Жылдық өнімділігі 45 мың м2 фасадты керамикалық плиталар өндіретін заводтың технологиялық шешімдері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Жылдық өнімділігі 45 мың м 2 фасадты керамикалық плиталар өндіретін заводтың технологиялық шешімдері

Мазмұны

Аннотация . . . 2

Нормативтік сілтеме . . . 3

Анықтамалар . . . 4

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 5

  1. Кіріспе . . . 6
  2. Өнім номенклатурасы . . . 9
  3. Шикізат материалдарының сипаттамасы . . . 10
  4. Өндірістік әдісті таңдау . . . 18
  5. Құрал-жабдықтардың техникалық сипаттамасы . . . 19
  6. Өндірістің жұмыс істеу режимі . . . 22
  7. Өндірістік бағдарлама және жобалық қуаттылық . . . 24
  8. Шикізат құрамын анықтау . . . 26
  9. Шикізат өндірісінің материалдық балансы . . . 27
  10. Технологиялық процесс . . . 30
  11. Өнім сапасын бақылау . . . 41
  12. Қондырғыларды есептеу . . . 43
  13. Еңбекті қорғау . . . 44
  14. Қоршаған ортаны қорғау . . . 45
  15. Қорытынды . . . 47
  16. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 48

Аннотация

Берілген курстық жобада жылдық өнімділігі 45 мың м 2 фасадты керамикалық плиталар өндіретін заводтың технологиялық шешімдері көрсетілген. Жобалық қуаттылыққа негізделген өндірістік бағдарлама жәнетаңдалған құрамға сай шикізат өндірісінің материалдық балансы есептелген. Өндірісте қолданылатын негізгі технологиялық процестер толығымен сипатталған. Қабылданған технологиялық әдіске сай қолданылатын қондырғылардың техникалық сипаттамасы, өндірістің жұмыс істеу режимі берілген. Дайын өнім сапасын стандарт талаптарына сай сынау әдістері жайлы айтылған. Және керамикалық бұйымдар өндіретін заводтардағы еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау шаралары көрсетілген.

Курстық жобадағы кестелер саны - 12

Курстық жобадағы суреттер саны - 2

Курстық жобадағы схемалар саны - 1

Курстық жобаның орындалу беттерінің саны - 48

Нормативті сілтеме

ГОСТ 13996-95 Фасадты керамикалық плиткалар және олардан жасалған

кілемдер.

ГОСТ 6664-59 Фасадты қаптамалық плиталар.

Анықтамалар

Топырақ - каолинит, кварц, дала шпаты, слюда, кальций мен магний карбонаттары, темір тотығы сияқты материалдардын тұратын, сумен араласқанда пластикалық қамыр тәрізді масса түзетін, кепкенде тасқа айналатын, бірақ, қайта сумен араласқанда иілгіштік қалпына келетін шөгінді механикалық тау жынысы.

Терракота - суреті мен түсін келтіріп болған соң, глазурьланбаған қаптағыш материалының күйдірілген түрі.

Майолика - күйдіру кезінде табиғи түсті қабылдайтын немесе түсті глазурьмен қапталған қаптағыш керамикалық бұйымдар.

Эмальді қабат - күйдіруден кейін шыны тәріздес жағдайға дейін ауысатын және бұйым бетіне жағылған, жеңіл балқитын балшықтардан пайда болған жұқа қабат.

Глазурь - (‘Glasur’ деген неміс сөзі, ‘Glos’ - шыны деген сөзден шыққан) күйдіру арқылы біріктірілетін қалыңдығы 0, 15-0, 3 мм шыны тәрізді массаның керамикалық бұйымға жағылатын қабат.

Каолинит - дала шпаты, слюда және әр түрлі силикаттардың желденуі мен одан әрі қабатты бөлшектеніп бұзылуынан пайда болған минерал.

Жүдеудететін қоспалар - топырақтың ауалық және оттық шөгуі кезіндегі деформациясын азайту мақсатында қалыптау массасына қосылатын қоспа.

Флюстар - күйдіру кезінде кремнезем және глиноземмен әрекеттесіп, жеңіл балқитын силикатты балқымалар түзетін керамикалық бұйымдардың күйдіру температурасын төмендететін арнайы қоспалар.

Ауалық шөгу - қалыптап болған соң шикі керамикалық бұйымдарды кептіру кезіндегі салмағының және көлемінің өзгеруі (төмендеуі) .

Оттық шөгу - термиялық өңдеу (күйдіру) процесі нәтижесінде керамикалық бұйымдардың салмағының және көлемінің өзгеруі (төмендеуі)

Партия - көлемі бір технологиялық жолдың бір ауысымдағы өндірісінен көп емес бір маркадағы, бірдей номиналды өлшемдегі плиталардан тұруы керек

Қысқартулар мен белгілеулер

мм - миллиметр

м - метр

КСЖ - күйдіргендегі салмақ жоғалту

кг - килограмм

мин - минут

сағ - сағат

Жн топырақ - жоғары негізді топырақ

Н топырақ - негізді топырақ

Жқ топырақ - жартылай қышқыл топырақ

Қ топырақ - қышқыл топырақ

Кіріспе

Ұлттық және дүниежүзілік құрылыс индустриясының дамуы, құрылыс материалдарының жаңа түрлерін өндіруді жетілдіру жұмыстарын талап етеді. Осығын орай елімізде тұрғын үй және азаматтық құрылыс саласында жаңалықтар енгізе отырып жаңа сапасы жоғары құрылыс материалдарын өндіру маңызды мәселенің бірі.

Орта Азия мен Қазақстан территориясында құрылыс материалы ретінде алғаш игерілгені - топырақтар мен саздар. Оның дәлелі ретінде көне және орта ғасырларда салынған мешіттер мен кесенелерді айта аламыз. Ертеректе ғимараттарды піспеген қам сазды кірпіштерден тұрғызған болса, кейіннен ата-бабаларымыз кірпіштерді күйдіру технологиясын игеріп, аязға және суға төзімді күйдірілген керамикалық кірпіштерді жасауды үйренген. Сонымен қатар, оларды көркемдеу мақсатында беті әшекейлі терракотты және глазурьленген плиткаларды жасаған.

Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристалды, құрамдары қыш өнерінің ертедегі шеберлері негіздеген материалға жатады. Осындай материалды алу үшін құрамында темірдің тез еритін тотықтары мен қиын еритін заттары бар табиғи сазды минералды қоспалармен араластырылады. Осы араласпадан дайындалған бұйымдар жоғары температурада күйдіріледі. Осындай тез еритін заттардың ерімеген бөлшектерді байланыстыру нәтижесінде күйдірілген керамика алынады.

Табиғи жағдайда топырақты саз көп тараған және керамика өндірісінде қолданылатын жалғыз ғана шикізат деп саналады. Оны сумен араластырғанда, әр түрлі пішіндерді жеңіл қабылдайтын иілгіш қамырға айналады. Керекті пішінді қабылдап болған соң, жоғары температурада күйдіріледі, нәтижесінде әр түрлі құрылыс материалдары, тұрмыстық заттар мен сәулеттік бөлшектер алынады.

Құрылыста қолданылатын керамикалық материалдар тығыздығына байланысты екі топқа бөлінеді: қуысты және тығыз. Қуыстыларға су өткізгіштігі 5%-тен көп бұйымдар жатады. Мысалы, әр түрлі кірпіштер, әшекейленбеген керамикалық қаптағыш плиткалар, ағынды судағы дренажды құбырлар, черепица, керамзит және басқа кеуекті керамикалық бұйымдар. Тығыз керамикалық материалдарға су өткізгіштігі 5%-тен кем бұйымдар жатады. Олар: әшекейленген және клинкерлі балқымалы қоспадан қалыптанған бұйымдар, жол құрылысында қолданылатын қырлы теспелі тастар, санитарлы тазалық тораптарға және еденге төселетін плиткалар.

Фасадты керамикалық бұйымдар ғимараттардың қасбеттік бөлігін өңдеу кезінде қолданылады. Фасадты плиткалар, сондай-ақ, сатылы торлар қабырғаларын, йехтардың ішкі көріністерін, асхана қабырғаларын қаптауда қолданылады. Әйнекеймен (глазурьмен) қапталған плиткалар да кең тараған. Сонымен бірге фасадты керамикалық материалдарды терезе астын төсеуші, ернеуді өңдеуде жиі қолданады.

Фасадты қаптамалық керамикалық материалдарды шартты түрде келесідей негізгі үш топқа жіктейміз:

1) беттік кірпіш және беттік тастар;

2) қаптамалық фасадты плиталар (плиткалар) ;

3) архитектуралық-көркемдік детальдар.

Беттік кірпіш пен тастар бетінің жазықтығы түріне байланысты жазық немесе профильді, фактураланған, тегіс немесе рельефті суреті бар, арнайы қабатпен (ангоб, глазурь) қапталған немесе қапталмаған болып өндіріледі. Арнайы қабатпен қапталмаған бұйымдарды көбінесе терракота, қалың глазурьмен қапталғандарды - майолика деп атайды. Терракотты бұйымдар - суреті мен түсін келтіріп болған соң, глазурьланбаған қаптағыш материалдардың күйдірілген түрі. Майоликті бұйымдар - күйдіру кезінде табиғи түсті қабылдайтын немесе түсті глазурьмен жабылған қаптағыш керамикалық бұйымдар. Ондай плиткалармен қапталған ғимараттар қасбеттері кілемге ұқсас болып келеді. Өндірілетін бұйымдардың түсі әр түрлі болуы мүмкін: ақ түс пен ашық түстерден қара түске дейін (түрлі түсті бұйымдар) .

Фасадты қамтамалық плиталар (ГОСТ 6664-59) қабырғамен жанасу әдісінің конструкциясы түріне байланысты келесідей жіктеледі:

бекітілмейтін , оларды қалау кезінде қабырғамен байланыстырмай, қабырға көтеріліп болған соң және шөккеннен кейін ғана оның бетіне цемент қамырымен бекітіледі;

бекітілетін , арнайы бөлшегі бар, қабырғаны көтеру кезінде оған қоса қаланады.

Әдетте плиталар (плиткалар) цемент араласпасымен қабырғаға бекітуге ыңғайлы болу үшін артқы бөлігінде ендік еңісі бар немесе бұдырлы болып келеді.

ГОСТ 6664-59 талаптарына сай плиталардың биіктігі, ұзындығы және ені бойынша өлшемдері ауытқуларының рұқсат етілген шегі келесіден артпауы керек:

215 х250 мм-ден үлкен өлшемдегі плиталар үшін сәйкесінше:

+ 3; + 5 және + 3 мм,

215 х250 мм-ден кіші өлшемдегі плиталар үшін сәйкесінше:

+ 2; + 3 және + 3 мм.

Кілемдік жұқа қабатты плиткаларды өлшемдері 464х722 мм-ге дейін, ені бойынша саны 9 бен ұзындығы бойынша саны 14 плиткаға жететін тік төртбұрышты кілемшелер ретінде қағазға жабыстырылған күйде шығарады. Өлшемдері бойынша ауытқулардың рұқсат етілетін шегі - + 1мм, кілемге жиналған плиткалар арасындағы тігісі бойынша - 4мм + 1мм, кілемнің өлмемдерден ауытқуы - + 3мм.

Плиткаларды қабырғалық панельдер және ірі қабырғалық блоктарды қаптауда қолданады.

Плиталардың қысу және майысу кезіндегі брутто қимасы бойынша беріктік шегі келесі кестеде көрсетілген мәндерден төмен болмау керек.

Кесте 1. 1

Фасадты керамикалық плиталардың қысу және майысу кезіндегі беріктігі

Плиталар түрі
Беріктік шегі, кг/см 2
қысу кезінде
майысу кезінде
5 үлгі үшін орташа
Жеке үлгілер үшін ең кіші
5 үлгі үшін орташа
Жеке үлгілер үшін ең кіші
Плиталар түрі:

Пластикалық әдіспен пресстелген бекітілетін және бекітілмейтін плиталар

Жартылай құрғақ әдіспен пресстелген бекітілетін және бекітілмейтін плиталар

Беріктік шегі, кг/см2:

150

100

75

125

75

50

28

16

12

14

8

6

Архитектуралық-көркемдік керамикаға карниздер, капитель, кронштейндер және фасадтың басқа элементтерін құрастыруда қолданылатын, сондай-ақ көркемдік бөлшектер және панно құрастыруда қолданылатын бұйымдар жатады. Көркемдік бөлшектердің бірі - мозайка. Ол түсті керамикалық және тасты кесектерден цементті табандарға бекітіліп, олардың берік байланысын қамтамасыз ететін, сондай-ақ қабырғаларды, едендерді, үй төбесінің астыңғы қырларын әрлеуде қолданылатын суреттер-панно жинақтамасы. Мозайкада қолданылатын керамикалық плиткалар әдетте, төртбұрышты пішінді болады. Аталған плиткаларды, түсті геометриялық суреттер мен өрнектер құрастыруда, ғимараттарды әрлеуде және қолданбалы өнерде қолданады. Жай жағдайларда үйдің фасады мен іш көрінісін безендіруде қолданады.

Ұсынылған архитектуралық бұйымдарды реттеу және оларды ағымдық өндіру мақсатында архитектуралық детальдардың тұрақты профильді 24 түрі жасалынды. Олардың түрлі әдіспен біріктіру нәтижесінде фасадтың түрлі элементтерін жинақтауға болады (карниз, белдемше, тартқыштар, т. б. ) .

2. Өнім номенклатурасы

Глазурьланған фасадты керамикалық плиткалар. Номиналды өлшемдері: ұзындығы - 200 мм, ені - 100 мм, қалыңдығы - 7мм. Тығыздығы шамамен 2, 5 г\см 3 . Құрылымы кеуекті, кеуектілігі 8%-ға дейін. Су сіңіргіштігі - 12%-ға дейін. Аязға төзімділігі 30-50 цикл. Майысу кезіндегі беріктік шегі нақты тағайындалмаған.

Барлық фасадты керамикалық плиткаларға келесідей талаптар қойылады:

1) ГОСТ 6664-59 талаптарына сай ұзындығы, ені және қалыңдығы бойынша өлшемдерінен рұқсат етілетін ауытқулар шегі сәйкесінше: + 2; + 3 және + 3 мм-ден аспау керек. Ауытқулар орын алған кезде, плиткаларды жинау кезінде тігісінің арасы 4 мм-ден аспау керектігін есепке алу шарт;

2) дайын бұйымдар -15 0 С-де мұздату және +15 0 С-де ерітудің 25-тен кем емес циклына ешқандай бүлінусіз (қабаттарға ажырау, қатпарлану, сызаттану, түсінің оңуы, т. б. ) шыдау керек;

3) бұйымның денесінің құрылымы қабаттарға жіктелмеген ешқандай қуыссыз біртекті болуы керек;

4) бұйымдардың беттік бөлігінде сызаттар болуы және белгілі ара қашықтықтан байқалатын (әдетте 10м) түсінің біркелкі тарамауына жол берілмейді. Бұйымдардың бетінің түсі бекітілген эталондарға сай болуы керек;

5) бұйымдар қырлары анық болу керек, беттік жазықтығы қисаймаған сапалы, бұрыштары ұрылмаған, қабырғалары сызаттанбаған және өзге дефектсіз болуы шарт;

6) бұйымдардың су жұтуы ашық түсті күйетін саздан жасалған бұйымдар үшін 12%-дан, өзге саздан жасалған бұйымдар үшін 14%-дан аспауы керек.

Сыртқы түрі және пішініне байланысты сәйкесінше техникалық шарттармен қатаң нормаланатын жеке ауытқуларға жол беріледі.

3. Шикізат материалдарының сипаттамасы

3. 1 Топырақты материалдар

Топырақты материалдар керамика өндірісінің негізгі шикізаты болып саналады.

Топырақтар - сумен араласып пластикалық қамыр түзетін, майда дәнді полиминералды араласпалар. Кепкен соң бұл қамыр оған берген пішінін сақтайды, ал күйдірген соң тастың беріктігіне ие болады. Топырақтар жер қыртысының жоғарғы бөлігінде орналасқан тау жыныстарының физикалық, физико-химиялық және биохимиялық әсерлер нәтижесінде бұзылып мүжілуі арқылы пайда болған өнім.

Керамика өндірісінде шикізат ретінде сәйкес температураға дейін күйдіру кезінде химиялық байланысқан суын жоғалтып, температураның көтерілуі салдарынан механикалық беріктігі артып тасқа ұқсас беріктікке ие болатын түрлі химико-минералогиялық құрамдағы борпылдақ немесе тығыздалған күйдегі майда дәнді тау жыныстары қолданылады.

Барлық сазды материалдар түзілу шарттарына байланысты бастапқы тау жынысының бөліну орнында түзілген қалдықты (элювиалды, бастапқы) және сазды тұнбалардың су, жел және мұздықтармен көшіп, шөгуі нәтижесінде пайда болған болып жіктеледі. Шөгінді топырықтардың құрамы бастапқы тау жынысының бөлінуінен пайда болған саздарға қарағанда едәуір өзгешеленеді. Шөгінді топырақтар көбінесе кең тараған.

ГОСТ 9169-59-ға сәйкес барлық сазды материалдар каолин, саздар, сланецті топырақтар және сазды сланецтерге жіктеледі.

Сазды шикізатқа түрлі топырақтар мен каолин жатады. Топырақтар мен каолиннің негізгі қасиеттері олардың құрамындағы натрийлі дала шпаттарынан түзілген минерал - каолинитпен Al 2 O 3 . 2SiO 2 . 2H 2 O сипатталады:

Na 2 O . Al 2 O 3 . 6SiO 2 + CO 2 + 2H 2 O → Al 2 O 3 . 2SiO 2 . 2H 2 O +

+ Na 2 CO 3 + 4SiO 2 .

Егер натрийлі дала шпатының (альбит) орнына калийлі дала шпаты K 2 O . Al 2 O 3 . 6SiO 2 (ортоклаз, немесе микролин) немесе кальцийлі (әктасты) дала шпаты CaO . Al 2 O 3 . 6SiO 2 болса, онда каолиннің түзілу реакциясы келесідей болады:

K 2 O . Al 2 O 3 . 6SiO 2 + CO 2 + 2H 2 O → Al 2 O 3 . 2SiO 2 . 2H 2 O +

+ K 2 CO 3 + 4SiO 2

CaO . Al 2 O 3 . 2SiO 2 + CO 2 + 2H 2 O → Al 2 O 3 . 2SiO 2 . 2H 2 O + CaCO 3

Топырақты материалдар (саздар мен каолин) бастапқы түзілген тау жынысының қалдықтары мен сазды бөлшектердің сумен жылжуы кезінде оған енген қоспалармен аралас келеді.

Топырақты заттар бір немесе әр түрлі сазды минералдардан тұруы мүмкін. Бірінші жағдайда олар мономинералды, екінші жағдайда полиминералды деп аталады.

Топырақтарда қоспа ретінде кварцты құм, темір тотықтары, карбонаттар, сульфаттар, слюдалар және органикалық заттар болады.

Кварцты құм топырақтың құрамында 60%-ға дейін түрлі мөлшерде болады. Кварцты құм топырақтың пластикалығын және байланыстырғыш қасиеттерін төмендетеді, кептіру және күйдіру кезіндегі шөгуін, осы процестерге сезімталдығын азайтады. Құмның майда дәнді фракциясының (шлюф) болуы саздың кептіру процесіне сезімталдығын жоғарылатады.

Темір қоспалары пирит (Fe 2 S), темірдің гидрототықтары (лимонит, гидрогематит), карбонаттар (сидерит) және темірдің тотықтары күйінде кездеседі.

Темірдің майда дисперсті қоспалары топырақтың отқатөзімділігін төмендетеді. Темір қоспаларының дәнді ендірмелерінің болуы күйдіру кезінде балқытпалардың («мушка») пайда болуына алып келеді.

Кальций карбонаттары және магний карбонаттары топырақ құрамында дәндер күйінде зиянды қоспалар болып, күйдіруден кейін бұйымдардың бұзылуына алып келеді. Осы карбонаттардың майда дисперсті күйінде кездесуі дайын бұйымдардың кеуектілігін арттырып, беріктігін төмендетеді.

Сульфаттар, көбінесе гипс (CaSO 4 . 2H 2 O ) кейде жеңіл балқитын топырақтарда шоғырлар күйінде кездеседі де, жоғары температурада күйдіргенде балқытпалардың пайда болуына әкеледі.

Слюдалар әдетте топырақтарда аз мөлшерде кездеседі. Слюдалардың болуы топырақтың бір-бірімен байланысуын азайтады.

Еритін тұздар топырақта күкіртқышқылды, көмірқышқылды және Na, K, Mg, Ca-дың басқа қосындылары ретінде кездеседі. Na, K және тұздардың көп мөлшерде болуы топырақтың борпылдақтығын арттырып, отқатөзімділігі және пісу температурасын төмендетеді. Топырақ құрамында натрийдің кукіртті қышқылының кездесуі бұйымның бұзылуына алып келеді.

Көптеген еритін тұздар күйдірілген бұйымдардың бетінде ақтаңдақтар мен дақтар түзеді, дайын бұйымның штукатуркалық бетпен тістесуін нашарлатады. Ванадийдің еритін тұздары дайын бұйымның бетінде сарғылт-жасыл дақтар түзеді. Жеңіл балқитын топырақтар құрамында органикалық қоспалардың аз мөлшерде ғана болуы күйдіру процесі кезінде температураның күрт өсуі нәтижесінде топырақтың ісініп кетуіне алып келеді.

Топырақтар мен каолиндердің қасиеттері оның құрамындағы сазды минералдар мен қоспалардың мөлшерінің қатынасымен анықталады.

Отқатөзімді, қиын балқитын және жеңіл балқитын топырақтардың химиялық құрамы әдетте 3. 1-кестеде көрсетілген мәндермен сипатталады.

кесте 3. 1

Топырақтардың химиялық құрамы

Топырақтың түрі
Құрамы, %
SiO 2
Al 2 O 3 +TiO 2
Fe 2 O 3
CaO
MgO
SO 3
K 2 O + Na 2 O
Қыздыру кезіндегі шығындар
Топырақтың түрі: Отқатөзімді
Құрамы, %: 46-62
25-39
0, 4-2, 7 ж\е одан жоғары
0, 2-0, 8
0, 2-1, 0
Іздері - 0, 5
0, 3-3, 0
8-18
Топырақтың түрі: Қиын балқитын
Құрамы, %: 53-73
16-29
1-9
0, 5-2, 0
0, 3-2, 6
Іздері - 0, 6
0, 7-3, 2
4-12
Топырақтың түрі: Жеңіл балқитын
Құрамы, %: 55-80
7-21
3-12
0, 5-15 ж\е одан жоғары
0, 5-3, 0

Іздері -

3

1-5
3-15 ж\е одан жоғары

Жеңіл балқитын топырақтар ГОСТ 9169-59-ға сәйкес келесідей топтарға бөлінеді:

  1. Күйдіргенде қара түстерге боялатын топырақтар.
  2. Күйдіргенде ашық түстерге боялатын топырақтар.

Бірінші топқа келесі топырақтар жатады:

а) отқатөзімділік температурасынан 150˚С төмен температурада күйдіргенде су сіңіргіштігі 5%-тен жоғары, пісіп кетпейтін;

б) отқатөзімділік температурасынан 150˚С төмен температурада күйдіргенде су сіңіргіштігі 5%-тен төмен, пісіп кететін;

в) 1180˚С-ден төмен температурада шыныға глазурьленіп-балқитын.

Екінші топқа әктасты топырақтар, яғни, құрамында әктастың мөлшері көп топырақтар жатады. Бұл топырақтар шамамен отқатөзімділік температурасына дейін кеуекті болып қалуымен сипатталады.

ГОСТ 9169-59 талаптарына сай топырақтар құрамындағы Al 2 O 3 +TiO 2 мөлшеріне байланысты 3. 2-кестеді көрсетілгендей жіктеледі.

кесте 3. 2

Al 2 O 3 +TiO 2 мөлшеріне байланысты топырақтардың жіктелуі

Топтар атауы
Шартты белгіленуі
Қыздырылған күйдегі Al 2 O 3 +TiO 2 мөлшері, %
Топтар атауы:

Жоғары негізді

Негізді

Жартылай қышқыл

Қышқыл

Шартты белгіленуі:

Жн

Н

Жқ

Қ

Қыздырылған күйдегі Al2O3+TiO2мөлшері, %:

40-тан жоғары

30-40

15-30

15-тен төмен

Топырақтардың гранулометриялық құрамы химиялық құрамы сияқты әртүрлі болады. Отқа төзімді, қиын балқитын және жеңіл балқитын топырақтардың пайыз бойынша грвнулометриялық құрамы 3. 3-кестеде берілген.

кесте 3. 3

Топырақтың гранулометриялық құрамы

Топырақ түрлері
Бөлшектер өлшемі, мм
0, 25-тен жоғары
0, 25-0, 05
0, 05-0, 01
0, 01-0, 005
0, 005-0, 001
0, 001-ден төмен
Топырақ түрлері:

Отқатөзімді

Қиын балқитын

Жеңіл балқитын

Бөлшектер өлшемі, мм:

0 - 5

0, 5 - 15

0, 2 - 19

0 - 15

0, 5 - 15

0, 5 - 18

1 - 16

2 - 27

9 - 55

1 - 25

0, 5 - 16

4 - 24

4 - 33

4 - 34

6 - 25

45 - 88

18 - 80

10 - 50

Табиғи жағдайда топырақтар көбінесе органикалық заттармен немесе темір қосылыстарымен, кейде - хром қосылыстарымен боялған болып келеді. Топырақтар сұр, сары, күңгірт, қызғыш, жасылдау, қара және басқа түстерге боялған болуы мүмкін.

Күйдірілген топырақтың түсі негізінен оның құрамындағы темір қосылыстарының мөлшеріне байланысты. Күйдіру кезінде топырақта болатын ашытпалы темір қосылыстары күйдірілген бұйымдарға көк-жасыл түс береді. Топырақтағы темірдің мөлшері артқан сайын күйдірілген бұйымдардың түсі қара түске дейін қоюлана түседі.

Егер топырақты күйдіру қышқылды ортада жүретін болса, топырақтың құрамындағы барлық темір тотыққан формаға өтеді. Сонымен бірге ол топырақтың құрамындағы мөлшеріне байланысты күйдірілген бұйымдарға 3. 4-кестеде көрсетілгендей түрлі түстер береді.

Кесте 3. 4

Топырақ құрамындағы Fe 2 O 3 мөлшеріне байланысты түсінің өзгеруі

Fe 2 O 3 мөлшері, %
0, 8
1, 3
2, 7
4, 2
5, 5
8, 5
10, 0
Fe2O3мөлшері, %: Бұйымның түсі
0, 8: Ақ
1, 3: Ақшыл
2, 7: Ашық сары
4, 2: Сары
5, 5: Ашық қызыл
8, 5: Қызыл
10, 0: Қою қызыл

Топырақты күйдірудегі толық пісуге алып келетін қызыдыру кезінде темір тотығы бұйымдарға, көбінесе күйдіріліп жіберген керамикалық кірпіштер, күңгірт түс береді.

Топырақтың күйдіргеннен соң боялатын түсі одан дайындалатын бұйымдардың белгілі мақсаттарда қолданылуын сипаттайды.

3. 2. Жүдеудететін қоспалар

Керамикалық бұйымдар өндірісінде пластикалық топырақтарды таза күйінде аз қолданады. Бұл бұйымдарды кептіру және күйдіру кезінде олардан дұрыс пішінді бұйым алуға кедергі жасайтын, көптеген майда сызаттарға алып келетін шөгуімен сипатталады. Кептіру және күйдіру кезінде пластикалық майлы топырақтардың шөгуін төмендету мақсатында керамикалық массаларға жүдеудететін қоспалар қосады. Жүдеудететін қоспаларды табиғи және жасанды деп бөледі.

Табиғи жүдеудететін қоспаларға кварцты құм, кремень, шаңды кварц (маршалит), яғни, 1000˚С температураға дейін қыздыру кезінде топырақ пен каолиндермен бірігіп, шыны тәрізді масса түзбейтін қоспалар жатады.

Жасанды жүдеудететін қоспаларға дегидратацияланған топырақ, шамот, күйдірілген керамикалық бұйымдар сынықтары жатады. Жүдеудететін қоспаларды ендіру топырақтың пластикалығын және кептіру мен күйдіру кезіндегі шөгуін төмендетеді.

Кварцты құм, кремень және шаңды кварц 1000˚С-ден төмен температурада күйдіру кезінде топырақтың ауалық және оттық шөгуін төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге, кептіру процесін тездететін керамикалық массаның капиллярлығын арттырады. 1000˚С-ден жоғары температурада кварцты материалдар жеңіл балқитын қоспалармен және керамикалық массаға ендірілген балқымаламен әрекеттеседі. Пайда болған балқымаларда кварцты материалдар еріп, сұйық фазаның тұтқырлығын арттырады да, күйдіру кезінде орын алатын бұйымдардың деформациясын азайтады.

Кейде жүдеудететін қоспа ретінде 450-550˚С-де дегидратацияланған топырақ қолданылады. Арнайы күйдірілген топырақты майда ұнтақтап дайындайтын шамот тек қымбат керамикалық бұйымдар өндірісінде қолданылады. Сонымен бірге, күйдірілген керамикалық бұйымдардың сынықтары мен брактарын майдаланған ұнтағын да қолдануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Х. Дулати атындағы ТарМУ Энергия қорын үнемдейтін технология және жергілікті шикізаттарды кұрылыс материалдар өндірісінде пайдалануды өндірісте игеру және жасау
Төртбұрышты еденді керамикалық плитка
Силикатты кірпішті өндіру технология­сы
Керамикалық черепицаның сипаттамасы
Санитарлық-техникалық керамикалық бұ­йымдарды өндіру технологиясы
Пластикалық әдіспен кеуекті керамикалық кірпіштерді өндіру
Кірпіш - кең таралған керамикалық материал
Керамикалық кірпіш пласикалық перстеу арқылы алу өнімділігі 25млн дана
Шикізат материалдарының сипаттамасы
Керамика өндірістің тарихы, оның қазіргі жағдайы және болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz