Торайғыров сұлтанмахмұт


Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл.
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды.
1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.
Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында кайтыс болған ақын, ойшыл өзінің аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы жайлы "Адасқан өмір" поэмасы, XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Торайғыров Сұлтанмахмұт
(1893-1920)

Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері,
ойшыл.
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың
3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды.
Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге
қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан,
Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық
сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың
ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық
Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы
оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды.
1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар
тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы
Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай
оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді
медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы
бала оқытады.
Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан
әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі
қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының
жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист
Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан
хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында
кайтыс болған ақын, ойшыл өзінің аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы
мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын XX ғасырдың
әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың
қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы жайлы "Адасқан
өмір" поэмасы, XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен,
тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы,
жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ
әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті.
Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, 1912-1913 жылдар аралығында Оқып
жүрген жастарға, Тәліптерге (Шәкірттерге), Ендігі беталыс, Оқудағы
мақсат не?, Анау-мынау, Мағынасыз мешіт, Жарлау, Досыма хат,
Шығамын тірі болсам адам болып, Түсімде, Жазғы қайғы, Қымыз,
Кешегі түс пен бүгінгі іс, т.б. өлеңдерін, Зарландым атты ұзақ очеркін
жазды.
Осы тұста Қамар сұлу романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде
Троицкіге қайтқан Торайғыров Айқап журналына жауапты хатшы болып жұмысқа
орналасып, Өлең һәм айтушылар, Ауырмай есімнен жаңылғаным, Қазақ
тіліндегі өлең кітаптары жайынан, Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?,
т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.
Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі
Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін Шоң
серіктігі деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша
оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз
дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен Ләпет бұлты шатырлап,
Алтыаяқ сияқты өлеңдер жазады. Ендігі беталыс, Тұрмысқа, Бір
адамға, Туған еліме, Сымбатты сұлуға, Қыз сүю, Гүләйім, Өмірімнің
уәдесі, Жан қалқам, Гүл, т.б. өлеңдерін, 1915 жылы Кім жазықты? атты
өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді. Шығыс Қазақстанда жалданып бала
оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда
болады, орыс тілін үйренеді.
1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Шәкірт ойы
өлеңінде Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды, Мұздаған елдің
жүрегін жылытуды армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық
үлгілерімен, саяси кітаптармен танысады. 1917 жылғы ақпан айындағы
төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда
үкіметінің жұмыстарына қатынасып, Алаш ұранын жариялайды. Бірақ ауруы
асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне
біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп
жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасады. Осы
тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Торайғыров Сұлтанмахмұт туралы
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 - 1920
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі
Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы
Сұлтанмахмұт торайғыров туралы
Сұлтанмахмұт Торайғыров романдарындағы образдар жүйесі
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь