Кəсiпорынды сатып алу-сату шарты


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кəсiпорынды сатып алу-сату шарты .

Кəсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кəсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне беруге мiндеттенедi, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен мiндеттер қосылмайды (АҚ 493 бап) .

Кəсiпорынды сату шартының элементтерi :

1. Тараптары - азаматтық-құқықтық қатынастардың кез келген субъектiлерi - жеке жəне заңды тұлғалар жатады. Бірақ коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпорынды сатып алу құқығы шектелгенін ескеру қажет.

2. Шарт нысанасы мүліктік кешен сипатындағы кәсіпорын күрделi зат болып табылғандықтан, оның құрамын анықтау қажеттілігі туындайды. Мүлiктiк кешен ретiнде кəсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесi құқығы енедi. Олар кəсiпорынның материалдық активтерiн құрайды. Сонымен қатар мүліктік кешен құрамына материалдық емес активтерде кіреді - фирмалық атаулар, тауар белгiлерi қызмет көрсету белгiлерi жəне сатушыны оның өнiмiн дараландырудың өзге де құралдары. Қазiргi жағдайларда кəсiпорынның құрамында шығармашылық (интеллектуалдық) қызметтiң объектiленген нəтижелерiне құқықтар (өнеркəсiптiк меншiк) жəне басқа да айрықша құқықтар маңызды орын алуы мүмкiн. Тиiстi қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негiзiнде алынған құқықтар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, кəсiпорынды сатып алушыға ауыспауға тиiс. Кəсiпорынның құрамына борыштар кiруi мүмкiн. Сондық-тан, кəсiпорынды сатуда дəстүрлi сатып алу-сатумен бiрге өзiнде борыш ауысуының элементi де бар. Əрине, бұл айтылған шартты жасасу тəртiбiне де əсерiн тигiзедi (ҚР АК 496-бабы) .

3. Кəсiпорынның бағасы азаматтық заңдарда көзделген жалпы тəртiппен белгiленедi. Жекешелендiру тəртiбiнде уəкiлеттi мемлекеттiк орган ұйымдастыратын сауда арқылы кəсiпорын сатылатын реттерде бағаны анықтаудың айырықша тəртiбi қарастырылуы мүмкiн.

4. Кəсiпорынды сату шартының нысаны. Кəсiпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы тиiс. Кəсiпорынды сату шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

5. Кəсiпорынды сату шартының мазмұны . Сатушы кəсiпорынның құрамына кiретiн мүлiктiң барлығын, əрбiр жеке заттарға немесе мүлiктiк объектiлерге заңмен немесе шартпен қойылатын талаптарын сақтап беруге мiндеттi. Сатушы кəсiпорынды беруге дайындау мiндеттi. Азаматтық кодекстiң нормаларына сəйкес, дайындау iс-əрекеттерi негiзiнен сатылатын кəсiпорынның (мүлiктiң) құрамын жəне құнын бағалауына қатысты болып келедi. Ол үшін келесі құжаттар бекiтiледi : түгендеу актiсi, бухгалтерлiк балансы , кəсiпорынның құрамы мен құны туралы тəуелсiз аудитордың қорытындысы , кəсiпорынның құрамына енгiзiлетiн барлық борыштың (мiндеттемелердiң) тiзбесi . Сатушының кəсiпорынды сатып алушыға беруi өткiзу актiсi бойынша жүзеге асырылады, онда кəсiпорынның құрамы жөнiндегi жəне кəсiпорынды сату туралы кредит берушiлерге хабарлау жөнiндегi деректер көрсетiледi. Сондай-ақ берiлген мүлiктен табылған кемшiлiктер туралы мəлiметтер жəне оны жоғалтып алуға байланысты беру мiндеттерiн орындау мүмкiн болмайтын мүлiктердiң тiзбесi көрсетiледi. Өткiзу актiсiн жасауды жəне оны қол қоюға табыс ету, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушының мiндетi болып табылады, соның есебiнен жүзеге асырылады. Өткiзу актiсiне, екi тарап қол қойған күннен бастап кəсiпорын сатып алушыға берiлген деп есептеледi. Кəсiпорынды сатып алу-сату шарты бойынша, кəсiпорынды берген кезде меншiк құқығы ауыспайды, бiрақ сол кезден бастап кəсiпорын құрамында берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатып алушыға ауысады.

Сатып алушының негiзгi мiндеттерi - сатып алу құнын төлеп, мүлiктi алу. Кəсiпорынның құнын төлеу жалпы орнатылған тəртiппен жүргiзiледi. Ерекше жағдайлар шартпен немесе заңмен қарастырылуы мүмкiн. Мысалы, мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiргенде. Егер сатып алушы аванстық немесе соңғы төлемнiң мерзiмiн өткiзiп алса (ұзақтығына байланыссыз), онда сатушы шартты бiр жақты тəртiпте бұзады жəне кепiлдiк төлемiн алып тастаған көлемде нақты нұқсан өтелуiн, сол сияқты шартта қарастырылған тұрақсыздық төлем төленуiн талап ете алады.

Айырбас шарты.

Айырбас шартының ұғымы. Айырбас шарты бойынша тараптардың əрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi, яғни айырбас шарты бойынша бiр тарап өз тауарын екiншi тараптың тауарына айырбастайды. Тараптардың əрқайсысы бiр бiрiне тауарды меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, оралымды басқаруға беруге мiндеттенедi. Айырбас шарты өзiнiң заңды табиғатына сəйкес- консенсуалды, өзара жəне ақылы шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бiр тауар айырбастағанда емес, сонымен бiрге тауарларды белгiлi бiр қызмет, жұмысқа (оның нəтижесiне) айырбастағанда орын алады. Айырбас қатынастарына - бiр тауар мен екiншiсiн айырбастағанда, олардың құны бiр-бiрiне сəйкес келмеуiне байланысты тараптардың бiрi қосымша ақшалай өтемақы беретiн жағдайларда жатады. Егер шартта немесе заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып алу-сату шартының ережесiне сəйкес жүргiзiледi. Сондықтан, бұл мəмiленiң нысанына, оны мемлекеттiк тiркеу бойынша талаптар сатып алу-сату шарты бойынша қойылатын талаптарға тең болып келедi. Айырбас шартының элементтер i: Шарттың тараптары болып азаматтар, заңды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелiгi, мемлекет жəне əкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң осы шарттарды жасасу мүмкiншiлiгi шектеулі болып келедi - мемлекеттiк ұйымдар, қазыналық кəсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң қатысуына олардың балансында тұрған мүлiкке шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығы көлемiнде шектеу қойылған. Айырбас шартының бағасы тараптардың əрқайсысы беретiн мүлiктiң құнымен анықталады. Жалпы ережеге сəйкес, айырбасталатын мүлiктiң құны тең деп танылады. Айырбасталатын мүлiктiң (заттардың) құнының айқын теңсiздiгi орын алса ғана теңсiз айырбас туралы айтуға болады. Айырбас шарты бойынша бағасы ақшалай көрсетiлмеуi мүмкiн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу – сату шартының жекеленген түрлері
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Кәсіпорын азаматтық құқықтың объектісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ЖАЙЛЫ
«Биоцес» компаниясының қызметінің қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп турасындағы заңдар мен нормативтік актілер
Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру
Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру негіздері
Мүлік жалдау шарты туралы
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz