М. қ. қозыбаев – қазақтың егемен тарихының қайта жаңғыртушысы



Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіктің таңы атты, тарихшылардың жұлдызды сәті туды. Манаштың екінші тынысы ашылды. Ол, өз әріптестерімен бірге “Еркін көшкен елің қайда, ел қорғаны – ерің қайда” деді де, қолына қаламын алып, ереуіл атқа ер салып, сайын дала кезіп, үйдегі-түздегі архивке үңгей бойлап, өткен ақтаңдақтар ізіне түсті. Сөйтсек, “мінсіз таза теруерт су түбінде жатады, мінсіз таза асыл сөз ой түбінде жатады” екен. “Алаш алаш болғалы алаша атқа мінгелі, ала-шұбар ту байлап. Алашқа ұран бергелі Әлім еді ағасы,” - деп Мұрат Мөңкеұлы айтқандай, М.Қ.Қозыбаев ел тарихшыларының ноқта ағасы ретінде көш бастай жөнелді.
Қазақстанның жаңа тәуелсіздік таңында оның шынайы, төл тарихын ашып жазу – тек ер Манаш ағамыздың ғана маңдайына жазылған ақжолтай бақ-ырыс болды. Ол тарихи санамыздың түбірлі жаңа тұжырымдамасын жасады, ақтаңдақтардың (20-30 ж.ж. аштық туралы шындықты қалпына келтіру, зұлымдық, тоталитарлық тәртіптің құрбандарын еске алу т.б.) ащы ақиқатын алғаш рет жан-жақты ашып берді.
Шындығын айтсақ, тарих ғылымының еш уақытта “алтын ғасыры” болған жоқ. Өйткені әрқашанда ол өз заманының саясаткерлерінің, басшыларының ықпалында болды. Дегенмен, өз кезегімізді, өз еліміздегі соңғы 10 жылды алсақ, бұл ешкімге жалтақтамай, өзіміздің елімізді қайта танып жатқан заман: өткен жолдарымызды, жинаған рухани қазыналарымызды ой-сарабынан өткізіп, халық назарына қайта ұсынып жатқан заман. Қазақ елін, оның рухын, өркениетін, тапқанын, жоғалтқанын жан-жақты зерттеуге бұдан бұрын мұндай мүмкіндік, еркіндік, кеңшілік болған жоқ.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
УДК
001 (09)
М. Қ. ҚОЗЫБАЕВ – ҚАЗАҚТЫҢ ЕГЕМЕН ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУШЫСЫ

А.Д. Айдарова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіктің таңы атты, тарихшылардың
жұлдызды сәті туды. Манаштың екінші тынысы ашылды. Ол, өз әріптестерімен
бірге “Еркін көшкен елің қайда, ел қорғаны – ерің қайда” деді де, қолына
қаламын алып, ереуіл атқа ер салып, сайын дала кезіп, үйдегі-түздегі
архивке үңгей бойлап, өткен ақтаңдақтар ізіне түсті. Сөйтсек, “мінсіз таза
теруерт су түбінде жатады, мінсіз таза асыл сөз ой түбінде жатады” екен.
“Алаш алаш болғалы алаша атқа мінгелі, ала-шұбар ту байлап. Алашқа ұран
бергелі Әлім еді ағасы,” - деп Мұрат Мөңкеұлы айтқандай, М.Қ.Қозыбаев ел
тарихшыларының ноқта ағасы ретінде көш бастай жөнелді.
Қазақстанның жаңа тәуелсіздік таңында оның шынайы, төл тарихын ашып жазу
– тек ер Манаш ағамыздың ғана маңдайына жазылған ақжолтай бақ-ырыс болды.
Ол тарихи санамыздың түбірлі жаңа тұжырымдамасын жасады, ақтаңдақтардың (20-
30 ж.ж. аштық туралы шындықты қалпына келтіру, зұлымдық, тоталитарлық
тәртіптің құрбандарын еске алу т.б.) ащы ақиқатын алғаш рет жан-жақты ашып
берді.
Шындығын айтсақ, тарих ғылымының еш уақытта “алтын ғасыры” болған жоқ.
Өйткені әрқашанда ол өз заманының саясаткерлерінің, басшыларының ықпалында
болды. Дегенмен, өз кезегімізді, өз еліміздегі соңғы 10 жылды алсақ, бұл
ешкімге жалтақтамай, өзіміздің елімізді қайта танып жатқан заман: өткен
жолдарымызды, жинаған рухани қазыналарымызды ой-сарабынан өткізіп, халық
назарына қайта ұсынып жатқан заман. Қазақ елін, оның рухын, өркениетін,
тапқанын, жоғалтқанын жан-жақты зерттеуге бұдан бұрын мұндай мүмкіндік,
еркіндік, кеңшілік болған жоқ.

Міне, осының бәрін ескере отырып, біздің қазіргі кезеңіміз тарих ғылымы
үшін “алтын ғасыр” демесек те, оның жұлдызы жанған жылдар деп толығынан
айтуымызға болады [1. 12 - б].
Осы тұста тарихшылар әуелітіне көсемдік еткен Манаш “маңдайымызға сондай
заман бұйырып тұрса, ұлтымыздың ұпайын түгендеп алайық” деп отантану
ғылымының жаңа концепциясын жасауға кірісті.
Әрине, біз шындықтан алшақ кеткен болар едік, егер М.Қабашұлының есімі
мен қызметін тек соңғы онжылдық, яғни тәуелсіз Қазақстанның ғылыми-
интеллктуальдық өмірімен ғана байланыстырған болсақ.
М.Қ.Қозыбаев қарымды, алғыр зерттеуші ретінде өткен 100 жылдықтың 1960-
1970 ж.ж. тарихшылар әулеті арасында кең танылып қалған еді.
Оның 1941-1945 ж.ж. неміс басқыншыларына қарсы бүкілхалықтық күрес
кезеңіндегі Қазақстан тарихына арналған іргелі зерттеулері еліміздің
ғылымына қосылған елеулі үлес болатын. Ол өз зерттеулерінде қазақ халқы өзі
құрамында болған алып империяның басқа да халықтарымен бірге дүиежүзілік
соғыс алып келген ауыртпалықты ешқандай да мүдірместен тең бөліскендігін,
сондай-ақ бұл жылдары оның үздік, жақсы қасиеттерінің көрінгендігін
зерттеуші ғалым ретінде терең ашып көрсете білді [2. 18 - б].
М.Қ.Қозыбаевтың зерттеулерінің негізінде тәуелсіздік алғаннан бергі 10
жыл ішінде Ұлы Отан соғысының зардабын айтуға да, жазуға да болмайтын
тұстары жария болды. Қазақстанның тарихнамасы жаңа тұрғыдан зерделенді.
Ол Қазақстанның Ресейдің отарына айналу процесі қазақ халқының ұлттық
мүддесі тұрғысынан қайта қаралды, еліміздегі ұлт-азаттық қозғалыстардың
жаңа концепциясы жасалды. Кеңес Одағы кезеңіндегі саяси қуғын-сүргін тарихы
зерттелді, оның құрбандары ақталды. Ауыл шаруашылығы күштеп ұжымдастырумен
қазақ шаруаларын зорлап, отырықшыландыру тарихы мен оның қасіретті
салдарлары ашық айтылды.
Тарихшы қауым Алаш деген сөзден үркіп-қорқып ат-тонын ала қашқан кезде
“Алаш – қазақ халқы деген ұғым. Алаш – еліміздің ежелгі аты. Ол ғасырдың
басындағы ұлттық санасында өсу процесінің құрамдас бөлігі” деп алғаш айтқан
М.Қ.Қозыбаев болды. Қазақстан тарихнамасында Манаш бірінші болып “халқымыз
қараңғы еді, мәдениеті төмен, сорлы еді” деген тезиске қарсы шықты. “Дала
этикасы – ол тағдырлар этикасы емес,” – деді Манаш. “Ол - көшпенділер
өркениетінің этикасы. Ол – он үште ұлды ұлан етіп жеткізген, он алтыда
қызды бұлаңдатып бой жеткізген халықтың этикасы. Ол – сұлулықты,
батырлықты, парасаттылықты төбесіне көтерген халықтың этикасы.
М.Қ.Қозыбаев Ермактың тексіз баукеспе қарақшы екендігін Ресей шіркеуінің
Ермактан әулие жасауының арамзалығын Ресей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Уақыт және тарих
Ұлттық мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне жаңа көзқарасты қалыптастырудағы рөлі: тарихнамалық талдау (1985-2005 жж.)
М.Қ. ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ ТАРИХШЫ – ҒАЛЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (1985-2002)
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
Отан тарихы
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Пәндер