А.байтұрсынов пен ә.бөкейхановтың әлеуметтанымдық ойлары



Ахмет Байтұсынов (1873-1937) «Қазақ» (1913) газетінің бетінде қазақ қоғамындағы келелі-келелі саяси-әлеуметтік қатынас проблемаларын көтеріп, оған ғылыми талдау жасады, түбегейлі әлеуметтік, саяси өзгерістер жасаудың қажеттігін дәлелдеп отырды. Қоғамды реформалар арқылы жетілдіру жолдарын нұсқады. «Маса» жинағында ашық көрсетті. Онда ол қазақтарды ұйқыдан оятуға, өзінің әлеуметтік күйін жақсартуға шақырды. Ол үшін оқып білім алу, адамзаттық рухани байлықтарын игеріп, дүниежүзілік өркениет деңгейіне көтеруді уағыздады. Оған жету үшін отаршылдықтың бұғауын бұзып, ұлттық және әлеуметтік бостандық үшін күреске шақырады. Қазақтың ұлттық-демографиялық партиясы «Алашты» құруға белсене қатысады.
Партия съезінде Байтұрсыновтың белсенді қатысуымен қазақ қоғамының өркендеуі, саяси-әлеуметтік қатынастарды жақсарту жөнінде құнды шешімдер қабылданды. Шешім бойынша Ресей құрамында қазақтың ұлттық-демографиялық мемлекетін құрып, онда демографиялық әлеуметтік өзгерістер жүргізу көзделді. Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен «Алаш» партиясының бағдарламасына әйелдердің саяси және әлеуметтік тең құқығы туралы қағида енгізілді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановтың әлеуметтанымдық ойлары

Ахмет Байтұсынов (1873-1937) Қазақ (1913) газетінің бетінде қазақ
қоғамындағы келелі-келелі саяси-әлеуметтік қатынас проблемаларын көтеріп,
оған ғылыми талдау жасады, түбегейлі әлеуметтік, саяси өзгерістер жасаудың
қажеттігін дәлелдеп отырды. Қоғамды реформалар арқылы жетілдіру жолдарын
нұсқады. Маса жинағында ашық көрсетті. Онда ол қазақтарды ұйқыдан оятуға,
өзінің әлеуметтік күйін жақсартуға шақырды. Ол үшін оқып білім алу,
адамзаттық рухани байлықтарын игеріп, дүниежүзілік өркениет деңгейіне
көтеруді уағыздады. Оған жету үшін отаршылдықтың бұғауын бұзып, ұлттық және
әлеуметтік бостандық үшін күреске шақырады. Қазақтың ұлттық-демографиялық
партиясы Алашты құруға белсене қатысады.
Партия съезінде Байтұрсыновтың белсенді қатысуымен қазақ қоғамының
өркендеуі, саяси-әлеуметтік қатынастарды жақсарту жөнінде құнды шешімдер
қабылданды. Шешім бойынша Ресей құрамында қазақтың ұлттық-демографиялық
мемлекетін құрып, онда демографиялық әлеуметтік өзгерістер жүргізу
көзделді. Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен Алаш партиясының бағдарламасына
әйелдердің саяси және әлеуметтік тең құқығы туралы қағида енгізілді. 1917
жылғы 21 қарашада Қазақ газетінде жарияланған Алаш партиясының
бағдарламасында Ахмет Байтұрсыновтың да әлеуметтанымдық көзқарасын
айқындайтын тұжырымдамалар жарияланды. Онда: Басқармалар мен милицияларда
істейтіндер жөніндегі мәселені халық шешеді. Партия халық үшін дәулет пен
мәдениет жасауға ұмтылады.. Партия кедейлерді – жолдас, қанаушыларды – жау
деп санайды. .. Салық әркімнің байлығының дәрежесіне және дүние-мүлкінің
жағдайына қарап алыну керек. Халыққа білім беру – баршаға ортақ, барлық оқу
орындарында тегін оқытылады... деп жария етілген.
А.Байтұрсыновтың саяси-әлеуметтік көзқарас-танымдарын оның мемлекет
құрылысына қатынасынан көруге болады. Мәселен, оның қазақтың автономиялық
мемлекетін құруды қалай түсінгенін 17 мамырда 1920 ж. В.И.Ленинге жазған
хатынан анық көреміз. Онда ол, біріншіден, Қазақ өлкесін басқаруға халықтың
күйін жақсы білетін, сыналған, халық сенетін адал коммунист қазақтардан
қою керектігін дұрыс дейді; екіншіден, аралас ұлт өкілдерінен тұратын
аймақтарды басқару органдарында езілген ұлт өкілдері кемінде үштен екісін
құрау керек деп жазады; үшіншіден, қазақ өлкесінің шаруашылық-экономикалық
мекемелерін басқару орталықтандырылуына немес орталықтандырылмауына қарамай
ешбір бөліске түспей, немесе басқа губерниялар мен облыстарға
бағындырылмай, қазақтардың қолында болуға тиісті; төртіншіден, қазақ
коммунистері мен интеллигенциясының барлық саяси-мәдени жұмысы советтік
социалистік шаруашылық саясатына негізделіп жүргізілуі керек; бесіншіден,
Қазақстанды оның астанасы Орынбормен біріктіріп басқаратын әскери
горнизондар міндетті түрде қазақтардан болу керек. Ахмет шын мәнінде
автономия осылай болу керек деп түйген еді. Оның бұл ұсыныстары іске
асырылмады. Осындай қоғам дамуындағы келеңсіздікті сынағаны үшін Ахмет
Байтұрсынов абақтыға жабылып, 1937 жылы атылып кетті.
XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық ойындағы ірі
тұлға Әлихан Бөкейханов (1870-1937). Ол Санкт-Петербургтың орман
шаруашылығы институтының экономика факультетінің студенті кезінде-ақ
студенттер қозғалысына қатысты, марксизмді де оқиды. Ол қазақ қоғамындағы
әлеуметтік қатынастармен танысып, зерттеу үшін орыстың демократиялық
әдебиетімен танысты, оны қазақ тіліне аударды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялыларның көзқарасы
Халықтың түзелуінің үміті жастарда
«Қазақ» газетінің шығу тарихы
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны
Алаштың аруағы
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары жайлы
Пәндер