Ұлттық тәрбие талғамдары


Ұлттық тәрбие талғамдары.
Төл тілімізді, дәстүрімізді, тарихымызды, елдігіміз бен ерлігімізді, рухымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру ісіне қайсарлықпен ат салысқан автор шебер ұйымдастырушы тәлім-тәрбиеге, оны қалыптастыруға ерекше мән берген.
Тәрбие туралы талғамдарында автор қоғамның рухани дамуын қолға алмай тұрып, басқалай, яғни экономикалық, материалдық саласын жолға қоюдың мүмкін еместігін бүкіл адамзат баласы әлдеқашан-ақ түсініп, бойға сіңіргеніне ден қойған. Ұлттық сананың қайнар көзі болып табылатын, еленуге тиіс ерекшеліктер жөнінде айта келіп, профессор “ұлттың күре тамыры да, қаны да, ең алдымен, оның тілі. Сондықтан да тілден айырылып бара жатқан ұлтымызды жақсы жағдайда болыпеді деп айтуға ешкімнің аузы бара қалмас. ”-дейді. Тілімізден айырылмау үшін не істеу қажеттігіне назар аударады. Ең алдымен, өз тілін білу-перзенттік парыз екенін ұрпақтарымызға ғана сүтімен, әже әлдимен ұғындырған жөн.
Ұлт пен тіл-ешуақытта ажырамайтын, бірімен-бірі кірігіп, бірігіп кеткен біртұтас құбылыс, алтын тін. Осы бір киелі ұғымды естен шығармаған ел қандай жағдайда да ана тілін өгейсітпейді, мәртебесін арттырады. Бұл тәрбиенің өте тиімді түрі, халқымыздың рухын көтеретін ғибратты тағлым.
Ұлттық тілден ұлттық бейне таныған ұлы ақын М. Жұмабаевтың “Ұлттың тілі кеми бастауы -ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бұл ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады”деген пайымдауымен үндестік бар.
Ұлттық тәрбиені асқақтатар алғашқы белгі тіл болса, екінші белгі-дін. “Дінде ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші күш бар . . . Оның ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға, тәртіп пен тәрбиеге үлкен әсері тиеді”. Діннің қуатты, күшті жері -адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу. Діннің арқасында мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілібір тәртіпке келіп, жинақталған.
Діннен бездірушілерге айтылған қарғыс, жастардың жартыкеш, дүбәрә күй кешуіне итермелеген отаршыларға басылған айып таңбасы.
Абай айтқан, “артына сөз қалдырып, мәңгілік жасайды дегеннің өзінде терең сыр жатыр. Мұнда философиялық, психологиялық, моральдық, дүниетанымдық, ең қажеттісі-тәрбиелеушілік күш жатыр. ” Діннің имандылығы да осында. Жастар тәрбиесінде діннің алатын орны бөлек. Ол жеткіншектерлі адалдыққа баулиды, қиянат, ұрлық жасамауға, өтірік, өсек айтпауға, сырттан ғайбаттамауға, үлкенді сыйлауға үйретеді.
Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық дәстүрдің ғибраты мол. Ол-ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Бала отбасында, балабақшада, мектепте өз шыққан тегін, ата-бабасын біліп өсуі керек. Әдетте жеті ата мөлшері межеге алынады. Ал одан да арғыларын білсе, тіпті жақсы. Тегін білмегенді тексіз, көргенсіз деп сөгеді үлкендер. Бұл тұрғыда халқымыздың шежіресін, тарихын жастардың санасына ұялатудың елеулі маңызы бар. Ұрпақтарымыздың тарихқа деген ынта-ықыласын үздіксіз арттыра түсу қажет. “Өзіңнің ұлтыңды тану деген сөз өзіңді тануды білдіреді. Ұлтыңды тану дегенің-ұлттық сезім тудыру. ”
Қазақта “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген аталы сөз бар. Әдетте тәрбие отбасынан басталады. Отбасы-кішкентай бір мемлекеттік ұя. “Жасыратын несі бар, кеңес дәуірінде тәрбие ұғымын тек баламен байланыстырып келдік. Бар мақсат-мұратымыз баланы қалай тәрбиелеу керек дегенге саятын. Ал шын мәнінде, бұл туралы Мұхаммед Ғаллисаламның хадисінде де айтылған адам өле-өлгенше өзін-өзі немесе айналасыарқылы үнемі тәрбие деген дүниенің шеңберінде ұстайды. ” Жастарды тәрбиелеуші құрал- үлкеннің парасаттылығы. Бір отбасында ересек адамдар жиналған кезде әдетте қонақтардың арасында парасатты адамдар болады, солардың қалай сөйлеп, қалай отырғанын, қандай ой тастайтындығын балаларға көрсеткен жөн.
Жауапкершіліктің ең үлкені егемен елімізге ұлттың қамын ойлайтын, парасат-пайымы мол азаматтар, ұстаздар керек . . . ұстаз өмірді біліп, түсінетін, баланы жақсы көретін, білімді, оны тәрбиеге айналдыруға қабілетті немесе тәрбиені білім арқылы бере алатын адамдар болуға тиіс.
Қазқ тілінің беделі көтелілсе, мемлекеттік дәрежедегі мықты құралға айнала бастаса, қазақ мектебінің де беделі көтерілер еді . . . Ол үшін ең алдымен, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға күш-жігер жұмсауға тиіспіз. “Ұлттың болашағына сенбеген адам сол ұлттың жауы десе де болады. ” Кейбір қолында билік тізгіні бар, бірақ табанының бүрі жоқ азаматтарымыздың сауысқандай сақтығы бізді қайран қалдырады. ” Ұрпақ тәрбиесінде әр отбасы, әрбір адам пайдалана алатын құнды еңбек, тағылым тәрбиешісі деп танимыз.
Ұлттық тәрбие берудің кейбір жәйттері. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобы материалдық тұрмыс жағдайларының, аймағы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім тәрбиесі болатыны белгілі. Егеменді Қазақстан мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Олай болатын себебі, 70 жылдан аса уақыт Кеңес Одағының құрамында болған халықтардың санасына жалпы адамзаттық абстрактілі мінез-құлық ережелері бойынша сіңірілді де, ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән этнопсихологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері еске алынбады. Осының нәтижесінде өсіп келе жатқан жас ұрпақ өзінің ана тілінен, ұлттық мақтаныш сезімінен ажырап, өзінің ұлт мәдениетінің жасаушысы екенін ұмыта бастады. Бұл жылдары этнопсихология саласынан жазылған еңбектер, ұлттық психология мәселесімен айналысқан ғылымдардың зерттеулері сол кездегі психология сарынымен және социализм ұстанымдары тұрғысынан ғана қарастырылды.
Сонымен бүгінгі күннің жаңару бағыты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеп шығару. Ұлттық дүниетаным мен мінез құлық, сезім ұлттық салт дәстүрлерден көрініс береді.
Мектептерде ұлттық тәлім-тәрбие берудің қайнар көзі-әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жөн-жосық секілді этностық ерекшеліктеріміз психологиялық мәнін зерттеп, бұлардың өзіндік қайталанбас белгілерін, күнгейі мен көлеңке жақтарының даму, қалыптасу жолдарын ғылыми тұрғыдан талдау қажеттігі бүгінгі күннің талабы. Өйткені, өз халқымызды жақсы тани білуіміз үшін әр-бір салт дәстүрімізді қалыптасып қалған жағымды жағымсыз қасиеттерді өзге этностардың мәдени құндылықтарымен салыстыра қарастыруымыз керек. Мысалы, ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлардың бірі салт-дәстүрлерге тоқталайық. Салт-дәстүрлер халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сенімдеріне, өмірге деген көз қарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Ұлттық келбетімізді қалыптастыру жолындағы ұрпақ тәлім тәрбиесінде біз мұны әрқашан да есте ұстауымыз керек. Өркениетті қоғам құру жолындағы Қазақстан жағдайында ескірген, көне салт-дәстүрден арылып, жас ұрпақтың ұлттық мақтаныш сезімін туғызатындай салт-дәстүрлерімізді өз дәрежесінде көрсете білуіміз керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz