Сөз құны – сөз қадірі



Әуелде жыр нобайындағы психологиялық ой-нақылық ішкі иірімге ұласқанда сананың бір түкпірінде ұлт зиялыларының жүрегінде беріш боп қалған, Қасымның аузынан шығып, әмбеге жайылған баспана зарының сарыны бой көтереді. Оның үстіне, ақындықтың ақ мешітіндей болған Қасымның үйі қайдағы бір Виноградов көшесінде орналасқанын көрмейсіз бе?! Автордың «ақылы жетпей миы ашып отырған» себебін зер сала үңілсеңіз ұға қоясыз. Оқырманды жоғарыдағыдай күйге түсіру, әлбетте қаламгер шеберлігі деуге негіз болатындай-ақ тәсіл. Әрине, ақын әр жолды есегітеп, кесіп-пішіп жазып отырмағаны аян. Мұның бәрі санадан сау етіп түскен суреттер. Жырдың алғашқы жолы төмендегі ойларға күшейткіш рай танытқан. «Неге бұлай болды, Қасымның ендігі көрмегені осы ма еді?» деген қауіптің ар жағында қазақ ұлтының сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры қылаң береді. Ондағы «құйын» сөзі поэтикалық танымда объективтік кеңістіктегі субъективтік үрейді ишаралауымен ерекшеленеді. Автордың түйсігі сайрап тұр. Табиғи құбылысқа жататын «құйын» таңбасы параллельдік сипатқа ие болғанда бүгінгі заман ағымындағы жаһандық уақыт жылдамдығының мәніне теңеседі. Яғни, уақыт Қаратаудың орнына Алатауды орнатпақ. Бұл санаға сыймайды. Ақынның демі өрт шарпитындай-ақ бар. Алайда қазір қай үйді өртеп, қай үйді қиратпай жатыр!

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сөз құны – сөз қадірі

Бұған дейін Жанартау, Арайлы күн, армысың, Ұлытауға бардың
ба..., Құдіретке жүгіну кітаптарымен танылған Жүрсін Ерманның жақында
Атамұра баспасынан Құстың көлеңкесі деп аталатын таңдамалы жарық көрді.

***

Кітаптың кіріспесі Ақынның үйі деген өлеңмен ашылады:

Дегені қайда - басылды құйын ?
Ақылым жетпей ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.

Әуелде жыр нобайындағы психологиялық ой-нақылық ішкі иірімге ұласқанда
сананың бір түкпірінде ұлт зиялыларының жүрегінде беріш боп қалған,
Қасымның аузынан шығып, әмбеге жайылған баспана зарының сарыны бой
көтереді. Оның үстіне, ақындықтың ақ мешітіндей болған Қасымның үйі қайдағы
бір Виноградов көшесінде орналасқанын көрмейсіз бе?! Автордың ақылы жетпей
миы ашып отырған себебін зер сала үңілсеңіз ұға қоясыз. Оқырманды
жоғарыдағыдай күйге түсіру, әлбетте қаламгер шеберлігі деуге негіз
болатындай-ақ тәсіл. Әрине, ақын әр жолды есегітеп, кесіп-пішіп жазып
отырмағаны аян. Мұның бәрі санадан сау етіп түскен суреттер. Жырдың алғашқы
жолы төмендегі ойларға күшейткіш рай танытқан. Неге бұлай болды, Қасымның
ендігі көрмегені осы ма еді? деген қауіптің ар жағында қазақ ұлтының сан
ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры қылаң береді. Ондағы құйын сөзі
поэтикалық танымда объективтік кеңістіктегі субъективтік үрейді
ишаралауымен ерекшеленеді. Автордың түйсігі сайрап тұр. Табиғи құбылысқа
жататын құйын таңбасы параллельдік сипатқа ие болғанда бүгінгі заман
ағымындағы жаһандық уақыт жылдамдығының мәніне теңеседі. Яғни, уақыт
Қаратаудың орнына Алатауды орнатпақ. Бұл санаға сыймайды. Ақынның демі өрт
шарпитындай-ақ бар. Алайда қазір қай үйді өртеп, қай үйді қиратпай жатыр!

Енді жырдың соңғы шумағына назар салайық:

Жүйрігім еді жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
...Біздің үй соның іргесінде еді!
Жыр түйіні мүлде шатақтау түйіліпті. Автор өзінің ғана емес,
оқырманның да ішін жиып тастайды. Ол Өгізге туған күн, бұзауға да
туатынын ескерткендей. Қазақ үшін Қасымның үйі Қағбадан кем бе? Қасымның
үйі бұл жерде ұлт рухының образы ретінде ғана қызмет атқарып тұрған жоқ,
сонымен қатар жат пиғылдылардың қасекі әрекетін әшкерелеуімен құнды. Енді
мұны тіліңді табанға салып, асылыңды абыройдан айырып, азаматыңды оққа
байлаған тұрлаусыз қоғамның сүреңсіз суреті емес деп айта аласыз ба? Егер
жыр сорабы Біздің үйге... келіп тірелмесе, біз бұл өлеңді осыншалықты
індетпеген де болар едік.
Автор бұл туындының салмағын толық сезінген деп ойлаймыз. Мұндай өлең
ілеуде бір ақынның кітабына беташар болуға бұйыра бермейтін бақыт!

* * *
Ақы иесінің өз тағдырымен көңіл-күй ауанының галереясындай
үйлесімділікпен жүйеленген Құстың көлеңкесі кітабына жетпістей өлең
топтастырылған екен. Және осынша ғана өлеңнен тандамалы құрастыру автордың
қатал редакторлық өресін, талғамға деген тазалығын аңғартса, қайсыбір том-
том ақ қағаздарға қиянат жасап жүрген әріптестеріне ой салатындай-ақ
жаңалық. Бұл - қаламгердің өзін ғана сыйлауы емес, оқырманға деген үлкен
құрметі. Осыңдайда Жұмекен Нәжімеденовтің:

Шұбатылып жаза беру өнер ме,
Таусылмайды соған біткен күш нағып.
Жарасады жалыны бар өлеңге,
Жақсылардың гұмырындай қысқалық, — деген қағидасы еске түседі.

Жалпы, Жүрсін Ерманның қаламынан туған дүниелер сәби салған суреттей
ашық, қанық бояуларымен, алғаусыз адалдығымен қоса маңдайы тастан қайтпаған
салқам, сақи табиғатымен оқшауланған. Оның кез келген өлеңінің әуезінде
бағзы жыраулардың асау арманы, текті мұраты мен мұндалайды. Ірі, кесек,
еркін болмыстарды жан-жүрегінде трансформациялаған ақын кененің көзіндей
елес береді. Іші нәрсіз, бүгінгідей тек сыртқы формамен алдаусыратқысы
келетін ақын сияқтылар көбейген тұста қара өлеңнің қасиетіне мінәжат еткен
санаулы суреткердің санатында көрінген Ол қажет кезінде тыңнан түрен
салады:

Басқаларды қайдам:
Менің басым - біреу.
Жалғыз басқа, айнам,
Таппай жүрмін тіреу.

Жарғақ басым қанын
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәрсен Аманжолов- Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары (1903-1958)
Мақал мен мәтелдің өзіндік ерекшеліктері
Сандар
Сөз туралы жалпы түсінік
Шәкәрім мұрасы туралы
Мақал - сөз анасы
Асыл ана
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Ахмет Байтұрсынұлының фольклорды жіктеуі
Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді балабақшада пайдалану
Пәндер