Қонаев дінмұхамед


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қонаев Дінмұхамед Ахмет ұлы (1912ж. т. ) - Коммунистік партия мен Совет мемлекетінің көрнекті қайраткері, 1971 жылдан КПСС ОК Саяси Бюросының мүшесі (1966-71ж. КПСС ОК Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат), 1960-62 ж. және 1964 жылдан Қазқстан КП ОК-нің 1-секретары, 1955 жылдан Қазақстан КП Бюро мүшесі 1962 жылдан Қаз СССР Жоғ. Советі Президиумының мүшесі 1960 жылдан ОК

Қаз СССР Жоғ. Советі Президиумының мүшесі 1962 жылдан СССР Жоғ. Советі Президиумының мүшесі, 1960 жылдан ҚазССР Жоғ. Советі Президиумының мүшесі, ҚазССр ҒА-ның академигі (1952) үш мәрте Соң. Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) тех ғылымының докторы (1963) 1939 жылдан КПСС мүшесі. 1936 ж. Москваның түсті металдар және алтын ин-тын бітірді. Сол жылы Балқаш мыс қорыту комб-тының Қоңырат руднитіне жіберіледі, онда бұрғылау станогының машинисі, йех бастығы, бас инженер, тех. бөлімінің бастығы, рудник директоры қызметін атқарады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жұмысты ұйымдастырушы талантты басшылар дың бірі: Алтай поиметалл комб-ты басинженерінің орынбасары, риддер руднигінің директоры, қорғасын-мырыш өнеркәсібінің СССР-дегі аса ірі кәсіпорындарының бірі - Лениногор руда басқармасының директоры болады. 1942-52 ж. ҚазССР Мин. Совет председателінің орынбасары. 1952-55 ж. ҚазССР ҒА-ның президенті. 1955-60, 1962-64 ж. ҚазССр Мин. Советінің председателі. Партиялық және мемлекеттік, қызметі ғылыми жұмыспен ұштастырады. Кеш ісі саласындағы ірі ғалым ғылыми жұмыстардың аса көрнекті ұйымдастырушысы ретінде Қ. ҚазССР ҒА-н, республика ғылымын дамытуға көп еңбек сіңірді. Оның басшылығымен ғылыми мекемелердің жұмысын өрістету оларды кадрлармен нығайту, ғылымының өндіріспен байланысты күшейту, республиканың өндіргіш күштерін дамытудың түйдекті проблемаларын шешуге ғылыми күштер мен материалдық ресурстарды жұмылдыру, қазақ халқының мәдениетін артыру жөнінде маңызды шаралар жүзеге асырылады. 100 ден аса ірі - ірі ғылыми еңбектің авторы. Негізгілері кен орындарын ашық әдіспен қазу теориясы мен практикасының аса маңызды мәселелеріне соц. және комунистік құрылыстың актуалды проблемаларына арналған. Карьелерде кен қопарудың тиімді әдістерін зерттеп өндіріске енгізді. Бұл мәселе «Қоңырат руднигіндегі бұрғылау-қопару жұмыстары» атты монографиясында талданады. «Қазақстанда кен қазу жұмыстарының ашық әдістерін дамыту» деген еңбегінде рудниктерді жобалау мен пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі қрытылды. «Қоңырат мыс кенін қазу» «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты карьерлерінде кен қазу жұмыстарының технологиясын жетілдіру» сияқты ғылыми зерттеулері кен өнеркәсібінде өндіріс тиімділігін елеулі түрде арттыруға жол ашты. «Қазақ ССР (қысқаша тарихи-экономикалық очерк) », «В. И. Ленин және ұлт-азаттық қозғалысы», «Советтік Қазақстан», «Таңдамалы сөздер мен мақалалар», «КПСС лениндік ұлт саясатының салтанаты», деген кітаптары бұрын артта қалған елдердің капитализмге соқпай, феодализмнен социализмге тікелей өту жолдарын баяндауға, лениндік ұлт саясатының табыстарына, Коммунистік партияның жасампаздық қызметіне, коммунизмнің материалдық-тех базасын жасау жолындағы шұғыл міндеттерге арналған. Қ-Комунистік партия мен совет халқының адал ұлы, партия қандай жұмысқа жіберсе де ол өзінің барлық білімін бай тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін еліміздегі коммунистік құрылыстың ұлы ісіне қалтқысыз жұмсап келеді, көп ұлтты советтік елімізде лениндік ұлт саясатын дәйекті жүзеге асыру, халықтар достығын нығайту, олардың интернационалдық бірлігін онан әрі дамыту жолында қажырлықпен еңбек етіп келеді. Партиялық және мемлекеттік қызметте Қ. кең танысты, ауқымды, перспективалы мәселелер туралы батыл ой өрбітіп, істі мемл. биік тұрғыдан шешетін қайраткерлігін танытты. Қ-тың сан алуан қызметі Қазақ ССр-нің табиғи ресурстарын өндіргіш күштерді дамытудың лениндік принциптеріне сай пайдалануға, сөйтіп еліміздің біртұтас халық ш. комплексіне республиканың қосатын үлесін одан әрі молайтуға бағытталған. «Мұның өзі - деп көрсетеді Қ. - социалистік ұлттардың бұдан былай да жақындасуына олардың арасындағы туысқандық достықты нығайту, әрбір одақтас республиканың және бүкіл еліміздің өндіргіш күштерін дамытуға жағдай жасайды» (Қонаев Д. А. Таңдамалы сөздер мен мақалалар А. 1978, 230-б. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайын атасы
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Д. А. Қонаев
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Қазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д. А. Қонаев
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
Қазақ халқының дара тұлға перзенті - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz