкес эхоэнцефалография-лық ені әр түрлі жастағы адамдарда әрқиялы скеңдігі белгілі. Мы-салы, ересек адамдарда 5-6 мм, қарттарда 7 мм-ге дейін, сәбилерде 1, 4-4, 2 мм, бір жасқа дейінгі емшектегі балаларда 2, 3-5, 1 мм.
Рентгенологиялық тексеру әдістері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz