Бала тілінің дамуы


Бала тілінің дамуы.
Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шарытсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады . Тілдің дамуы үшін басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейін адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Олар тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып біраз, сөздердің мағынасын түсінгенімен, яғни аздап сөйлеп үйренгенімен, ол екінші сигналдық дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары. Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым - қатынасы кеш басталған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайда, оларда адам кейпіне келт іріп тәрбиелеуде, сөйлеп үйретуі де қиын, кейде мүлдем мүмкін болмайды. Ал ертерек, кішкентай кезінде табылған балаларды адам кейпінде нашар болса да сөйлетуге болады. Жаңа туған бала дыбыс аппаратының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығра алады. 2 - айдан бастап дауыстай алады. Ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды.
3- ші айға жеткенде гу - гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу - гулей мен былдырақтау оның дыбыс аппататын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
5 - 6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6 - 7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде әсіресе жарты жасқа дейін, балаларды бірінші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей - ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.
Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту қабілеті ерте жойылған балалардыңтілі шықпайды. Жақсы еститін баланың тоғыз айында былдырақтап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге айналады. Екі жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне байланысты емес. Екі жастан соң ғана ана тіліне байланысты артикуляция байқалады. Бір жарым жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, екі - үш сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6 - 10, екі жасында 250 - 300 үш жаста 1500, төрт жаста 4000, 5 - 6 жаста 4 - 5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбисіне жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әр түрлі. Сөз қоры баланың басқа адамдармен қатынасына, табиғатына, яғни генетикалдық тұқым қуалаған қасиетіне, болмысты білуге арналған ынтына, тәрбиесіне, өмір сүріп жатқан ортасының мәдениетіне байланысты. Баланың аоғашқы сөздері оның көңіл - күйіне негізделген, өмір қажеттілігенен шыққан сөздер болса, кейінен сыртқыортаны тануына, өзінің өмір тәжірибесіне байланысты. Баланың тілінің дамуына 3-4 жастың арасының маңызы ерекше. Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. Төрт жаста баланың тіл байлығы молайып, сөзге байланысты нақтылы сапасы артады . Осы кезде баланың сөздері дұрыс, анық айтуына көбірек назар аудару қажет, онымен көбірек сөйлесіп қателерін жөндей маңызды. Бұл мерзім ата-анасынан шыдамдылықты талап етеді, өйткені баланың мәлімет алуға ынтасы күшті сұрақты көп қояды. Бір сұраққа берілген жауап екінші сұрақты тудырады да ересек адам мезі болады. Дегенмен баланы дөрекі тоқтатып тастамай, сыпайы, көңілін басқа нәрсеге аударып жіберген жөн. Жалпы алғанда ауызша сөз қорының дамуы 5-7 жасқа дейін созылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің балалар мен қыдырып жүрген кезін, сыртқы ортаның танысуының маңызы зор.
7 жасқа дейінгі балалардың белегілі бір жағдайға, нақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталады. Бұл кездегі баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштің әсерінен дамиды. Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын алады. Баланың жауап беруге үйретуден бастап оның “ ішінен” қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл-ойының дамуына байланысты. Мұнда баланың дұрыс сөйлетіп ойын дәл айтуға үйретуде мұғалімнің, тәрбиешінің орны ерекше. Сондықтан оқушы тек кітаптағы сөздерді жаттап айтуды ғана машықтамай оның ойлау қабілетін, дарынын дамыту керек. Жастардың ойы ішкі тіл байлығына байланысты. Сондықтан мұғалім талапшыл болса, онда оқушылардың тілі дұрыс жаттығып, дұрыс дамиды.
Баланың жасы ұлғая келе абстрактылы ойлау жақсы дами бастайды, сөйтіп баланың сана-сезімінің артуы күшейген сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі, бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады.
Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып, сөйлеу қабілеті санасы арта түседі. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның жоғары жүйке әрекетін жақсы дамытуға болады. Бұл кезде тәрбие жұмысын мұғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп жөнге қойғаны аса маңызды болады.
Бала есінің дамуы.
Ес, еске сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда үш бөліктен тұрады-ақпаратты қабылдау және оны сақтау, мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл үшеуін еске сақтаудың үш кезеңі. Олар бір -бірімен тығыз байланысты қызметтер. Сыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан-жақтан келеді, көру, есту, сөз, тері, иіс, дәм сезімдері және ішкі түйсіктері арқылы. Олардың бәрі қабылданып талданып, талқыланып қажетісі ғана еске сақталады, керек кезінде пайдаланылады. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі нейрондардың бір-бірімен байланысының орны-синапстар. Бұған баланың өсіп-дамуына қарай нерв клеткаларының денесі мен дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбюі. Нейрондар арасындағы байланыс бала жетілген сайын күрделеніп көбейіп дами береді. Қазігі элетрофизиологиялық әдістерді қолдану арқылы нейронаралық байланыстар мен контактілерде өте көп түрлер болатыны анықталып отыр.
Жалпы алғанда, сақталған мәліметті еске түсіру, яғни қайта жаңартып пайдаланудың физиологиялық толық зерттелмеген. Дені сау адамның миының дамуын зерттеуде пайдаланылатын әдістер әзірше қарапайым . Ауруға шалдыққан адамның іс әрекетін тек ғана шартты рефлекстердің пайда болуына байланысты немесе сау адамдармен салыстыру арқылы ғана анықтайды. Сондықтан алынған мәліметтерге көптеген себептер ықпал етіп, нақтылы зерттеу мүмкіндігі болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz