Желтоқсан оқиғалары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Желтоқсан жаңғырығы

Қазақстанда 1986 жылғы Желтоқсан окиғалары дүниежүзілік тарихтан орын алатыны сөзсіз. Олсоңғы жарты ғасыр ішінде кеңестік зыл империяға қарсы жаппай батылбас көтерген алғашқы ұлт- азаттық көтерілісі ретінде тарихта қалады. Желтоқсан оқиғалары Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігінің алғашқы хабаршысы, ұлттың отан сүйгіштік пен жүрек жұтқан ерліктің жарқын көрінісі болды. Ол кешегі КСРО ұлт- азаттық қозғалысына басталатын кең жол ашып берді, орталықтың тоталитарлық қатал тәртібіне қарсы қалың бұқара халықтың ашықтын- ашық наразылығына және батыл күресінің алғашқы үлгі өнегесі болды.

Желтоқсандықтардың түпкі мақсаты- өз алдына тәуелсіз демократиялық мемлекет құру болмақ еді, яғни аталарымыздың үш ғасырға жуық көкеген көкейтесті армандарын жүзеге асыру болатын.

Желтоқсан оқиғаларына берілген «Алматыдағы бүлік», «студенттер ереуілі», ұлтшылдық әрекеттер сияқты бағалар ешқандай сыл көтермейді өйткені, ол тек Алматыны ғана қамтып қойған жоқ ондаған мың адам қатысқан әртүрлі әлемдегі мұндай бұқаралық саяси наразылық Қазақстанның көптеген облыстарында болып өтті.

Ұлттық құқықтың аяаққа басылуына жібермеуді, орталықтың өктемдігін тоқтатуды талап еткен саяси парақшалар мен плакаттар республиканң түпкір- түпкіріне дейін таратылды. Көтерілеске қатысушылардың 60%- ке жуығы әртүрлі ұлттардың өкілдері болды. Олардың қатарында жұмысшылар мензиялы қауым өкілдерінің болуы «студенттер бүлігі», «ұлтшылдық әрекеттер» деген айыпты жоққа шығарды сондықтан Желтоқсан оқиғаларын республикадағы бұқаралық- саяси қозғалыс бейбіт мақсаттағы қараусыз көтеріліс деуге болады. Онда «ұлтшылдық әрекеттердің» де белгісі жоқ. Өйткені ұлтшылдық дегеніміз бір ұлттың өзге ұлттардан артықшылығын, ерекше жоғары тұрғанын, өздеріне өзгелерден барынша көбірек көңіл бөлініп, түрлі жеңілдіктер жасауын талап ететін идеология, саясат негізіндеқалыптанқан психология. Ал қазақ халқында мұндай психология Желтоқсан оқиғалары кезінде де, оған дейін де, одан кейінде болған емес.

Желтоқсан оқиғаларының демократиямен патриотизм тұрғысындағы тағылымын ұмытуға болмайды. Ол комунистік партияның Қазақстанда жасалған кезекті де соңғы қылмысы. Біз бүгін Қазақстан компартиясы Камитетінің жаңа басшылығының сол кезенде алыстан ойластырылған арам ниетті қылмысты әрекеттері көптеген арыстсрымыз бен азаматтарымызды аяқ- қолын байлап, ұстап алып кетуге, қатаң жазалап, кінәсіз соттауға жол бергенін ол Компартияның, жоғарғы ткеңестің өз көз алдында болып жатқан қанды қырғынның «қызығына қарап отырудан» әрі асалмағанын айтуға міндеттіміз.

Желтоқсан оқиғаларына қатысқан көптеген жазықсыз жандарды, Конституцияның, заңдардың өздерінің кәсіби ар- намысы мен борышының талаптарына қарамай қуғын- сүргінге салуға, адам құқығын жаппай өрескел бұзуға белсене араласқан сот, прокуратура, мемлекет қауіпсіздігі ішкі істер органдары мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының әрекеттері олардың тарихындағы ең масқара қара даң болып қала бареді.

Жігіттерден гөрі өздеріне қауіпсіздеу болғандықтан, қыздарды ұстауға ұмтылған, ұржыққан соң, көк мұзға жатқызып, бала таппасын деп, жанды жарінен тепкілеген жендеттерді «тәртіп сақтаушы қызметкерлер», «халық жасақшылары» деп атауға қалау ауыздан барады екен!

«Өз халқын ұрып- соғудағы көрсеткен ерлігі үшін» оларға еңбектері бағаланып, орден, медаль, құрмет грамоталарын, ақшалай, заттай сыйлықтар беріп, қызметтерін жоғарылатты. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларды жазықсыз кіналап соттауға, қызметті оқудан шығаруға, қудалауға білек түріскендер қазір де шырт түкіріп, алшақ басып, билік тұтқасын ұстап отырған алпауыттар өз қылмыстарын ақтау үшін «уақыт, заман солай болды», - дейді.

Бұрынғы Констетуциялық сот оларды сот алдына жауапкершілікке тартқан болды. Бірақ олар тиісті жазаларын алған жоқ, оп- оңай құтылып кетті. Ал халық соты мен тарих соты оларға ешқашанда кешірім жасамайтыны белгілі.

Біздің бүгінгі азаматтық борышымыз бен адамгершілік парызымыз. Желтоқсан оқиғаларының сол бір қиын- қыстау кезіндегі ауыр ахуалына қарамай, өздерінің арождандарын төмендетпей, намысын қолда бермей «шындық іздеп шарқ ұрған». Мәскеудің қиянатшыл өктемдігіне қарқая қарсытырып, бар дауыспен үн қата білген алаңдағы бейбіт шерудің алдыңғы қатарынан көрінген батылда, абзал азаматтардың аттарын атау, оларды орынды құрметіне бөлеу болып табылады. Олар: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Аманбай Қалитов т. б.

Қазақстан өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін ұзақта, қиын- қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күрестің жарқын бір көрінісі Желтоқсан оқиғасы.

Желтоқсан көтерілісі бүкіл қазақ халқының, сонан ата- бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған, көксеп өткен, туған жерін, тілін дәстүрін, тарихын сақтап, қорғау жолында, жан аямай күресіп өткен көтерілісінің жалғасы деп, желтоқсан ұлт-азаттық санамыздың, ар- намысымыздың көтерілісін-тәуелсіздігін аңсаған ұлттық санамыздың көтерілісі деп түсінеміз қажет.

«Ел болдың, егемендік алдың». Егемендікті бізге ешкім сыйлаған жоқ, ол халықтың қанымен талай азаматтарымыздың өмірімен келген ұмытпайық, өз қадірімізді өзіміз түсірмейік ағайын. Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, басымды иемін!

Қапыда кеткен есіл ерлеріміздің есімдері халық жадында, ел тарихында мәңгі жасай бермек!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі
Желтоқсан тарихы (оқу - әдістемелік құрал)
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстан
Жүргізушілер одағының қысқаша тарихы және мақсаты
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасы
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан - 1986
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
Қазақстаңдағы көппартиялықтық жүйенің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz