Windows жүйедегі жұмыс істеу негіздері


Windows жүйедегі жұмыс істеу негіздері

Windows туралы жалпы мағлуматтар.

Бұрынғы компонентерлерде кең тараған операциялық және MS-DOS болатын. MS-DOS операциялық жүйесі бір адамның жұмыс істеуіне арналған, және бір мезетте бір мақсатты ғана шешетін, оның, үстіне MS-DOS операциялық жүйе компьютердің тек 640 кБ жедел жадын ғана пайдаланатын.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметтін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы. Сұқбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі болды.

Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде жұмыс істейтін еді. (Ең кең тараған түрі - Norton Commander) . Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ тікелей орындау жүзеге асырылды.

Жүйелік программалық қоршаулар негізінен файлдық жүйесімен жұмысты жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі, жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға өз септігін тигізді. РЕС фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX колданылды. Оның MS-DOS операциялық жүйеінен ретінде негізгі артықшылығы - оның бір мезетте бірнеше программаларды параллель орындау мүмкіндігі.

MS-DOSтың мұндай кемшілігінен арылу үшін Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйе даярлау жұмысын қолға алды, солардан бірі Windows жүйесі болатын Windows графикалық ортасынын жаңа версиясы Windows 3. 1. бірте бірте бұрынғы мәтіндік программаларды ығыстарып шығарды.

Қазіргі операциялық жүйелердің жеңілдіктері MS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың бірі ғана. Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3. 1 және Windows 95, Windows 98 операциялық үйелері деп ұққан жөн.

Windows жүйесінің негізгі функциялары.

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  • Компьютердің барлық құрал- жабдықтарын басқару;
  • Файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
  • Қолданбалы программаларды іске қосу
  • Бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасу;
  • масштабталатын қаріптерді қолдауды
  • мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалану
  • біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

Windows жүйесінің негізгі ұғымдары.

Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады. Windows сөзінің нақты аудармасы - терезелер. Терезе - экранның төрт бұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кезкелген мәліметтер өңделеді және басқару әрекеттері жүргізіледі. Экран бетінде бір мезетте бірнеше өртерезе орналаса береді.

Терезе шекаралы - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін және көлбенең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төмеңірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информациялар болады: орындалатын программалар, өңдеуге арналған мәліметтер, босқа кішігірім терезелер. Терезелер үш түрлі болады:

  • толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады.
  • Қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады.
  • Белгіше түрінде (пиктограмма), яғни терезе кішірейтіліп, белгішеге айналған.

Жұмыс столы.

Жұмыс столы - екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы қазіргі барлық операциялық жүйелере интерфейсінің негізгі элементі олып саналады. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер, құралжабдықтар орналасуы мүмкін.

Windows ортасында жұмыс столының ролін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер түрінде орналасқан.

Белгіше (Icon) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т. б. бейнелеп тұруы мүмкін.

Экранда мынандай бегішелер кездеседі.

  • Қосымша программалар белгішесі;
  • Белгілі бір топтар белгішесі;
  • Функциялар белгішесі.

Жарлық (shotcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.

(folder) - экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады.


Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері.

“Point-and-click” (көрсету және ) принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып оның батырмасын жеткілікті . бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады:

  • Программа терезесінің аулағын үлкейтіп, кішірейту;
  • Көлденең орналасқан меню пунктерін таңдау;
  • Экранға шығатын меню командаларын таңдау;
  • Аспаптар тақтасы командаларын таңдау;
  • Командалық батырманы басу, таңдау;
  • Мәтіндік информация енгізгенде курсордың бағытын өзгерту;
  • Мәтін енгізілетін өріс жолының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және көптеген басқа әрекеттер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғалған жүйедегі қауіпсіздік ядросының функциялары
Сан жүйесінің аты
Желілік операциялық жүйе ұғымы
Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
Linux операциялық жүйе
Информатикадан берілетін дәрістер курсы
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дербес компьютердің құрылғылары
Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздік
Delphi командасы және мәзір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz