Шағын кәсіпкерлікті салықтық жеңілдіктер арқылы ынталандыру


Д. А. Қонаев атындағы гуманитарлық университеті
Экономика факультеті, «Қаржы» мамандығының 3 курс
студенті: Битемірова Ж. Ө.
Ғылыми жетекшісі «қаржы және несие» кафедрасының аға оқытушысы: Әбдіманапов Ү. С.
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР АРҚЫЛЫ ЫНТАЛАНДЫРУ
Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикада алатын орны ерекше себебі, ол көптеген экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабілетті. Бірақ шағын көсіпорындар санының өсіп инфрақұрылымның дамуы мен мемлекет тарапынан қолдау тапқанда ғана шағын бизнес бұл міндеттерін жүзеге асыра алады.
Бәсекелік механизмнің ірге тасы болғандықтан, бүкіл дүние жүзі көлемінде шағын көсіпкерлік мемлекет түрғысынан қолдау табады. Шағын бизнесті ьшталандырудың өдістері сан қилы.
Өндірістік дамыған елдердің тәжірибесі жоғарғы икемділікке ие болатын мемлекеттік қолдаудың жанама шараларының неғұрлым нетижелі екендігін көрсетеді. Оларға шағын кәсіпкерліктің қызмет ету жағдайын жеңілдетуге арналған толып жатқан салықтық шегермелер мен жеңілдіктер жатады (негізгі және айналмалы қорларды жасау, инвестицияларды құру, ҒТЗ, мамандарды дайындау, экспорт және т. б. ) .
Салықтық сипаттағы шаралардың ішінен төмендегілерді атауға болады:
- шағын кәсіпорындарды алғашқы екі-үш жыл бойына пайдаға деген салықтан толығымен босату, одан кейінгі төрт-бес жылда бірқатар жеңілдіктер беру;
- прогрессивті салық жүйесін қальштастыру;
- салықтың кейбір түрлері бойынша берілетін жеңілдіктер;
- кәсіпкерлерді кешеуіл қалған аудандарға тарту үшін төмендетілген салық мөлшерлемесін белгілеу;
- инновациялық бизнесті дамыту үшін берілетін салықтық жеңілдіктер;
- жеделдетілген амортизация тәртібі;
- мамандарды дайындауға арналған қаржыларға деген салықтық шегермелер;
- салық салынбайтын пайда резервін жасау.
Әр түрлі елде салықтық жеңілдіктер беру жүйесі бірдей болмағанымен, жалпы алғанда оның шағын кәсіпкерлікгі дамытуға бағытталғандығын көруге болады.
Мысалы, Францияда әрекет етуші салықтық заңдылық бойьшша жаңа шағын кәсіпорындар алғашқы екі жыл бойына пайдаға деген салықтан толық босатылған; ал үшінші жылы -75%; төртінші жылы-50%; бесінші жылы -25% жеңілдік беріледі. Уақытша өтімділігі қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда бірқатар салықтарды төлеу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қысқартылған.
Ирландияда ең жоғарғы салық мөлшерлемесі - 10%-тік деңгейде. Ал қызметін жаңа бастаған кейбір көсіпкерлер категориясына жыл бойына 50 фунт стерлинг жәрдемақы төленіп түрады.
Данияда шағын фирма салық салынатын табыстан барлық қарыздар бойынша төлемдерді, машиналарға, жабдықтар мен ғимараттарға арналған амортизациялық алымдарды алып тастайды. Егер компания шығынға қалса, онда ол келесі жылғы салық төлемінен босатылады. Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Германияда пайда мен қосылған құнға салынатын салықтар мөлшерлемесі жылдық табыс көлеміне қарай іріктелген. Шағын кәсіпорындар үшін төмендетілген салық мөлшерлемесі мемлекет тұрғысынан ғана емес, жергілікгі үкімет ұйымдарымен де белгіленеді.
Жапонияда капиталы 100 млн. иеннен аспайтын кәсіпорындар үшін төмендетілген салық мөлшерлемесі қолданылады: 8 млн. иенге дейінгі толық табысқа - 28%-тік мөлшерлеме; ал бұдан асатын табысқа - 37%. Кооперативтік ұйымдар - 27% мөлшерінде салықпен қамтылады. Шағын және орташа кәсіпорындар жергілікті салықтар бойынша төмендетілген мөлшерлеме түрінде салықтық жеңілдіктерге ие. Егер корпорацияның жылдық айналымы 3, 5 млн. иеннен аспаса 6%; 3, 5-нан 7 млн. иенге дейін - 9%; 7 миллионнан жоғары болса - 12%-тік мөлшерлеме ерекет етеді.
Пайдаға прогрессивті салық салу АҚШ-та да байқалады. Мұнда 25 мың долл. дейін - 15%; 25-30 мың долл. - 18%; 50-75 мың долл. - 30%; 75-200 мың долл. - 40%-тік салық мөлшерлемесі қабылданған.
Ұлыбританияда табыс салығының стандартты мөлшерлемесі 35% болса, шағын жене орташа кәсіпкерлер үшін 27%. Германияда да қосылған құн мен табыс салығына төмендетілген мөлшерлеме қабылданған. Төмендетілген салық мөлшерлемесі кәсіпкерлерді кешеуіл қалған, шеткері және тоқырамалы аудандарға тарту үшін де қолданылады. Мысалы, АҚШ-тың Коннектикут штатында салық 50%-ке төмендетілген.
Сонымен қатар көптеген елдерде инновациялық бизнесті дамыту мен венчурлық капитал қорын жасауға ынталандыратын салықтық шегермелер мен жеңілдіктер де кеңінен қолданылады. Мысалы, АҚШ-та ұсақ инновациялық фирмалар төуекелділігі жоғары капиталды инвестициялау үшін, салықтық жеңілдіктер мен акциялардың бір бөлігіне айырбастау арқылы арнайы қорлар ұсынып отыратын, несиелік кеңілдіктерді пайдаланады. Ғылым мен техниканы дамытуға арналған шығындар 65%-ке дейін салықтардан босатылады. Жеделдетілген амортизация өндірістері де кеңінен тараған жеңілдіктердің түрі. Мысалы, Жапонияда негізгі жабдықтардың белгіленген түріне, сол сияқты салық салынатын табыстың ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер жасауға кететін шығындарға салықтық шегермелер белгіленіп, оларға қажетті жабдықтарға ерекше жеделдетілген амортизациялық тәртіп бекітілген.
Германияда жаңа жұмыс орындарын жасауға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жаңа өнім мен экспортқа бағытталған өнімдерге арналған инвестициялардың барлығына арнайы амортизациялық аударымдар нормалары анықталған. Бұл қаржылар үш жылда мынадай есеп төртібі бойынша алынады: бірінші жылы капиталдың 50%-і екінші жылы - 30%-і; үшінші жылы - 20% -і амортизацияланады. Жеделдетілген амортизация әдісі шағын кәсіпорындарға жаңа енгізілім процесін, өндірістік жабдықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда қамтылғандардан басқа салық салынбайтьш пайда резервін жасау сияқты жеңілдік те орын алған. Мысалы, Германияда жеңілдіктің бұл түрі қолөнер өндірісі, сауда, өнеркәсіп, еркін мамандықтар секторы, сол сияқты мүліктерді жалға, жалгерлікке берумен байланысты қызмет саласында рұқсат етілген. Резерв пайданың 20%-ін құра алады (ең жоғарғы резерв деңгейі 50 мың марка) .
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың негізін салу көптеген шағын фирмалардың құрылуымен жалғасуда. Бірақ еліміздегі әрекет етуші салық жүйесі шағын кәсіпкершіліктің дамуына ықпал жасамайды. Себебі, салықтық есепке алу тәртібі тек қана белгілеу әдісі-мен жүзеге асады. Ал есепке алудың екі әдісі бар, кассалық пен белгілеу. Олардың арасындағы айырмашылық мынада: кассалық бойынша фирмадан салықтар тұтынушыдан ақша алғаннан кейін алынса, бізде қабылданған әдіс бойынша тауарды түсіру немесе қызмет көрсеткеннен кейін, төлем фактісіне байланыссыз ұсталынады. Яғни кәсіпкер ешқандай ақша алмай түрып, төлем қағазьнда көрсетілген сомада салық төлеуге тиісті. Сонымен бірге, толып жатқан салықтар, төлемдер мен жиналымдар саны мен олардың алыну мөлшері экономиканың бұл секторының дамуын тежеуде. Табыстың барлығы дерлік мемлекеттің пайдасына алынатындықтан, салық мөлшерлемесінің көтеріңкі деңгейі кәсіпкерліктің мәнін жойып-кәсіпкерлерді түрлі жолдармен салық төлеуден қашуға итермелеуде.
Қазіргі жүзеге асып отырған салық жүйесі, табиғаты жағынан бағындыру қатынастарына негізделген административті сипатта.
Салық төлеу қатынастарын реттеуге көмек болатын нормативті актілер, салықтардың белгілі бір түрін төлеу барысында туатын барлық мүмкін жағдайлар мен қиындықтарды есепке алмайды.
Қазақстанда соңғы жылдары бірқатар заңдылықтар мен нормативті актілер қабылданды. Барлық жерде Қазақстан Республикасы прокуратуралық ұйымдары мен еліміздің президентінің шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жарлықтарының орындалуы тексерілген болатын. Тексерістің нәтижесі үкімет пен облыс (жергілікті) әкімшіліктерімен бұл бағытта біршама шаралар қабылданғанын, бірақ сонымен бірге шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін бірқатар факторлардың орын алып отырғандығын көрсетті. Олардың қатарына тым жоғары салықтар жатады.
Кәсіпкерлердің көпшілігі қосылған құнға деген салық мөлшерлемесі шамадан тыс жоғары деп санайды. Соның нәтижесінде кәсіпорындар өздерінің өнімдеріне деген бағаны төмендету мүмкіндікгерінен айрылып, өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болғандықтан, ондағы жұмыс орындары да азайып, жұмыссыздық өседі. Қосылған құнға деген салықтың салмағы тұтынушыларға түседі, олардың төлем қабілеттілігін төмендетіп қана қоймай, бағаны өсіруге итермелеу арқылы инфляцияны күшейтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz