Қазақстан экономикасы nehfks


Қазақстан экономикасы
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Ресейдің үлгісімен бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерізімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осымен байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т. б. Сондай-ақ нарықтык экономикаға тән инфрақұрылымның да кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компапиялар омірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Қазақстан экономикасында, әсіресе, ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен екені белгілі. Бірақ, осыған қарамастан 1992-1993 жылдардағы елеулі дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды. Оның басты себебі - ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдері бағасының арасындағы үлкен алшақтық еді. Бұл ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды. Мәселен, 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда К-700 маркалы трактордың бағасы-1287 есе, МТЗ-82 маркалы трактордың бағасы-1667 есе, астық жинайтын "Нива" комбайнының бағасы 2050 есе, Дон-1500 комбайнының бағасы - 1236 есе қымбаттады. Ал осыған қарама-қарсы астықтың сатылып алу бағасы бар болғаны 148 есе, мүйізді ірі қараның бағасы - 65 есе, қой - 62, сүт - 87, жүн - 66, құс - 127, жұмыртқа - 219, ауыл шаруашылығы барлық өнімдерінің бағасы - 116 есе өсті. Бұл деректерден өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы арасындағы алшақтықты айқын көруге болады. Ауыл шаруашылығына қажетті өнімдерге бағаның бейберекеттігінен техниканы, тыңайтқыш, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар қолдану қауырт төмендеді.
Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жұмыстарды жүргізе бастады. Жер, Орман және Су кодекстері жасалды. 2002 жылы 5 маусымда мемлекеттік-аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол алдағы үш - 2003-2005 жылдарды қамтиды, яғни ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталады. Бұл жылдары көктемгі дала және күзгі жиын-терін жұмыстарын қаржыландыру нақты және тұрақты сипат алды.
Қазаңстанның темір жол қатынасы
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Өйткені темір жол арқылы республиканың халқы тек біздің елімізде ғана емес, мен қатар бүкіл жер бетінің барлық аймақтарына қиындықсыз бара алады және қажетті тауарларын жеткізе алады. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолынын үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін, қалалар мен ауылдар және басқа да жерлерге жол жүретін жолаушылардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Тек 1991-2003 жылдар аралығында Қазақстан темір жолы арқылы 220 миллион тонна мұнай және мұнай өнімдері, 1, 1 миллиард тонна көмір, 60 миллион тоннадан астам қара металл, барлығы - 2, 5 миллиард тонна әр түрлі халық шаруашылығы жүктері тасылған.
Қазақстан темір жол көлігінс талаптар жыл өткен сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" стратегиялық Бағдарламасында көрініс тапқаи. Олар: темір жол катынасының негізгі бағыттарын қазіргі кезеңнің талабына сай қайта құру, сондай-ақ, Трансазия магистралы бойынша жүк тасуды жетілдіру. Шет елдермен байланыс жасауда аса маңызды Достық - Ақтоғай станциялары арасындағы жол қатынасын одан әрі дамытып, тасылатын жүктің көлемін жылына 10 млн. тоннаға жеткізу. Жүк тасылатын басты аймақтарда қазіргі кезеңнін талабына сай жүк сақтайтын терминалдарды ұйымдастыру, барлық көлік және коммуникациялық орындардың құрылымдарын қайтадан қарап жетілдіру т. б.
Бұл маңызды мәселелерді шешуде Қазақстан темір жол құрылымын одан ары жетілдіру ерекше орын алады. Республикада 1977 жылға дейін өз алдына бөлек, бір-біріне бағынбайтын Тың темір жолы, Алматы және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері жұмыс істсді. Бірақ олардың іс жүзіндегі қызметі 1991 жылдан басталган нарықтық экономика талаптарына сай келмеді. Нәтижесінде 1991-1998 жылдар аралығында жолаушылар тасу екі екі есеге, жүк тасу айналымы 4 есеге азайды.
Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, қолда бар малдың санын кемітпей, тұрақтандыру ісін жүзеге асыру қарастырылған. Ол үшін Елбасының "Қазақстан-2030" Жолдауында атап көрсетілгендей, кеңшарларды жекешелендіру, мал басын тұтастай жекеменшік қолына өткізу шаралары алдағы уақытта ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz