Сарып – катерлі ауру


Сарып - катерлі ауру
2009 жылдың төрт айында мал дәрігерлерінің ауыл шаруашылық малдарына жүргізген сараптамалары бойынша Ұлан ауданында ірі қара малдан 310 бас, қой-ешкіден 187 бас мал сарып (бруцеллез) ауруына шалдыққандығы анықталған. Малдардан сарып ауруының шығуы әлі жалғасуда. Осы уақытта ауру 11 адамға жұқты, оның екеуі 16 жасқа толмаған жасөспірімдер. Сондықтан осы ауруды адамдарға жұқтырмас үшін қолданылатын қарапайым ережелерді халық назарына ұсынамыз.
Сарып - еңбекке қабілеттілікті ұзақ мерзімге жоғалтуға әкеп соғатын жұқпалы ауру, оны тудырғыш - ұсақ бруцелла бактериялары. Сарыппен барлық ауыл шаруашылық малдары, көбінесе қойлар, ешкілер, ірі қара мал және шошқалар ауырады. Адамдар сарыпты қойлар мен ешкілерден жұқтырған кезде аурудың ауыр түрде өтуі байқалады.
Аурудың жұғу жолдары:
Ауру малдар әсіресе айналасын-дағылар үшін іш тастағанда, қоздағанда, бұзаулағанда және торайлағанда қауіпті, өйткені төлмен, оның қабығымен, шуымен, сондай-ақ сүтімен, зәрімен және қиымен көп мөлшерде сарыптың жұғуын тудыратын микробтар бөлініп шығады. Осы микробтар топырақ, су, жем, сүт және басқа да сүт өнімдерін ластайды, әрі ұзақ уақытқа дейін сақталады.
Ауру малды күткен адамдар ластанған қолдарын жумай тамақтанғанда, темекі шеккенде, сонымен қатар тамаққа сарыппен ауырған малдардың, әсіресе қой мен ешкінің шикі сүтін және брынзаны қолданғанда жұғады. Қоздырғыш ас қорыту жолдары, тері және сілекейлі қабықтағы жарақаттар, сызаттар және басқа да зақымданған жерлер арқылы ағзаға түседі.
Аурудың жасырын кезеңі 14 күнге созылады. Ағзаға ауру жұққанда лимфа бездері, бауыр, көкбауыр ұлғаяды. Сарыптың жіті түрі - 2 айға дейін және жартылай жіті түрі - 2 айдан 4 айға дейін және созылмалы түрі 2 жыл, одан да ұзақ мерзімге созылады.
Сарып ауруының белгілері:
Адамның сарыппен науқастану белгілері екі, үш аптадан кейін, кейбір кезде бір айдан кейін білінеді. Көбінесе қызуы көтеріледі (39-40 С), бас ауруы пайда болады, ұйқы, тәбет бұзылады, бауыр, көкбауыр ұлғаяды, әсіресе түнде қалтырайды және шамадан тыс терлейді, бірнеше күннен немесе аптадан кейін бас ауруы және тізе, жамбас, балтыр, иық, сирек жағдайда шынтақ буындарының домбығуы пайда болады.
Буын пішіні және кескіні өзгеріп, оны қоршаған жұмсақ тіндер қабынады және ісінеді. Буынның айналасындағы тері қабыршықтанады, кейде бөртпе пайда болады. Кей кездері барлық ауырсынғыштық белгілері тез қайтады, бірақ біраз уаќыттан кейін ауру қайтадан асқынады. Адамдар сарыппен апталап, айлар бойы ауруы мүмкін, бұл мүгедектікке немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздыққа жеткізеді. Сарыптың көріністері тұмау, жіті респираторлық ауру, туберкулез, ревматизм, ішек және бөртпе сүзектеріне ұқсас келеді. Неғұрлым емдеуді ерте бастасаңыз, соғұрлым ерте, толық сауығатыныңызды еске сақтаңыз!
Сарыптан сақтану жолдары:
Сарыпты емдеуден гөрі алдын алу біршама жеңіл, сарыптың адамға жұғуын болдырмау үшін алдымен малдардағы осы аурумен күресу қажет. Малдардағы сарып ауруы анықталған шаруашылықтар келесі ережелерді қатаң түрде сақтаулары тиіс:
-жануарлардағы әрбір іш тастау туралы фактілерді жергілікті мал дєрігерлеріне хабарлау;
-іш тастаған малдарды дереу басқа малдан оқшаулау;
-барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, іш тастау кезіндегі (абортталған) төлді зерттеу үшін мал дәрігерінің ілеспе құжатымен (сопроводительная) бірге ветеринарлық зертханаға жеткізу қажет;
-шуды, төл жатқан, мал туған жердегі төсенішті айырмен жәшікке салып, ал-дын ала 20% хлорлы әк ерітіндісі (1 ше-лек суѓа 2 кг әк) құйылған 1, 5 метрден кем емес тереңдіктегі шұңқырға көму;
-іш тасталған орынға, жәшікке, айырға сіндірілген немесе хлорлы әк ерітіндісін көп мөлшерде құйып тастау;
-сарып микробтары көп болғандықтан іш тасталған кездегі (абортталған) төлдің терісін сыпырмау;
-сарыппен ауырған малдарды күту кезінде арнайы киімдерді - халат, резенке қолғап немесе биалай, етік кию;
-ауру малдарға арналған жайларда темекі шегуге, тамақтануға болмайды, етікті қидан тазартып, оларды лизол немесе креол ерітіндісімен жуу керек. Арнайы киімді шешіп, қолды алдымен лизолдың немесе креолдың 3% ерітіндісімен немесе
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz