Саяси партиялар туралы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Саяси партиялар

Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті.

Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады.

Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.

«Отан» республикалық әлеуметтік-демократиялық партиясы : партия көшбасшысы - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, IV съезде А. Ермегияев, А. Павлов партия Төрағасының орынбасарлары болып сайланды.

Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады.

«Асар» партиясы . партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты - Дариға Назарбаева.

Негізгі мақсаты - дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының жүргізген реформаларын қолдауды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын.

Қазақстанның азаматтық партиясы еліміздің бірқатар ірі металлургиялық және тау-кен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының ұсынысымен құрылған. Бұл партияның негізгі мақсаттары - өндірісті дамыту, әрбір қазақстандық жанұяның әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту.

Басқа да қазіргі таңдағы елдегі жүргізілген саясатты қолдауға негізделген партиялар сияқты ҚАП өз көшбасшысы деп Н. Ә. Назарбаевты таниды. Бұл партияның 1-хатшысы - А. Перуашев.

Қазақстанның аграрлық партиясы: Аталмыш партия жерге деген жеке меншікті енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын, аграрлық сектордың салық салуына қатысты өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды, агроөндірістік кешен қызметкерлерінің мүдделерін қорғайды. Партия жетекшілерінің айтуына қарағанда, партия саяси тұрақтылықты қолдайтын және көтерілістік өзгерістергі қарсы көзқарасты ұстанатын консервативтік саяси күш сипатын иеленуі тиіс. Партия жетекшісі - Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің мүшесі, Р. Мадинов.

«Руханият» партиясы: әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген, басқаша айтқанда қорғалмаған тұрғындарға сүйенеді: әйелдер, мүгедектер, негізінен білім беру және денсаулық сақтау саласындағы интеллектуалдық еңбек қызметкерлері, сонымен қатар партия аталмыш тұрғындардың мүдделерін қорғайтынын хабарлады. Орталықшыл мәтіндегі партия болып табылады. Өз бағдарламасына сәйкес партияның басты мақсаты - әйелдер мен студенттердің ғылыми, шығармашылық, техникалық зиялыларын саяси өмірге қатыстыру. Негізгі мақсаты - халықтың тәлімдік, діни жаңғыруы. Партия жетекшісі - А. Жағанова, жетекшінің орынбасары - А. Волков.

Қазақстанның демократиялық партиясы . Мақсаты - демократия қағидаларына, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа, бос нарықтық экономика мен заңның жоғарылығына негізделген хұқықтық мемлекеттікті нығайту. Төрағасы - М. Нәрікбаев.

«Ауыл» шаруашылық әлеуметтік-демократиялық партиясы : Партия төрағасы - экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА академигі Г. Қалиев.

Өз бағдарламасында партия жерді жеке меншікке иемдену ұсынысына қарсы болып, жерді өмір бойы иемденуді қолдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Саяси партия және партиялық жүйелер
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Саяси партиялар
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі
Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz