АЛАЗ АҚ-ң қаржылық – экономикалық қызметін талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. “АЛАЗ” АҚ туралы жалпы мәліметтер
  2. “АЛАЗ” АҚ өндірістік - шаруашылық қызметін талдау
  3. “АЛАЗ” АҚ- ң қаржылық - экономикалық қызметін талдау
  4. “АЛАЗ” АҚ- ң болашақтағы даму стратегиясы
  5. Қорытынды
  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.

Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Осыған орай еліміздегі халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларына бәсеке қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру, Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға кіру, ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту, осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту және сол сияқты алдыға қойған мақсаттарды іске асыру қажет. Соның ішінде білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Ол үшін жоғары білім алғысы келетін адамдар үшін мемлекеттік бюджет есебінен 12 жылдық білім алу жөніндегі ұсыныстар әзірленуге тиіс. Ал жоғарғы оқу орындарында студенттердің білімін арттыру мақсатында 2- курстан бастап өндірістік тәжірибеден өтулері тиіс деп ойлаймын.

Өндірістік тәжірибенің мақсаты - студенттердің жоғарғы оқу орындарында алған теориялық білімін тәжірибе жүзінде жетілдіру.

Міндеті - болашақ маманның келешектегі қызметіне тез бейімделуі.

I Бөлім.

Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер .

1. Кәсіпорын атауы және ұйымдық - құқықтық нысаны .

1-кесте.

Кәсіпорын атауы

Аталу тілі
Толық атауы
Қысқартылған атауы
Аталу тілі: Орыс тілінде
Толық атауы: Акционерное Общество«Алматинский Ликеро- Водочный завод»
Қысқартылған атауы: АО «АЛВЗ»
Аталу тілі: Қазақ тілінде
Толық атауы: «Алматы Ликер - Арақ Зауыты» Акционерлік Қоғамы
Қысқартылған атауы: АҚ «АЛАЗ»

2-кесте.

Кәсіпорын атауларының өзгерулері

Атауы
Қайта регистрациялау күні
Қайта тіркеу негізі
Куәландыру құжаты
№: 1.
Атауы: «Алматы Мемлекеттік Ликер- Арақ Зауыты»
Қайта регистрациялау күні: 01. 01. 1959ж.
Қайта тіркеу негізі: Алматы кондитерлік фабрикасы құрамынан бөлініп шығу және жеке мәртебеге ие болу
Куәландыру құжаты:

Берілген архивті анықтама негізінде №05-23/910

17. 08. 2006ж.

№: 2.
Атауы: «Алматы Ликер - Арақ Зауыты» Акционерлік Қоғамы
Қайта регистрациялау күні: 21. 06. 1994ж.
Қайта тіркеу негізі: Мемлекеттік кәсіпорынның қайта құрылуына байланысты және АҚ болып мелекеттік тіркеу
Куәландыру құжаты:

Куәлік №1581-1910-АО

21. 06. 1994ж.

№: 3.
Атауы: ААҚ«Жансая»
Қайта регистрациялау күні: 09. 01. 1996ж.
Қайта тіркеу негізі: Мемлекеттік қайта тіркеуге байланысты және «АЛАЗ»АҚ ААҚ «Жансая»болып өзгертілуі
Куәландыру құжаты:

Куәлік №1581-1910-АО

09. 01. 1996ж.

№: 4.
Атауы: ААҚ«Алматы Ликер -Арақ Зауыты»
Қайта регистрациялау күні: 28. 05. 1997ж.
Қайта тіркеу негізі: Мемлекеттік қайта тіркеуге байланысты және ААҚ«Жансая» ААҚ«АЛАЗ» болып өзгертілуі
Куәландыру құжаты:

Куәлік №11382-1910-АО

28. 05. 1997ж.

№: 5.
Атауы: «Алматы Ликер - Арақ Зауыты» Акционерлік Қоғамы
Қайта регистрациялау күні: 29. 10. 2003ж.
Қайта тіркеу негізі: «Акционерлік Қоғам туралы» ҚР-ның заңының өзгеруіне байланысты ААҚ-ның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгертілді
Куәландыру құжаты:

Куәлік №11382-1910-АО

29. 10. 2003ж.

2. Кәсіпорын РНН.

РНН: 600 900 091 288

3. Заңды тұлғаның толық мекен- жайы, байланыс телефоны, факсі, электрондық пошта адресі.

Орналасуы: Қазақстан Республикасы, 050010 Алматы қ., Медеу ауданы, Бекхожин к. -сі, № 15.

Байланыс телефоны: +7(3272) 291-16-05

Тел/факс: +7(3272) 291-65-44

Электрондық пошта адресі: alvz_ 05@mail. ru

4. Кәсіпорынның банктік реквизиттері.

ИИК 049 467 151 АҚ «Казкоммерцбанк» Алматы қ.

БИК 190501724, код 17.

5. Кәсіпорынның құрылуы және қызмет етуі туралы қысқаша тарихы.

« Алматы Ликер-Арақ Зауыты » Акционерлік Қоғамы (Компания) ─ республикамыздың ең көне кәсіпорындарының бірі. Зауыт іргесін 1917жылғы Қазан Революциясына дейін Жетісудің ең ірі көпестерінің бірі ─ Никита Пугасов қалаған. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 1931-1941 жылдар аралығында Бүкілодақ ішімдік өндіру бірлестігі монополиясында «Алматы Ликер - Арақ Зауыты » деп аталған. Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін ликер-арақ зауытының территориясында Алматы кондитерлік фабрикасы орналасып, ал ликер-арақ зауыты фабрика құрамына цехтың құқығы негізінде кірді. Зауыттың ликер-арақ өнімдерін шығарушы ретінде екінші рет жаңғыруы 1959 жылы орын алды. Алматы Совнархоз 1958 жылғы 3 желтоқсанның №743 бұйрығына сәйкес және Азық-түлік өндіру өнеркәсіп Басқармасының 1959 жылғы 5 қаңтар №4 бұйрығына сәйкес 1959 жылы Ликер-Арақ Зауыты өз алдына жеке кәсіпорын ретінде құрылып, Басқармаға бағынды және осы жылдың 1 қаңтарында «Алматы Мемлекеттік Ликер-Арақ Зауыты » болып қайта аталды.

1994 жылы шілде айында ЖШС «ВЕГА» «Алматы Ликер-Арақ Зауытының» 43, 3% жай акцияларын сатып алды. Ал қалған 56, 6 % жай акцияның (77 403 дана) иесі болып, Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Алматы қалалық аумақтық комитеті болды. Қазіргі кезге дейін аталған акциялар (77 403 дана) «Алматы қаласының Қаржы Департаментіне» тиесілі.

1999 жылы ЖШС «ВЕГА» акцияларының жартысын (169 857 дана) «Фирма Алмэкс» ЖШС-не сатты, ал 2000 жылы қалған акцияны (38 453 дана) «Нукер» ЖШС-не сатты. 2001 жылы «Фирма Алмэкс» ЖШС өзінің акцияларын «Бином-С» ЖШС-не сатты, ал керісінше, «Нукер» ЖШС өз акцияларын «Элиан» ЖШС-не сатты. 2002 жылдың ақпанында ААҚ «АЛАЗ» акцияларын «Торэкс» ЖШС-не сатып, қазіргі кезге дейін 84, 59% - дық жай акциялардың қожайыны болып отырған RENO HOLDING (Люксембург) компанясына сатты.

Зауыттың өндірістік аумағы Алматы қаласының Іле Алатауының көркем баурайында орналасып, 1, 7 га жерді алып жатыр. Зауыттың жылдық қуаттылығы 26 863 200 бөтелкені құрайды. Ол алкогольді ішімдік өнімдерін басқару жүйесінің қазіргі заманғы жаңа үш линиялармен қамтамасыз етіледі.

6. Өндіріс.

Зауыттың өндіріс қуаттылығы екі цехпен қамтылған:

  1. Құю цехында:

─ “EURO CLASS“ (Италия) линиясы - 0, 5- 0, 75-1, 0 литр көлемді бөтелкелерге құюға мүмкіндік беретін, сағатына 5000 бөтелке шығару өнімділігі;

─ “EKTAM MAKINE“ линиясы (Турция) - 0, 5-0, 75 литр көлемді бөтелкелерге құюға мүмкіндік беретін, сағатына 5000 бөтелке шығару өнімділігі;

─“Отечественная“ (Ленинград) линиясы - 0, 25 литр көлемді бөтелкелерге құюға мүмкіндік беретін, сағатына 3000 бөтелке шығару өнімділігімен жұмыс істейді.

Осы уақытта “EURO CLASS“ және “EKTAM MAKINE“ линияларында 0, 5 литрлік бөтелкелер қолданылуда.

“EURO CLASS“ өндірістік линиясы 2004 жылы қондырылып, қазірге дейін өзінің техникалық мүмкіндігі бойынша әлемдегі оздық линия болып отыр. Барлық линиялар кез- келген жұмыс кестесіне оңай ауыса отырып, бөтелкенің мөлшері мен көлеміне қарамастан құюға мүмкіндік береді.

  1. Купажирлеу және фильтрациялау ( тазалау ) цехы.

Цехта 12 колонка және 12 құмдық фильтр, сонымен қатар қысымдық және суға дейінгі багы бар.

2003 жылы кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын жаңарту жүргізілді:

─ Қазіргі жұмыс істеп тұрғанға қосымша жаңа купажды цехтың құрылысы аяқталды. Іске қосылған жаңа цех төмендегі артықшылықтарды берді:

  1. Арақ өнімдерін мөлшеріне қарамастан сорттау мүмкіншілігі, бұның өзі зауыттың өнімділігің арттырды; ассортимент ауыстыру уақытын азайтты; арақтың күштілігі бойынша кез- келген түрін бір мезгілде өндіруге мүмкіншілігін берді.
  2. Өндіріс процесін қысқартуға мүмкіндік берген арақты купажирлеудің “полтавтық“ тәсілі бойынша ресейлік қазіргі кезге сай озық қондырғысы қойылды. “Полтавтық “ тәсіл ─ бұл спирт пен суды араластыру процесі гидродинаммикалық принцип бойынша инжекциялық араластырушыда бүкіл ауысымда үздіксіз жүзеге асырылады. Турболенттік күштілікке байланысты толық және тез компаненттерді араластыру жүзеге асырылады. Жаңа цехтың барлық багтары және турбожелілері жоғары сапалы, өте қымбат даттанбайтын болаттан жасалған.
  3. Модернизацияланған (қазіргі заманғы өндіріске сәйкестендірілген) түріктің “EKTAM MAKINE“ құю линиясы 1998 жылы орнатылған.

1998 жылдың басы мен 2006 жылдың I жартысында жалпы инвестиция көлемі 180, 5 млн. Тенге құрады : өндірістік құрал - жабдыққа ─ 135 млн. Тенге; ғимаратқа, толық құрылысқа ─ 28 млн. Тенге; транспорт және басқаларына ─ 17, 5 млн. Тенге .

Арақ және ликерарақ өнімдерін өндіру “Арақ және ликерарақ өнімдерін өндіру бойынша технологиялық өндірістік регламентіне сәйкес “ (ТР 10-04-03-09-88) және ГОСТ 12712 - бекітілген цехтар тәртібіне сәйкес нақты арақ атауларының техникалық инструкциясы бойынша жүзеге асыоылады.

Арақты өндіру процесі бірнеше цехтарға бөлінген кезекті сатылардан тұрады.

Тазалау цехында:

  • Су мен спирттің араласын суды, спиртті сорттау чандарында насоспен (қатаң анықталған пропорциялар) араластыру арқылы дайындау, купажирлеу.
  • Дайын сорттарды қысымды тығыздыққа (емкость) айдау.
  • Сорттарды құмды фильтр және көмірлі колонкалар арқылы кезекті фильтрациялау.
  • Су- спиртті араласын керекті кондицияға дейін жеткізу(ингридиенттерді қосу, және суға дейінгі чандарда қажет болған жағдайда күштілікке жеткізу) жұмыстары жүргізіледі.

Арақ өндіру кезінде мұзды фильтрация тәсілі қолданылады.

Құю цехында өндірістік линияларда дайын арақты құю жүзеге асырылады.

Компанияның өнім өндіру зауытында Талғар спиртзауытының жоғары сапалы спирті пайдаланылады. Екінші маңызды ингридиент болып жоғары тұтынушылық қасиеті бар таудың ең таза суы табылады. Артезиандық жер астынан алынған су натрий-катиондық қондырғы және белсендірілген көмір колонкасында қосымша жұмсақтандыру процесінен өтеді, сонымен қатар қосымша кері-осмотикалық қондырғыда тазаланады, содан кейін бұл су өз құрамы бойынша ең сапалы болып саналады.

Зауытта жеке, аттестацияланған өндіріс зертханасы бар. Оның міндетіне өндірістің барлық сатыларында қажеті тесттер мен анализдер арқылы сапаға қатаң бақылау жүргізу кіреді. Зертхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен (ені және мемлекеттік тексеріс сертификаты бар), іске асырылатын нормативті құжаттар мен техникалық әдебиеттер, сонымен қатар бүкіл шикі материалдарға сертификат және де қаптау тарасымен қамтылған. Зерхана штаты жоғары деңгейлі және көпжылдық тәжірибесі бар маманлардан тұрады.

Өндірісте қолданылатын басқа да қосындылар бар: 100% табиғи және зауыт зертханасында тексеруден өткен тау балы, прополис, бидай, арпа нандары, сұлу, фундук, өрік және сары кіш-міш.

2005 жылдың қыркүйек айына дейін ассортимент линейкасы мына атаулардан құралды:

  1. Арақтар:Пугасов, Польская, Пшеничная, Русская, Сибирская, Старая Площадь, Московская особая, Бриллиант, Золотое кольцо, Елшілік, Хлебная,

Форт Верный, Первенка, Казначейская.

  1. Ащы тұнбалар: Ерофеич, Старка, Петровская, Стрелецкая, Алатау, Самал Жел, Перцовая, Бальзам Казахский.

Алкоголь өнімдерін өндіретін компаниялар арасында бәсекенің жоғары деңгейде болуына байланысты Компания өз өнімінің сапасы мен сыртқы түрін өзгертуге шешім қабылдады. Сондықтан тұтынушылық қасиеттің және дәмдік қасиеттердің өзгеруіне байланысты жаңа бөтелке пішіні мен этикеткасын жасау туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістерге байланысты өнімге баға көтеріле бастады және ескірген брендтерді жаңа брендттерге ауыстыру қажеттілігі туды.

Соңғы жылдарда « Алматы Ликер-Арақ Зауыты » Акционерлік Қоғамы мынадай жетістіктерге қол жеткізді:

1996 жыл ─ Халықаралық мамандандырылған көрме - «Алматы қаласының шарап және ликерарақ өнімдерінің сайысы «. Жоғары сапа үшін Диплом ─ «Жетісу»арағы.

1998 жыл ─ Халықаралық көрме- жәрмеңке «Шарап- Арақ- Шылым» Сочи қаласы. »Старая Площадь» және «Пугасов « арақтарының жоғары сапасы үшін Қола медаль.

1999 жыл ─ Астана қаласының арақ және ликерарақ өнімдерінің республикалық дегустациялық сайысы. »Эверест «, »Старая Плошадь» және «Пугасов» арақтарының жоғары сапасы үшін Алтын медаль, »Гвардейская» арағы - Қола медаль.

2005 жыл ─ «КазАлко» қолдауымен Астана қаласындағы алкоголь өнімдерінің республикалық көрме сайысы. «Первенка» арағының жоғары сапасы үшін Алтын медаль және «Казначейская» арағы - Күміс медаль.

2006 жыл ─ Москва қаласындағы «ПродЭкспо» Халықаралық жәрмеңкесі. »Калина Красная» арағы - Алтын медаль.

2006 жыл ─ Москва қаласындағы «ПродЭкспо» Халықаралық жәрмеңкесі. »Душистый Хмель» арағының өте жоғары сапасы үшін құрмет грамотасы.

2006 жыл ─ Москва қаласындағы «ПродЭкспо» Халықаралық жәрмеңкесі. «Любимый Город» арағы - Алтын медаль.

2006 жыл ─ Алматы қаласындағы «Шарап-2006» Қазақстан Халықаралық жәрмеңкесі. «Любимый Город» арағы - Алтын медаль.

2006 жыл ─ Алматы қаласындағы «Шарап-2006» Қазақстан Халықаралық жәрмеңкесі. «Калина Красная» арағы - Алтын медаль.

2006 жыл ─ Алматы қаласындағы «Шарап-2006» Қазақстан Халықаралық жәрмеңкесі. «Любимый Город Астана» арағы үшін Гран-При.

2006 жыл ─ Сочи қаласындағы Вино-Водка Халықаралық жәрмеңке көрмесі. «Калина Красная» арағы - Алтын медаль.

7. Өндірілетін өнімнің ассортименті.

2005 жылдың қазанында Компания Қазақстан нарығына «Русский Концерн»бренді аталған жаңа сауда маркаларын шығара бастады. Жаңа брендті арақтар Компанияның бұрыннан шығарылатын өнімдерінен және отандық, шетелдік фирмалардың өнімдерінен сапалы мінездемесімен, сәндендірілуімен айрықша ерекшеленеді. Өндіріске және өткізуге жаңа 7 арақ брендтері шығарылды.

1. «Душистый Хмель» - таүдың табиғи балы мен прополис тұнбасын қосу арқылы;

2. «Калина Красная»- сұлы нандарының тұнбасын қосу арқылы;

3. «Ой, Мороз, Мороз « - тау облепиха тұнбасын қосу арқылы ;

4. «Любимый Город» - бидай нандарын қосу арқылы;

5. «Любимый Город Астана» - пісіп жетілген бидай және минералдарды қосу арқылы;

6. «Любимый Город Алматы « - арпа нандарының тұнбасын қосу арқылы;

7. «Любимый Город Москва « - фундук, өрік және сары кіш-міш тұнбаларының қосындысы арқылы.

Жаңа брендті қолдану Компанияның тактикалық және стратегиялық мақсаттарына қол жеткізүге мүмкіндік берді.

  • Ақшалай және адам ресурстарын тиімді қолдану ─ өнімнің 1-2 артықшылығын қосу және барлық линейкасын жұмыс істету мүмкіндігі;
  • Өнімнің кең ассортиментін ұсыну. Бұл әртүрлі бағалар сегментін өз қолына алу, жоғары көтерме сауданы ұсыну және сөрелерді өнімдермен толтыру.
  • Жаңа суббрендтерді енгізу ─ жалпы атауы және сәндендірілуінің элементтері тез арада танылды.
  • Нарықтың шектеулігіне байланысты өнім қозғалысы жоғары сату көлеміне ие бола алмайды.

2007 жылдың соңына дейін Компания келесі жаңа өнім түрлерін өндіріске қосуды жоспарлауда:

Арақтар: «Русская народная» (классикалық)

«Русская народная» (дәстүрлік)

«Русская народная» (оригиналды)

«Черный ворон»

Бренди: «Дар Востока»,

Коньяк: «Наурыз».

3-кесте.

Кәсіпорынның жұмыс істеу мерзімдері
1959-1985
1985-1997
1997
1997-2000
2000-2003
2003-2005
2005-2006
Кәсіпорынның жұмыс істеу мерзімдері: 1жұмыс ауысымындағы зауыттың өндірістік қуаттылығы, мың. бөт/жыл
1959-1985: 63 360
1985-1997: 63 360
1997: 63 360
1997-2000: 16 896
2000-2003: 16 896
2003-2005: 27 456
2005-2006: 27 456
Кәсіпорынның жұмыс істеу мерзімдері: 1жұмыс ауысымындағы зауыттың нақты қуаттылығы, мың. бөт/жыл
1959-1985: 63 360
1985-1997: 38014-22176
1997: 12 672
1997-2000: 11827, 2
2000-2003: 8 448
2003-2005: 5 491, 2
2005-2006: 24 710, 4
Кәсіпорынның жұмыс істеу мерзімдері: Зауыттың жұмыс істеу тиімділігі
1959-1985: 100 ℅
1985-1997: 60-35℅
1997: 20 ℅
1997-2000: 70 ℅
2000-2003: 50 ℅
2003-2005: 20 ℅
2005-2006: 90 ℅

Өкінішке орай, зауыт тарихында тек қана өрлеу мен интенсивті даму ғана болған жоқ, сонымен қатар Компанияда тоқтап қалу кезеңдері де болды. Өндірістің бұндай төмендеуі және тоқтап қалулары жалпы антиалкогольді компаниялардың өткізілуі мен ескі менеджерлердің тиімсізділігімен түсіндіріледі.

8. Дамудың негізгі сатылары мен қайта құрылу.

4-кесте.

Қайта құрылу сатылары
Қайта құрылу
Қуаттылықты орнату
Қайта құрылу қорытындылары
Дайын өнімді шығару
Қайта құрылу сатылары: 1959-1998
Қайта құрылу:

Ликерарақ өнімдерін

шығару өндірісін кеңейтуге арналған құрал-жабдықтар сатып алу.

”Отечественная”5 линиясы

12 көмір колокаларын және 12құм фильтрлерін, бу шығару ”Аламбик” аппаратын, сиропқайнату қазанын, колеровка фильтр- пресс ”Прогресс”, бөтелке жуу машиналарын (5 дана) орнату.

Қуаттылықты орнату: әр линия сағатына 6000 бөтелке
Қайта құрылу қорытындылары:
Дайын өнімді шығару:

Арақтар:Московская Особая, Польская, Русская Пшеничная, Сибирская Экстро, Золотое Кольцо.

Ащы тұнбалар:Ерофеич, Старка, Самал, Петровская, Стрелецкая, Алатау, Жел, Перцовая, Бальзам Казахский.

Қайта құрылу сатылары: 1993 ж.
Қайта құрылу: ”Отечественная” 4 линиясының тозуына байланысты қайта монтаждау.
Қуаттылықты орнату: әр линия сағатына 6000 бөтелке
Қайта құрылу қорытындылары:
Дайын өнімді шығару:
Қайта құрылу сатылары: 1995 ж.
Қайта құрылу: Қайта құру мен қайта жабдықтау
Қуаттылықты орнату:
Қайта құрылу қорытындылары: Құюға жіберуде стеклобөтелкедегі конденсаттан сақтану, қыс мезгілінде әр түрлі температураларға байланысты болатын шынының сынуын азайту.
Дайын өнімді шығару:
Қайта құрылу сатылары: 1998 ж.
Қайта құрылу: ”Отечественная” линиясын қайта құру және қосымша комплектайиялау, 0, 5 бөтелкеден 0, 24 бөтелкеге құюға ауысу.
Қуаттылықты орнату: Сағатына 3000 бөтелке
Қайта құрылу қорытындылары:
Дайын өнімді шығару:

Арақтар:Московская Особая, Польская, Русская Пшеничная, Сибирская Экстро, Золотое Кольцо.

Ащы тұнбалар:Ерофеич, Старка, Самал, Петровская, Стрелецкая, Алатау, Жел, Перцовая, Бальзам Казахский.

Қайта құрылу сатылары: 1998 ж.
Қайта құрылу: «Ektam makine» линиясы(Турция)
Қуаттылықты орнату: сағатына 5000 бөтелке
Қайта құрылу қорытындылары:
Дайын өнімді шығару: Арақтар:Пугасов, Старая Площадь, Елшілік, Бриллиант Форт Верный Хлебная.
Қайта құрылу сатылары: 2000 ж.
Қайта құрылу: «Сарториус»(Германия) фирмасының құю цехына фильтрін орнату.
Қуаттылықты орнату:
Қайта құрылу қорытындылары: Дайын өнімнің сапасын жоғарылату.
Дайын өнімді шығару:
Қайта құрылу сатылары: 2001 ж.
Қайта құрылу:

3 -линиялардың құю цехтарында СУАП бақылау қондырғыларын орнату, «КазАлкоЦентр» тапсырмасымен.

Акцизді маркаларды жабыстыру автоматын орнату.

Дайын өнімге термо орау автоматын орнату.

Қуаттылықты орнату:
Қайта құрылу қорытындылары:
Дайын өнімді шығару: Термо орамада дайын өнімді өткізу сыртқы түрі мен жеткізуді жақсартты.
Қайта құрылу сатылары: 2003 ж.
Қайта құрылу: Тазарту цехындағы барлық трубалар ауыстырылды және суға дейінгі ликер бактары қара металдан даттанбайтын металға ауыстырылды.
Қуаттылықты орнату:
Қайта құрылу қорытындылары: Дайын өнімнің сапасын жоғарылату.
Дайын өнімді шығару:
Қайта құрылу сатылары: 2004 ж.
Қайта құрылу: «EURO CLASS»линиясы(Италия)
Қуаттылықты орнату: сағатына 5000 бөтелке
Қайта құрылу қорытындылары:
Дайын өнімді шығару:

Арақтар:

Первенка, Казначейская.

Қайта құрылу сатылары: 2005 ж.
Қайта құрылу:

100л жаңа сиропқайнату қазандарын сатып алу және орнату.

Тазалау цехына өндірістік кондиционерлерін орнату.

Өз бетінше жабыстырылатын этикеткалар линиясын модернизациялау.

Құю цехын жөндеу: еден мен қабырға беттерін ауыстыру.

Қуаттылықты орнату: Сағатына 5000 бөтелке
Қайта құрылу қорытындылары:
Дайын өнімді шығару:

Арақтар:

Душистый Хмель, Калина Красная, Ой мороз, мороз, Любимый Город, Любимый Город Астана, Любимый Город Алматы, Любимый Город Москва.

Қайта құрылу сатылары: 2006 ж. мамыр
Қайта құрылу:

Өндірістік Тоңазытқыш қондырғысын орнату(мұзды фильтрациялау)

Бақылау маркасын жабыстырушы аппаратын сатып алу

Қуаттылықты орнату:
Қайта құрылу қорытындылары: Дайын өнімнің сапасын жоғарылату.
Дайын өнімді шығару:

ІІ БӨЛІМ.

“АЛАЗ” АҚ- ң өндірістік - шауашылық қызметін талдау.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның спирт арақ саласы қазіргі таңда түрлі позициялардан бағалау болатын күрделі эволюциядан өтті. Нәтижелердің бірі- Қазақстан ТМД елдерінде ғана емес, сонымен қатар барлық континентте де орны бар. Сапалы алкогольді сусындарды өндірушілердің бірі болды.

2006 жылдың қаңтар-маусым айларында “КазАлко” Ассоцияциясының берілгені бойынша спирт пен алкогольді өнімдерді өндіру мен жеткізумен 154 өнеркәсіптік кәсіпорындар айналысты.

Қазіргі уақытта арақ өнімдерінің Қазақстан нарығында “АЛАЗ” АҚ-ң негізгі бәсекелестері графикте көрсетілген компаниялар болып табылады.

Егер арақ нарығын негізгі бәсекелестердің үлестері бойнша қарастыратын болсақ, 2006 жылдың бірінші жартысына нарықтың едәуір бөлігін “Көкшетауминводы” ЖШС - 17, 9 %, екінші орында “Maximus” ЖШС (Ақтөбе қаласы) -12, 3%, үшінші орында “Геом” ЖШС (Ақтөбе қаласы) - 10, 7 %, және келесі болып “АЛАҚ” АҚ 6, 3% табылады.

“Wimpex” ЖШС 5, 8 %

“Вымпел GROUP” ЖШС 5, 9 %

“АЛАҚ” АҚ 6, 3%

“Геом” ЖШС 10, 7% Басқалары 41, 2%

“Maximus” ЖШС 12, 3%

“Көкшетауминводы” ЖШС 17, 9%

5-кесте Дайын өнімді өткізу(мың теңге)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобалар туралы
Ақан сері
Солтүстік Қaзaқстaн облысы Жaрқын-СК ЖШС-нде мaйлы зығыр сорттaрын ендіру тәжірибиесі
Жайылымдық шөп дақылдарының түрлері және олардың сипаттамалары
Ұйым қаржысының қызметтері
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау
Басқару жүйесін талдау
Экономикалық қызметті талдау әдістемесі
Компанияларды ішкі басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық мәні мен маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz