Баскетбол - спорттің бір түрі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әуезов ауданы №104 қазақ орта мектебі.

Тақырыбы:

Баскетбол

Орындаған: Темірбай Мерей.

Тексерген:

Алматы 2007ж

Бұл ойын АҚШ-та бұдан 100 жылдай бұрын пайда болған. Ол кезде допты торға емес, тоқылған әдеттегі себетке кәрзеңкеге лақтырып түсірген. осыдан барып ойынның аты шыққан екен “баскет”- ағылшын тілінен аударғанда “себет” “кәрзеңке”, “бол”-“доп”.

Осы бір әлемге өте кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады.

Ойынның негізгі ережелері. Баскетболды және кіші баскетболды әрқайсысында 5 ойыншысы бар екі команда ойнайды. бір команда екіншісінің торына доп салуға ұмтылады, ал екіншісі өз кезегінде бұған кедергі келтіреді.

Допқа ие болған команда-шабуылдаушы, оның барлық 5 ойыншысы-шабуылдаушылар болады. добы жоқ команда-қорғаушы, оның барлық 5 ойыншысы осы кезде қорғаушылар деп аталады.

Ойын алаңында допты баскетболшы 6метр жерден себетке дәл түсірсе- 2 ұпай, 6 метрден қашық жерден түсірсе- 3 ұпай, айып алаңы сызығынан дәл түсірсе, команда есебіне 1 ұпай қосады. Көп ұпай жинаған команда жеңіскке жетеді.

Баскетбол алаңының ұзындығы-26 м, ені-14 м. Себет 260 см биіктікте болуы тиіс. ойынның ұзақтығы-20 м 2 тайм, ойыншылар допты еденмен домалата алады, бере алады, бір қолмен алып жүріп, торға лақтыра алады. Доп себетке жоғарыдан салынса, түсті деп есептелінеді. Доп себетке түскеннен кейін, қарсы команданың ойыншысы допты 5 секунд ішінде ойынға қосуы тиіс.

Ойыншы допты қолға ұстап екі қадам жасай алады. Қарсылас ойыншыны ұстауға, итеруге, ұруға болмайды. Бір ойыншы қолында допты 3 секундтан артық ұстап тұруына болмайды.

Ескертулер. Ойынның басталуына дейін қыздырыну жаттығуларын орындап, денені ойынға даярлау қажет. Ойын алдында жақсы қыздырыну жарақат алудан сақтайды.

Алаңда тәртіп сақталуы керек. ойын аяқталған соң допты арнайы бөлінген орынға міндетті түрде қою қажет.

Егер жаттығу залда өтетін болса, ол желдетілген, жарық жақсы түсетін, жарақат алатындай артық заттардан босатылған болуы тиіс. Тайып құламауы үшін және ойын кезінде жарақат алмау үшін алаңның ылғал жерлерін шүберекпен бірден сүртіп құрғату керек. Баскетболды спорттық киіммен ойнау қажет, әрбір жаттығудың алдында, әсіресе жарыстардың алдында аяқ киімнің, әсіресе оның баулары дұрыс байлағандығын ерекше тексерген дұрыс. Аяққа жүн шұлық киген жөн. Киімі ғана емес, оқушылардың өздері де әрқашан жинақы болуы керек. Жаттығу кезінде сағат, сақина, сырға, алқа т. б. тақпаған дұрыс. Олар жарақат алуға себепші болуы мүмкін.

Бұл ережелер барлық спорт ойындарына қатысты.

Ойынның негізгі тәсілдері. Тұру, жүгіру, секіру, тоқтау, бұрылу, допты беру, алу, допты жұлып алу және т. б. - мұның бәрі ойынның тәсілдерін орындағанда жасалатын қи-мыл қозғалыстар. Ойын кезінде баскетболшылар әр түрлі техникалық қимыл жасауға дайын болулары керек. Бұл үшін баскетболшының негізгі тұрысын сақтаған жөн шабуылшының негізгі қозғалысы - жүгіру; бағытты кенет өзгерте білуі, алға қарай, теріс қарап қозғала білу қажет.

Қорғаушылар жандарына, алға және артқа қосарланған қадаммен ауыса білгені жөн.

Допты сол және оң қолмен алып жүру. Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Алып жүргенде саусақтардың жеңіл қимылымен допты төмен итереді. Доптың шоршуын күтіп, қолтөмен ұсталады. Сонан соң оны доппен бірге жоғары көтеріп, допты қайтадан төмен қарай саусақпен итереді. Алақанмен ұрмаған дұрыс.

Осыдан кейін не сол, не оң қолмен доптың еденнен шоршуын өзгерте отырып алып жүруді үйрену керек.

Оң қолмен допты алып жүргенде, сол аяқ жарты қадамдай ілгері қозғалады. Допты адымдап алып жүруге үйренгеннен кейін, оны баяу жүгіріс кезегінде орындауға тырысқан жөн.

Екі допты бір мезгілде алып жүруді үйренген қабілетті шыңдай түседі .

Допты бағытты өзгертіп алып жүру . Бағытты өзгертіп алып жүру ойында қорғаушының қарсы қимылын жеңуге септігін тигізетіндігімен маңызды. Бұл қозғалысты былай орындайды: егер допты сол қолмен алып жүрсе, онда оң аяқпен қадам жасап, допты едеңге соғу арқылы ілгері және қозғалыстың бағытын өзгертіп, оң қолмен алып жүрүді бастау керек.

Допты бір орында тұрып екі қолмен лақтыру . Бастапқы жағдайда доп кеуде деңгейінде болады. Бір аяқ біршама ілгері қойылуы мүмкін. Аяқ пен кеуденің бір мезгілде жазылуы арқылы қол допты себетке доға бойынша бағыттап лақтырады.

Екі қолмен жоғарыдан лақтыруға болады. Бұл жағдайда доп кең жайылған саусақтарда, бастын үстінде болады . Алақан алға қаратылады. Ойыншы себетті көздей отырып, аяқ пен кеудені тіктеп және қолды бір мезгілде жоғарыға толықтай жазылғанша сермейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорт құрылыстарын жіктеу сызбасы
Кәсіпқой баскетбол
Баскетбол ойыны туралы мағлұматтар
Баскетболдың дене тәрбиесі жүйесіндегі, суықтыру шараларындағы және спорттағы алатын орны
Баскетбол ойыны
Баскетболдың спорттық ойын түрі пайда болуы және оның даму кезеңдері
Баскетбол түсінігі
Баскетбол ойынының ережелері
Биікке секіріп қолмен лақтыру жасағандай қимылдар орындау
Допты билел техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz