Мемлекеттік бюджет шығындары: құрылымы, резервтері және тапшылықты қаржыландыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттің бюджет шығыстары

Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынуымен байланысты экономикалық қатнастарды білдіреді.

Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатнатарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс, және тағы басқа функцияларымен тікелей байланысты.

Бюджеттіғ шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
  2. тұрақты сипаты жоқ іс- шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
  3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
  4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР-ның заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
  5. заңи тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
  6. ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай - ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Заңи тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік - экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана ҚР- ның заңнамалық актілерінде көзделген жаеғдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімдіфискалдық саясатпен айқындалады.

Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.

Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:

  1. төтенше резервті;
  2. шұғыл шығындарға арналған резервті;
  3. облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар( облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.

Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдерді көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.

Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланған жағдайда Үкімет немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізіледі.

Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөленген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді.

Операциялық сальдо - бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің көлемінен асып түспеуге тиіс.

Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджет тапшылығы - таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.

Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады.

Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік экономикалық дамудың орта мерзімді жоспармен белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз етеді. Оның көлемі алынған қарыздар соммасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысы қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соммасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, құрылымы және тапшылықты қаржыландыру (Қазақстан мысалында)
Мемлекеттік мекемелердің шығындары және Қазақстан Республикасындағы бюджет шығындарын қаржыландыру мәселелері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылар: құрылымы, функциялары және бюджет шығындары
Мемлекеттік бюджет: түсінігі, принциптері, құрылымы және кірістері мен шығындары
Мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бюджет жүйесі: құрылымы, кіріс көздері мен шығындары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: экономикалық мәні, құру қағидалары мен бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарыз құрылымы мен басқаруы: бюджеттік тапшылықты төмендету стратегиялары
Мемлекеттік бюджеттің рөлі: Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін қалыптастыру, пайдалану және бюджет тапшылығын қаржыландыру
Мемлекеттік бюджет жүйесі: ұғымы, құрамы, бюджет дефицитін қаржыландыру әдістері және жаңа Бюджет кодексінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі: мемлекеттік бюджет құрылымы, бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz