Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 5
- Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы . . . 5
1. 1. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі . . . 5
1. 2. Ерлі-зайыптылардың тек таңдау құқығы . . . 6
- Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері . . . 7
2. 1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі . . . 14
2. 2. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 20
КІРІСПЕ
Отбасы - әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген, әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы - қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасу қажет.
Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың табиғи шарты, өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы.
Неке - отбасының заң жүзіндегі негізі, ерлі-зайыптылардың өзара түсінісуінің, еріктілігінің негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Неке ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншіліктің адамгершілік, эстетикалық қатынастың ұйытқысы [1] .
Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы заңының 1-бабында неке деген ұғымға мынадай түсінік берілген:
Неке - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ [2] .
Неке біздің елімізде тіркеуден (ЗАГС) өтеді. ЗАГС арқылы некеге тұру (тіркелу) қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Себебі ажырасқан жағдайда ол негізгі құжат болып саналады. Балаға материалдық кепілдеме алу, дүние-мүлікті бөлісу соның негізінде, сот арқылы шешіледі.
Қалай болғанда да, некенің заң жүзінде немесе дін орындары арқылы тіркелуі жұбайлардың отбасындағы белгілі міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады.
Некелік құқықты енгізу, ерлі-зайыптылар арасындағы бұл қатынастың пайда болуы табиғи заңдылық қана емес, ол прогрессивтік оқиға, адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды байытатын тарихи құбылыс [1] .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 26-бапта былай делінген:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыруы оның құны тең бағамен өтелген кезеде жүргізілуі мүмкін [3] .
1. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемелекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
Азаматтық хал актілері - адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар [2] .
- Ерлі-зайыптардың отбасындағы теңдігі.
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауға ерікті.
3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастары өзара сыйластық және өз балаларына денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
- Ерлі-зайыптылардың тек таңдау құқығы
1. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортак тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады.
2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды.
3. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 115-бабы) :
1. Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
2. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) : заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Мүлік сонымен қатар бөлінетін және бөлібейтін болуы мүмкін.
Бөлінетін мүлік дегеніміз - бөлу нәтижесінде бөліктері өз мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік.
Бөлінбейтін мүлік дегеніміз - өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік.
Құқық объектілері объектілері ретінде бөлінбейтін заттардың ерекшеліктері заңдарда белгіленеді [4] .
- Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері
31-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы
1. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады.
2. Ерлі-зайыптылардың шаруа (фермерлік) қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 және 225-баптарымен белгіленеді [2] .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224-бабында шаруа (фермер) қожалығының меншігі туралы:
1. Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады.
2. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігінде оның мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскісіндегі екпелер, шаруашылық және өзге де қора-қопсы құрылыстары, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал мен күш көлігі, құс, ауыл шаруашылық және өзге техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сайман және басқа мүлік болады.
3. Шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім және табыс шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.
Ал Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 225-бабында шаруа (фермер) қожалығының мүлкін бөлу туралы жазылған:
1. Барлық мүшелерінің шығып кетуіне байланысты немесе өзге де негіздер бойынша шаруа (фермер) қожалығы тоқтатылған жағдайда ортақ мүлік осы Кодекстің 218 және 221-бабында көзделген ережелер бойынша бөлінуге тиіс.
2. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлікке ортақ меншіктегі өз үлесіне сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде бірлескен меншік құқығындағы шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қожалық мүлкіне үлестері тең деп танылады [4] .
Бірлескен меншіктегі мүлікті иелену, пайдарлану және оған билік ету Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 220-бабында анық көрсетілген:
1. Бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады.
2. Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Егер барлық қп\атысушылардың келісімінен өзгеше туындамайтын болса, бірлескен меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде мәмілелер жасауға құқылы. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап етуімен мәміле жасаған қатысушының қажетті өкілеттігі болмады деген себеппен мәміледегі екінші тарап бұл жөнінде білгені немесе көпе-көрінеу білуге тиіс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Егер осы Кодексте немесе өзге де заң құжаттарында бірлескен меншіктің жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-3-тармақтары қолданылады.
Бірлескен меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару туралы 221-бапта жазылған:
Ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала анықталан жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер заңактілерімен немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең деп танылады.
Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару негіздері мен тәртібі осы Кодекстің 218-бабының ережелерімен белгіленеді, өйткені олКодекспен, басқа да заң құжаттарымен бірлескен меншіктің жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбеген және бірлескен меншікке қатысушылар қатынастарының мәнінен туындамайды.
32-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі
1. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.
2. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.
3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.
33-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету
1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.
2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде ерлі-зайыптылардың бірі мәмілелер жасақан кезде екінші жұбайынының келісімі керек болады. Ерлі-зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесінің сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәіле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасауға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиісті екендігі дәлелдеген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін.
3. Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алуы қажет. Аталған мәміле жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
34-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі
1. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:
- некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;
- ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немсе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;
- қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқ-киім және басқалар) .
2. Некенің іс жүзінде тоқталуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.
35-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкін олардың бірлескен ортақ мүлкі деп тану
Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с. с. ) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншіні болып танылуы мүмкін.
36-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу
1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез келгенінің талап ету бойынша неке кезеңінде де, ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.
2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың қалауы бойынша олардың ортақ мүлікті бөлу туралы келісімі нотариат арқылы куәландырылуы мүмкін.
3. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік беілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін.
4. Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ-киім, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және басқалары) бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесілі болып есептеледі және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды.
5. Ерлі-зайыптылардың неке кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың одан кейінгі неке кезеңінде тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды.
6. Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылар талабына талап-арыз мерзімі өтуінің үш жылдық мерзімі қолданылады.
37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді анықтау
1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.
2. Сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін негізге ала отырып және ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін негізге ала отырып, егер жұбайлардың бірі дәлелсіз себептермен табыс таппаса немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін отбасының мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы.
3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздеріне берілген үлеске қарай бөлінеді.
2. 1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі
Мүліктің шарттық режимі дегеніміз - ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі.
38-бап. Неке шарты
Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.
39-бап. Неке шартын жасау
1. Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін.
Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
2. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.
40-бап. Неке шартының мазмұны
1. Ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін (осы заңның 32-бабы) өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.
Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының обасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысы өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.
2. Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.
3. Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі-зайыптылар арасында мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды көздей алмайды; ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайда қалдыратын немесе неке отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін баса да жағдайларды қамти алмайды.
41-бап. Неке шартын өзгерту және бұзу
1. Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісім бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады.
Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.
2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің талап етуі бойынша неке шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде неке шартын өзгерту және бұзу үшін белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
3. Неке шартында, неке тоқтатылғаннан кейінгі кезеңге арналып көзделген міндеттерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады. (осы Заңның 22-бабы) .
42-бап. Неке шартын жарамсыз деп тану
1. Неке шартын сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде мәмілелердің жарамсыздығы үшін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін.
2. Егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың бірін өте қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да сот неке шартын толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін. Осы Заңның 40-бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады.
2. 2. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі
43-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу
1. Ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша өндіріп алу тек сол жұбайының мүлкіне ғана жзасалуы мүмкін. Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда кредит беруші өзіне өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде борышкер жұбайға тиесілі болатын борышкер жұбайдың үлесін бөліп беруді талап етуге құқылы.
2. Өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемелері бойынша, сондай-ақ сот ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша алынғандардың бәрі отбасының қажеттеріне пайдаланғандығын анықтаса, ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша да ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен жасалады. Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда ерлі-зайыптылар аталған міндеттемелер бойынша өздерінің әрқайсысының мүлкімен бірлесе отырып жауапты болады.
Егер соттың үкімімен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыстық жолмен алған қаражат есебінен сатып алынған немесе көбейтілгені анықталса, өндіріп алу тиісінше ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен немесе оның бір бөлігінен жасалуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz