Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты туралы ақпарат



Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак (3) бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі; оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТЫ

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ
олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа
контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері
үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак (3) бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі; оның қаржылық
жағдайының жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
М. Н. Крейнина (5), А.И. Ковалев және В.П. Привалов (6) қаржылық жағдай
үғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын
көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл
оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капи-талды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады (7).
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы-,бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау'.'.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті
дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға
мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен
есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі,
қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай
түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға
тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе,
кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға
аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

Негізгі құралдардың аудиті

Негізгі құралдардың қолда барының, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық экономикалық талдау жүргізетін мамандарға қажетті теориялық білім мен тәжірибиелік дағдылардың жиынтығын беру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалыстастыру есебі және талдау
Қаржылық жағдайды басқару
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Қаржылық жағдайы
Ұзақ мерзімді міндеттемелер ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық мазмұны мен мәні
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық мазмұны мен мәні
Пәндер