Жылдық қуаты 1,2 млн т/ж құрайтын Туймазин мұнайын фурфуролмен тазалау қондырғысын жобалау
М а з м ұн ы
Аннотация
Шартты сілтемелер
Қысқартулар мен белгіленулер
Кіріспе 8
1. Әдеби шолу 9
2. Мұнайдың физика-химиялық сипаттамасы 16
3. Ағындық жүйенің сипаттамасы 27
4. Зауыттың материалдық тепе-теңдігі 28
5. Негізгі аппараттық технологиялық есептеуі 32
6 Механикалық есептеулер 37
7. Технологиялық жүйенің сипаттамасы 40
Қорытынды 41
Қолданылған әдеби көздер тізімі 42
АННОТАЦИЯ
Мұнай қалдықтарын селетивті тазалау қондырғысының берілген курстық жобасы келесі тараулардан тұрады.
Республикадағы халық шаруашылығындағы мұнай өндірісінің мәні кіріспеде берілген.
Әдеби шолуда мұнайды тазалау процесі бойынша отандық және шет елдік әдебиеттер бойынша талда жасалынған. Талдау нәтижесінде өндіріс әдісі таңдалып, қондырғының құрылысы жайында мәлімет келтірілген.
Селетивті тазалау қондырғысының технологиялық кестесі жазбасымен келтірілген .
Курстық жоба 28 кестеден тұрады. Курстық жобаның графикалық бөлімінің сызбалары және сызбалардың спецификациялары сызылған. Курстық жобаның графикалық бөлімі 3 беттен тұрады.

Қолданылынған әдеби көздер тізімі
1. Омаралиев Т.О, Мұнай мен газды өндірудің химиясы және технологиясы.
І-бөлім. Құрылымды өзгертпей өңдеу процестері Алматы: Білім, 2001-399 б.
2. Рудин М.Г, Смирнов Г.Ф.Проектирование нефтеперерабатывающих и нефтехимических заводов; Л.: Химия, 1984.-256 стр.
3. Нефти СССР. IV том, М.: Химия, 1972-492 ст.
4. Кузнецов А.А., Кагерманов С.М., Судаков Е. Н. Расчеты процессов и аппаратов нефтеперерабатывающей промышленности, Л.: Химия; 1974.-341стр.
5. Дриацкая З.В., Мучиян М.А., Хмыхова И.М. Нефти СССр, II том, М.: Химия, 1972.-392 стр.
6. Черножуков Н.И. Технология переработки нефти и газа. И.1. -М.: Химия,
1978.-428с.
7. Гуревич И.Л. Технология переработки нефти и газа. И.І.-М.: Химия. 1972.-347с.
8. Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеудің арнайы технологиясы.- Алматы: Білім, 2002.-303 бет.

Ф. 7.11- 03
Жоба тақырыбы Жылдық қуаты 1,2 млн тж құрайтын Туймазин мұнайын
фурфуролмен тазалау қондырғысын жобалау
АННОТАЦИЯ
Мұнай қалдықтарын селетивті тазалау қондырғысының берілген курстық
жобасы келесі тараулардан тұрады.
Республикадағы халық шаруашылығындағы мұнай өндірісінің мәні
кіріспеде берілген.
Әдеби шолуда мұнайды тазалау процесі бойынша отандық және шет елдік
әдебиеттер бойынша талда жасалынған. Талдау нәтижесінде өндіріс әдісі
таңдалып, қондырғының құрылысы жайында мәлімет келтірілген.
Селетивті тазалау қондырғысының технологиялық кестесі жазбасымен
келтірілген .
Курстық жоба 28 кестеден тұрады. Курстық жобаның графикалық
бөлімінің сызбалары және сызбалардың спецификациялары сызылған. Курстық
жобаның графикалық бөлімі 3 беттен тұрады.
ШАРТТЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы курстық жобада келесі нормативті құжаттарға сілтемелер
қолданылған:
МЕСТ 22387.2-77. Көмірсутекті газдар. Құрамындағы күкірт сутек мөлшерін
анықтау әдісі.
МЕСТ 3900-85. Мұнай және мұнай өнімдері. Тығыздықты және салыстырмалы
тығыздықты пикнометрмен анықтау.
МЕСТ 19134-74. Мұнай және мұнай өнімдері. Кокстенуді анықтау әдісі. МЕСТ
2177-82. Мұнай және мұнай өнімдері. Фракциялық құрамды анықтау әдісі.
МЕСТ 6321- 69. Мұнай және мұнай өнімдері. Мыс пластинкасындағы зеттеу МЕСТ
20287-74. Мұнай және мұнай өнімдері. Қату температурасын анықтау әдісі.
МЕСТ 33-82. Мұнай және мұнай өнімдері. Кинематикалық тұтқырлықты анықтау
әдісі.
МЕСТ 6258-85. Мұнай және мұнай өнімдері. Шартты тұтқырлықты анықтау әдісі.
МЕСТ 2477-65. Мұнай және мұнай өнімдері. Құрамындағы суды анықтау әдісі
МЕСТ 5985-79. Мұнай және мұнай өнімдері. Қышқылдықты және қышқыл санын
анықтау әдісі.
МЕСТ 6365-75. Мұнай және мұнай өнімдері. Лап ету температурасын анықтау
әдісі.
СН-245-71. Өнеркәсіп орындарын жобалаудың санитарлық нормалары.
СНиП ІІ-90-90-81. Өнеркәсіп орындарының өндірістік ғимараттары. Жобалау
нормалары.
СНиП ІІ-92-76. Өнеркәсіп орындарының қосалқы ғимараттары мен бөлмелері.
ҚЫСҚАРТУЛАР ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕНУЛЕР
ГОСТ – мемлекеттік стандарт
АВТ – атмосфералық – вакуумды құбырлы қондырғы
ТЭС – тетраэтилсвинец
МТБЭ – метилтретбутилді эфир
СНиТ – санитарлы нормалар және талаптар
ББФ – бутан-бутиленді фракция
К-201 – ректификациялық колонна
Е-204-1 – 4 – шығару циклондары
202-1, К-202-2 – булату колонналары
Т-201 – жылуалмастырғыш
Н-201 – сорап
ХВ-203 – ауалы салқындататын тоңазтқыштар
ЦК-201-1 – 3 – ортадан тепкіш қыздырғыш
Э-201 – эжектор
О-201 – газбөлуші
М а з м ұн ы
Аннотация
Шартты сілтемелер
Қысқартулар мен белгіленулер
Кіріспе
8
1. Әдеби шолу
9
2. Мұнайдың физика-химиялық сипаттамасы
16
3. Ағындық жүйенің сипаттамасы
27
4. Зауыттың материалдық тепе-теңдігі
28
5. Негізгі аппараттық технологиялық есептеуі
32
6 Механикалық есептеулер
37
7. Технологиялық жүйенің сипаттамасы
40
Қорытынды
41
Қолданылған әдеби көздер тізімі
42
Кіріспе
Мұнай майларының міндеті әртүрлі қозғалушы механизмдердің, станоктардың,
қозғалтқыштардың қатты беттерінің бір – бірімен үйкелуін азайту және осының
нәтижесінде олардың тозуын болдырмау. Маймен майланағнда металл беттерінің
бір – бірімен үйкелісін тұтқыр сұйық қабаттарының бір – бірімен үйкелісімен
алмасады. Май молекулалары мен майланушы металл беті материалының бір –
бірімен жабысу күші май молекулаласының бір – бірімен жабысу күшінен көп
болғандықтан, металл бетіне майлаушы материалдың берік қабаты түзіледі.
Мұндай қабаттың болуы құрғақ үйкелуді болдырмайды, себебі сұйық май
қабаттар арамындағы үйкелу коэффициенті құрғақ үйкелу коэффициентінен
бірнеше рет төмен, сондықтан майды майлаушы есебінде пайдалану нәтижесінде,
үйкелу күшін жеңуге кететін энергетикалық шығын азаяды. Тағы да майлаушы
майлар үйкелуші беттерді салқындатушы да міндетін атқарады. Мұнай майларын
пайдалану шеңберіне байланысты, майлаушы және арнайы деп бөледі [2].
1 Әдеби шолу
Мұнай шикізатын тазалау мен бөлуде оның құрамындағы компоненттерді
әртүрлі еріткіштерде еруіне негізделген процестер кең қолдану табуда. А
затының Б затында еруі, А және Б затының бөлшектерінің арасында байланыс
түзуші FАА және FББ молекула аралық тарту күші, осы заттарды еріткенде
пайда болатын FАБ күшті болған жағдайда ғана мүмкін болады. Егер FАА және
FББ FАБ – дан әлдеқайда көп болса, онда молекулалық бөліну болмайды, яғни
заттар бір – бірінде ерімейді. Сонымен бір заттың екінші затта еруі үшін
еруші зат пен еріткіш молекулаларының арасында күшті тарту болуы қажет.
Молекулалық әрекеттесу Вандер – Вальс күшімен жүреді. Молекулалық күштің
екі тобын айырады. Бірінші топқа қанықпаған күштерді, яғни бағдарлаушы,
индукциялы және дисперсиялы; екінші топқа бағытталған сипатты және қаныққан
күштер, яғни сутегі байланыстарын түзуші және заряд алмастыру.
Бағдарлаушы күштер тұрақты диполь моменттері бар зарядтарының бөліну
симметриялы емес молекулалық элекростатикалық әрекеттесумен анықталады.
Полярлы молекула айналасында электр өрісі түзіледі, мұнда молекулалар бір –
біріне бағытталып тартылады да гомогенді ерітінді түзіледі. Бағдарлаушы
күштер әрекеттесуші молекулалар диполь моменті көп болған сайын көбееді.
Жылу әсерінен молекуланың қозғалуы олардың бір – біріне бағытталуын бұзады,
сондықтан бағытты әрекеттесу температураның функциясы болады. Мұнай шикі
заттарын тазалу мен бөлуде полярлы еріткіштерді пайдаланғанда бағдарлау
күші негізінен шикізаттың көмірсутектер емес компоненттерінің полярлы
еріткіштерде еруіне әсер білдіреді.
Индукциялаушы күштер. Екі затты біреуі полярлы, екіншісі полярсыз
еріткенде тұрақты диполь моменті бар молекулалық электр дипольі полярсыз
молекулада электрон тығыздығын ығыстырып индукциялы диполь μi түзеді.
Индукция дипольінің шамасы полярлы молекуланың электр өрісі күшімен Е және
полярсыз молекуланың полярлану қабілетімен анықталады, яғни:
μi = ά • Е
Полярлану деп полярсыз молекуланың сыртқы кернеу күшімен
деформациялануын түсіндіреді, ол іс жүзінде температураға байланысты емес.
Одан әрі тұрақты және индукцияланған дипольдердің әрекеттесуі тұрақты
дипольдің әрекеттесуіндей жүреді. Мұнай шикізаттарының компоненттері
полярлы емес заттар, олардың полярлы еріткіштерінде еруінде индукциялы
күштер роль атқарады.
Мұнай шикізаттың компоненттерінің еріткіштерінде ерігенде молекулалық
әрекеттесу күштері әр түрлі орын алады. Температураның өсуімен бағдарламалы
әрекеттесуі мен сутегі байланыстарының рөлі төмендейді, дисперс күштерінің
рөлі өседі. Органикалық және анорганикалық еріткіштерде көмірсутектерді
еріту қабілетіне қарап екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жай
температуранда шикізаттың сұйық компоненттерімен барлық қатынаста араласушы
еріткіштер жатады. Олардың қатты компоненттерінің ерігіштігі қатты
заттардың сұйықта ерігіштігінің жалпы теориясына бағынады. Ондай
ерігіштерге мысалы полярсыз қосылыстар – төмен молекулалы сұық және
сұйытылған парафин қатарының көмірсутектері, сонымен қоса диполь моменті
өте аз қосылыстар – төрт хлорлы көміртегі, этил эфирі, хлороформ және т.б.
Екінші топтағы еріткіштерге жоғары диполь моменті полярлы органикалық
қосылыстар жатады: фенол, фурфурол, крезолдар, алифатикалық кетондар, екі
этилен гликоль т. б. Мұнай компоненттерінің бұл еріткіштерде еруі олардың
қатынасына және температурасына байланысты. Мұнай шикізаты компоненттерінің
еріткіштерінде әртүрлі ерігіштігін еріткіштердің талғамдылығы деп атаймыз.
Мұнай шикізатының екінші топтағы еріткіштеімен араластырғанда және
жоғары температурада шикізатта еріткіштің аз ғана бөлігі ериді. Еріткіштің
еселігі өскен сайын (еріткіштің көлемінің шикізат көлеміне қатынасының
өсуі) екі фазалы жүйе түзіледі: бір фазада – су еріткішпен қоса мұнай
өнімі, екіншісінде шикізаттың еріген компоненттерімен бірге ериді. Еріткіш
еселігін одан әрі көбейткен сайын ондағы шикізат ерігіштігі өседі де
еріткіш еселігі жоғары болғанда, онда шикізаттың толық араласуы орын алады.
Талғамды тазалау процесінің шикізат есебінде май дистилляттарын және
деасфальтизаттарды пайдаланады. Олардың талғамды еріткіштердің әсерімен
шайыр – асфальтен мен күкрт, азот қосылыстары, қысқа бүйірлі тізбекті көп
сақиналы ароматикалық және нафтен – ароматикалық көмірсутектері бөлінеді.
Талғамды тазалау процесінің әсіресе май өндірісінде маңызы үлкен, себебі
оның нәтижесінде майлардың пайдалану маңызы үлкен қасиетке ие болады,
мысалы майдың тотығуға тұрақтылығы және тұтқырлық индексі өседі, түсі
жақсарады, кокстенуі мен күкірт мөлшері кемиді.
Май фракциясын тазалағанда қолданылатын еріткіштерге төмендегідей
талаптар қойылады:
- еріткіш шикізат құрамындағы қажетсіз компоненттерді ерітуде жоғары
талғамды еріткіштік қасиетін көрсету керек;
- еріткіш тазаланушы өнімде жақсы ерімеуі керк;
- еріткіш пен шикізат тығыздығының айырмашылығы бір – біріне алшақ болуы
керек, бұл фазаға бөліну процесін жеңілдетеді.
- еріткіштің қайнау температурасы май компоненттерінің температурасынан
едәуір төмен болуы қажет, бұл оның фазаға майдан жеңіл бөлінуін және толық
регенерациялануын қамтамассыз етеді. Бірақ еріткіштің қайнау
температурасының тіптен төмен болуы процесті қысымда жүргізуге алып келіп
соғады.
- еріткіш химиялық жағынан тұрақты және шикізатқа химиялық инертті болуы
қажет, уландырмайтын, қопарылмайтын және аппараттарды коррозияға
ұшыратпайтын болуы қажет;
- еріткіштің булану жылуы төмен болуы қажет, бұл энергия және суытушы су
шығынын кемітуге жағдай жасайды;
- еріткіш арзан және тез табылатын болу қажет.
Бұл талаптардың бәріне бірдей іс жүзінде сәйкес келетін еріткіштер табу
қиын. Сондықтан осы талаптардың басым көпшілігіне сәйкес келетін еріткіштер
– фенол мен фурфурол, тағы қосарланған фенол мен крезолдың пропанмен
қоспасы өндірісте қолданыс табуда. Еріткіштер май фракциясынмен
әрекеттескенде олар майдағы қажетсіз компоненттерді жақсы ерітеді.
Сондықтан майды еріткішпен әрекеттегенде екі фаза түзіледі. Жоғарғы фазада
– рафинат ерітіндісінде еріткіштердің мөлшері аз май компоненттері
жиналады, төменгі фазада – экстрактты ерітіндіде – еріткіштің негізгі
массасымен бірге майдың қажетсіз компоненттері жиналады. Еріткіш мөлшері
оңтайлы болуы керек. Май өндірісінде қолданылатын еріткіштердің функциялық
қасиеттері келтірілген.
Фенол фурфуролға қарағанда көп сақиналы ароматикалық көмірсутектерді,
шайырларды және күкіртті қосылыстарды жақсы ериді, бұл әсіресе жоғары
температурада қайнаушы фракциялармен қалдықтарды тазалауда маңызды ролд
атқарады. Фенолдың шикізатқа еселігі фурфуролға қарағанда аз. Бірақ
фенолдың фурфуролға қарағанда талғамдылығы төмен, сондықтан бір шикізатты
тазалауға еріткіштің шығыны бірдей болғанда, фурфуролды тазалаудын алынған
шығымы фенолды тазалауға қарағанда жоғары болады. Күкіртті мұнайлардың май
фракцияларын және деасфальтизаттарын тазалу үшін негізінен фенол
қолданылады; фурфуролды, құрғақ фенолды шикізатпен бірге еруінің критикалық
температурасының төмендігімен пайдалануға болмағанда, яғни төменгі
температурада қайнаушы ароматикалық көмірсутегімен байыған фракцияларды
тазалағанда, қолдану тиімді. Қосарланған еріткішті фенол мен крезолдың
пропанмен қоспасы (селекто) дуосол – процесте, бірден асфальтсіздендіру мен
талғамды тазалау процестерін жүргізуге пайдаланады.
Экстракт пен рафинат фазаларының құрамы тұрақты температурада тепе –
теңдік жағдайында болады. Еріткіштің шикізатқа қатынасының өсуі экстракттың
ерітіндісінің концентрациясының кемуіне және фаза – аралық тепе – теңдіктің
бұзылуына алып келіп соғады. Осының нәтижесінде көмірсутектердің бір бөлігі
рафинат ерітіндісімен экстракт ерітіндісіне ауысады. Тазалу дәрежесі
көтеріледі, рафинат шығымы қысқарады. Еріткіштің шикзатқа қатынасының
азаюуы кері нәтижеге алып келіп соғады. Бірақ еріткіштің көлемінің тіптен
көп болуынан фазаға бөлінбейтін біртекті ерітінді түзілуі мүмкін.
Рафинаттың сапасы мен шығымын көтерудің тәсілі фенол мен фурфуролдың
тиімдірек еріткіштермен, мысалы, N – метилпирролидонмен ауыстыру болып
саналады [1,2].
Май фракцияларын әртүрлі көмірсутектер класынан және гидрокрекинг
қосылыстардан тұратын болғандықтан олардың ерігіштіктері де әртүрлі болып
келеді.
Таңдамалы ерітінді немесе селективті еріткіш дегеніміз, белгілі - бір
температурада мұнай құрамынан немесе мұнай өнімдерінен белгілі – бір өнімді
ғана бөліп ала – алатын және басқа компоненттерді ерітпейтін, өзі де сол
компоненттерде ерімейтін ерітінділерді айтуға болады. Тазалаудың
айтарлықтай мақсатына ілігіп отырған, әртүрлі заттарды ерітуге қабілетті
бар еріткіштер тобы. Кей жағдайда еріткшітер көмірсутектерді тез ерітеді,
ал басқа компоненттер ерітінд бойынан тұнып, тез бөлініп алынады. Осы
принципке негізделген процесс шайырлы – асфальтенді заттарды бөлу
(деасфальтсіздендіру) қатты парафиндерді (депарафинсіздендіру). Ал басқа
жағдайда еріткіш керек емес компоненттерді ерітеді де, май фракциясының
бағалы компоненттерін ерітпейді. Бұл әдіс селективті тазалаудың фенолды,
фурфуролды әдісінде қолданады. Тазаланған өнім мен қалдық концентраттың өз
аталулары бар. Мысалы, деасфалтьсіздендіру өнімі май деасфалтьизат деп, ал
шайырлы – асфальтті концентрат – асфальт деп аталады. Парафинсіздендіру
процесінде парафинсіз май (депмай, дерафинат) және қатты көмірсутек
концентраты гач немесе петролатум алынады. Фенол мен фурфурол
ерітуіштерімен тазалағанда таза май рафинатын және экстракт аламыз.
Ерітінділердің селективтілігі жоғары емес, мысалы фенол полициклді
ароматты көмірсутектерді жақсы ерітеді, сонымен қоса ол май құрамындағы
көмірсутектерді азда болса да ерітеді. Фенолдың селективтілігі төмен немесе
жалпы еріткіштік қабілетке не төмен селективтіліктің зияны сол, май
компоненттерінің бағалы бөлігі не экстрактпен, не гачпен бірге кетіп
қалады, ал деасфальтизат құрамына шайыр мен асфальтендер өтіп кететіндігі.
Бірінші жағдайда май мөлшерін аз шығады, екінші жағдайда деафальтизаттың
сапасы төмендемек.
Кез – келген еріткішке су, бензол, толуол қосу, фенол, фурфурол,
дихлорэтан, спирт, кетондардың селективтілігін өзгертеді. Егер еріткішке су
қоссақ, онда ол еріткіштің селективтілігін жоғарлатады да, ол жалпы
еріткіштік қабілетін төмендетеді. Ал керсінше ьензол немесе толуол қоссак,
ол еріткіштің селективтілігін төмендетіп, ол еріткіштік қасиетін
жоғарлатады.
Еріткішке мынадай талаптар қойылады:
1) еріткіш температурасының кең интревалында сақталып, таңдамалы
еріткіштігі жоғары болу керек;
2) еріткіш тазаланған өнімде ерімеу керек;
3) еріткіш пен шкізаттың тығыздықтары бір – бірінен алшақ болу керек;
4) еріткіш химиялық тұрақты болу керек, химиялық инертті болу керек, улы
болмауы, отқа қауіпті болмауы және аппаратты коррозияға ұшыртпауы керек;
5) ерітінді оңай регенерацияға ұшырауы керек, оның қайнау температурасы
майдың қайнау температурасынан төмеен болуы керек;
6) энергия шығыны мен салқын суды үнемдеу үшін ерітінді төменгі булану
жылуына ие болу керек;
7) ерітінді арзан, әрі оңай табылатын болу керек;
Майлардың таңдамалы еріткіштермен тазалау процестерінде бұдан басқа
төмендегідей факторлар әсер етеді; процесс температурасы, май фракциясының
ерітіндіде еруінің критикалық температурасы, шикізат пен еріткіш қатынасы,
еріткіштің шикізатпен әрекеттесі тәсілі. Бұл жағдайда қысыммен сығылған газ
пропан, күкірт газы ерітінді ретінде қолданған кезде ғана пайдаланады.
Май құрамындағы ерітніді мен қалдық концентрат құрамындағы ерітіндіні
регенерация жасау бірнеше стадиядан тұрады, бірінші ерітіндіні жоғарғы
немесе атмосфералық қысымда қуады, мұнда су буын және вакуумды қолданамыз.
Тазаланған май құрамында еріткіштің мөлшері 0,005 – 0,2 % (масс.) аспауы
шарт.
Бағалы көмірсутекті май, жоғарыда айтқанымыздай экстарктқа және гачк\қа
қосылып кетуі мүмкін. Оның барлығы ерітуіштердің селективтілігінің
төмендігіне және ерітіндінің көмірсутектерінің қатынасына байланысты. Осы
құбылыстарды болдырмас үшін, мынадай технологиялық тәсілдерді қолданады:
1) ерітінді экстракттың температурасын төмендету;
2) экстракт ерітіндісіне су қосу;
3) экстракт ерітндісіне экстракт қосу
4) жоғарғы температурада еріткіштің жаңа пропорциясымен жүру.
Мұның жоғарғы үшеуі еріткішердің селективтілігін жоғарлатады, яғни таза
май компоненттерінің шығынын арттырады, ал төртіншісі майдың га пен
петролатумнан шығуына септігін тигізеді.
Асфальтсіздендіру процесі: Қалдық майды гудроннан өндіреді. Бұл фракция
шайырлы мұнайларда көп болады (50 %), сондықтан да оларды бөлу керек. Ал
бөлу үшін таңдамалы ерітінді керек. Ол үшін біз бұған сұйытылған пропан
қолданамыз. Процестің жүру температурасы 50 – 85 0С. Шикізат пен пропанның
беттесуі колонна ішінде жүреді. Шикізат жоғарыдан, ал пропан астыңғы
бөліктен беріледі. Колонна үстінің температурасы 75 – 85 0С, ал төменгі
бөлігніңкі 50 – 60 0С. Пропанды сығып ұстау үшін қысымды 4,0 -4,5 Мпа
қысымда ұстайды. Шикізат пен пропанның қатынасы, шикізат құрамындағы
көмірсутектердің мөлшеріне байлансты. Ол неғұрлым көп болса, соғұрлым
шикізат пен пропан құрамын көбейту керек. Оны былай қабылдаймыз: 4 : 1 ден
8 : 1 шейін. Пропан мөлшері көп болған сайын, шикізат құрамында асфальтті –
шайырлы заттар тез тұнбаға отырады.
Процесс екі саты бойынша жүреді.
Процесс жүргізілетін негізі аппарат - экстракциялық колонна. Өнімділігі
250 мың тоннажылына, диаметрі 30, биіктігі 20 м. Колоннада 11 темір
табақша бар. Пропан Н – 500 – 420 ст ортадан тепкіш сораппен беріледі.
Фурфурол май құрамынан полициклді ароматты және нафтенді ароматты
көмірсутектерді өте жақсы тазалайды және рафинаттың шығымын арттырады. Ал
кемшілігі сол, жоғары температуада шыдамсыз және улы. Мұның негізгі
аппараты РДК. Өнімділігі 40 мың тж, диаметрі 2,4 м, биіктігі 13,1 м.
Фенол май құрамынан шайырлы, полициклді және күкіртті қосылыстарды өте
жақсы тазалайды. Мұның селективтілігі төмен, ал еріькіштігі жоғары, бірақ
улы, коррозиялылығы жоғары. Мұның негізгі аппараты – экстракциялық колонна.
Өнімділігі 650 мың тонна жылына. Колонна диаметрі 4 м., биіктігі 40 м., S
бейнелі 12 – 20 қалпақты табақшадан тұрады.
Селективті тазалаудың рафинаты, егер ол парафинді мұнайдан алынса, оның
құрамында қатты көмірсутектер көп болады. Температура төмендеген жағдайда,
оның қозғалуы қиындайды, сондықтан да оны парафинсіздендіру керек. Яғни ол
(15 0С ) – ( - 30 0С) температурада қатпауы керек. Процесс жүргізу алдында
оны 15 – 20 0С дейін қыздыру керек. Депарафинизациялау қондырғысының
ерітіндісі ретінде жеңіл бензин, сығылған пропан, дихлорэатн, кетон
қолданады. Соңғы кезде ең көп қолданып келе жатқан еріткіш ацетон мен
метилэтилкетон. Мұның негізгі аппараты құбыр ішіндегі құбыр типтес аммиакты
кристаллизатор.
Фурфуролдың уландырушы қасиеті төмен. Рафинаттың шығымы көп ( 12-15 %)
береді және қайнау температурасы мен сыбағалы булану жылуының едәуір
төмендігінен ол экономикалық жағынан тиімді. Бірақ кейбір кездерде, әсіресе
қалдық майларды тазалаудан рафинаттың сапасы фурфуролды тазалаудан кейін
фенолмен тазалаудан кейінге қарағанда төмен болады және фурфуролдың
шикізатқа қатынасы өсіру оң нәтиже бермейді. Фурфурол фенолға қарағанда
шайырларды нашар ерітеді, сондықтан майлардың фурфурол тазалаудан кейінгі
түсі қоңырлау болады.
Рафинаттың сапасы мен шығымын көтерудің тәсілі фенол мен фурфуролды
тиімдірек ерітікіштермен, мысалы N - метил пирролидольмен ауыстыру болып
саналады. N - метил пирролидон агрессивті емес тұрақты емес, қайнау
температурасы 206°С , балқу температурасы -240°С фенол мен фурфуролға
қарағанда уландырушы қасиеті төмен және талғамдығы жоғары [1].
Фурфурол майлардан көп сақиналы арендерді және сақина алкан -арендерді
жақсы бөледі және рафинат шығымын көтеруге мүмкіндік береді. Фурфуролдың
кемістігі оның жоғарғы температураның және оттегінің әсерінен шайырлануы,
суда жоғары ерігіштігі және уландырғыштығы.
Май фракцияларының фурфурорлмен экстракциялау нәтижесінде сапасының
өзгеруін шикізат пен рафинаттардың өте маңызды кокстенуі мен тұтқырлық
индексін алмастыру нәтижесінде анықтауға болады. Тұтқырлық индексі 25,30
және типтен 58 көтеріледі, кокстенуі 3-8 есе кемиді.
Талғамды еріткіштермен тазалауды екі фазаға түзілу алатын оптималды
температура жағдайларында жүргізу мүмкін. Температураның көтерілуі мен
еріткіштің еріткіштік қасиеті өседі, ал талғамдығы біртіндеп кемиді және
критикалық температурада бірегей ерітінді пайда болады. Сондықтан талғамды
тазалау еріткіштеріне ерекше талаптар қойылады; шикізаттың еріткіште
критикалық еру температурасы экстракция процесін 80-150°С аралығында
жүргізе алатындай жоғары болуы керек.
Фенол және фурфурол мен май құрамындағы қажетсіз компоненттерді
экстракциялауды коллоннна аппараттарында жүргізеді. Шикізатқа қарағанда
тығыздығы жоғары еріткіш коллоннаның жоғары жағынан шикізат төменгі
бөлігінен беріледі. Шикізат коллоннаның бойымен көтеріліп еріткішпен өне
бойы жанасу жағдайында болғандықтан, ол қажетсіз компоненттерден арыла
түседі, ал еріткіш коллонна бойымен төмен түскен сайын шайыр заттары мен
көп сақиналы ароматикалық көмірсутектерімен байи түседі. Нәтижесінде
рафинаттың критикалық температурасы өседі. Экстракция процесін жақсарту
үшін еріткіш берілетін жердегі температура майды беретін жердегі
температурадан едәуір жоғары үстайды. Мұндай температуралардың
айырмашылығын экстракцияның температуралық градиенті деп атайды, ол еріткіш
қасиетінің қабат шикізат қасиеттеріне де байланысты. Экстракцияның
температуралық коәффициенті әр түрлі ерітінділер және шикізат пайдаланғанда
бірдей емес, оны тәжірибе жолымен анықтайды. Еріткіш және май фракцияларын
тазалаудың оптималды параметрлерін бастапқы шикізат пен алынатын өнімге
қойылатын талапқа байланысты, әр бір жағдайда ерекше тәжірибе жолымен
таңдайды [1,2].
2 Туймазин мұнайының физика-химиялық қасиеттері
Кесте 3 - Мұнайдың физика-химиялық қасиеті
Перфорация Сква жина М
терңдігі м № мм гс
- 14,29 10,92 8,57 6,32
Кесте 5 - Температураға байланысты мұнайдың шартты тұтқырлығының өзгеруі
ВУ10 ВУ20 ВУзо ВУ40 ВУ50
- 2,29 1,95 1,73 1,51
Кесте 6 - Температураға байланысты мұнайдың салыстырмалы тығыздығының
өзгеруі
10 0С 20°С ЗО0С 400С 500С
- 0,8504 0,8422 0,8352 0,8282
Кесте 7 - Мұнайдың әлементтік құрамы
Қ ұ ра м ы , %
С Н 0 S N
84,83 12,82 0,14 2,10 0,11
Кесте 8 - Мұнайдың ванадий құрамы
Мұнай Ванадий, %
Тумайзин 0,07800
Кесте 9 - Мұнайдағы газдардың ( С4-ке дейін) және төмен қайнайтын
көмірсутектердің
( С5-ке дейін ) құрамы [3].
Жеке көмірсутектердің құрамы, %
ФракцияШығымы
(мұнайға)
%
С3Н6
с2н6
айдалады, % % айдалады, °С %
1 2 3 4
28(С4-ке дейін) 1,5 200 30,6
60 6,9 210 32,3
62 7,1 220 3402
70 8,3 230 36,0
80 9,7 240 37,8
85 10,4 250 39,6
90 11,3 260 41,2
95 12,0 270 42,9
100 12,9 280 44,8
105 13,6 290 46,7
Кесте 11 - жалғасы
110 14,5 300 48,6
120 16,1 310 50,4
122 16,5 320 52,3
130 17,9 330 54,2
140 19,7 340 56,2
145 20,6 350 58,2
150 22,4 360 60,2
160 23,3 370 62,1
170 25,1 380 64,2
180 26,9 390 66,3
190 28,7 400 68,2
410 70,2 480 81,8
420 72,0 490 83,4
430 73,7 500 85,0
440 75,4 қалдық 15,0
450 77,0
460 78,6
470 80,2
Кесте 11 - Мазут және қалдықтың қасиеті
Мазут Шығым 42ВУ80 ВУ100 ТемператКүкірт
және шикізатында0 ура мөлшері,
қалдық °С
%
350 47,6
С Н O S N
350 84,30 11,30 0,20 3,80 0,40
450 84,40 10,61 0,31 4,30 0,38
500 84,43 10,30 0,35 4,50 0,42
Кесте 14 - Абсорбция әдісімен анықталған мұнайдың дистилятты бөлігінің
көмірсутектік топтық құрамы
Темп- ШығымПарафин Ароматикалық көмірсутектер Аром
ра ы қ
(шикі фря
затқа майлы
, %) затта
р
%
көмірсутекте
рі
nd20
400-450 11,60 55 61
450-500 12,58 56,78
Кесте 16 - Мұнайдың 50-градустық фракциясының структуралық топтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz