Ақпарат және информатика: деректерді өңдеу, сақтау және ақпараттық технологиялар


Ақпарат және информатика

Ақпарат -дәл анықтанмасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлі нысандар, құбылыстар мен процестер және т. б. жөніндегі мағлұматтар ақпарат делінеді. Мысалы, айналадағы кеңістіктен жер жағдайы, өсімдіктер жөнінде көп ақпарат аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы - күннің бұлтты екенін және жауын жаууы мүмкіндігін, т. б. білдіретін ақпарат. Радио, телевизор арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми - техникалық жаңалықтар да ақпарат түрлерінің бірі.

Қоғам өмірінің сандық заңдылығын бейнелейтін статистикалық информация өте күрделі. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардыңәр жылда не тоқсан сайын дайындаған информациясын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкін болмас еді. Ұшу трактериясына әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс заңын, денеге үйкеліс әсерін және т. б. қажетті информацияны білмей, ғарыш кемесін ұшыруға болмайтыны белгілі.

Информацияны сандық, мәтін, кесте, сурет сияқты түрлі түрде көрсетіп, жинастыруға болады . Мысалы өсімдіктің биологиялық қасиеттерін зерттеп, нәтижесін кесте түрінде дайындау ; рентген сәулелері арқылы адам организмі кескінін суретке түсіру; мәліметтік информацияны газет, журнал беттерінде басып шығару, т. б.

Көп салалы халық шаруашылығының күн санап өркендеуіне байланысты, түрлі информацияны жинастыру, өңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткізіп беру процестері үлкен көлемді әрі маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.

50-жылдардың бас кездерінен бастап көптеп жарыққа шыға электронды есептеуіш машиналарын осы жұмыстарға пайдалану оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызады.

ЭЕМ-ді компьютер деп, автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік, т. б. информацияны деректер не берілгендер деп атайды.

Деректер - информацияға тең келе бермейтін ұғым. Олар - информацияның диалектикалық құрылымды бөлімі, тіркелген түрлі белгілер мен сигналдар. Мысалы Морзе әліппесі арқылы қабылданған телеграмма, физикалық дененің механикалық қозғалыстың формула бойынша жазылуы, құбылыстың электрлік, магниттік сипаттамалары және т. б. Белгісіз тілге жазылған кітаптың ішінде жазылғандар да сол сәтте көрінген деректер . Шифр ашылса, кітап мазмұны таныс тілге аударылса, олар жөнінде информация алынады.

Деректермен жұмыс істеудегі мынадай әрекеттерді атауға болады :

-шешім жеткілікті түрде, толық болуы үшін деректерді жинау ;

-қол жеткізуге мүмкін ететіндей етіп, деректерді формальдау ;

-есепті шешудегі артық деректерді алып тастау үшіноларды сүзгілеу ;

-түсінуге жеңіл болу үшін деректерді реттеп, сорттау;

-сақтауға жеңіл болуы және жоғалып, бұзылып кетпеуі үшін деректерді архивтеу және қорғау .

Жалпы күрделі информациямен жұмыс істеу үлкен еңбекті қажет ететін болғандықтан, әдетте ол алдымен арнайи программалау тілі арқылы автоматты түрде түрлендіріледі.

Мақсатқа жету үшін информацияны ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша түрлендіру оны өңдеу деп аталады. ЭЕМ арқылы деректерді өңдеу машинаға түсінікті нұсқаулар тізбегі арқылы жүргізіледі.

Түрлі салаларда жиі пайдаланылатын деректер көп болғандықтан, олар әр-түрлі материалдардан тұратын магниттік таспаларға, дискілерге жазылып, сақталып қойылады. Мұндай материалдар тасымалдаушылар деп аталады.

Сақтаулы информацияны іздеп, оны тұтынушыларға жеткізіп беру информациялық қызмет көрсету(ИҚК) деп аталады. Республика мен ТМД мемлекеттерінде тек ғылыми техникалық ИҚК-мен айналысатын мыңдаған кітапханалар бар. Олардың анықтамалық - информациялық қорында 2 млрд. -тан аса информациялық мәліметтер жинақталып, көп мәліметтер компьютер дискілеріне жазылып қойылған. Осылардың арасынан қажеттісін іздеп, тауып беру көп еңбекті керек етеді, бірақ бұл жұмыстың маңыздылығы сөзсіз. ИҚК-де компьютерді пайдалану түрлері көп. Мысалы:

  • Абоненттің телефон нөмірі сұралған кезде компьютерде жазулы телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру.
  • Үлкен қалаларда транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру;
  • Байланыс каналдары бойынша қосылған компьютерлер желісі арқылы түрлі мәліметтерді, іс қағаздарын, фотосуреттерді бір қаладан екінші қалаға жіберу;
  • Медицина саласындағы компьютерге енгізілген сараптаушы жүйеніңбілім қорынпайдаланып, адам ауруының түрін анықтау және емдеу тәсілдерін белгілеу;
  • Пайдаланушы құжаттарын компьютердің баспа құрылғысы арқылы қағазға басып шығару, т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат пен оны өрнектеу жолдары: өлшеу, информатика және ақпараттық технологиялар
Ақпарат, информатика және ақпараттық технологиялар: негіздері мен санау жүйелері
Ақпарат пен информатика: мәліметтердің құрылымы, кодтауы және ақпараттық технологиялар
Ақпарат пен оның өрнектелуі: информатика, ақпараттық технологиялар және есептеу техникасының тарихы
Информатика және ақпараттық технологиялар негіздері
Ақпарат тасымалдағыштарының түрлері және деректерді сақтау жүйелері
Ақпарат: ұғымы, өлшемдері және ақпараттық технологиялар
Ақпарат және информатика: теориялық негіздер мен қолданбалы технологиялар
Ақпарат ұғымы және ақпараттық процестер: сақтау, өңдеу, жеткізу, кодтау
Ақпарат және оның өрнектелуі: өлшеу, информатика негіздері, ақпараттық технологиялар мен есептеу техникасының даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz