Астық қорының зиянкестерінің қарсы күрес шаралары


Астық қорының зиянкестерінің қарсы күрес шаралары
Шаралардың маңызымен жалпы сипаттамасы
Зиянкестердің биологиясы мен оларға қоршаған жағдайдың ықпалы ескеріле отырып жасалған күрес шараларының кешені оларды жою ғана емес, астық қорының зақымдануының алдын алуға бағытталған жұмыстарды да сәтті жүргізуге мүмкіндік береді.
Астық қорының зиянкестеріне қарсы барлық күрес шаралары екі топқа бөлінеді: плдын алу /профилактика/ және жою. Зиянкестерге қарсы күресте алдын алу шараларының үлкен мәні бар; өйткені, оларды қолдану дәне және оны өңдеуден алынған өнімдердің зақымдануын болдырмай, сапасының нашарлап, салмағының жоғалуына жол бермейді. Жою шаралары зақымданған объектілерде қолданылады және ол әртүрлі тәсілдер, құралдар арқылы жәндіктер мен кенелерді құртыға бағытталған.
Зақымданудың басты себептері.
Астық қоры зиянкестерінің кей түрлері табиғатта тіршілік етеді, яғни ағаш қабығының астында, ағаш құрылыстардың саңылауларында, қоқыс үйінділерінде және басқа да орындарында кездеседі, солардан қоймаларға ауысады. Астық кеңесінің көптеген түрлері кеміршіктер індерінде, құс ұяларында тіршілік етеді де, солар арқылы астық қорына барып түседі. Тәжірибе зарарсыздандырылмаған қырмандар, дән тазалау машиналары, қаптар, автомобильдердің астыққа зиянкестердің араламуына себепші болатынын көрсетеді.
Астық қабылдау және басқа да кәсіп орындарда дәннің зақымдануына себеп - астық өнімдерін, өткізушілердің қырмандарынан сондай күйге ұшыраған дәннің келіп түсуі. Осындай дән партиясын кәсіпорын ішінде ауыстыру зиянкестердің басқа объектілерге де қоныстануына себепші болады.
Зиянкестердің таралу жолдарының көптігі кәсіпорынның барлық объектілерін ұдайы тексеріп отыру және зақымдану кезін дер кезінде анықтар, зиянкестерге қарсы шараларды мезгілінде белгілеуге міндеттейді. Астық қабылдау кәсіпорындар, элеваторларда, ұн жарма және құрама жем зауаттарында мына объектілер тексерілуге тиіс:
- дән, одан алынатын өнімдер, құрама жем, қалдықтар;
- өндірістік объектілер / қойма, элеватор ұн тарату зауаттарды / және ондағы құрал-жабдықтар;
- кәсіпорын территориясы
- транспорт құралдары / автомобильдер, вагондар, кемелер, мотовоздар т. б.
- ыдыстар / қап, брезент т. б.
- механиказандырылған жерлер, транспортерлер, дән тазалау машиналары, астық кептіргіштер мен лаборотория құрал-саймандары.
Зақымдануды анықтау және аталған объектілерді зарарсыздандыру жұмыстарының нұсқауға сәйкес жүргізіледі.
Зиянкестермен күреске бағытталған шаралар.
Алдын алу шаралары. Астық дайынау жүйесіндегі кәсіпорындарда ғана емес, ауыл-шаруашылығындағы да, сауда және қоғамдық тамақтандыру жүйесінде де жүргізіледі.
Шаралардың бұл тобына негізінен мыналар жатады: санитарлық ережені /тәртіпті/ сақтау, жәндіктер мен кенелердің дамып, көбеюіне қолайсыз жағдай туғызу.
Санитарлық ережені / тәртіпті/ сақтау. Зиянкестердің топталған көздерін жою, олардың зақымданбаған объектілерге ауысуының алдын алу, дән және дән өнімдерімен жұмыс істегенде тазалық пен тәртіпті сақтау, үшін жүргізілетін алыдын алу шараларының маңызды шарты.
Зиянкестер қосық үйінділерінде де көбейе алады. Сондықтан дән жинау басталар алдында астық өткізуші мекемелердің қырмандары тиісті санитарлық жағдайда келтіріледі. Өткен жылға қалдықтар өртеліп, оның астындағы топырақ пестицидтермен өңделуге тиіс. Бүкіл орақ техникасы, технологиялық машиналар мұқият тазартын, қажет болса зарарсыздандырады.
Астық қабылдау және дән өңдеу кәсіпорындарында территория, астық қоймалары және басқа да өңдірістік орындар, құрал-саймандар, ыдыстар, транспорт құралдарын таза ұстаған жөн, зиянкестер жинауға мүмкін қосық пен керексіз қалдықтарды кәсіпорын территориясынан мезгілімен тасып әкету және құрту қажет.
Зақымдауды болдырмау және зиянкестермен күрес астықты қабылдау, орналастыру және сақтау ережелерін міндетті түрде орындауды талап етеді. Зақымданған дән мен өнімдерді зақымданбағандардан бөлек орналастыру қажет. Қалдықтьарды арнайы орындарға сақтап, оларды бақылап отырған дұрыс.
Зиянкестердің өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай жасау. Жәндіктер мен кенелердің тіршілігіне әсер ететін факторлар - ылғалдық температура және атмосфера құрамы. Астық сақтау тәртібін қадағалау, әсіресе, оларды ауасыз салқын ортада ұстау жоғарыда айтылған алдын алу шараларының өзегі болып табылады. Астық зиянкестердің өсіп дамуының шарттары болып табылатын қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдығы туралы мәліметтер арнаулы құжаттарды /нұсқауларда/ берілген.
Жою, құрту шаралары: Жәндіктер мен кенелерді жою үшін қолданылатын шаралар дизенфекция деген атқа ие болған. Оған физикалық-мехиникалық және химиялық тәсілдер жатады. Дизенфекция тәжірбиесі зақымданған объектісі сипатына, зиянкестердің зақымдау дәрежесі, олардың түріне, кәсіпорынның техникалық мүмкіндігіне, зарарсыздандыру мерзіміне, маусымдағы ауа райы жағдайына және дезинфекция жұмыстарының құнына қарай таңдалады.
Физикалық-механикалық күрес тәсілі: Бұған зақымданған объектілерді механикалық жолмен тазалау, термиялық / ыстықтық/ әсер туғызу және әр түрлі сәулелер қолдану жатады.
Астық қоймалары мен басқа да орындарды шеткелермен, қырғыштармен, шаң сорғыштармен тазалайды. Жиналған зиянкестерді құртады. Оған қоса механикалық тазалау қойма-орындарда ылғалды немесе газды дезинфекция жүргізуге жағдай жасайды. Астықты дән тазағыш қондырғылар арқылы өткізіліп, қозғалысқа түскен кезде зиянкстер дәннен ажырап, аяқтары мен мұрттарын бауырына жиып алады да қалдықтармен бірге шығып қалады. Осы кезде кнелердің 50-95 %-і және қоңыздардың айтарлықтай бөлігі бөлініп шығады. Кейбір зиянкестер механикалық жарақат алып өледі.
Әйтсе де механикалық тазартудың тиімділігі ұзаққа бармайты; өйткені, зиянкестердің бәрі бірдей дәннен ажырап кетпейді. Механикалық тазарту дән тоңазитын ауа райы салқын күндерде және басқа тәсілдермен бірге қолданған тиімді.
Терминалдық не ыстық дезинфекция жәндіктер мен кемелердің температурасы сезімталдығына негізделген. Нақты бір температура орната отырып, өнімді толық зарарсыздандыруға болады. Зақымданған объектілер, сонымен бірге дән мен өнімдерді ауаны табиғи және әдейілеп қолдан салқындату арқылы тазалату - физикалық дезинфекция тәсілдерінің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz