Асханалық және техникалық соттарды жинау технологиясы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Асханалық және техникалық соттарды жинау

технологиясы

Сабақтың мақсаты. Жүзімнің асханалық және техникалық сорттарының өнімдерін жинау ерекшеліктерімен, өнімін шартылай механикалық тиеу және түсіру жұмыстарымен, көлік және техникамен танысу.

Жалпы мәліметтер: Өнімді жинау көп еңбекті қажет етеді және жүзім өсіруге кеткен шығынның 30% - ын құрайды. Жыинауды дұрыс ұйымдастыру мен уақыттылы жүргізу өнімнің сақталуына және сапасына әсер етеді.

Көптеген шаруашылықтарда өнімді жинау жұмыстарын негізінен қолмен атқарады, тасымалдау, өнімді арту, түсіру жұмыстарын жартылай механикаландыру арқылы істеледі. Өнімді жинау мерзімдері мен ретін, өнім қабылдау орындарымен және шарап дайындау зауыттарымен келісе отырып жүргізу қажет. Жүзімнің асханалық сорттарын жинау техникасы, ережелері, техникалық қайта өңдеуге бағытталған сорттардың өнімдерін жинау мен салыстырғанда айырмашылығы бар.

Асханалық сорттарды жинау.

Жүзімнің асханалық сорттарын жасаң күйінде пайдалану және ұзақ мерзімде сақтау үшін, техникалық сорттарға қарағанда ерте жинайды. Асханалық сорттардың жидек шоғы бір мезгілде піспейтіндіктен, оны іріктеп жинайды 2-3 рет жинау жұмыстары жүргізеді. Бірінші жинау кезінде көбінесе түбтің төменгі жағындағы толық піскен жеміс шоғын жинайды, одан кейін жоғары бөлігін. Келесі өнімді жинау жұмыстары бірінші жинаудан 10-15 күннен кейін жүргізіледі, негізгі жидек шоғының басымы қалыпты дәрежеде піскенде. Өнімді іріктеп жинағанда еңбек шығыны көп мөлшерде толық жинауға қарағанда артық жұмсалады. Жүзімді тек күннің салқын бөлігінде және құрғақ ауа - райында жинайды, мүмкіндігінше тәңертең шық кеткенде. Жүзімді жаңбырлы және тұманды кезде жидек шоқтары ылғал болғанда жинауға болмайды. Ылғалдылық жидектің қанттылығын төмендетіп, шіруге соқтырады. Сондай-ақ қоймаларда да сақтауға болмайды. Бірінші іріктеліп жиналған өнім негізінен жақын орналасқан да мекен-жәйларда сатылады. Жалпы тауарлық өнімді екінші және келесі жиналымдағы өнімдер құрайды. Асханалық сорттардың жеміс шоғын, таза, арнайы өткір бақ қайшысымен ұқыптап қию қажет. Асханалық жүзім сорттарының, еркін ілінген жидек шоғын қысып қиатын арнайы бақ қайшыларымен жинайды. Жеміс шоқтарын қиуға арналған құралдарды жиі, таза суда жуып, жұмсақ матамен құрғағанша сүрту қажет, Жүзімді шелекте (темір, мырышталған, пластикалық) сондай - ақ сиымдылығы 10-12кг себетте және жәшікке жинайды. - Жинар алдында ыдысты 10%-ың сода ерітіндісімен мүқият жуып, сумен шәйады. Өнім жинағаннан кейін ыдысты күнде жылы сумен жуып, кептіру қажет. Әр жинаушыда екі шелек немесе жәшік болуы қажет, біріне зақымдалмаған, 1-ші сорт жүзім шоғын, екіншісіне зақымдалған, шіріген, біртіндеп солған, майда жидектерін салады.

Кейбір шаруашылықтарда жиналған өнімді, зақымдалған, ластанған, солған, шіріген жидектерін алып тастау арқылы сол жерде іріктейді.

Жидек шоғы жәшіктің шетінен 1-1, 5 см артық аспауы керек. Осындай түрдегі жәшіктердің жоғарғы жағынан әр бұрышына 5-6см биіктікте тіреу қояды, төменгі жағынан тіреу оңай кіретіндей ұяшықтар қояды. Олардың осындай құрылымына байланысты жидектерді зақымдамай бірінің үстіне бірін орналастыруға болады.

Жеңіл ыдыстарға жиналған жүзімді көптеген шаруа қожалықтарында қатар аралығынан жолға, кең ауқымды ыдыстарға салу үшін шығарып тиеу көліктерімен жинау орнына жақын орналасқан орынға немесе бастырмаға апарады. Бұл жерлерде жүзімді тиейді және соңғы рет іріктейді. Әрбір жүзім шоғын мұқият қарап, зақымдалған, кепкен ұсақ жидектерін және жидек сабғын қайшымен алып тастайды. Сосын іріктелген жидек шоғының ірілерін ұсақтармен толықтырады, тығыздамай таза ыдыстарға салады.

Өнімді жинау кезіндегі тиеу - тасымалдау жұмыстарын механикаландыру үшін жүзімі бар жәшіктерді әр қатардың соңына шығарып арнаулы қондырғыштарға көлемі 1, 2х0, 8 және 1, 2х1, 1 қойады.

Одан кейін арнаулы ПВСВ - 0, 5 жүк көтергіш ДТ-20, Т-25 тракторына тіркетіп көлікке артады. ПВСВ-0, 5 аграгатты жүк көтеру мөлшері 320-330кг ең жоғары көтеру биіктігі 2, 5 м, агрегаттық жүкпен жүру жылдамдығы 5км/сағ. Агрегатта бір тракторист жұмыс жасайды. Жиналған жүзімді жабусыз күннің немесе жаңбырдың астында қалдыруға болмайды.

Техникалық сорттарды жинау.

Біздің елімізде техникалық сорттар көп көлемді алады. Бұлар көбінесе кеш және орташа пісетін сорттар, ал ерте пісетін сорттар әзірге аз. Бұл өнімді жинау және қайта өңдеу кезінде белгілі қиындықтарды туғызады. Жүзімнің техникалық сорттарды негізінен қыркүйектің екінші және үшінші он күндігінде піседі. Сондықтан ондаған және жүздеген тонна өнімді қысқа мерзім уақытта жинап оларды оңдеу орындарына жеткізу қажет. Оларды жинау жұмыстары техникалық пісуі мен пайдалану мақсатына байланысты, қатаң түрде сорт бойынша қысқа мерзімде жүргізіледі. Сорт бойынша жинау ерекшелері 2-8 күнді құрайды. Қызыл және қара бояулы жидектерді, ақ түстілерге қарағанда ертерек жинайды, себебі оларда қант жиналымы жайырақ жүреді, және шірік ауруларымен аз зақымдалады. Түбтердің өнімдерін барлықтарын бірден жаппай жинайды. Жинауға қойылатын шарттар асханалық сорттардағы ға сай - қолайлы, ыстық ауа - райы. Қолайсыз, себебі ысып кеткен жидектердің шырындығы тез ашыйды да, шараптың сапасы төмендейді.

Жаңбырлы күндері жиналған өнімнің сапасы, қанттылығы төмендейді және жидектерінің жарылуы олардың шіруіне әкеліп соқтырады. Мұндай жидектерден дайындалған өнімнің сапасы төмен дейді. Өнімді қолмен жинау кезінде де жидектерді шелекке, себетке, сыйымдылығы 10-12 кг шәшікке салады. Оларды толғанна кейін қатараралығынан бөтенаралық жолға шығарады, онда сыйымдылығы мол екі жағынан ұсталатын себет ыдыстармен жәшіктерге салып тасымалдау техникаларымен өңдеу орнына жеткізеді. Көптеген шаруақожалықтарында жүзімнің техникалық сорттарын жинау әдістеірне механикалық тәсілдерді пайдалана отырып, жинау кезінде еңбек өнімділігін 25%-ға арттыратын АВН -0, 5 агрегаттың көмегімен, қатар аралығындағы өнімді тиеп қажетті орынға (жерге) жеткізеді.

АВН - 0, 5 аграгатты, жүк көтергішпен, бос ыдыстарды тасымалдауға арналған, көлемі 0, 4м 3 тіркемемен жабдықталған. Ол қатараралығы 2 м кем емес аралықтарда жұмыс істей алады, 200-320 кг жүкті 2, 4м биіктікке көтереді. Түптің екі жағынан әр қатарды екі жұмысшы жинайды. Жүзім шоғын шелекке немесе себетке салып, жиналған өнімді қатар аралықтарына алдын ала қойылған сиымдылығы 20-25 кг жәшікке салады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбіз өсіру
Тамыржемісті көкөністер
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау,сорттау,жуу,сақтау және тасымалдау
Италияндық хош иісті шараптар
Минералды су өндiрiсi кәсiпорынының метрологиялық қызметi
Жүзім өңдеудің жалпы технологиясы және шарап материалдарын алу
Банкет-коктейль, тағайындалуы, дайындық, банкетті өткізу ерекшелігі
Асханалық жүзім сорттары, сипаттамасы, қолданылуы
Қоғамдық тамақтанудағы қызмет көрсету және өндірісті ұйымдастыру
Тауық жұмыртқаларын инкубациялаудың режимі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz