Қазақстан республикасының конституциясы



Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. 1993 жылғы Конституциясы

3. 1995 жылғы Конституциясы

4. Конституциялық іс.жүргізу.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
1991 жылдың желтоқсанында он бес одақтас республикадан құрылған Кеңестік Социалиста Республикалар Одағы ыдырады. Бұрынғы одақтас республикалардың барлығы өздерін дербес тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да өзін дербес мемлекет деп жариялады.
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Онда былай деп жазылды: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл өкімет билігне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, өзі жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы халықаралық көлемге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады. Бұрынғы Қазақ республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мeмлeкeттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ белінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды деп жарияланды. Барлық ұлттардың азаматтары енді біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Мемлекеттік өкімет Қазақстан халқының еркіне негізделеді. Заң барлық азаматтардың ұлтына, шыққан тегіне, қызмет түріне, тұрғылықты мекеніне қарамастан, тең құқықтар мен бостандықтарға ие болатынын жариялады. Заңда Қазақстан мемлекетінің құрылысы туралы айтылды. Мемлекеттік өкімет билігінің заң шығарушылық атқарушылық және сот тармақтарына бөліну принципі тұңғыш рет танылды.
1993 жылы 28-ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес, тәуелсіз мемлекеттің түңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың кең көлемді құқықтары мен бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы болды. Сонымен біpгe Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы жаңа мемлекетте пайда болған проблемаларды білдіре алмады. Ондайлар қатарына мемлекеттік, экономикалық өмірдің, адам құқығы мен бостандықтарының мәселелері т.б. жататын еді. Басқару жүйесі туралы мәселе де тиянақты шешілген жоқ. Жоғарғы Кеңестің өкілдігіне шек қойылмады. Ал мұның өзі оны Президенттің, Үкіметтің істеріне араласуына әкеліп соқты. Президенттің құқықтары шектеулі болып, соның салдарынан ол реформаны жүзеге асыру жөнінде өз бетінше дербес саясат жүргізе алмады. Конституция экономикалық реформаны жүргізу жөнiндeгi т.б. жұмыстарда кідіріс туғызды. Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені алға тартты. Президент Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституция-ның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды. Талқылау барысында жоба бойынша көптеген ескертулер айтылды. Олардың ең елеулі дегендері ескеріліп, жоба тағдырын шешу үшін халыққа ұсынылды. Бүкілхалықтық дауыс берудің (референдум) нәтижесінде 1995 жылы 30-тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — демократиялық өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, олардың ұйымдастырылу және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету принциптерін белгілейді. Онда адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі peтіндегі адам мен азаматтың бүкіл халықтың мәртебесі баянды етіледі. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Басқаша айтқанда, барлық нормативтік актілер Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтан оған басқа нормативтік актілерде кездеспейтін белгілер тән болады.
Конституцияны Қазакстанның халқы қабылдады. Онда халықтың еркі білдірілген. Социализм тұсында да Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Бірақ сонымен бірге халық еңбекшілерден — жұмысшы тобынан, ұжымшар шаруаларынан және еңбекші интеллигенциядан тұрады деп атап көрсетілді. Халықтың мұндай сипаттамасы кез келген қоғамдық құбылысқа таптық тұрғыдан қарайтын марксизмленинизмге негізделген болатын.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы «халық» деген ұғымға таптық сипаттама беруден тұнғыш рет бас тартты. Онда жұмысшы тобы, ұжым шаршы шаруалар мен енбекші интеллигенция деген сөздер айтылған жоқ. «Енбекшілер» деген термин Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясында да, сондай-ақ 1995 жылғы Конституциясында да қолданылған жоқ. Бірақ екі Конституцияда да халық туралы сөз болды. Қазақстан Республикасының Конституциясында «халық» барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсінілді. Демек, «халық» деген ұғымның мәнісі мынада: біріншіден, ол әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді; ал мұның өзі қоғамда бейбітшілікті сақтауда өте маңызды болып табылады. Конституцияғ адамдарды мүліктік жағдайына қарай әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлмей, сол себептен де ешкімнің жағына шықпайды, өзін халықтың біp ғана тобының заң шығарушылық актісі деп танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкіл халықтың өкілі деп таниды. Мұның мәнісі: мемлекет халықтың бip тобын қудалау арқылы оның екінші бip тобына артықшылық бермейді Мемлекет халықтың барлық топтарына олардың әлеуметтік" жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, құқықтарына шек қоймай, тұтас күйінде конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі деп таниды.
Екшіден, көп ұлтты қоғамның жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлты
Пайдаланған әдебиеттер:
1. М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, Қ. Жүкешев «Қазақстан тарихы» 9-сынып Алматы «Мектеп» 2005 ж.
2. Ғайрат Сапарғалиев «Қазақстанның мемлекеті мен құқығының негіздері», «Атамұра» Алматы, 1998 ж.
3. Адам. Қоғам. Құқық. 9-сынып. Алматы: Мектеп, 2005 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. 1993 жылғы Конституциясы

3. 1995 жылғы Конституциясы

4. Конституциялық іс-жүргізу.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

1991 жылдың желтоқсанында он бес одақтас республикадан құрылған
Кеңестік Социалиста Республикалар Одағы ыдырады. Бұрынғы одақтас
республикалардың барлығы өздерін дербес тәуелсіз мемлекет деп жариялады.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да өзін дербес мемлекет деп
жариялады.

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық
заң қабылдап, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Онда былай
деп жазылды: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта
бүкіл өкімет билігне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес
анықтап, өзі жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы
халықаралық көлемге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қатынасын
халықаралық құқық нормалары негізінде құрады. Бұрынғы Қазақ республикасының
аумағы тәуелсіз жаңа мeмлeкeттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ белінбейді
және оған ешкім қол сұға алмайды деп жарияланды. Барлық ұлттардың
азаматтары енді біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Мемлекеттік өкімет
Қазақстан халқының еркіне негізделеді. Заң барлық азаматтардың ұлтына,
шыққан тегіне, қызмет түріне, тұрғылықты мекеніне қарамастан, тең құқықтар
мен бостандықтарға ие болатынын жариялады. Заңда Қазақстан мемлекетінің
құрылысы туралы айтылды. Мемлекеттік өкімет билігінің заң шығарушылық
атқарушылық және сот тармақтарына бөліну принципі тұңғыш рет танылды.

1993 жылы 28-ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес,
тәуелсіз мемлекеттің түңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстанның
мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың
кең көлемді құқықтары мен бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін
білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы
болды. Сонымен біpгe Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
жаңа мемлекетте пайда болған проблемаларды білдіре алмады. Ондайлар
қатарына мемлекеттік, экономикалық өмірдің, адам құқығы мен
бостандықтарының мәселелері т.б. жататын еді. Басқару жүйесі туралы мәселе
де тиянақты шешілген жоқ. Жоғарғы Кеңестің өкілдігіне шек қойылмады. Ал
мұның өзі оны Президенттің, Үкіметтің істеріне араласуына әкеліп соқты.
Президенттің құқықтары шектеулі болып, соның салдарынан ол реформаны жүзеге
асыру жөнінде өз бетінше дербес саясат жүргізе алмады. Конституция
экономикалық реформаны жүргізу жөнiндeгi т.б. жұмыстарда кідіріс туғызды.
Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені
алға тартты. Президент Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституция-ның
жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды.
Талқылау барысында жоба бойынша көптеген ескертулер айтылды. Олардың ең
елеулі дегендері ескеріліп, жоба тағдырын шешу үшін халыққа ұсынылды.
Бүкілхалықтық дауыс берудің (референдум) нәтижесінде 1995 жылы 30-тамызда
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — демократиялық өркениетті даму
жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі.
Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, олардың ұйымдастырылу және
болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету принциптерін белгілейді. Онда
адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен
мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі peтіндегі адам мен азаматтың
бүкіл халықтың мәртебесі баянды етіледі. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы
ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.
Басқаша айтқанда, барлық нормативтік актілер Конституцияның ережелеріне
негізделіп қабылданады. Сондықтан оған басқа нормативтік актілерде
кездеспейтін белгілер тән болады.
Конституцияны Қазакстанның халқы қабылдады. Онда халықтың еркі
білдірілген. Социализм тұсында да Конституция халықтың еркін білдіреді деп
есептелді. Бірақ сонымен бірге халық еңбекшілерден — жұмысшы тобынан,
ұжымшар шаруаларынан және еңбекші интеллигенциядан тұрады деп атап
көрсетілді. Халықтың мұндай сипаттамасы кез келген қоғамдық құбылысқа
таптық тұрғыдан қарайтын марксизмленинизмге негізделген болатын.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы халық деген ұғымға таптық
сипаттама беруден тұнғыш рет бас тартты. Онда жұмысшы тобы, ұжым шаршы
шаруалар мен енбекші интеллигенция деген сөздер айтылған жоқ. Енбекшілер
деген термин Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясында да, сондай-ақ 1995
жылғы Конституциясында да қолданылған жоқ. Бірақ екі Конституцияда да халық
туралы сөз болды. Қазақстан Республикасының Конституциясында халық барлық
ұлттық топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде
түсінілді. Демек, халық деген ұғымның мәнісі мынада: біріншіден, ол
әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді; ал мұның өзі қоғамда
бейбітшілікті сақтауда өте маңызды болып табылады. Конституцияғ адамдарды
мүліктік жағдайына қарай әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлмей, сол себептен
де ешкімнің жағына шықпайды, өзін халықтың біp ғана тобының заң шығарушылық
актісі деп танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкіл
халықтың өкілі деп таниды. Мұның мәнісі: мемлекет халықтың бip тобын
қудалау арқылы оның екінші бip тобына артықшылық бермейді Мемлекет халықтың
барлық топтарына олардың әлеуметтік" жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға
тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты әлеуметтік топтарға
бөлмей, құқықтарына шек қоймай, тұтас күйінде конституциялық-құқықтық
қатынастардың субъектісі деп таниды.

Екшіден, көп ұлтты қоғамның жағдайында халық деген ұғымға қазақ ұлты
да, барлық басқа ұлттық топтар да кіреді. Мұның мәнісі: қазақ ұлты
мемлекеттің — яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйтқысы сияқты
болғанымен, оған айырықша: не құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық,
немесе мәдени артықшылықтар берілмейді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл
болуын артықшылық деп санауға болмайды. Ол өзінің түрі жағынан барлық
жерде, барлық жағдайда ұлттық болып табылатын мемлекеттің сипаттамасына
ғана жатады. Орыс тілінін ресми түрде қолданылатын тіл деп танылуы да бұл
салада қазақтарда артықшылықтың жоқ екендігін көрсетеді.

Сонымен халықтың Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп
танылуы оның мазмұндық нәрін бiлдipeдi. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: Біз... Қазақстан халқы... осы
Конституцияны қабылдаймыз деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы оны
референдумның нәтижесінде қабылдады. Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы
енгіледі. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді
Рас, Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгерістердің жобасын
Президент Парламенттің қарауына тапсыра алады. Ал ондай жағдайда халық
қалыс қалмайды. Парламент — халықтың жоғарғы өкілеттік органы, сондықтан ол
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді халықтың атынан және
соның мүддесін көздеп қабылдайды.

Қазақстан халқы Конституцияны қабылдаған бірден-бір субъекті
болғандығынан оның құрылтайлық сипаты келіп туындайды. Халық елдегі
мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және дербестіктің шын мәніндегі
иесі болып табылады. Сондықтан онда құрылтайшылық билік болады. Қазақстан
халқы мемлекеті нақ осы Конституция арқылы құрды, оның басқару және құрылым
нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылысының негіздерін, адам мен
азаматтың мәртебесін анықтады.

Мемлекеттік құрылымның біртұтастық нысаны, басқарудың президенттік
нысаны және аумақтық тұтастық өзгертілмейді.

Конституцияның тағы біp маңызды ерекшелігі — ол, біp жағынан,
мемлекеттің, ал екінші жағынан, — қоғамның негізгі заңы болып табылады.
Мұның өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның
әлеуметтік базасы (ұстаушысы) ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты.
Конституция мемлекетті барлық өзгеше белгілерімен қоса құрады. Оны барлық
элементтерімен: аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен, азаматтығымен, дербес
заң шығарушылық қызметімен т.б. қоса баянды етеді. Конституция мемлекеттің,
мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қарым-
қатынасының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық құрылыстың экономикалық,
ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін анықтайды. Сондықтан тек
мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық
ережелерін, идеяларын пайдаланып отырады. Сонымен қатар қоғам мен оның
құрамдас бөлшектері де (бірлестіктер, ұйымдар) өз қызметтерін Конституцияға
негіздеп құруға тиіс. Жекелеген заңдар белгілі біp қоғамдық институттарға:
саяси партияларға, діни мәдени бірлестіктерге т.б. қатысты болуы мүмкін.
өздерінің мақсаттары мен ic-әpeкeттepі арқылы конституциялық құрылысты
зорлықпен өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық
ұйымдардың құрылуына және әрекет етуіне тыйым салатын Конституцияның
нормативтік ережелері тура және тікелей іске асырылады. Сондықтан құқық
қорғау Конституция норма ларын бұзушылыққа қарсы шаралар қолданғанда,
Конституцияның өзін тікелей басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғары заңдық күші бар.
Мұның мәнісі - мемлекет органдарының қабылдайтын заңдары мен нормативтік
актілері Конституцияға қайшы келмейтін болуға тиіс деген сөз. Мемлекеттік
органның қандайы болса да, жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез
келген лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция
қағидаларын сақтауы тиіс.

Конституцияда оның ережелері, нормалар тікелей қолданылады деген нұскау
бар. Мұның мәнісі — әpбіp азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау
үшін мемлекеттік органдарға, әсіресе сотқа өтініш білдіре алады.
Конституцияны, оның нормаларын пайдалана алады.

1993 жылғы Конституция. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып
жарияланып, әлемдік қауымдастыққа төте енуі — Республиканың сол мәртебесіне
сай Конституциясын — Негізгі Заңын қайта қарау мәселесін алға тартты.
Тәуелсіз мемлекеттің құқықтық іргетасын түбірімен қайта қарау керек болды.
Коммунистік болашақтан бас тартып, өркениетті қоғам құру нарық
қатынастарына өтуге байланысты өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің көп
түрлілігін енгізу, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалау,
көппартиялылық пен пікір алуандығын қамтамасыз ете отырып, дүние жүзіндегі
дамыған елдер қабылдаған демократиялық ұстанымдарды батыл енгізу,
азаматтардың құқықтары, бостандықтары және еркіндіктерін кеңейте отырып,
олардың міндеттерін де нақтылай түсу, т.б. қоғамдық дамудың өзекті
мәселелері жаңа Конституция да тұжырымдалуға тию болды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мәртебесіне сай жаңа Конституцияжсы
1993 жылы қаңтардың 28-күні қабылданды. Бұл күн Қазақстан Республикасының
мерекелі күні болып жарияланды.

Конституция бойынша, "Қазақстан Республикасы — демократиялық зайырлы
және біртұтас мемлекет" деп жарияланды. Қазақстан Республикасы адамды, оның
өмірін, бостандықтары мен құқықтарын аса қымбат қазына деп таныды. Халық —
республикадағы мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Қазақстан
халқының атынан билік жүргізуге тек Республика Жоғарғы Кеңесінің және
Президентінің ғана құқығы бар.

Конституцияның тұжырымдары бойынша, республика азаматтарына заңды
жолмен ақпарат алу, еркін қоныс аудару, жиналыстарға, шерулерге,
митингілерге қатынасу, ереуілге шығу, меншік иесі болу құқығы берілді.

Конституция республика азаматтығына қатысты тұжырымдарды айқындап
берді. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адам басқа елдің азаматы
болып танылмайды. негізгі Заңның тұжырымдары бойынша, кезінде республика
аумағынан лажсыз кеткен адамдар мен шет елдерде тұратын қазақ жұршылығының
өгілдеріне тарихи отанына оралуға жол ашылды.

Негізгі заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі
екендігі, ал орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі деп анықталды. Сонымен
бірге, басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының конституциясы: 1993 - 1995 сабақтастығы мен айырмашылығы
Мемлекет және құқық теория негіздері
Қр-ның 1993-1995 ж. конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Пәндер