Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздық түрлері туралы



Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықытң мынадай түрлерін қарастырады: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық және циклдік жұмыссыздық.
Фрикиондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жерден екіншіге жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орны, ал жалдаушылар белгілі квалификациялы жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы толық информация болмағанда немесе осы информация тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан болмасын белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа жұмыс іздестіруге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Еңбек қашан да адамның аса қадірлеп, құрмет тұтатын игіліктерінің бірі
саналып келді. Ол материалдық және рухани байлықтарының ғана көзі емес,
сонымен қатар адамның аса маңызды өмірлік қажеті мен құқығы, оның жеке
басының дамуы үшін қажетті қуатты құрал болып табылады. Адамның қабілеті
еркін де мазмұнды еңбек үстінде көрініп, жетіле түседі. Еңбекке деген
білгірлік негізінен алғанда өндіріс құрал-жабдықтарын иемденушілерге
жұмысшы күшін сату арқылы және де ол күш неғұрлым мол пайда табу мүддесіне
сай келетіндей мөлшерде ғана өтеледі. Мұндай жағдайда еңбекші қауымның
қыруар бөлігі жұмыссыздыққа душар болады. Жұмыссыздық қазіргі кезде
үйреншікті болса да, ол ешқашан да мұншалықты тұрақты сипат алып, ешқашан
да өзінің құрамы жағынан еңбекшілердің осыншалықты кең шеңберін қамтып,
басқа да бір әлеуметтік апат – инфляциямен дәл қазіргі уақыттағыдай астасып
көрген жоқ.
Жұмыссыздық індетінің қазір бұрқ ете түсуі бара жұртты жарылқайтын
қоғам жайындағы аңыздың күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық
еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап
тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани жапа
шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек әлеуметтік
қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы қайшылықтарды да
асқындыра түседі. Жұмыстан айырылу еңбекшілер үшін нағыз қасіретке
айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен қайыршылыққа ғана
емес, сонымен бірге әлеуметтік-психиологиялық күйзеліске, өздерін өздері
қойдай қыруға, қылмыстық, маскүнемдік пен наша шегудің құжынап көбеюіне
душар етуде.
Жұмыссыздықтың тауқыметін тек оған душар болған еңбекшілер ана тартып
қоймайды. Бүкіл жұмысшы тобының халі мүшкілге айналады. Еңбекшілердің қалың
тобы арасында ертеңгі күнге деген сенімсіздік өрбіп, келешектен қорқып-үрку
сезімі пайда болады.
Осы заманғы жұмыссыздықты – оның құрамы мен сұрапыл өсу себептерін,
еңбекшілердің жағдайына тигізетін әсерін мемлекеттік еңбекке араласуды
реттеу әдістерін және жұмысшы тобының еңбек ету құқығы жолындағы күресті
өрістету тәсілдерін практикалық, теориялық және тәжірибе жүзінде зерттеу
қажет.
Қазір дүние жүзі елдерінің, халықаралық жағдайды асқындыруына
байланысты жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы, жанталаса қаруланудың
еңбекке араласуға әсері жөніндегі мәселелер ерекше маңызға ие болып отыр.
Ақыр аяғында, жұмысшы тобының жалпы білімі мен мамандық дәрежесінің артуы,
оның қажеттерінің өсіп, түрлерінің өзгеруі еңбекке араласудың сан
мөлшерінің ғана емес, сонымен бірге сапа белгілерінің де маңызды роль
атқаратынын анықтайды.
Кескілескен иеологиялық күрестің түйініне айналып отырған осы
мәселелерге талдау жасау еңбекке араласу мен жұмыссыздықтың теорияларын
сынау үшін қажет. Ал бұл теориялар қоғамның дамуындағы жаңа құбылыстарды
тануда дәрменсіздік көрсетіп отыр. Мұндай талдау жұмыссыздық үшін кінәні
жұмысшылардың өздеріне аударуға тырысушы үлкен бизнестің насихаттық
ақпараттарының екі жүзділігін, сондай-ақ бюджет қаржыларын үнемдеуді,
инфляцияны тежеуді желеу үкіметтің сұрқиялығы мен өтірігін әшкерелейді.
Экономикалық дағдарыс та, тағы да жұмыстан босату қаупі де
еңбекшілердің жаппай бас көтерулерін тежей алмайды. Мұнда жұмыссыздыққа
қарсы, еңбек ету құқығы үшін күрес шешуші орындардың біріне ие болуда.
Жұмыстан босатуға қарсы бас көтерулер көбіне өндіріске қоғамдық бақылау
жасау және басқару ісіне қатысу жолындағы күреске ұласады. Еңбек
ресурстарын пайдалануды жақсарту үшін ішінара, жартылай шаралардың жетімсіз
екенін жұмысшы табы барған сайын сезінуде. Еңбекке арасу мен жұмыссыздық
мәселелерін тек түбірлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жолымен ғана
шешуге болатынын еңбекшілердің қалың тобы жете түсінуде.
1.1.Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздық түрлері туралы
Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықытң мынадай түрлерін
қарастырады: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық және циклдік жұмыссыздық.
Фрикиондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан
болмасын, адамдардың бір жерден екіншіге жылжуымен және бір кәсіпорыннан
басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер
өздеріне ұнайтын жұмыс орны, ал жалдаушылар белгілі квалификациялы жұмысшы
күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық
жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен
байланысты: бар вакансия туралы толық информация болмағанда немесе осы
информация тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының
арасында қашан болмасын белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың
дәрежесі жаңа жұмыс іздестіруге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен
белгіленеді.
Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің
нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы
профессионалдық-квалификациялық және территориялық сәйкессіздік құрылымдық
жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық
өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады.
Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады.
Осының нәтижесінде жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық
құрылымында өзгерістер пайда болады, бұл – жұмысшы күшінің тұрақты түрде
территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. экономиканың бір
секторларынан құрылымдық өзгерістерінің нәтижесінд, жұмыстан айырылған
жұмыскерлер, басқа салалардағы бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған
жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондықпен салыстырғанда:
құрылымдық жұмыссыздықтың мезгілі ұзақ болады. Құрылымдық жұмыссыздыққа
әдетте төмен квалификациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер
жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудардандың халықтарын
қамтиды.
Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс
көлемінің маусымдық ауытқуыен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс.
Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.
Циклдік жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдыраумен және
сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен
қамтудың көлемдерінің циклдік ауытқулары құрайды. Циклдік жұмыссыздық
жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюына және жұмысшы
күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.
Осымен қатар, нақты және жалған жұмыссыздық болады. Бірінші
жағдайда, адамның еңбекке қабілеті және ықыласы болады, бірақ еңбек
нарығындағы түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екінші, әр
түрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды.
Жұмыссыздық ашық және жасырынды, ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Ұзақ мерзімдікке циклдік және фрикциондық жұмыссыздық жатады. Ол жаңа
технология мен жаңа жабдықтар енгізумен байланысты және ол адамдарды
машинамен алмастырып, жұмыссыздық тудырады.
Батыс экономистері әдетте табиғи жұмыссыздықты және толық жұмыспен
қамту болғандығы жұмыссыздықты еңбек нарығындағы объективтік
диспропорцияларды көрсететін құрылымдық жұмыссыздық деп қарайды. Сонымен
қатар, табиғи жұмыссыздыққа фрикциондық және маусымдық жұмыссыздықты
жатқызады. Шынында жұмыссыздық дәрежесінің оның табиғи нормасынан артып
кетуі, экономикадағы құрылымдық өзгерістермен байланысты, оның циклмен
дамуының ерекшеліктері көп салалардағы өндірістің маусымдық сипатымен
байланысты болады.
Еркін жұмыссыздық – бұл жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің еңбек
нарығынан шығуы және әр түрлі себептермен өз еркімен жұмыссыздарға
айналуы. Осыдан басқа, еңбек нарығын талдап зерттегенде қайталанып келетін
жұмыссыздықтың және жұмыс табудан күдер үзіп, жұмысшы күші есебінен шығып
кеткен адамдарды есепке алатын, тоқыраулық жұмыссыздықта болады.
Аумақтық жұмыссыздық берілген территориядағы жұмысшы күші сұранысы
мен ұсынысы арасындағы диспорциялардың нәтижесінде пайда болады.

1.2. Жұмыссыздық проблемаларын шешу жолдары мен әдістері
Жұмыссыздық проблемаларын шешудің бірден-бір жолы – бұл еңбек биржалары
туралы көптеген мемлекеттердің практикасының нәтижелерін көруіміз керек.
еңбек биржалары осылайша айтқанда тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, олай
болуынан өзінен жұмыссыздықпен күресудің негізгі құралы екенін көре аламыз.
Бұл еңбек биржалары ең алғашқы кездерде дамыған мемлекеттерде жұмыссыздарға
көмек беру мақсатындағы адамгершілік институттары ретінде пайда болды.
Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына байланысты оның
атқарылатын қызметі мен мақсаты өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбектің
талдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметін
атқаралатын келісімдер жайлы, тұрақты мерзімде қызмет жасайтын мекеме.
Бұрынғы КСРО еңбек биржасының ең соңғысы 1990 жылдары табылған болатын.
Қазіргі нарықтық экономикаға көшу жағдайында еңбек биржасының барлық
элементтерін қайтадан жаңғыртуға тура келеді. Бірақ, Қазақстанда ондай
еңбек биржалары жұмыс істеп жатқан жоқ. Бұл жерде айта кететін мәселе біз
негізгі үлкен биржаларды айтып отырмыз. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап
Қазақстанда тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі жұмыс істей бастады. Бірақ
та біздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың төмен болуы себепті бізде
жұмыспен қамту өте баяу жүргізіледі.
Тәуелсіздік алғанымызға он жылдың көлемінен асып кеткенімен, біздің жас
мемлекетіміз жұмыссыздық проблемасымен күресуде, бірақ осыған қарамастан
жұмыссыздар саны тоқтаусыз өсуде. Басында айтып өткен 1930 жылы табылған
еңбекпен қамтамасыз ету биржасы 60 жылдан кейін Москвада 1991 жылы ашылды.
Бұл жерде жұмыссыздарға пособиялар таратылады. Ал Ташкенте еңбекпен қамту
биржалары ешқашан жабылмай, жұмыс істеуде, әр таңертең Сайын базарының
қасына жиналған жұмыссыздар бұл еңбек биржасының мың жылдан жоғары тарихы
бар: бұл биржадан жұмыс іздеушілер жұмыс ұсынушыларды көзбе-көз
кездестірмейді, олар келісімге келіп өз жұмыстарын, ал жұмысты ұсынушылар
өздеріне керекті еңбек үшін тауып келіседі. Міне, бұл биржаның жұмыс жасау
принципі осы ғана. Бұл биржа туралы әңгімелегенде біздің ойымызға
Сейфулиннің көшесінің түсетіні даусыз. Бірақ, біз бұл көше бойында
тұрғындар арасынан сіз не бір жұмысшыны, яғни мамандығына нағыз шын
көңілмен беріліп, өз мамандығын кәсіпқойлық деңгейде меңгергендерді
кездестіруге болады. Ал бірақ осы адамдардың кейбірулеурі күні бойы жұмыс
істегендегі табысын спиртке, яғни шиша ішімдікке жұмсағанын көргенде не
айтарыңызды білмейсіз. Өкінішке орай, Кеңес Өкіметі кезінде Ташкенттегідей
еңбек биржасы жұмыс істемеді.
Бірақ, болашақта жұмыссыздар санын азайту үшін Қазақстанстан
Республикасының заңдарына сай жұмыс істеу керек. Ал бірақ әзірге ондайдың
болуы мүмкін емес. Себебі жемқорлықпен күрес жүргізіп жатқанымызда сол
проблемаларды шешудің негізі екендігінде. Сонымен бірге, жұмыссыз адамдар
тек материалдық жақтарымен ғана емес, психологиясының да өзгеруі әдбен
мүмкін. Егер 1 жанұяда бір адамның жұмыс істеуі ал басқалардың жұмыссыз
отыруы еңбексіз елге сыймас деген халқымыздың осындай сөздеріне тура
келеді. Сол себепті жанұяда бір-бірін түсінбеушілік туындайды. Бұл
жұмыссыздық тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің барлық елдерінде болып
жатқан құбылыс. 80-ші жылдардан бастап дамушы мемлекеттерде соның ішінде
халқы жағынан алдыңғы орындағы Қытай мен Индияда жұмыссыз адамдардың 2,7%
бірақ бұдан да жоғары екені мәлім. Әлемде ең көп жұмыссыздар Оңтүстік Азия
елдері мен Сахарада орналасқан біршама елдердің айтуға болады. Көптеген
кедей мемлекеттердің адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен, бірақ
арзан еңбек күшінің болғанымен экономикалық-әлеуметтік жағдайының төмен
болуынан керек.
Осы кезде айта кететін жайды басында айтып кеткен биржа қызметтерін
жолдау арқылы толық түсінуге болады. Ол еңбек нарығындағы ұсыныс пен
сұранысты реттейді; жұмыссыздарды есепке алу мен бос жұмыс орындарын
тіркеу; жұмысын ауыстыратын немесе жұмыс орнын іздеген жұмысқы тұруға
тілек білдірген адамдарға ақпарат беру; жұмыс істеп жүрген кадрларды оқыту
мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру
жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа тарту үшін делдалдық қызмет атқару;
осындай кезде жұмыссыздықа байланысты жәрдемақы тағайындау мемлекеттік
кәсіпкорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы
еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы ретінде және олардың брген жалдама
кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады.
Себебі, оларыдың жұмысшыларды еркін түрде қабылдауға мүмкіншілігі бар
енмесек өздерінің кадр тағайындау бөлімі арқылы тағайындайды және оны толық
жолдауға тырысады.
Ал қазіргі кездегі биржада еңбекке деген ұсыныс пен сұраныс туралы толық
мағлұмат боулы тиіс. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған батыс елдерінің
тәжірибесіндегі жағдайларды қолдануға болады. АҚШ-та мысалы, аймақтық және
жергілікті деңгейдегі жұмыс күшінің банкілері құрылған. Онда жұмысқа
орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі. Бұл
консультацияның көмегімен бір айдың ішінде барлық мамандық топтарындағы
жұмыссыздық 40%-ке кемиді. Сондай-ақ, жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа
бағдарламасы енгізілген Вашингтон штатында феодалдық өкімет тиісті
білім,жұмыс тәжірибесі бар және ісінің маманы болса, келген 400 жұмыссыз
адамға алдынала мүмкіндік беріп бірнеше айға дейін жәрдемақы береді. Ал
егер де жәрдемақының көлемінің жоғары болуының өзі теріс әсерін тигізуі де
мүмкін. Бұл жағдай болады егер жұмыс іздеушінің болашақтағы жалақы көлемі
төмен болған жағдайда.
Жұмысыздықты болдырмаудың тағы бір жолын алыстан іздемей-ақ Оңтүстік
Шығысымыздағы ұлы Қытай елінен болар еді. Қытай дамушы мемлекет болып
есептелгенімен, ол ауылшаруашылығын дамытуда экономикада өзіндік із
қалдырады. Сонымен бірге, шағын өнеркәсіпті барлық жерлерде дамытты. Ол
үшін алғаш рет баяғыдағы жасалынған ауылшаруашылығына кері әсер етуші
саясат еді. Бір сөзбен айтқанда, осы қойылған барлық қойылымдарды қирату
керек болды, ал азық-түлікке бағаның көтерілуі тұрмыстық тауарларға
протексанизм саясатын импорттағанда ұстану. Қосымша көрсеткіштер: олар
шағын бизнесті дамыта отырып, ауыл шаруашылығының инфраструктурасын
әсіресе, транспорт, денсаулық, әлеуметтік қызмет көрсету салаларын дамыту.
Қытайда 70-ші жылдардан бастап шағын өнеркәсіптің дамуына көп көңіл бөлді.
Бұл шағын өнеркәсіптер негізінен ауылдық жерлерде дамуына көп көңіл
бөлінді. 80-ші жылдарда ауыл шаруашлығы шағын өнеркәсіптердің дамуы қарқын
алды. Олардың дамуы басқа салалардың да дамуына әсерін тигізді. Қазіргі
кезде Қытайда 100 миллионнан жоғары адамдар ауыл шаруашылығы және шағын
өнеркәсіп саласында жұмыс істеп жатыр.
Жұмыссыздықты сонымен бірге жоюдың тағы бір жолы - экономиканың
неформалды секторын дамыту. Оның негізгі қала экономикасы, ол қызмет
көрсетудің ерекше саласы. Бұл салаға жеке адамның еңбек етуі дәстүрлі
қалыптасқан өнеркәсіп және бұл сала мемлекеттік саясаттың ешқандай
араласуынсыз жұмыс істей алады. Дамушы елдерде және қалаларда формальді
емес секторда 50% жұмысшы қала жұмыскерлер күші қалыптасқан. Мемлекет бұл
саланың дамуына ешқандай шек қоймай, қайта шағын кәсіпорындарға несие
бөліп, қалалардың инфраструктурасын жақсартуға барынша көмектескені дұрыс.
Көптеген экономистердің айтуы бойынша дамыған формальді емес сектор
қаладағы жұмыссыздар санының азаюйына себебін тигізеді дейді.
Сол сияқтықазіргі кезде біздің мемлекетімізде де жұмыссыздыөпен күрес
жүргізуде. Президенттің 2030 жылға дейінгі стратегияның жоспарында шағын
кәсіпкерлікті дамыту, халықты толық сауатты ету жолдарын айқын көреміз,
яғни бұл мақсаттардың орындалуы келешектегі болашақ қазақстандықтардың
жұмыспен қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Бағаның төмендеуін қоздыру – бұл да жұмыссыздықты азайтуға себепші
бола алады. Ол үшін алдын ала шет ел валютасына ақша айырбасындағы ұлттық
валютаның курсын көтеріп, ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігің қамтамасыз ету,
субсидия көлемін капитал көп қорланатын өнеркәсіпке аз бөлу, ең төмен
жалақыны заң арқылы тоқтату, сыртқы саудадағы барьерды азайтып, шектеуі
ауыл-шаруашылық өнімдерінің бағасын тоқтату.
Бұл жерде айтылған кейбір мәселелер Қазақстанда қолданылып жатыр.
Мысалға: соңғы жылдарда Президент жарлығы бойынша ең төменгі жалақы
мөлшерін көтеру және 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта қарауға алынып,
ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақыны көтеру туралы шешім қабылдады.
Басында айтып өткеніміздей, жұмыссыздыққа байланысты берілетін
жәрдемақы өзгерістердің, анық сайлау тәртібінің жұмыссыздық мөлшеріне
әсерін білу көп ізденісті талап ететін мәселе болып қала береді.
Зерттеушілер жұмысшылардың қалай жұмыссыз қалуын және оның қаншаға
созылғанын анықтауда алмастыру коэффициентінің рөліне назар аударады.
Алмастыру коэффициенті дегеніміз – жұмыссыз кездегі салықтың кейінгі
табыстың жұмыспен қамтамасыз етілетін кездегі табысқа қатысты.
Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақының жұмыссыздыққа
әсері мөлшері туралы мәселе – Еуропадағы мәселе. Сол жөнінде Петрин Минфард
былай деп жазады: Жұмыспен қамту тұрғысынан қарасақ, бұл жағдай
қорқынышты.
ІІ.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оны шешу жолдары
2.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың көрсеткіштері.
Қазақстан Республикасында жұмысқа жарамды халықтың жартысынан көбі
жұмыссыз екені белгілі. Сол жұмыссыздар саны уақыт өте көбейе түсуде. Оның
ішінде тіркелмеген жұмыссыздар саны қаншама№
Тіркелген жұмыссыздар санын келесі кестеден көреміз.
1-кесте. Жұмыссыз ретінде жұмысбастылық органдарында тіркелген азамат саны
(мың адам)

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, жылдан жылға жұмыссыздық деңгейі
күрт өсуде. Мысалы, жұмыссыздар саны 1995 жылы 139,6 адам болса, 2004
жылы 245,3 мың адамға дейін жеткен. Ал, бұл көрсеткіш 1999 жылы 251,4 мың
болған.
Сондай-ақ экономикалық активті халықтар ішінен жұмыссыз халықтың
алатын үлесі 2,1%-тен 4,8%-ке дейін көтерілген.
Жұмыссыздар саны 2005 жылы 780,3 мың адам болса, оның 522,7 мыңы
қалалық жерде, 257,6 мыңы ауылдық жерде. Сонда ауылға қарағанда қалалық
жерде жұмыссыздар саны 2 есе көп. Сондай-ақ, еркек арасындағы
жұмыссыздардан гөрі, әйелдер арасында жұмыссыздық көп. Оның көрсеткіші –
442,3 мың.
2-кесте. 2004 жылы жұмыссыздар санын жынысы мен жасы және тұратын жері
бойынша бөлу.
Мың адам Барлығы Соның ішінде еркекСоның ішінде әйел
Жұмыссыздар, соның 780,3 338,0 442,3
ішінде
15-24 жас 240,3 115,8 124,5
25-54 жас 503,5 200,5 303,0
55-64 жас 33,5 20,2 13,1
65-тен асқан 3,2 1,5 1,7
Қалалық жерде 522,7 217,1 305,6
жұмыссыздар, соның
ішінде
15-24 жас 139,2 65,8 76,4
25-54 жас 354,4 134,8 219,7
55-64 жас 26,4 15,4 11,0
65-тен асқан 2,7 1,1 1,5
Ауылдық жерде 257,6 120,8 136,8
жұмыссыздар
соның ішінде
15-24 жас 101,1 50,1 51,1
25-54 жас 149,2 65,7 83,5
55-64 жас 6,9 4,8 2,0
65-тен асқан 0,4 0,2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсу себептері
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы
Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша мемлекеттік іс-шаралар
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Жұмыссыздық мәселесі
Жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы
Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
Пәндер