Киiз туырлықты, ағаш уықты



Қазақы бала бала емес, өзбекi мал мал емес деген мақал қазақтар мен өзбек сарттардың аралас-құралас отырған аймағында пайда болған, — деп түсiндiредi ғалым Ә.Қайдар. Ташкенттiң базарына базарлауға барған қазақтардың асты-үстiне түсiп қызмет iстейтiн өзбектiң жас балаларына риза болып қайтатын қазақтар, өз ауылдарына келiп олардай «пысық емес» балаларына риза болмай айтылған бұл мақалдың мәнi — қазақ балалары, аяғынан тiк тұрып базарлап барғандарды күтiп алатын, сауда-саттығына жәрдемдесiп, малының басын ұстап, қызмет көрсететiн өзбек балаларындай емес дегендi, ал өзбектен сатып алған тұрмыстық заттар бұйым сияғы жоқ, сапасы нашар дүниелер дегендi аңғартып, мақалға айналып кеткен. Кейiнiрек Кеңес үкiметi кезiнде ауылдан келiп орыс тiлiн нашар бiлiп, қала жағдайындағы өмiр-тiршiлiк ыңғайын бiлмей, кейiншектеп тұратын балаларға немесе ынжықтау балалардың iсiне көңiлi толмағанда қазақы бала бала емес деген бiрiншi бөлiгi айтылатын. Қала балаларына тән қақаң-соқаңды бiлмей өскен ауыл баласына қойылар бiр кемшiлiк — осы деп санаудан туған пiкiр.
Қазақ мал танымас, сарт шай танымас. Мақалдың бiрiншi бөлiгi қазақтың жыл он екi ай бағып-қағып, ыстығына күйiп, суығына тоңған малын топырлатып Тәшкенттiң базарына айдап апарып, оны қаншаға сату керектiгiн бiлмей, яғни сауда нарқын, сауда заңын бiлмей, өзбек делдалдың қолына бере салатындығынан, екiншi бөлiгi қызыл күрең шайды ұнататын қазақтың, өзбек ағайындардың сүйiп iшетiн көк шайын менсiнбегендiгiнен туған.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Киiз туырлықты, ағаш уықты

Қазақы бала бала емес, өзбекi мал мал емес деген мақал қазақтар мен
өзбек сарттардың аралас-құралас отырған аймағында пайда болған, — деп
түсiндiредi ғалым Ә.Қайдар. Ташкенттiң базарына базарлауға барған
қазақтардың асты-үстiне түсiп қызмет iстейтiн өзбектiң жас балаларына риза
болып қайтатын қазақтар, өз ауылдарына келiп олардай пысық емес
балаларына риза болмай айтылған бұл мақалдың мәнi — қазақ балалары, аяғынан
тiк тұрып базарлап барғандарды күтiп алатын, сауда-саттығына жәрдемдесiп,
малының басын ұстап, қызмет көрсететiн өзбек балаларындай емес дегендi, ал
өзбектен сатып алған тұрмыстық заттар бұйым сияғы жоқ, сапасы нашар
дүниелер дегендi аңғартып, мақалға айналып кеткен. Кейiнiрек Кеңес үкiметi
кезiнде ауылдан келiп орыс тiлiн нашар бiлiп, қала жағдайындағы өмiр-
тiршiлiк ыңғайын бiлмей, кейiншектеп тұратын балаларға немесе ынжықтау
балалардың iсiне көңiлi толмағанда қазақы бала бала емес деген бiрiншi
бөлiгi айтылатын. Қала балаларына тән қақаң-соқаңды бiлмей өскен ауыл
баласына қойылар бiр кемшiлiк — осы деп санаудан туған пiкiр.

Қазақ мал танымас, сарт шай танымас. Мақалдың бiрiншi бөлiгi қазақтың
жыл он екi ай бағып-қағып, ыстығына күйiп, суығына тоңған малын топырлатып
Тәшкенттiң базарына айдап апарып, оны қаншаға сату керектiгiн бiлмей, яғни
сауда нарқын, сауда заңын бiлмей, өзбек делдалдың қолына бере
салатындығынан, екiншi бөлiгi қызыл күрең шайды ұнататын қазақтың, өзбек
ағайындардың сүйiп iшетiн көк шайын менсiнбегендiгiнен туған.

Қазақ байыса қатын алады, өзбек байыса там салады. Қазақтың ертеден
келе жатқан көне салты бойынша, байлығы асып, дәулетi таси бастаса болды
үйленiп, көп әйел алуға талпынатын, ал саудамен айналысатын өзбектердiң үй-
ауласын кеңейтуге талпынатын әдетiн сынаудан туған. Қазақтың бұл салтын
Ы.Алтынсарин өзiнiң Қазақтың үйлену тойы атты еңбегiнде былай
түсiндiредi: Бай қазақтарда бiр еркектiң төрт әйел алуына болады дейтiн
ислам шариатын негiз етiп көп әйел алушылық салты бар. Оған дiннiң жол
беруiн былай қойғанда, басқадай не себептерi болды. Әйелiн өзi сүйiп алмай,
ата-аналарының қосуымен алған қазақтар мұндай әйелiнен өзi сүйетiн
қасиеттердi әрқашан таба бермейдi, содан кейiн күйi көтерсе екiншi әйел
алады. Егер екiншi әйел жөнiнен де қателескен болса, онда үшiншi әйел
алады. Көп әйел алуға қазақтың ойынша, мысалы, әйелiнiң мұрагер болатын ұл
таппауы сияқты себептер болады. Қазақтарда өздерiнiң көп әйел алуының
мақсатын айтпай-ақ түсiндiретiн бiр мақал бар — Байтал көп болса, құлын да
көп болады, — дейдi қазақтар. Әйтсе де мақалдың мазмұнында байқалатын
кекесiн, елдiң бәрiне солай iстей беруге болмайтынын ескертiп тұрған
секiлдi. Мақал-мәтел жинақтарында бұл мақалдың Қазақ байыса қатын алады,
орыс байыса там салады деген варианты да кездеседi.

Қазақ, қалмақ бiр кiсi, ноғай, қазақ бiр кiсi деген нақыл сөз бар деп
жазады Құрбанғали Халид Тауарих Хамса атты еңбегiнде. Ертедегi Алынша хан
заманында қазақ, қалмақ, ноғай бәрi бiр тақтың иелегiнде болған, бәрi
Алынша ханның елi деп аталған. Ол ел Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темiр
дәуiрiнен кейiн ыдыраған, нақыл сөз сол заманнан қалған деп түсiндiредi.
Қазақ домбырашыларында Ноғай-қазақ айырылған күн деген сол заманда шыққан
өте зарлы күй бар. Ш.Уәлиханов ауыз әдебиетi туралы ойларын ортаға сала
келiп Ноғайлы жырлары деп аталатын эпикалық аңыздауларға ерекше көңiл
бөледi. Ол кезде ноғай деген атау Орта Азияның түркi және моңғол тектес
руларының жалпы есiмi болған деп пайымдайды. Бұл жәй Шәкәрiм шежiресiнде де
айтылады: Әз Жәнiбек қазақты алып ауарда, Ноғай аталған туысқандарымыздың
жақсылары қазақтың жақсыларымен көрiсiп, амандасып жылапты. Соны бiздiң
қазақ домбырашылары ноғай-қазақ айырылғандағы жылау күй деп, домбырамен Ел
айрылған атты зарлы күй тартады. Жыршылар:

Орманбет хан өлген күн,
он сан ноғай бүлген күн,
Қазақ пен Ноғай айрылды,
қазақ сартқа қайырылды —

деп басталатын жыр айтады. М. Тынышбаев та бұл тарихи жағдай жайлы
мәлiмет берiп, маңғыт руынан шыққан атақты би Орманбет Едiгенiң алтыншы
ұрпағы Дiнахмет баласының өлiмiмен жарты ғасырға созылған Едiге
ұрпақтарының арасындағы билiк таласы аяқталды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желі - керегені құрайтын ағаш
Киіз үй туралы
Киіз үй – жарты ғаламның моделі
Қазақ киіз үйі
Координаталар бойында нүкте салу
Киіз басу тарихы
Қазақтың ою-өрнектері жайлы анықтама
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
Шыңғыс хан мемлекетінің нығаюына түрік тайпаларының ықпалы
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Пәндер