Бернард шоу


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бернард Шоу

XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы ағылшын драматургтарының ең ірілерінің бірі болып келеді. Джордж Бернард Шоу Дублиндегі сауда жұмысшысының үйінде дүниеге келді. Отбасыны негізінен музыка пәнінің мұғалімі және дарынды әнші анасы асыраған. Жанұяда өзара келіспеушіліктер болып тұрды. Бернард он беске толғанда анасы үйін тастап Лондонға жұмыс іздеуге кетті. Орта білімді толық қанық меңгермеген болашақ жазушы клерк болып бір өндіріс орнына орналасады. Ол өз сауатын жоғарғы оқу орнын бітірмей өздігінен ашады.

Орасан қалыптасқан әсерді Шоуға өзінің туған Ирландиясы - оның әсем табиғаты және күнделікті болмысы себебін тигізді. Жазушының өскен кезі ұлт-азаттық қозғалыспен тура келді. 1858 жылы ирландық революциялық фениилердің ұйымы ашылды. 1867 жылы қаруланып басталған көтеріліс, басып жанышталды. Көтеріліс басшылары жазаға тартылды.

Бұл оқиғалар кезінде Бернард Шоу 11-12 жастарда болды. Ол

отбасымен бірге көтерілісшілерге жаны ашыды. 1876 жылы 20 жасар Шоу Лондонға кетеді. Ол телефон компаниясында жұмыс тауып істеді.

Оның негізгі мақсаты әдебиет шығармашылығы болды. Оның табысы аз, нашар тамақтанып, жыртық аяқ киім киіп жүрді, бірақ романдары бірінен кейін бірін жазып баспаға жіберіп отырды. Ақырында ол романдарының алпыс баспамен қайтарылып отырғанын айтты. Шоу өзін ағылшын буржуазды қоғамынан айырықша екенінін сезінді. Өз естеліктерінде ол өзін сауатсыз екенін және университетте оқығандармен салыстыра отырып, оларға қарағанда ойының өзгеше екенін жазды.

« Кэшэл Байронның мамандығы » атты романында адам арасындағы теңдік шешілмеушілігін білімді ақсүйек әйел мен боксердің некелесуінде бейне табады.

80 жылдары Шоудың алдында публицисттің жолы ашылды, сол кезде ол жетістікке жетті. Басында «Star» атты газетте Корно ди Пасетто деген итальяндық жасырын атымен ән критигі болып істейді, ал сосын басқа газет журналдарда театр шолушысы болып істейді. 1884 жылы Шоудың достары Уэбб жұбайларымен «Фабиандық ұйым» ұйымдастырып, оның таратушысы болды. Бұл римдік Фабиа кунктатор атты қолбасшының атынан қойылған социал-реформалық ұйым. Олар социализмді реформа арқылы құруға болатынына сенген. Бұл ұйымда жүріп Шоу өзін митингтерде мықты сөйлей білетін оратор мен насихатшы ретінде таниды. Ф. Энгельс пен В. И Ленин Шоуды басқа фабианистерден оның субъекті адалдығын айта отырып айрықша бөледі. 1891 жылы «Фабиандық ұйым» сол замандағы алдыңғы қатарлы жазушылар жайлы лекциялар циклын құрастырды. Олардың ішінде Золя, Ибсен, Тургенев, Толстойлар кірді. Шоу Ибсен жайлы лекцияны оқи отырып, «Ибсеннің квинтэссені» атты кітабы 1891 жылы жарық көрді. «Ибсеннің квинтэссені» тек керемет критикалық очерк кітакптардың бірі болып табылады. Бұл кітаптағы керекті сұрақтар мен тақырыптарды Шоу өзінің драматургиясын шешуге көздейді.

Шоудың жаңа драмаға деген күресі тек теориялық мінез кейпінде жүрді, ал оның бірінші «Жесірлер үйі» атты пьесасы ұзақ уақыт бойы жарық көрмеді. Ол тек 1892 жылы ғана басылып шығарылды. Ал содан бір жыл бұрын 1891 жылы Лондонда сыншы және режиссер Джекоб Грейн негіздеген «Тәуелсіз театр» құрылды. Жаңа прогрессивті драмаға күресетін ол әрине, Шоуды өзінің бір шабыттандырушысына айналдырды. 1899 жылы Грейннің «Тәуелсіз театры» сахналық қоғамға қайта құрды. Өзінің бірінші пьессаларын Шоу «Жағымсыз пьессалар» деп аталған циклді жинағымен буржуазды қоғамға

Бұл циклға - «Жесірлер үйі» (1885), «Миссис Уоррен мамандығы» (1894), «Волокита» (1893) атты үш пьессалары кіреді. Алдыңғы екі пьессаларында Шоу байлықтың арсыз жолмен келетіні жайлы тақырып қозғайды. «Жесірлер үйі» атты пьессасында Шоу буржуазияның байсалдылығымен ақсүйектедің кіші балаларының талғампаздығы жайлы айтылалды. «Жесірлер үйі» атты пьессасында кедейлік басты тақырып болады. Жас Тренч атты ғалым кедей аудандағы үйлердің қожасы Сарториустың ерке де тәкаппар қызы Бланшқа ғашық болады. Ол болашақ қайын атасының мүлкі тұруға жарамайтын кедей аудандағы үйлерден алынған ақшадан тұратынына жеркенішпен қарады. Бұл пьессада жағымды кейіпкер жоқ. Ақсүйектердің ұрпағы болған Тренч алдында Бланшқа өзінде бар адал табысымен күн көруді ұсынады. Бірақ кейіннен бұл адал табысының өзі сол баяғы кір жолмен табылатынына көзі жетеді. Алайда кейіннен ол сол Сарториуспен пайдалы шартқа отырып Бланшқа үйленеді.

Тағы бір осы циклға кірген «Миссис Уоррен мамандығы» атты пьессасында Шоу алғаш рет жағымды кейіпкерді құрады. Ол Виви Уоррен бейнесінде табылады. Бұл жерде буржуазды өмірде әйел теңсіздігі мен жезөкшеліктің буржуазды некеге жақындығы жайлы пьессаның маңызды келбеті болып келеді. «Миссис Уоррн мамандығы» пьессасы көп уақыт бойы қойылымға тиым салынып, пресса, цензура мен буржказды сыншылардың қудалауына ұшырады. Осы пьесса 1903 жылы ағылшын әртистер тобымен Америкада қойылғанда, қойылым бірден жабылып, әртістер тұтқынға алынды. Келесі цикл бұл «Жағымды пьессала». Оған кіргенде: «Қару мен адам» (1894), «Кандида» (1895) және «Тағдыр таңдауы» (1895) . « жағымды пьессалар» циклыдеде буржуаздық қоғамның өсиеті жасырын кекесінге түсед. Осы жерде алғаш рет Шоудың соғысқа қарсылық ойлары анық білінеді. Шоу басып алушы жауынгерлердің жасанрды масаттанған өтірік қаһармандықты ашып көрсетуге ұмтылады. «Қару мен адам» пьессасында әрекет Болгариядағы 1886 жылғы болгар-серб соғысында жүріп жатады. «Қару мен адам» ағылшын әдебиетінде минитарлық тенденцияның күшейе бастауында пайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Джордж Бернард Шоу
Музыкалық драма және қуыршақ театры өнері факультеті
Асыл ана
CNN телеарнасы - хабар таратудың заманауи моделі
CNN компаниясының тарихы мен құрылымы
Махатна Ганди
Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат
Ағылшын әдебиеті және Шекспир драматургиясы
Фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі
Сұрақ сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz