Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету


ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қазақстандықтар Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын асыға күтеді. Онда еліміздің бүгінгі жетістіктері мен түйінді мәселелері сараланып, алда тұрған басым бағыттары айқындалады, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағы шаралар белгіленіп соған сәйкес ауқымды жұмыстар қолға алынады.

Елбасының биылғы Жолдауы ерекше, әсіресе қазіргі өзекті проблемалардың бірі болып саналатын қоршаған ортаны қорғау мәселесі Жолдауға негізгі басымдылықтардың маңызды бағыты ретінде көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда экология бүкіл жер бетінде №1 проблема болып отыр. «Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» деп көрсетілген Жолдауда. Адам мен табиғат арасында өзара әрекеттестігі экологиялық қиындықтың шырқау шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне кауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз, сарқылысқа түсіп, коршаған ортаның ластануынан адам өміріне өлшеусіз қатер төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауыпты көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақ тозуы, су ресурстарының ластануы, атмосфераның ластануы, ормандарың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бөлінуі, улы қалдықтардың жиынтықталып қоршаған ортаға терең зиянын тигізуі.

Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты. Бұл проблеманың шешімін табу үшін, адам ең алдымен қоршаған ортаға өзінің көзқарасын, қатынасын өзгертуі тиіс. Қоршаған ортаның адам өмірі үшін қажеттілігін мойындай отырып, оны қоғап болашақ үшін сақтау қажет. Ал біздің Қазақстан қоршаған ортаны экологиялық қиыншылықтарын тартудай-ақ тартып келеді. Қазақстан - тек қана Біріккен Ұлттар Ұйымы елдері арасында емес, дүние жүзі елдері арасында экологиялық жағына ең лас мемлекеттердің бірі ретінде таңылады екен. Экологтар лемдік экология тізімінде Қазақстанның 133 ел арасында 70ші орында тұр дейді. Ал 70 орында тұрған біздің елдің экологиясының қаншалықты ауыр екені белгілі. Экологиялық нашар ахуал бүгін де адам өлімінің 20% себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың 1/3 сапасыз ауызсуды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады. Семей полигоны, Арал апатының өзі не тұрады?!

Дүние жүзілік зерттелер нәтижесі елдегі экологиялық апаттар - мемлекеттін экономикалық, әлеуметтік, саяси жағынан болса дакері әсерін тигізетіндігін дәлелдеп отыр, сондықтан да экологиялық проблемларды шешу баршамыздық міндетіміз. Ол үшін көпшіліктің жкономикалық білімін, тәрбиесін, мәдениетін қалыптастыру қажет. (Бұл мәселе барша 1996 жылдан бастап бірнеше маңызды құжаттар қабылданды. Соның ішінде «Экологиялық білім бағдарламасы» 99 Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы (2003) құжаттарының маңызы өте зор)

Халқымыздың көрнекті ұлы ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов. Табиғат - сүйіспеншілікпен адамгершілік көзқарастарының негізі деп түсініп жастарға оны аялауға, оның тепе-тендігін сақтауға ақыл - кеңес берсе, Ш. Құдайбердиев «Ар, ұяты бар, қайырымды, ұстамды адам қоғамның кез-келген кезеңінде табиғатты қадірлей біледі» - деп ескерткен.

Қазір осы ғұлама - ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат болмысына деген ой-пікірлері мен көзқарастарының көкейтестілігі бұрынғыданда артпаса кеміген жоқ. Еліміз бен жеріміздің бүтіндігін аңсаған бабалар жетпеген арманға біз жеттік. Бірақ бүгінгі ұрпақ таза ауа мен судың парқын білмей өсті. Осы тұрғындар өзінің туып өскен жерінің экологиясын құпияларынан хабарсыз болды. Яғни көпшілік экологиялық тұрғыдан сауатсыз болды. Мысалы, егер біз 1949 жыл Жапонияның Нагасаки мен Хирасима қаласына тасталған екі атом бомбасы тұралы біліп жүсек, өз жерімізде 500-ден астам атом қаруының сыналғаның білмедік. Осыдан-ақ қазақ жерінің қалай зарлап шеккенін білуге болады. Тіпті әлі де туған еліміздің қазіргі экологиялық ахуалы тұралы көпшілік біле бермейді. Себебі, экологиялық ақпараттардың басылымдарда жариялануы көбіне халықтың құлағына жауыр болған, Арал, Семей, Балқаш экологиясымен шектеліп, ең соңында көшеге ағаш отырғызумен шешіледі. Ал, шын мәңінде Қазақстанның қазіргі экологиялық жайы қандай?

Ұсынысым : Қазіргі таңда 150 ел мүше болған Киото хаттамасына мүшелікке еңудің маңызы зор. Себебі бұл хаттамаға қосылу еліміздің экологиялық мәселелердің шешудің тиімді жолы қарастырылады. Киото хаттамасы негізінен ауа-рацына әсер ететін үдерістерді реттеу мәселесін кешенді түрде шешу үшін құрылғаны белгшілі. Әсіресе бүгінгі жер шарының озонды қабаты жұқарған шағында бұл маңызды болып отыр. Өйткені әлемнің көптеген елдерінде табиғи құбылыстарының бірден өзгеруі осының мысалындай көрінеді. Бұл құжатты бекіту:

1-ші. Көптеген экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі.

2-ші. Киото хаттамасына мүше мемлекеттер қоршаған ортаны ластайтын жылу-электр станциялары завод, фабрикалар ауаны ластайтын деңгейін азайтатын жаңа технологиялар орнатып, пайдалану мүмкіндігін еленеді.

3-ші. Хаттамаға мүше мемлекеттер экологиялық проблемаларды шешу үшін бір-бірінен халықаралық кредиттер мен гранттар алуына жол ашылады.

Елбасы Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 50 ел қатарына қосу туралы мәселе қойып отыр. Ал Киото хаттамасына мүшелікке өтуді осы бағытта жасалған оңды қадамдардығ біріне санауға негіз бар. Егер Киото хаттамасына қосылсақ, ауаны ластауға қойылатын шектеу болады.

Халықтың, соның ішінде жастардың санасына қоршаған ортаны қорғау хақымда тәлім-тәрбие шараларын белсенді түрде ұйымдастырудың маңызы зор деп санаймын.

«Келешек ұрпаққа - қоршаған орта» деген тақырыпта үлкен мәселе көтерген Орталық Азия аймақтық экологиялық орталықты президенті Шыңғыс Айтматов табиғатты қорғау туралы айта келіп: «Адамның басым көпшілігінің табиғатқа қатысты іс әрекетінде жауыздық ниет жоқ, біз мұнда тек өзіміздің табиғи қажеттіліктеріміздің қанағаттандыруды қалаймыз; сапалы әрі дәмді тамақ, таза су ішу, сәнді киіну, жайлы тұрғын үй тұрғызу, жақсы көлік міну т. б. адам өміріне қажеттеі элементтер. Алайда оларды ойдағыдай шешу үшін біз қолымыздағы бар мүмкіндік - бұл бізге табиғаттын беретін ресурстарын пайдалану, оған ұқыптылықпен қарауға тура келеді», -деді. Сондықтан біздің әрқайсысымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Экологиялық санитарлық эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуі тиіс. Кез-келген табиғи ортаны ластаушылардың бәріне дерлік және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЭЭ қорытындысының талаптарын орындауға мемлекеттік экологиялық бақылау
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру
Қауіпсіз экологиялық материалдар, органикалық заттардың, мұнайдың суды ластауы
Аймақтық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құрылымындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстар
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz