Арал тағдыры – ел тағыдыры


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Арал тағдыры - Ел тағыдыры
Арал теңізінің алабы
Арал теңізінің алабы өзендері сирек, шөлді аймақта орналасқан. Теңізге Қазақстан аумағы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені құяды. Сырдария өзені деп орталық Тян - Шянь тауларынан Нарын мен Қарадария өзендері қосылған жерінің бастауы аталады. Оның жоғарғы ағысына бірнеше сала қосылса, ал республика жерінде Арыс және Келес өзендері құяды. өзеннің жалпы ұзындығы 2212 км, оның 1400 км құмды аңғармен ағып өтеді. Арналары иір - иір, жарқабақты келеді, лессты - саздақты жыныстарды шайып әкетеді. Ағын судың тау жыныстарын шайып, ағызып әкету проццесін өзен эрозиясы деп атайды. Тау өзендерінің ағысы қатты, арнасы терең болады, оның орта және төменгі ағыстарының арнасының табанына су ағызып әкелген малта тастар, құм, тұнба шөге бастайды. Бұл тасқындарды аллювий деп атайды. Уақыт ұза келе өзен арнасы тереңдей түсетіндіктен, өзен суы тасыған кезде өзінің бұрынғы арнасына көтеріле алмай қалады. Өзеннің су көтерілмеген ескі арнасын терраса деп атайды. Өзенмен ағып келетін қатты заттың бәрі қатты ағын деп атайды. Сырдария өзенінің қатты ағыны жылына 100 млн тонна шамасында шөгіндіні ағызып алып келеді. Республикадағы суы ең лайлы өзен.
Өзендердің қатты ағынын зерттеудің практикалық маңызы бар. Өзен тасқындары суару каналдарын бітеп, су турбиналарының жұмысын қиындатады. Соңғы жылдары Сырдария суын толық дерлік шаруашылық пен егістіктің әртүрлі салаларына пайдалануға байланысты суы Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Қазақстан жеріндегі Сырдария өзені бойында Шардара су қоймасы, Қызылорда бөгеті, Қызылқұм, Қазалы суару жүйелері салынған.
Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері кішігірім көлдерге құяды, кейбір қуаңшылық жылдары да оолардың арналары кеуіп қалады.
Арал теңізі
Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында жатыр. Ол дүние жүзілік мұхит деңгейінен 53 метр биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 64, 5 мың шаршы шақырым, ұзындығы 428 км, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі.
Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары мен ғалымдарының назарын өзіне аударды, Арал туралы алғашқы деректер Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птоломей теңіздің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табығатын жан - жақты зерттеуге орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Академик Л. С. Бергтің 1908 жылы «Арал теңізі» деген үлкен еңбегі жарық көрді.
Арал теңізі аймағының қатаң контенетті, құрғақ. Жылдық жауын - шашының орташа мөлшері 100 мм. Жылдық булану мөлшері түскен жауын - шашыннан бірнеше есе көп.
Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы + 24 С, + 26 С, қыста - 7 С, - 13 С-ге дейін төмендейді. Қыста теңіз бетіне мұз қатады. Суының тұздылығы 14 %- промиль, соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып, таяздануына байланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан.
Арал теңізінің табиғи байлықтары. Теңізде балықтың 30 - дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келді. Аралға құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.
Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында Барсакелмес қорығы құрылып, бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т. б. аң құс түрлері қорғауға алынған.
Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz