Бастапқы мәліметтердің сапасын реттеу: бухгалтерлік есеп пен аудиттің теориялық-әдістемелік негіздері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: “ Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу”

Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу.

Қазақстан Республикасының жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жүйеіндегі реформа шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметі туралы ақпаратты және оның қаржылық есеп көрсетілуін қалыптастыруды көпшілік мақұлдаған халықаралық стандартқа кезең-кезең бойынша көшуге мүмкіндік береді. Алайда теориялық, әдістемелік және іс-тәжірибе сипатындағы көптеген мәселелер әлі шешімін тапқан жоқ. Олардың қатарына бухгалтерлік есептің сапасын бағалау мәселесін де жатқызуға болады. Аудитте пайдаланатын ақпараттардың уақтылы алынуы мен күмәнсіз анықтығы және толық болуы есептің сапасына байланысты. Есептік рәсімдерді ұйымдастырудың теориялық негізі болмаса, онда іс-тәжірибеде аса қажет қаржылық есеп берулердің сапасын қадағалайтын ғылыми негізделген жүйе әзірлеу мүмкін емес. Іс-тәжірибеде бухгалтерлер әдетте нормативті құқықтық актілермен қамтамасыз етілмеген әрі есеп пен есеп берулердің сапасын әдіснамалық тұрғыдан бағалай алмайды. Олар көбіне қолданыстағы стандарттар мен қабылданған есептік саясаттың сақталмаудың нақты себебтерін айқындау үшін есеп пен есеп берулердің жағдайына терең талдау жүргізуге аса құқықты емес. Есептің сапасын белгіленген деңгейде жеткізетін нақты шараларды әзірлеуге аз көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар, кәсіпорынның есеп жүргізу процесін ұйымдастыру барысында оның рәсімдік (процедуралық жағына баса назар аударылады, яғни есеп тек шаруашылық) қаражаттың жағдайы мен оның қалыптасу көздері туралы сандық мәліметтерді алуға ғана бағытталған. Мұндай тәсіл түпкі мақсаттары тек синтетикалық және талдамалы есептің, баланс пен есеп берулердің тіркелімдерін толтыру және алу ғана болып табылатын есептің ақпараттық жағын нашар іске асырады. Қызметкерлердің творчествалық тәсілі мен жоғары біліктілігін талап етпейтін, күрделі емес, қайталана беретін технологиялық операциялар басым.

Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында есептік, бақылаушы-талдамалы және аудиторлық қызметтердің мақсаттары едәуір басқаша сипатта қалыптасқан немесе қалыптасып келе жатқан шаруашылық жағдайды талдау, нақты шешімдерді қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Мұндай қызмет өндірістік ресурстарды басқарудың ең қажетті құралы болып табылады, мұнда есептің ақпараттық-технологиялық аспектісі тек қосалқы, көмекші түрінде ғана болады. Ал, іс жүзінде есептік-технологиялық қызмет табиғаты бойынша маманның жоғары кәсіби дайындығын талап етіп, ғылым мен өнерді ұштастырады, талдаудың нысандандырылған және нысанданбаған тәсілдерін қолдану ептілігін ұйғарады. Шетелдік кәсіпорындарда ең алдымен басқару есебі деп, аталатын тұжырымдамада көрініс тапқан. Осы тұжырымдамаға сәйкес ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі есептері жасалады, өнім, жұмыс, қызметті өткізудің келешегіне және мәмілелер көлемінің өзгеруіне қарай түпкілікті қаржылық нәтижелер болжанады.

Осынау өзекті мәселелерге қарай ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып, Қазақстан Республикасында өз қызметін еліміздің аумағында жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға міндетті болып табылатын нормативті-құқықтық актілерге айналған Аудиттің халықаралық стандарттары мен Бухгалтерлік есеп стандарттарын әзірлеп, енгізу қоға алынды. Қабылданған стандарттардың мақсаты халықаралық нормаларға бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметті сәйкестендіру болып табылады.

Аудитті дамыту мен бухгалтірлік есепті реформалау өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық операциялары мен өндіріс салалары бойвнша әзірленетін нұсқау материалдары мен стандарттар мүмкіндік туғызады. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына Бухгалтерлік есеп шоттарының біріңғай жоспарына көшуіне және 2005 жылдан бастап қаржылық есептеменің жаңа формасын енгізу есептік-талдамалы және бақылау жұмыстарын жетілдіру ісіне көп көмектеседі. Ішкі, өндірістік, дбасқарушылық есеп пен есеп беру шоттарының жұмыс жоспарын субьектілер өз қызметінің ерекшелігіне қарай дербес әзірлейді.

Кез келген кәсіпкерлік іс-әрекетті шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржылық-экономикалық тұрақтылығы туралы обьективті және жедел ақпараттарынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Көптеген кәсіпорындарда бақылауды уақытылы атқарып, іс-әрекетті жақсартатын резервтерді анықтауға тиісті ішкі аудит пен қаржылық талдаудың арнайы қызметі құрыла бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті және бастапқы мәліметтердің сапасын реттеу
Аудиттің сегменттеу негіздері: шаруашылық операциялардың циклдері, бастапқы есеп құжаттары және есеп саясаты
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің ұлттық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің ұйымдастырылуы мен ерекшеліктері
Қазақстанда аудиттің теориялық негіздері, стандарттары және кәсіби реттеу мәселелері
Аудиттің қалыптасуы және сыртқы аудиттің теориялық негіздері
Аудиттің теориялық негіздері мен табыс пен шығындардың аудиті
АҚ Қазақстан Халық Банкі мысалында бухгалтерлік есеп пен аудиттің принциптері мен практикалық талдауы
Әртүрлі елдердің бухгалтерлік есеп пен аудиттің даму модельдері: Еуропа және Исландия мысалы
Мейрамхана бизнесін ұйымдастыру: бухгалтерлік есеп пен аудиттің ерекшеліктері (AGA-2007 Кочерга мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz