Қала тазалығы - өз қолымызда



1, Қала тазалығы . өз қолымызда
2, Қаланың экологиясын түзеу үшін қолданатын шаралар
3, Экологиялық қауіпсіздік кеңесінің негізгі қызметі
4, Қолданылған әдебиеттер
Қала көшелеріндегі өсірілген ағаштар, адам жанарын жаулап аларлық бақтар, жап-жасыл газондар, фонтандар қаланың сәніне сән қосып, көркемдігін ерекше көркейтіп тұрғандай әсер қалдырады. Ал, таңғажайып Көктөбе жайында әңгіме қозғамау мүмкін емес.
Қаланың ауа алабының ластануы автокөліктердің көбеюінен емес, олардың техникалық жағдайының нашарлығынан, двигательден толық жанбаған жанар майдың ауаға таралуы үлкен проблемаға әкеліп отыр. Олай болса, осындай қиындықтардан шығу жолы – автокөліктерден ауа алабына қаншалықты зиянды заттар таралатынын анықтау қажет. Ол үшін арнайы мамандар автокөліктерді тексеруден тұрақты түрде өткізіп отыруды қолға аруы керек. Осындай тексерудің нәтижесінде техникалық жағдайы сапасыз автокөліктерді жүргізуге рұқсат бермей отырса, қиындықтан шығудың бір жолы болар ма еді. Ең күрделісі, Алматы қаласы тау жиегіндегі ойпаңда немесе ықта орналасқан екендігі белгілі. Жоғары көтерілген зиянды түтінді ықта тұрғандықтан жел айдап әкете алмайды. Сол себепті Жапон еліндегідей тау жағалауларына ауа тазартатын насос орнатса, адам өміріне зиянды түтінді азайтуға көп жағдай жасалған болар еді. Бұл қондырғының бағасы әрине қымбат, алайда іске қосуға тура келеді, өйткені адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ. Демек, осы бағытта жұмыс істейтіндер осы жайды ешқашан естен шығармағаны жөн.
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулы. – Алматы: Экономика, 2002. – 405 бет.
2. «Қазақстан географиясы және экология. №1». /мектепте және ЖОО-да оқыту/. Бас редактор – Ш. Батырбергенқызы, 2007 ж.
3. «Экологический курьер» /орысша-қазақша/ газеті. №20 (375) – 15 сентября-1 октября 2007 года.

Мазмұны

Қала тазалығы - өз қолымызда

Қаланың экологиясын түзеу үшін қолданатын шаралар

Экологиялық қауіпсіздік кеңесінің негізгі қызметі

Қолданылған әдебиеттер

Қала тазалығы - өз қолымызда

Қала көшелеріндегі өсірілген ағаштар, адам жанарын жаулап аларлық
бақтар, жап-жасыл газондар, фонтандар қаланың сәніне сән қосып, көркемдігін
ерекше көркейтіп тұрғандай әсер қалдырады. Ал, таңғажайып Көктөбе жайында
әңгіме қозғамау мүмкін емес.
Қаланың ауа алабының ластануы автокөліктердің көбеюінен емес, олардың
техникалық жағдайының нашарлығынан, двигательден толық жанбаған жанар
майдың ауаға таралуы үлкен проблемаға әкеліп отыр. Олай болса, осындай
қиындықтардан шығу жолы – автокөліктерден ауа алабына қаншалықты зиянды
заттар таралатынын анықтау қажет. Ол үшін арнайы мамандар автокөліктерді
тексеруден тұрақты түрде өткізіп отыруды қолға аруы керек. Осындай
тексерудің нәтижесінде техникалық жағдайы сапасыз автокөліктерді жүргізуге
рұқсат бермей отырса, қиындықтан шығудың бір жолы болар ма еді. Ең
күрделісі, Алматы қаласы тау жиегіндегі ойпаңда немесе ықта орналасқан
екендігі белгілі. Жоғары көтерілген зиянды түтінді ықта тұрғандықтан жел
айдап әкете алмайды. Сол себепті Жапон еліндегідей тау жағалауларына ауа
тазартатын насос орнатса, адам өміріне зиянды түтінді азайтуға көп жағдай
жасалған болар еді. Бұл қондырғының бағасы әрине қымбат, алайда іске қосуға
тура келеді, өйткені адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ. Демек, осы бағытта
жұмыс істейтіндер осы жайды ешқашан естен шығармағаны жөн.
Әсем қаланың көшелерін, өзен-сулардың арналарын қадағалап, тазартатын
көптеген мекемелер жұмыс істейді. Осы саланың тазалығына үлес қосып жүрген
мекемелердің еңбегін бағаламайтын, табиғат тазалығы деген ұғымға атүсті
қарайтын қаланың кейбір тұрғындары, оның ішінде әсіресе студенттер, мектеп
оқушылары қоқысты орынсыз жерге тастауы алаңдатады. Сондықтан да барлық
жоғары оқу орындарындағы студенттерге, мектеп оқушыларына қаланың
экологиялық тазалығына байланысты жиі-жиі семинар-тренинг өткізіп отыруды
жолға қою керек. Бұған қоса күз мезгілінде ағаштардан жапырақтар түсіп,
көшенің тазалығына кері әсерін тигізеді. Қоқыс жинайтын мекеме жұмысшылары
түскен жапырақтарды қоқыспен (тұрмыстық қатты қалдықпен) бірге жинауға мән
бермейтіндігін байқаймыз. Расында, күзде сарғайып ағаштардан түскен
жапырақтар да қала көшелерінің лас көрінуіне алып келеді. Қала көшелерінің
тазалығына осы кемшіліктің тайға таңба басқандай анық көрінетінін айтпасақ
болмас.
Сондай-ақ, тамылжып тұрған табиғаттың сәнділігін, тазалығын қорғау
мақсатында қаланың экологиясы төңірегінде теледидардан қаланың әр ауданы
бойынша салыстырмалы түрде тазалығы мен ластығын сынға алатын апталық
көптеп жүргізілген жағдайда, қаланың тұрғындары тазалыққа мән беріп,
басқаша ойланған болар еді.
Қалада мұндай кемшіліктерге жол бермеу үшін тырысып еңбек етіп жүрген
қалалық экологиялық инспекциясының 6 аудандағы бөлімшелерінің қызметкерлері
тұрғындармен сенім телефоны және арыз-өтініштері арқылы тығыз байланыста
жұмыс істеп отыр. Қалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таза ауа — тіршілік кепілі
Маңғыстау экологиясы
ҮШ ТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қаланың ерекшелігі
Каспий теңізінің экологиялық ластануы
Әл-Фарабидің шығармашылығындағы адам және қоғам
Есіл қалалық экологиясы
Таза ауа тіршілік кепілі туралы ақпарат
ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ ҰСТАЗЫ АРЫСТАН БАБ
Дені саудың - жаны сау туралы
Пәндер