Мағауия абайұлы құнанбаев


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мағауия Абайұлы Құнанбаев

(1869-1904)

Мағауия - Абайдың келешегінен үміт күткен сүйікті балаларының бірі. Жас кезінен ауылда мұсылманша хат таныған оны Абай Семейдегі қалалық училищеге орысша оқуға берген. Бірақ екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, елге қайтқан. Содан кейінгі өмірі әке қасында өткен.

Абайдың орыс әдебиетіне ден қойып, көп оқыған жылдарында оның қасында болған Мағауия да әке үлгісімен көп ізденген, орыс кітаптарын зер салып оқыған. Соның арқасында едәуір білім алған.

Абай Мағауияны өзіне серік санаған. Адамгершілік қасиеті мол, бауырмал және әділ Мағауия Абайдан көмек сұрап, әділдік қуып келгендердің біразын әкесіне жеткізбей, шаруаларын бітіріп жіберетін болыпты. Даулы істерге де әділ билік айтқан.

Әкесінің ақындық еңбегін зор бағалаған және ақындықтың халықтық маңызын түсінген Мағауия өзі де әке өнегесімен өлеңдер шығарған. Әсіресе, ағасы Әбдірахман қайтыс болғанда өзінің көңіл күйін бейнелеген өлеңдері кең жайылған. Сонымен қатар Абай ақылымен, оның берген материалдары негізінде «Еңлік - Кебек», «Медғат - Қасым» атты поэмалар жазған.

«Медғат - Қасым»

«Медғат - Қасым» - Мағауия поэмаларының ішіндегі ең көркемі және көлемдісі. Оның оқиғасы үйреншікті қазақ ортасында емес, алыста - Африка жерінде, Ніл өзені бойында өтеді. Мазмұны құл иеленушілер мен құлдардың арасындағы кек күресінен алынған.

Шығармада Мұрат деген байдың баю мақсатымен Мысыр қаласынан Ніл өзені бойына көшіп келгені әңгімеленеді. Оның Медғат атты ұлы Ғазиза атты қызы болады. Оларға қоса Мария деген асырап алған қызы да бар. Мұраттың қарауында көп құлы болады екен. Солардың ішінде өзі батыл, ержүрек, қайсар Қасым деген құл болыпты. Бірде Қасым Марияны кездестіріп, оны сүйетіндігін білдіреді. Медғатпен көңілдес Мария Қасымды менсінбейтінін айтады да, бұл әңгімені бай ұлына жеткізіп қояды. Медғат Қасымды насостан атқылаған су тасқынының астына отырғызып жазалайды. Қасым талып қалады. Кейін есін жиған соң Марияны өлтіріп, қашып кетеді де, қарақшылар тобына қосылады.

Осыдан соң поэмадағы әңгіме желісі үзіліп, бірнеше жыл өткеннен кейінгі оқиғалар сөз болады. Мұрат Мысырға қайта көшеді. Қасым олардың жолын тосып, байды өлтіріп, Медғат пен Ғазизаны қолға түсіреді. Ғазиза Сәлім деген жігітті сүйеді. Бірақ оны кедейсініп, әкесі қызың бермей, өлтірмек боп соңына түскен соң, аңшыларға қосылып кетіпті. Ғазизаның Қасымның қолына түскенін естіген Сәлім оны құтқармақ болып аттанады. Қасым қызды алып қашып, кейін Сәлім жайын естіген соң, тоқтап, екеуін қосады. Бұлар Мұрат байдың мекеніне орналасады.

Поэмада өмір шындығына жанасымды жеке суреттер бола тұрса да, шығарма, негізінен, романтизм үлгісінде жазылған. Оқиға желісі де, кейіпкерлерге тән іс-әрекет, сезім күйі де соған ыңғайластырылады. Кейіпкерлерді дағдыдан тыс жағдайларға тан еткен, әрекет пен мінез-құлықтағы төтенше қаһармандық ерлікке бастайтын түйін есебінде шығармада Медғат пен Қасым арасындағы кек пен Ғазиза мен Сәлімнің махаббаты алынады.

Оқиға жай дағдыдағы эпостық поэмалардың үлгісімен басталып, кейін басқаша дамиды. Олардың ішкі байланысы, шиелінісі, шарықтау шегі-бәрі күтпеген жерден кенет жалтарысқа ұшырап отырады.

Адам бейнелерін жасау әдісі де осыған ыңғайласқан. Солардың ішінде романтикалық қаһарман есебінде көзге елестете аларлық бейне - Қасым.

Қасым - өжет, қайратты, бір беткей, қайсар, мейлінше кекшіл адам. Істерінің қайсысын алсаң да ірі, басқалардан бөлек. Оның портретін ақын:

Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты,

Қара сұрлау пішіні, зәңгі затты.

Отты қара көзі бар, ұзын бойлы,

Тәкаппар, тәуекелшіл, бек қайратты, -

деп бейнелесе, кейін оның қайсарлық мінезін де соған сай етіп суреттейді. Насостан атқылаған су серпінінің астына отырғызып, қатты жазалап жатқанда да, Қасым дыбысын шығармайды.

Ынқ еткенімді естісе, сүйсінер деп,

Тістеніп жатып алды ернін шайнап.

Су құйылды краннан басына атып,

Қынқ етіп дыбыс шықпай, қалды қатып.

Ойбайынан өлгенін оңай көріп,

Шыдай берді, жатса да қанша батып.

Қасым кекті қатты ұстайды. Жауына мейірімсіз және мейлінше қатал ол Мұрат пен Медғатты қолға түсірген кезде, оларды өлтіруден де тайынбайды. Оның көз алдына жалғыз-ақ нәрсе елестейді. Ол - Медғаттың бұдан үш жыл бұрын оған қолданған жазасы. Мұрат пен Медғаттың ғана емес, баяғыда өзін жазалап жатқанда ара түспегендігі үшін Ғазизаны да жазаға бұйырады. Бірақ Ғазизаның тәрбиешісі, кемпірдің аналық сөздері Қасымның сезімін оятып, Ғазиза жазадан аман қалады.

Қасымның қарақшылық әрекеттерін сөз еткенде, Мағауия оны қанішер кісі өлтіргіш есебінде кінәламайды. Бұл Батыс және орыс романтизмінің бас қаһармандары сияқты, қайырымды қарақшының бейнесі. Жазықсыз жәбір көрген адам дұшпаннан кек алу үшін қарақшылық жолға түседі, намысын ерлікпен қорғауды мақсат етеді. Осыдан барып, Қасым үстем таптың зорлығына қарсы адам болып суреттеледі. Ақын оны:

Әсіресе байларға рақым етпес.

Ағаш толы зәңгінің бәрі ниеттес,

Сорлы болған адамға тағы әдеті,

Бір жақсылық қылады естен кетпес, -

Дейді. Сөйтіп, ол Қасымның Медғаттан кек алу үшін істеп жүрген іс-әрекетін әділет жолындағы күрес деп ұғады. Сол арқылы өткен дәуірдегі құлдар мен қожалардың арасындағы тартыстың бір көрінісін суреттейді.

Қасымға қарама-қарсы қойылған бай Мұрат пен оның баласы Медғат мейірімсіз, жуыздығымен көзге түседі. Олардың құлдарын адам деп санамайтыны, аяусыз жазалайтыны Қасымға көрсеткен қиянат үстінде көрінеді. Ақын Мұрат пен Медғат жайлы:

Құлды малша таяқпен жұмсаушы еді,

Адам деп обалына бір қарамай.

Бар еді Медғат атты жалғыз ұлы,

Мот қылып бұзып еді малдың молы.

Тітіреп тұрушы еді барша құлы, -

дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері жайлы
Абайтанушы
Мағауия Абайұлы Құнанбаев еңбектері
Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі
Қайым мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі.Абайдың ақын шәкірттері
Абай Құнанбаев(1845-1904) жайлы ақпарат
Қ.Мұхамедхановтың зерттеу-мақалалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz