Антарктида туралы



1820 жылы планетамыздың соңғы материгі Антарктида ашылды. Бұрынғы заманның өзінде халық оңтүстік поляр аумағында ешкімге беймәлім жер бар екендігін айтқан. Ержүрек теңізшілер оны іздеуге Оңтүстік полюсқа аттанды. Құпия жерді іздеу барысында олар бірнеше аралды ашты, бірақ жұмбақ материкті табу мүмкін болмады. Белгілі ағылшын теңізшісі Джеймс Кук 1775 жылы «Оңтүстік Мұзды мұхиттан материк табу үшін» жорыққа аттанды. 1819 жылы 4 шілдеде Кронштадт портынан екі ресейлік кеме шықты. 15 қаңтарда 1820 жылы орыс экспедициясы алғаш рет Оңтүстік поляр шеңберін кесіп өтті. Келесі күні олар көкжиектен мұз көрді. Оны теңізшілер алғашында бұлт екен деп қалды. Тұман қайтқан соң, оның мұз екендігі анықталды. Оңтүстік полясқа алғаш рет норвегтік Рауль Амудсен 1911 жылы жетті. Оның экспедициясы полюсқа иттерге жегілген шана арқылы барды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Антарктида
1820 жылы планетамыздың соңғы материгі Антарктида ашылды. Бұрынғы заманның
өзінде халық оңтүстік поляр аумағында ешкімге беймәлім жер бар екендігін
айтқан. Ержүрек теңізшілер оны іздеуге Оңтүстік полюсқа аттанды. Құпия
жерді іздеу барысында олар бірнеше аралды ашты, бірақ жұмбақ материкті табу
мүмкін болмады. Белгілі ағылшын теңізшісі Джеймс Кук 1775 жылы Оңтүстік
Мұзды мұхиттан материк табу үшін жорыққа аттанды. 1819 жылы 4 шілдеде
Кронштадт портынан екі ресейлік кеме шықты. 15 қаңтарда 1820 жылы орыс
экспедициясы алғаш рет Оңтүстік поляр шеңберін кесіп өтті. Келесі күні олар
көкжиектен мұз көрді. Оны теңізшілер алғашында бұлт екен деп қалды. Тұман
қайтқан соң, оның мұз екендігі анықталды. Оңтүстік полясқа алғаш рет
норвегтік Рауль Амудсен 1911 жылы жетті. Оның экспедициясы полюсқа иттерге
жегілген шана арқылы барды.
Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны "Арктикос"- деп
атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал
оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған.
Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік
нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша
жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады.

Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық
полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып
табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.

Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан,
Антарктиданың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа
материгіне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр
аймағындағы орнымен түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден
алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп
жатыр. Антарктида жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті
айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды.
Антарктида жалғас Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі
бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы
бөлініп жатады. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен
тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен
айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктида жағалауындағы мұхит сулары
шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның
жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдар мұздықтармен
құрсалған.

Антарктиданың жалпы жері 13974 мың км (шельеф мұздықтар мен олар
арқылы құрлыққа қосылып жатқан аралдары және 1582 мың км-дей мұз
күмбездерін қоса есептегенде). Материктің ауданы 12,4 млн км, ал
қайраңдық мұздықтар мен көршілес аралдарды қоса есептегенде 14 млн
км-ге жуықтайды.Оңтүстік Америкаға қарай ұзынша келген енсіз
Антарктика түбегі созылып жатыр. Антарктиданың ұзындығы 30 мың км-
дей асатын жиек сызығы бүкіл өн бойына дерлік биіктігі бірнеше
ондаған метрге жететін тік жар тосқауылдар мұз болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
Халықаралық ынтымақтастық
Антарктида
Пири Рейс картасы
Антарктида ғылыми станциялары
Антарктида мұз жамылығысының жер беті климатына ықпалы
Азияның физикалық-географиялық елдеріне сипаттама
Антарктика
Антарктика және Антарктида
Пәндер