Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы



Әр халықтың өзіне тән үш түрлі ұлттық тілі болады: сөйлеу, ән айту, билеу. Осылар арқылы біз әр халықтың қандай ұлт екенін ажыратамыз. Мысалы, егер орыс сөйлеп, ән айтып,би билесе оны көргендер оның орыс екнін, олар грузин, өзбек және молдаван т.б. емес екенін анық тани біледі. Осыған байланысты адамзаттың осы өнерге деген ықыласы дамыған елдерде ертеден-ақ пайда болған. Ал би тіліне келетін болсақ, көптеген дамыған елдерде биді кәсіби деңгейде оқытуға қоса көптеген арнаулы оқу орындарында Францияда, Англияда, Германияда, тіптен шағын ғана Вьетнамның өзінде би академиялары жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы барлық жағынан қарқынды дамыған елге айналып келеді. Бұл игілікті іске өнер қайраткерлері де белсенді түрде қатысуы керек. Ұлттық тіл мен музыканы дамыту бағытында біздің қайраткерлеріміз, академиктеріміз де елеулі еңбек етіп келеді. Ал хореография жағына келетін болсақ, бұл жөнінде ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе жоқ.. Оны республикамыздағы музыка өнерінің дамуымен салыстырып көруге болады.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы.

Әр халықтың өзіне тән үш түрлі ұлттық тілі болады: сөйлеу, ән айту,
билеу. Осылар арқылы біз әр халықтың қандай ұлт екенін ажыратамыз. Мысалы,
егер орыс сөйлеп, ән айтып,би билесе оны көргендер оның орыс екнін, олар
грузин, өзбек және молдаван т.б. емес екенін анық тани біледі. Осыған
байланысты адамзаттың осы өнерге деген ықыласы дамыған елдерде ертеден-ақ
пайда болған. Ал би тіліне келетін болсақ, көптеген дамыған елдерде биді
кәсіби деңгейде оқытуға қоса көптеген арнаулы оқу орындарында Францияда,
Англияда, Германияда, тіптен шағын ғана Вьетнамның өзінде би академиялары
жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы барлық жағынан қарқынды
дамыған елге айналып келеді. Бұл игілікті іске өнер қайраткерлері де
белсенді түрде қатысуы керек. Ұлттық тіл мен музыканы дамыту бағытында
біздің қайраткерлеріміз, академиктеріміз де елеулі еңбек етіп келеді. Ал
хореография жағына келетін болсақ, бұл жөнінде ауыз толтырып айтарлықтай
ештеңе жоқ.. Оны республикамыздағы музыка өнерінің дамуымен салыстырып
көруге болады.
1934 жылы Алматы қаласында алғаш рет музыкалық-хореографиялық
мектеп ашылып, бір ғана музыкалық училище болса, қазіргі өнердің дамуына
байлынысты республикада музыкалық мектептердің саны бірнеше жүзге
жетті, әр облыста музыкалық училище, Алматы қаласында консерватория
көптеген педагогикалық жоғары оқу орындарында музыкалық факультеттер
ашылып, жалпы білім беру мектептерінде музыка пәндерінен сабақ өткізіледі.
Ал хореографиялық училище сол бұрынғы 1934 жылғы деңгейде қалуда, ол
жылына ары кеткенде 12 балет әртісін ғана дайындайды.
Қазір бізде Абай атындағы опера және балет театры, мемлекеттік
Салтанат, Алтынай, Алматының жас балеті, би ансамбльдері, Гүлдер,
Варьете жастар эстрадалық ансамбльдері, Қарағанды,Арқалық, Семей, Жетісай
қалаларындағы музыкалық-драмалық және ұйғыр, корей, неміс т.б. музыкалық
театрлары бар үлкен кәсіби ұжымдар жұмыс істейді. 19 облыстық филармонияның
ұжымында жүзден аса ансамбльдер жұмыс жасайды.
1994 жылы хореографиялық училище жанынан хореографиялық институт
(Т.Жүргенов атындағы театр институтына қарайтын) ашылып, қазір оған
педагогтар мен балетмейстерлер дайындау үшін 16 адам қабылданып отыр.
Жылына 5-6 ғана балет әртістерін дайындайтын эстрадалық техникум да
бар.Осы оқу орындарының бәрін жинағанның өзінде хореография саласындағы
кәсіби ұжымдарға қажетті мамандарды даярлап бере алады ма?Әрине, жоқ.
Қазіргі заман талабына балет әртістерін таңдауда ешқандай кедергінің
болмауына кім кепілдік бере алады. Одан шығар жол бар ма? Хореография
өнерінің тілі барлық жерде танымал. Оған бір дәлел Абай атындағы опера және
балет театрының Салтанат, Алтынай би ансамбльдерінің соңғы балет
қойылымдары және жоғарыда аталған ансамбльдердің халықтың өтініші
бойынша Қытай Халық Республикасында 2-3 айлап гастрольде болуы осының бір
айғағы. Бұрынғы КСРО кезінде гастрольдерде (Америкаға, Италияға,Францияға
т.б.)КСРО Үлкен театры және басқа республикалардың балет көрсетілімдері
ғана шақырылатын. Мұны айтып отырғанымыз республикамызда хореография
өнерір дамытуға жан-жақты ат салысып, назар аудару керек екендігі.
Қазір республикамызда жетекшілік жасауды қажет ететін үш мыңға жуық
ұлттық көркемөнерпаздар ансамблі бар (үйірмелерді есептемегенде). Әрине,
бұлар үшін хореография кафедралары жұмыс істеитін, жылына орташа есеппен 10
түлекті ұясынан ұшырып отырған Шымкент және Орал мәдениет институттары
қызмет атқаруда. Мұндай мүмкіндікпен аталған институттар көркемөнер
ұжымдарын тек бері қойғанда жүз жылдан кейін ғана қамтамасыз ете алмақ.
Үлкен көркемөнерпаздар ансамблдері өз бағдарламалары бойынша дайындалуы
үшін кәсіпқой мамандарды Алматыдан шақырады, ал олардың саны не бәрі 3-4
ғана. Олардың өздері үнемі қолдары тие бермеитіндіктен шақырғанға келе
бермейді. Халық арасында қазақ билерін насихаттау мақсатында мен республика
бойынша 18 ұлттық көркемөнерпаздар ансамблін құрдым,олардың барлығы
шетелдерден болып, өз халқының өнерлерін таныстыруда. Алғашқы кезде мұнынң
барлығын бір адам ұйымдастырып, олардың құрамында үш өнер маманы-
сценарист, режиссер және балетмеистер болды. Кейін олар уақыттың
жетіспеушілігіне байланысты тек халық билері репертуарын ғана орвндайтын
болды.
Республика бойынша олардың қатарында мына ансамбльдерді атауға болады:
Қызылорда облысынан Жас дәурен, Нүргүл ансамбльдері, Сыр сұлуы
ансамблі. 1967 жылы КСРО Бүкілодақтық халық шаруашылық көрмесінің үлкен
алтын медаліне ие болған. Қарағанды облысынан Достық, Құрылысшылар
(Теміртаудан), Семей облысынан Қаламқас ансамблі 1973 жылы Чехословакияда
өткен Халықтар творчествосы фестивалінің лауреаты, Жамбыл облысынан
Алатау, Павлодар облысынан Баян сұлу, Жезқазған облысынан Ұлытау,
Тау гүлдер, Талдықорған облысынан Жетісу, Алматы облысынан ҚазМемҚызПИ-
дің ән-би ансамблі1962 жылы Мәскеуде кәсіподақ ұйымдары арасында өткен
фестивальдің лауреаты, Торғай облысынан соңынан кәсіби ұжымға айналған
Шертер ансамблі, Қазақстанның кәсіптік-халық оқу орындарының ансамблі
1957 жылы Мәскеудеөткен Букіләлемдік жастар мен студенттердің
VIфестивалінің лауреаты атанды.
Осы ансамбльдердің құрылуына көп еңбек сіңірген мына басшылар:
Қызылорда облысының,одан соң Жамбыл облысының бірінші хатшысы қызметін
атқарған Х.Ш.Бектұрғанов, Талдықорған педагогикалық университетінің ректоры
М.Ж.Жолдасбеков, Семей облысы Абай ауданының хатшысы Г.М.Матеев,Жезқазған
облысы облыстық комитетінің төрағасы Ж.А.Арғынбаев, Торғай облысының
төрағасы Ө.Д.Жәнібеков секілді кісілер облыстардың әр аудандарында
көркемөнерпаздар ансамбльдерінің ұйымдастырылуына атсалысты. Құрылған
ансамбльдердің көбі дерлік керек уақытында облыстық, аудандық басшылардың
алдыңда бір жылт етіп көрінеді де, кейін із-түссіз жоғалып кетеді. Мұндай
ансамбльдерден халық мәдениетінің дамуына кедергі келмесе, еш пайдасы
болған жоқ.
Қазақстанда 10 мыңға жуық жалпы білім беретін орта мектептер, 300-ге
жуық орта, 60-тай жоғары оқу орындары бар. Бірақ бұл оқу орындарында би
сабағы пән ретінде өткізілмейді. Ал бізге республикамыздағы саны 100 мыңға
жетіп жығылатын балабақшадан бастап неге би тәрбиесін үйретпеске?
Би пәні сабағынан жалпыға бірдей білім беру ісі Қазақстан
Республикасының болашақ ұрпақтарына эстетикалық тәрбие беруде маңызды орын
алады. Би үйренумен айналысуда жастарымыз тек өз халқының биін үйреніп қана
қоймай, өзге ұлттардың да би тарихынан, музыкасынан хабардар болады. Би мен
ән (музыка) бір-бірімен тығыз байланысты. Олар би өрнегінің өзегі құрайтын
ырғақсыз ешқашан іске асқан емес. Жалпы айтқанда, би-бұл дене қимылының
поэзиясы. Нақты айтқанда, қозғалыс –бұл өмір, ал би болса- мәңгілік жастық.
Бидің басқа пәндерден (математика, жаратылыстану, химия, әдебиет т.б.)
айырмашылығы бар ма? Биден сабақ беру-барлығын биші етіп шығарамыз деген
түсінік емес. Оқушылар кейін өз қабілетіне қарай өз мамандығын таңдап
алады. Бірақ би оларға өмір серігі болып қала береді. Сол себептен де
халыққа ұлтық мәдениетті жаңғырту мақсатында мен 1989 жылы республикамыздың
Халық ағарту министірлігіне беретін орта мектептердің бағдарламаларына
би пәнін енгізу қажеттігін және осы тұрғыда педагогикалық
институттардын музыка факултеттерінде би сабағынан ұстаздар әзірлейтін
хореография бөлімдерін ашу керектігін айтып хат жазған болатынмын. Бұл
хатыма министірліктегілер түсіністікпен қарап, 1989-90 оқу жылынан бастап
жалпы білім беретін орта мектептерде Би және ырғақ пәнін енгізді. Осы оқу
жылында Қыздар педагогика институтының музыка факултетінде Музыка және
хореография, ал 1990-91 оқу жылында Хореография мамандығы ашылды. Бұл
мамандыққа республикамыздың әр жерінен келген студенттер қабылданды.
Осыған байланысты халық арасында би мәдениетін кеңінен таныту мақсатында
студенттерді оқуға қабылдауға белсене ат салысып, жаңа ашылған бөлімді
басқаруды өзім қолға алдым. Оқуға 10 жылдық білім, қабілеті бар,
хореографиялық үйірмелердің, көркемөнерпаздардың, ансамблдендің белсенді,
дарынды мүшелері қабылданды. Олардың ішінде мәдени-ағарту училищелерінің
хореография бөлімдерін бітіргендер де болды (өкінішке орай олар өте аз
болды). Олар педагогикалық бөлімнен бастап, қазақ биінің классикалық,
халыұтық, тарихи-тұрмыстық, қазіргі би түрлерінің әдістерімен музыка
теориясы, балет өнерінің тарихи және де барлық теориялық пәндерден білім
алады. Музыкалық құрал-аспаптарды меңгеріп, Балетмейстер өнері, Би
шығармашылығы пәндерінен дәрістер тыңдайды. Соңғы жылдары хореография
бөлімдері Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбе педагогикалық институттарында
және ҚазПИ-де (қазіргі АМУ) ашылды.
Қазір көптеген жалпы білім беретін орта мектептердің, балабақшалардың
көпшілігі Қыздар педагогика институты мен Алматы мемлекеттік
университетінің студенттеріне би пәнінен тәжірибелік сабақ өткізулерін,
би қойылымдарын дайындауды сұрап би пәні бойынша мамандар іздеу үстінде.
Осының өзі-ақ би сабағының қажет екендігін, аталған сабақтың жастарға,
балаларға эстетикалық тәрбие беруде маңызды орын алатындығын дәлелдеуде.
Міне, бұл би мәдениетін жаңғыртуда, халықтың рухани деңгей дәрежесін
көтеруде бидің ерекше орын алатын үш тілдің бірі екендігін танытатын аса
қажетті қадам болмақ..

Қазақ ұлттық билерінің мазмұны.

1. Қара жорға. Көшпенді қазақтар өмірді жылқысыз елестете
алмаған. Аты жоқ адам бақытсыз адам деп есептелінген. Тау-таств, даланы
кезгенде жылқы малы таптырмайтын көлік болған. Сонымен бірге қазақтар
жылқыны әр түрлі ұлттық ойындар мен сайыстарға қатыстырып отырған және де
сол атты пайдаланып жайлауды табатын, әр түрлі қиын жағдайларда
құтқарылатын. Жақсы атты жұрт мақтан тұтқан. Сондықтан да ертегілерде,
аңыздарда, датырлар жырында халық жылқыны айырылмас дос ретінде әнге
қосқан. Халық арасында жылқы мен қазақ жігітінің арасындағы өмірді
бейнелейтін Ақ бозат, Екі жирен, Тепеңкөк, Қара жорға, Бозайғыр,
Құлагер сияқты шығармалар мен ұлттық әндер бар. Көрсетілген әндердің
барлығы жылқы малына қойылған аттар. Қазақ әдебиетінің классиктері Абай,
Ы. Алтынсарин, С.Сейфуллиндер жылқы малына арнап өлеңдер шығарған.
Ш.Айтматов Қош бол, Гүлсары атты повесінде жылқының бейнесін керемет
жасай білген. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қара жорға
биінің де дүниеге келуі адамдардың аттардың жорға жүрісіне, яғни бүкілдеген
желе жүріс жүруіне қарап қойылған. Аяқпен жыбырлаған қадам жасап, ырғақты
тұяқтың тықылы, екі жаққа басын шайқағандағы жалының дыбысы барлығы би
қимылын жасағандай болады. Жорға жүрістің өзінің ерекшелігі бар. Жай аттың
жүрісінде дене солқылдаса, ал жорға жүрісте аттың үстінде отырған адам
ырғақпен қадам жасап билегендей әсер қалдырады. Сондықтан біз Қара жорға
биінде иықтың ырғалып , жорға жүрісті бейнелеитін қимылдарын көре аламыз.
Бұл қимылдар басқа да ұлттық биларде кездеседі. Бұл ұқсастық емес, көркем
бидің бір көрінісі. Жорға жүрістің сипаты мен ырғақты қозғалысын бидің
әуені арқылы білуге болады.
2. Ор теке (орға түскен теке) – малдардың мінез-құлқын байыппен біліп
алған соң дүниеге келген бидің әзіл-қалжың араласқан бір түрі. Бұл
адамдардың аңғалдықтары арқылы осындай күлкілі де шарасыз күйге тап
болатындығын көрсетеді. Бидің тақырыбы мен мазмұны төмендегідей.
Ор- шұңқыр, көлемі 2 м, тереңдігі 1,5 м. Мұндай шұңқырлар жиналған
шөптің жан-жағына малдар мен жабайы ешкілер шөпке тимесін деп қазылады.
Шөпке ұмтылған малдар осы шұңқырррға түсіп кетеді. Шығуға талпынған малдар
қорыққандарынан айналып жүгіріп, секіріп шығуға әрекет жасап, әр түрлі
қимылдар жасайды. Адамдарды көргенде одан сайын үркіп, ордан шығуға
ұмтылады. Олардың шарасыз қимылдары адамдарға ермек болған. Көбінесе
шұнқырларға отарды бастап жүретін текелер түсіп кетіп отырған.
Ор теке биінің үш түрі бар: жеке билеу түрі, айналып билеу түрі,
қуыршақ түрі. Бидің қуыршақ түрін орындау кезінде текені бейнелеитін
қуыршақ үстелдің үстіне денесінің жартысына дейін бекітілді. Аяқтары
денесінің ішкі жағынан жіп өткізіліп, үстелдің жанында отырған музыканттың
сол қолына байланып, музыкант сол қолының саусақтарымен ішектерді
қимылдатқанда, оның саусақтарының қозғалысымен қуыршақтын басы мен аяғы
қозғалып, орға түскен текенің қимылын жасайды. Бұл биді көрген адамдар
еріксіз езу тартады.
Ор теке биінің айналып билеу түрі Соқыр теке деп аталады. Бұл биге
қатысушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер жасап айналып жүгіреді. Ал
ортада көзі байланған соқыр текенің кейпінде ойыншы орға түскен текенің
қимылын жасап, билеп жүргендердің ішінен біреуін ұстап алуға әрекет
жасайды. Ойынға қатысушылардың өздарінің сүйемелдеуімен олар алақандарын
шапалақтап, бар дауыстарымен әнге салады:
Теке-теке, ор теке
Теке-теке, ор теке
Соқыр теке, ор теке
Құрып кеткір, ор теке... т.б.
Ор теке биінің жеке билеу түрі бір орнында тұрып орындалады. Бұл
биде биші иығын, мойынын, қолын қозғалтып айқын қимылдар жасайды. Ол
басқалар сияқты емес, өте ұстамды. Биді орындаушы көркем түрде текенің
қимылын ғана емес, оның шошынуы мен таңқалысын да беинелейді.
3. Ұтыс би (сайыс-би). Бұл биде де суырыпсалма ақындар сияқты кәсіпқой
бишілер өздеріне белгілі билердің қанша түрін білетіндіктеріне байланысты
шеберліктерін көрсетіп сынға түседі. Ұтыс би де, Қара жорға биі сияқты
баяндалуы жағынан өте бай. Күйші бишінің қимылын бағып отырып, сол мезетте
әуенді басқаға ауыстыра қояды. (Бұл би туралы Н.Ф.Савичев өзінің Құрманғазы
туралы естелігінде айтқан).
4. Аю би (аюдың биі). Аңшы мен аюдың кездескендігін бейнелейтін әзіл-
қалжың арласқан бидің түрі. Бірін-бірі көрген екеуі мелшиіп қатып қалады да
, денелерімен алға, артқа қозғалып, бір-біріне аңдып қарап ақырын айналып
жүреді. Аңшы аюдың алдында күлдіргі би билеп, аю қорбандап оның қимылдарын
қайталайды. Есін жинаған аб аңшыға тап баргісі келеді, бірақ аңшы әр түрлі
қимылдармен аңның көңілін аулайды. Әбден шаршаған аю аңшымен бірге жерге
отырып, осы отырған күйлерінде биді ары қарай жалғастырады. Ақыр соңында
аңшы сілесі қатып шаршаған аюдын үстіне отырып алып, ауылына қайтады.
5. Бура би (түйенің биі). Бұл бидің мазмұны да Аю би сияқты әзіл-
қалжың негізінде құрылған, жайылып жүрген түйені көрген ұры түйеге құмартып
қарайды да, оны өзімен бірге ұрлап алып кеткісі келеді. Түйенің иесі
ұрының үстіне түседі. Ұрлық үстінде ұсталған ұры түйенің иесіне ұрлық
туралы ойын жасырғысы келеді, бірақ өзінің жасаған ісін мойынымен көтереді.
Қ.Қуанышбаевтың айтуы боиыншй бидің бұл түрі Орталық Қазақстан кеңінен
таралған.
6. Қаз-қатар (қаз-қатар немесе аққулар)-бұл қаздардың биі. Қаздар
бірінің артынан бірі сызық бойынша жүріп отырып, суға түсуге ыңғайлы жер
іздейді. Олар суға түсіп толқынмен жарыса жүзіп ойнайды. Ағыстың күшімен
олар жан-жаққа тарап кетеді. Басшыларының белгісімен құстар жиналып, бір
сызықтың бойына тұрып ұшып кетеді. Бұл би Ш.Аймановтың Менің сүйікті
дәрігерім атты белгілі картинасында қоиылды.
7. Қоян-бүркіт (қоян және бүркіт)-әзіл-қалжың араласқан бидің бір
түрі. Қоян алаңқайда секіріп, жүгіріп жүріп кенеттен қорқып тоқтап қалады.
Жан-жағына сескеніпқарай бастайды. Жерге жатып алып, мойның созып жан-жағын
тағы барлайды. Ештеңе көрінбейді. Сабасына түскен қоян шөпті жұлып, бір
жерден екінші жерге секіре жөнеледі. Кенеттен қайдан келгені белгісіз
бүркіт пайда болады. Қоянда жүрек жоқ.. Қоянды байқаған бүркіт оның
төбесінен айналып ұшып кетпей қояды. Қоян байғұс секіріп, құлап, құтылудың
әрекетін жасай бастайды. Бүркіттің қарқыны тез, қоян қорыққанынан бір
орында қалшиып тұрып қалады. Жыртқыш оны бассалады, бірақ жеуге асықпайды.
Өз күшіне сеніп, қояннын ешқайда қашып құтылмасын байқаған ол, қанатын
жайып жіберіп өзі әрең жатқан қоянның жанында әрі-бері жүреді. Өзіне
сенгендігінен қырығылып танытпайды. Есін жиған қоян бүркіттін осы осалдығын
пайдаланып жыраның ішімен бұтаның арасына кіріп кетеді. Аңқау бүркіт
қоянның бұтаға қашып кіріп кеткенін көріп, ол жерден іздеп таба алмай,
ашумен қоянды тауып жазасын беруге серт беріп, ұшып кетеді. Бұтанын түбінен
шыққан қоян ұшып кеткен парықсыз ақымақ буркіттін соңынан күліп, қалжыңдап,
көңілді күйімен секіріп, осының алдында ғана өзі жұлып кеткен жас шөбіне
қайта оралады.
8. Насыбайшы- бидің бұл түрі де әзіл-қалжыңға құралған. Бұл биді
орындаушы насыбай атуға әуестеніп жүрген қарттың қимылын салады. Насыбайға
мас болған биші насыбай салынған шақшасын жоғалтып алады да , оны ұзақ
іздейді. Шақшаны тауып алып насыбайды алақанына құиып, тамсана ұртын ашып
салып жібереді. Басы айналып , айналасындағылар көзіне екеу боп көріне
бастайды. Шаттанған күйде ол айналып би билеп, түшкіріп мастықтан жерге
құлайды. Насыбайшы биі де Сылқыма биі сияқты орындаушынын
икемділігін, денесінің, иығының, буындарының айрықша қимылын талап етеді.
9. Қара құлақ немесе Серік құлақ - қазақ жастарының жайлау
кешіндегі ойын кезіндегі көңілді айналып билейтің биінің бірі. Оның негізгі
желісі былай: қыздар мен жігіттер қол ұстасып айналып, шеңбер жасап жүреді.
Шеңбердің ортасында момын қой (қыз) және қасқыр (шеңбердің айналасында
жүгіріп жүрген бозбала) . Отарға еніп кеткен қасқыр қойды ұрлап ала
жөнеледі. Жігіттер қасқырды қуады. Алысқа ұзай алмаған қасқыр өзінің
олжасын жарты жолда қалдырып кетіп, құтылуға асығады.Ешқайда қашып құтыла
алмаған қасқыр батыл жігіттердің қолына түседі. Қой құтқарылды. Ойынға
қатысушылар шаттанып, ән айтып, би билейді.
10. Келіншек биі- әйелдердің түрлі тігін тігу, киіз басу, ұршық иіру,
текемет қағу сияқты жұмыстарды істегенде майысқан денесін, қолдың иілген
саусақтарының қимылын жеңіл ырғақпен көңілді күйде ырғала жүріп сипаттайтын
бидің бір түрі. Келіншек биі халық арасында кеңінен тенымал би. Көріп
отырғанымыздай билердің мазмұнын халық өз өмірінен алған және де сол
билерде қоршаған ортаны эстетикалық жағынан қабылдауын, еңбек нәтижелерін,
адамның мінез-құлқын бейнелеуін көрсеткен.
Жоғарыда атап көрсетілген Қара жорға, Ұтыс би, Қоян мен бүркіт,
Ор теке, Қаз-қатар, Келіншек билерінің мазмұны негізінде автор осы
билерге өнер ұжымдарында әр түрлі қойылымдарды іске асырып, осылардың
негізінде оларды кәсіби хореографиялық өнерді ары қарай дамытуға үлес
қосқан болатын.
Би ансамбльдері және олардың қазақ би өнерін
дамытудағы орны мен ролі.
XX ғасырдың ортасында халықтың материалдық және рухани мәдениетінің
дамуына байланысты Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера және балет,
драма театрларын, хореография мектебін,концерттік ұжымдарды (Қазақконцерт,
филармония), симфониялық және ұлт аспаптар оркестірлерін құруға мүмкіндік
туды. Міне, осындай кезеңде кәсіби деңгейі жоғары би ансамбілін құру алға
қойған мақсаттардың бірі болып саналды.
Қазақстан жерінде халықтық-сапхналық би өнерінің дамуында Қазақ ССР-
нің Мемлекеттік ән-би ансамблінің ролі зор болды. Бұл ансамбль 1955 жылдың
қыркүйек айында Украина ССР-нің еңбек сіңірген артисі, режиссер-хореограф
Л.Д.Чернышеваның басшылығымен өмірге келді.
Би өнеріне ән-күй және әсем қимыл қажет десек бұл екеуі халқымызға тән
зор қасйет, қай ұлттан болмасын кем түспейтін ерекшелік болатын. Қазақ
музыкасының жүйелі әуені, күй ырғағымен тұрмыс-салт жырларының
шарттылықтары ұлттық хореография өнері үшін бұлақ көзі екенін түсінген
Л.Чернышева жаңа құрылған ансамбльдің халыққа жақын болуын қолады.
Ансамбльдің алғашқы ізденістері жемісіз болған жоқ. Концерттік
бағдарламасын сол кезде кеңестер одағының жер-жерлерінде құрылған осындай
ансамбльдар үлгісінде дамытты. Ол бағдарламаға вокальды-хореографиялық
композициялар енгізді. Л.Д.Чернышеваның қазақ биі өнеріне қосқан жаңалығы
да осы болатын. Бұрын тек жеке би ретінде биленіп жүрген билер жаңаша
театрландырылған түр алды. Ансамбльдің репертуары өзіндік көркемдік сипат
алып, вокалды-хореографиялық және драмалық өнердің синтездік түрде дамуын
шығармашылық бағыты етіп ұстанды.
Еңбек процесің бейнелейтін, колхозды ауыл мен селоның өмірін
суреттейтің жаңа би ойындары жарыққа шығуда лирикалық тақырыптардың үндері
жаңаша естілгендей болды. Бұрын біріңғай қыздар немесе біріңғаи жігіттер
ғана билейтің болса, енді жұптаса көпшілік болып билеу орын ала бастады.
Алатау баурайында , Тындағы той атты музыкалы-хореографиялық
композицияларында ауыл және қырман тойының көркі суреттелген. Бұл
композицияларға ансамбль мүшелері түгел қатысып, қыздардың әсем лирикалық,
жігіттердің шапшаң да ширақ билерінен және жұптаса биленетін көпшілік биден
құралған. Ал, Саяхатта композициясында тен қана жігіттер өнер көрсеткен.
Көкпар, Қазақша күрес, Жігіттер биінен және халық әні Ай қабақтан
түзілген бұл композиция шын мәнінде ансамбльдің шығармашылық шыңына
айналды. 1989 жылы З.Райбаевтың басқаруымен осы ансамбль негізінде
Салтанат би ансамбльі болып қайта құрылды. Ансамбльдің репертуарында
жоғарыда көрсетілген үлкен-үлкен вокалды-хореографиялық композициялармен
бірге Киіз басу , Айжан қыз, Шашу, Ата толғау, Шолпы, Қос алқа,
Сылқыма билері әсем өрнектерімен ерекшеленді.
1985 жылы Алматы облыстық филармониясы жанынан фольклорлық юи
ансамблінің құрылуы осы кезеңнің бір жаналығы болды. Осы жылы Алматы
хореграфия училищесің бітірген түлектерден құрылған бұл ансамбльдің алдына
қазақ халық биін насихаттау негізгі мақсат болып қойылды. Халық арасында
сақталып қалған көне билерді қалпына келтіріп , ансамбльдің репертуарына
енгізуде Д.Әбіровтың Ұтыс биі мен О.Всеволодская-Голушкевичтің Буын
биінің сахна төрінен орын алуы заңды құбылыс болатын.
Би ансамблінің болмысы оның шығармашылық жұмысы балетмейстер өнерінің
деңгейіне тікелей байланысты екені белгілі. Осыны түсінген филармония
басшылары еліміздің белгілі өнер қайраткері Шара Жиенқұлованы, Дәурен
Әбіровты шақырып, ел мұрасына айналған билерін ансамбль репертуарына енгізу
арқылы жас өнер ұжымының сахналық шеберлігінің өсуіне ерекше ықпал етті.
Бүгінгі күні Ш.Жиенқұлованың осы ансамбльге арнап қойған Айжан қыз,
Қазақ вальсі, Ә.Ысмайловтың Құсбагі-дауылпаз, Д.Әбіровтың Қоштасу,
Алтынай, Балбырауын, О.Всеволадская-Голушкевичтің Кербез би, Киіз
басу билері тек қана ансамбль репертуарында қалмай жер-жерде оқу
бағдарламаларына енгізіліп жүр. Бүгінгі күні халық билерінің Республиканың
түкпкір-түкпкіріне таралып, кең қанат жаюының өзі балетмейстерлер мен
бишілердің өнерімен тығыз байланысты. Ансамбль бишілерінің шығармашылық
жолы ұлттық билерді сақтаушы ғана емес бұрынғы мен бүгінгінің арасын
жалғастырушы іспеттес. Осы күні бүкіл халық игілігіне айналып , қазақ би
мәдениетіне зор үлес қосқан атышулы бишілеріміздің қалдырған мұрасы осының
айғағы деп білеміз. Ендеше бүгінде іргесі бекіп , Қазақстанның кәсіби би
өнерінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан Салтанат, Алтынай би
ансамблдерінен осы өнердің ғажап үлгісін көріп , одан нәр алған би ұжымдары
бүгінде тамырын терең жайып, көп салалы, кең өрісті өнер ошақтарына
айналды. Көрермен қауымның жоғары эстетикалық талап-талғамына жауап беретін
ансамблдер өзінің көркемдік-идеялық мазмұнының байлығымен бірге сан жағынан
да өсіп, көбейіп келе жатқаны белгілі.

Қазақстанда хореографиялық білім беру.

XX ғасырда қазақ халқының тарихында кәсіби өнердің алар орны ерекше.
Республикада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ биінің даму жолдары
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЛЕР ОРЫНДАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ӨЗІНДІК ӨРНЕГІ
Классикалық билердің элементтері, вальспен танысу
Қазақ мемл
Қазақ қоғамындағы билердің ролі
Қазақ музыка театрының би өнері
Қазақ би өнерi
И.А.Моисеевтің КСРО –ға еңбек сіңірген Академиялық халық би ансамбліндегі педагогикалық және шығармашылық қызметі
Қара жорға биінің тарихы
Пәндер