Сұлтанмахмұт торайғыров туралы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 -1920 жж. )
1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. ХХ-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын-жазушы. Кедей отбасында туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) жасында жоқшылықты көп көріп, кісі есігінде жалшы болған. С. Торайғыров үш жасқа шыққанда шешесі Зұфұннан жетім қалды. Алғашқыда үйде жүріп, әкесінен оқып қара таныған С. Торайғыров ауыл молдасы Мұқан деген кісіден сабақ алды. Ол араб, парсы қисса-хикаяларын өзінше аударатын, әрі жанынан қиыстырып өлең шығара алатын кісі болған. Оған еліктеп Торайғыров өлең жазып, машықтана бастайды. 1902-1911 жыл аралығында түрлі мектеп, медреселерде оқыды. 1911 жылы Троицк қаласынан оқып келген Нұралы деген жаңашыл мұғалімнен дәріс тыңдады. Ол қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, тарих т. б. пән кітаптарын жаздырып алдырып, оқып тұратын болған. Сол арқылы Торайғыров қолына түскенін құныға оқып, қазақ, татар әдебиетінің бірқатар нұсқаларымен танысты. Өнер-білімге құлшына бас қойып, өлең, әңгіме жазуға қызу кірісті. Осы кезде ол "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Оқу", "Кезек қашан келеді" т. б. өлеңдерін және "Зарландым" атты ұзақ очеркін жазды. Бұл шығармаларында жас ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-білімнің пайдасы, дін, байлық, кедейлік, еңбек т. б. туралы сөз етеді.
1912 жылы қараша айында Торайғыров оқу іздеп, Троицк қаласына барды. Онда оқуда жүріп, "Оқудағы мақсат не?", "Анау-мынау", "Қандай", "Зарлау" т. б. өлеңдерін жазды. 1913-1914 жылдардың қысында "Айқап" журналының редакциясында қызмет істеді. Ол осы кезде шығармашылық жұмыспен құлшына шұғылданып, "Қамар сұлу" романын, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан", "Өлең және айтушылары", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?" атты мақалаларын және бірқатар өлеңдерін жазды. "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" деп аталатын кітаптарын баспаға ұсынды. 1914 жылы жазда Торайғыров туған елі Баянауылға оралды. Күзде Семейге барды. Орысша оқуға түспек болды, бірақ түсе алмады. Қатонқарағайда мұғалім болып, сонда 1916 жылдың күзіне дейін бала оқытты. Мұнда жүргенде "Кім жазықты?" романын жазды. Ол 1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курста оқып жүріп, орыстың классикалық әдебиеттерімен танысты, тарих, философия, география пәндерін үйренді.
1917 жылы наурызда Ресейде Ақпан революциясы болып, уақытша үкімет орнаған кезде Торайғыров Семейге келді. Патша өкіметінің құлағанын қуанышпен қарсы алып, "Құрт аурудай жайлаған, Құртпаққа бізді ойлаған, Қапымызға тоймаған, Қолымызды байлаған, Өшті залым қарасы" деп, патшашыл озбырлықтарды шенеді. Ұлтшылдар құрған қазақ комитетінде кіші хатшы болып қызмет істеді. Ұлтшылдар шығарған "Сарыарқа" газетіне өлеңдерін, мақалаларын жариялады. Бірді-екілі өлеңдерінде алаш басшыларын дәріптеді. Әйткенмен, Торайғыровтың ұлтшылдар жөніндегі адасушылығы көпке созылған жоқ. Қателігін кейіннен сезген ол жаңа жазған шығармаларында адасқанын мойындады. 1917-1920 жылдары аралығында Торайғыров "Шәкірт ойы", "Гүл", "А, дүние", "Сарыарқаның жаңбыры", "Жас жүрек", "Неге жасаймын?", "Осы да әділдік пе?". "Өң бе, түс пе?", "Ғайса кім?" т. б. өлеңдерін, "Адасқан өмір", "Кедей" (қала ақыны мен дала ақынының айтысы) атты поэмаларын жазды. Ол бұл шығармаларында демократтық көзқарасын айқын танытып, революциялық өзгерісті жақтаған ой-пікір айтты.
С. Торайғыров алғашқыда жылы қарсы алған Уақытша үкімет саясатының еңбекші бұқараның көңілінен шықпағанын, патша өкіметінің ұстанған бағытын өзгертуді ойламағанын, қайта буржуазияның мүддесін көздегенін көзімен көрді. "Елім", "Ұлтым" деп жар құлағы жастыққа тимеген алашордашылардың да түптеп келгенде мұрат тұтқаны - бұқара халық емес, қазақтың бек-феодалдарының, бай-болыстарының қамы екенін анық сезді. Олар сөз жүзінде халық мүддесін ойлап кәлгірсігенімен, іс жүзінде империалистік буржуазияның - Уақытша үкіметтің, патшашыл ақтардың- Колчактың т. б. сол сияқтылардың қолтығының астына барып қорғалады. Бұл жайлар Торайғыровтың Ақпан революциясы жөніндегі үмітін бұлдыр сатыға айналдырды. Осыдан барып ол кейбір өлеңдерінде торығушылыққа түсті, "жаңылдым, адастым" деген сөздерді жиі айтты. "Сарыарқа" газетінде 1917 жылы 12 қараша күні жарияланған "Жас жүрек" атты өлеңінде: "Кеш, арым, мен білместің адасқанын" деп, ол ұлтшылдардың ықпалында жүрсе де, өзінің алашордашылармен бір көзқараста болмағанын танытты. Алашорда үкіметі Колчак үкіметімен ресми бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы күрес жүргізгенде, Торайғыров олардан біржола ат жалын кесісті. Көптен бергі сырқаты меңдеп, емделмек болып, 1918 жылы маусым айында туған елі - Баянауылға келді. Сонда мұғалім болып жұмыс істеп, жаңа өлеңдер, поэмалар жазды. Бұл кезде Торайғыров саяси-әлеуметтік философиялық кітаптарды көп оқып, социализм, соғыс, революция жайында мағлұматтар алды. Білімін тереңдетіп, көзқарасын кеңейтті. Жаңа заманға зор үмітпен қарап, алдағы болашақтан үлкен жаңалық күтті. Оның үстіне осы кезеңде Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңіп, шет аймақ, өлкелерде Кеңес үкіметі орнады. Бұл айтылған фактілер, зор тарихи оқиғалар Торайғыровтың көңіліне медеу, жанына азық болды. Рухын көтеріп, оған күш, сенім берді. Оның рухани аурудан айығуына ықпал етті. Осы кезеңде жазылған "Адасқан өмір", "Кедей" поэмаларында т. б. шығармаларында ақынның халық, революция жағында екендігі, Кеңес өкіметінің жеңуін, әділетті қоғам орнауын тілейтіні айқын көрінеді. 1910 жылы желтоқсанда Колчак үкіметі құлап, Сібірде, Павлодар, Баянауыл жағында Кеңес өкіметі орнады. Осы кезде Торайғыров ауылдағы мұғалімдікті тастап, Павлодарға барды. Сондағы уездік революциялық комитеттің бастығы Г. Жигаревқа жолықты. Ол Торайғыровты Шідерті болысына революциялық комитеттің бастығы етіп жіберді, оған ел ішінде Кеңес өкіметінің жолын, саясатын түсіндіруді, сайлау жүргізуді тапсырды. Болыстық революциялық комитеттің бастығы болып Торайғыров екі-үш ай жұмыс істегеннен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Сұлтанмахмұт Торайғыров -Айтыс поэмасы
Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес
С. Торайғыров шығармалары
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыров - алдымен мінез
Таңдамалы шығармалары
Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармалары
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz