Жүйелер ауқымындағы үлгілер


Жүйелер ауқымындағы үлгілер
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
- Меншік типтері бойынша;
- Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені шешуді төмендегідей типтер арқылы бөледі:
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік-әміршілдік экономика;
б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика;
в) қазіргі рыноктық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Аралас экономика
Аралас экономика деп алғашқы екі жүйені жинақтайтын қоғамның түрі ұғынылады, яғни нарық тетігі мемлекеттің белсенді қызметімен толығады. Аралас экономикада мемлекет төреші болуы (құқық тәртібін сақтау, меншік құқықтарын орнықтыру, келісім-шартқа тыйым салу) рөлімен шектелмейді, керісінше өзі экономикалық процеске белсенді қатысушылардың бірі болады.
"Аралас экономика" терминінің өзі біржақты түсінідірілмейді. Оның бастапқы және ең кеңінен тараған түсініктемесі экономиканың әралуан (жекеше және мемлекеттік) секторларының ұштасуына әр түрлі меншік нысандарына сүйенеді. Кеинсианшылдықтан серпін алған екінші айқындама бірінші кезекке нарықты (нарық тетігін) және мемлекеттік реттеуді ұштастыру проблемасын қояды. Үшінші айқындама: әралуан әлеуметтік реформистік ағымдар көтерген айқындама, ол капиталды (жеке кәсіпкерлікті) және әлеуметтілікті (қоғамдық әлеуметтік кепілдіктерді) ұштастыруға негізделеді. Ақыр соңында, тағы бір айқындама өркениетті көзқарастардан туындайды, ол қазіргі заман қоғамының құрылымындағы экономикалық және экономикалық емес бастаулардың ара қатынасы проблемасын көздейді. Аралас эконимиканың аталған түсіндірмелері қазіргі жағдайларда бір-біріне қарама-қайшы келмейді: олар тек дамыған экономиканың осы заманғы үлгісі тұр құруының бірнеше бағыттарының болуы мен олардың бірлігін бейнелейді. Аралас экономиканың өлшемдері салыстырмалы түрде дербестікке ие болады. Алайда, белгілі бірі өлшемнің немесе әр түрлі елдердің жағдайларында топтардың біреуінің басым болуы мүмкін.
Ресейдегі XIX ғ. екінші жартысындағы шаруашылықтың ерекше құрылысы аралас экономика үлгісінің концепциясын қалып-тастыруға әкеледі. Батыс үлгісімен салыстырғанда, осы үлгі, жетекші укладтың басқа укладтарды өзіне сіңіруі арқылы қол жеткен экономикалық құрылымның біркелкілігіне негізделмейді. Ол бір-тұтас организмнің әр бөлшектері ретінде қатар жүріп отыратын шаруашылық жүргізу формаларының көптүрлілігіне, шаруашылық іс-әрекеттердің копауқымдылығына, экономикалық болмыстың көпполюстік болуына және оларда мәндік мағыналар бар екеніне негізделеді. Аралас экономика үлгісінің философиялық негізін К. Н. Леонтьев ашқан заңның қорытындысы құрайды: экономикалық құрылымның бірдей болмауы және шаруашылық жүргізудің формаларының көп болуы - бұл кемшілік емес, бұл әлі практикаға еңбеген идея түріндегі дамудың ішкі көзі бар болғанының айғағы.
Батыс теоретиктерінің аралас экономика теориясына көзқарасы екі жақты деуге болады: аралас экономика теориясы бұлардың арасында кең қолданылатын, дүниеге бір бағыттан бір полюс деп қарап тану концепциясына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, олар дамудың басым (жетекші), негізгі тенденциясы деп, еркін бәсекеден жетілмеген бәсекеге, таза капитализм экономикасынан бұйрық экономикасына жылжу екенін мойындайды. Айырмашылық тек бір полюстен екіншіге кошу қандай формалар арқылы жүруінде - капиталдың монополиясы, немесе, мемлекеттің монополиясы арқылы жүзеге асырылуында. Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және экономикада тепе-тендік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды, мүмкін емес. Егер Ресейдегі аралас экономика бастапқы құбылыс, ешкімді таңдандырмайтын карапайым жағдай болса, Батыста ол біркелкі экономикалық құрылымға бағытталумен байланысты пайда болған, шаруашылық өмірдегі қайшылықтарды шешудің ерекше формасы болып табылады.
Батыста аралас экономика таза капитализмді ығыстыра бастады. Бір шектен екінші шекке ұрыну, жоғарыда аталған екі үлгілерге тән болады, ал аралас экономикаға тән емес. Батыста онімді өндірушілер және өндіріс шарттарын сатып алушылар - ірі корпорациялар. Соңдықтан экономикалық үстемдік (екімет) ыдыратылмаған. Сонымен қатар, аралас экономикадағы экономикалық өкімет тоталитарлық сипаттамада болмайды, ол әкімшіл-бюрократтық, әдіспен жүргізілмейді, соңдықтан осы жағдайда болатын катынастар айырбас қатынастарына үстемдік жүргізбейді, оларды толықтыра түседі; материалдық ресурстарға меншік халықтық, мемлекеттік, жеке меншік түрлерінде болады; әр субъектінің іс-әрекеті өзінің мүдделерімен сәйкес жүргізіледі, бірақ қоғам көлеміндегі ұнамды мақсаттар белгіленген болады. Мемлекет экономикада белсенді қызмет атқарады, мемлекеттік және жеке секторлардың іс-әрекеттерін болжайтын, жоспарлайтын және сәйкестендіріп отыратын жүйе болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz