Халықты әлеуметтік қорғау-мемлекет саясатының маңызды саласы



Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
2.1. Халықты әлеуметтік қорғау.мемлекет саясатының маңызды саласы
2.2. Жұмыс беруші жауапкершілігінің сақтандыруы . халықтың әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды бөлігі
2.3. Қазақстан Республикасындағы зейнеталық қамсыздандыру жағдайы

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Өмір сақтандыру тарихы шамасымен 2000 жыл бұрын басталады. Көне Үндістандағы қайырымдылық мақсаттарға арналған ақша қорлары, көне Иудеядағы коммуналды мекемелер, Рим империсындағы коллегиялар – бұның бәрі сақтандырудың бастапқы нысандары. Бұл қамқорлық адамзат қоғамында емес, тіпті зерттеулер бойынша жан-жануарлар тіршілігінде де кездеседі. Мәселен, пілдер тобыр болып жүргенде ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік қорғау ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның» 22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын . Сақтандыру ұйымдарға ұқсас орта ғасырларда бөлек цехтар мен гильдияларда болған. Бұл ұйымдар кейбір қиыншылықтарда өздерінің мүшелеріне материалды көмек көрсетіп, қайтыс болған адамның отбасына қамқорлық ететін. Бүгін барлық елдерде, сонымен бірге Қазақстанда да, өмір сақтандыру экономикаға деген инвестициялар мен қоғамның әлеуметтік мәселелерінің шешуін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сала. «Барша қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды міндет болып қала береді», - деп Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей, Қазақстан Республикасында өмір сүретін әрбір азаматтың жақсы да жарқын өмір сүруге құқығы бар.Халықтың сақтандыру компанияларға деген сенім деңгейі жылдан жылға өсуде. 2006 жылы сақтандыру компаниялардың жалпы активтері 79,1 пайызға өсіп, 120,2 млрд теңге құрды. Жалпы сақтандыру сыйақыларындағы өмір сақтандыру үлесі де өсті – 3,1 пайыз былтырғы 2,1 пайызға қарағанда. Әр түрлі елдердегі жеке сақтандыру дамуының ұқсастығы болса да, әр мелмекетке тән ерекшелікті де белгілеуге болады. Қазақстан үшін бұл ерекшелік алдымен біздің елімізде халықтың әлеуметтік қорғауының мүлдем жаңа жүйесінің салынуы басталғанында. Еске салсақ, 90-жылдары еліміз «сенімділігі артқан минималды әлеуметтік игіліктерді беретін» бұрынғы жүйені сақтау немесе «әлеуметтік саласындағы түбегелі өзгерістер бастау» деген таңдау алдында болды. Бұрынғы жүйе құрып бара жатып, және ең бастысы бәсекелесуге қабілеті болмағанын есепке алып, нарықтық экономика жағдайына лайықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгісін құруға бағыт алынды. Қазақстандағы соңғы уақытқа дейін жұмыс істеген әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен салыстырғанда, оның бірнеше деңгейі бар. Бірінші деңгейі – мемлекеттік бюджеттен жүргізілетін әлеуметтік жәрдем ақша, мекен-жайлық әлеуметтік көмек ретіндегі төлемдер, жұмысқа орналастыруға жәрдем салу. Екінші деңгей – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жүргізілетін төлемдер (еңбекке жарамдылығын жоғалтқан, асыраушысын жоғалтқан, жұмысын жоғалтқан сәттегі) мен жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру арқылы жүргізілетін сақтандыру төлемдері (жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оның өміріне және денсаулығына зиян келтірген үшін). Және үшінші деңгей - өз еркімен өмір сақтандыру есебінен төлемдер жүргізу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Жұматай И. Қазақстан Республикасында кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік қорғау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту – саясатты ізгілендірудің басты бағыты //. 2007. № 12. 71 б.
2.Социальные ориентиры обновления: общество и человек / Под ред. Т.И. Заславской. – М.: Политиздат, 1990.
3. «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылы 17 шілде.
4.Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Халықты әлеуметтік қорғау-мемлекет саясатының маңызды саласы
2.2. Жұмыс беруші жауапкершілігінің сақтандыруы – халықтың әлеуметтік
қорғау жүйесінің маңызды бөлігі
2.3. Қазақстан Республикасындағы зейнеталық қамсыздандыру жағдайы
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Өмір сақтандыру тарихы шамасымен 2000 жыл бұрын басталады. Көне
Үндістандағы қайырымдылық мақсаттарға арналған ақша қорлары, көне Иудеядағы
коммуналды мекемелер, Рим империсындағы коллегиялар – бұның бәрі
сақтандырудың бастапқы нысандары. Бұл қамқорлық адамзат қоғамында емес,
тіпті зерттеулер бойынша жан-жануарлар тіршілігінде де кездеседі. Мәселен,
пілдер тобыр болып жүргенде ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен
бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына
мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік
қорғау ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда
болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам
құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның 22-бабында Әр адам қоғамның
мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие делінген. Ең алғаш
тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын .
Сақтандыру ұйымдарға ұқсас орта ғасырларда бөлек цехтар мен гильдияларда
болған. Бұл ұйымдар кейбір қиыншылықтарда өздерінің мүшелеріне материалды
көмек көрсетіп, қайтыс болған адамның отбасына қамқорлық ететін. Бүгін
барлық елдерде, сонымен бірге Қазақстанда да, өмір сақтандыру экономикаға
деген инвестициялар мен қоғамның әлеуметтік мәселелерінің шешуін қамтамасыз
ететін стратегиялық маңызды сала. Барша қазақстандықтардың өркендеуі,
қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды
міндет болып қала береді, - деп Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы Қазақстан
халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей, Қазақстан Республикасында өмір
сүретін әрбір азаматтың жақсы да жарқын өмір сүруге құқығы бар.Халықтың
сақтандыру компанияларға деген сенім деңгейі жылдан жылға өсуде. 2006 жылы
сақтандыру компаниялардың жалпы активтері 79,1 пайызға өсіп, 120,2 млрд
теңге құрды. Жалпы сақтандыру сыйақыларындағы өмір сақтандыру үлесі де өсті
– 3,1 пайыз былтырғы 2,1 пайызға қарағанда. Әр түрлі елдердегі жеке
сақтандыру дамуының ұқсастығы болса да, әр мелмекетке тән ерекшелікті де
белгілеуге болады. Қазақстан үшін бұл ерекшелік алдымен біздің елімізде
халықтың әлеуметтік қорғауының мүлдем жаңа жүйесінің салынуы басталғанында.
Еске салсақ, 90-жылдары еліміз сенімділігі артқан минималды әлеуметтік
игіліктерді беретін бұрынғы жүйені сақтау немесе әлеуметтік саласындағы
түбегелі өзгерістер бастау деген таңдау алдында болды. Бұрынғы жүйе құрып
бара жатып, және ең бастысы бәсекелесуге қабілеті болмағанын есепке алып,
нарықтық экономика жағдайына лайықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгісін
құруға бағыт алынды. Қазақстандағы соңғы уақытқа дейін жұмыс істеген
әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен салыстырғанда, оның бірнеше деңгейі
бар. Бірінші деңгейі – мемлекеттік бюджеттен жүргізілетін әлеуметтік жәрдем
ақша, мекен-жайлық әлеуметтік көмек ретіндегі төлемдер, жұмысқа
орналастыруға жәрдем салу. Екінші деңгей – міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесі арқылы жүргізілетін төлемдер (еңбекке жарамдылығын жоғалтқан,
асыраушысын жоғалтқан, жұмысын жоғалтқан сәттегі) мен жұмыс берушінің
жауапкершілігін міндетті сақтандыру арқылы жүргізілетін сақтандыру
төлемдері (жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оның
өміріне және денсаулығына зиян келтірген үшін). Және үшінші деңгей - өз
еркімен өмір сақтандыру есебінен төлемдер жүргізу.

Халықты әлеуметтік қорғау-мемлекет саясатының маңызды саласы

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру маңызды
элементтерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік,
медицналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан
сақтандыру сияқты түрлері бар. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық
және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы
жүзеге асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың
жалақысының 7,5 пайзы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру
толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Қазақсатнда міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27
ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
құрылды.Мұнда мемлекетке төленетін әлеуметтік салықтың үш пайызын құрайтын
бөлігі ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады. Міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енген уақыттан бастап 2008 жылдың 1
қаңтарына дейінгі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан
жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы 822 542,1 мың теңгені құрады.
Бұл қор төмендегідей қызметтер атқарады:
еңбек ету қабілетінен айрылу, егер медициналық-әлеуметтік сараптама
азаматқа еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыдан басқа еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша
әлеуметтік төлемақы алуға құқылы. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша
әлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету
қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысу өтіліне байланысты болады.
асыраушысынан айрылу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот
хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы
мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер
тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер
орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
жұмысынан айрылу, жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау,
жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер азамат үшін 6
айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және жұмыссыз ретінде
ресми тіркелсе, онда ол жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға
құқылы.
жүктілігі және босануына, әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің
соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты
босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр
босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа
айлық табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген
өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады.
Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.
нәресте күтімі үшін, бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын
төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы
мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері
ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау
керек, ал әлеуметтік төлемнің ең кіші ері бала күтіміне төленетін
мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады
Қазақстандағы сақтандыру рыногы екі секторға бөлінеді. Олар: жалпы
сақтандыру компаниясы және өмірді сақтандыру компаниясы. Жұмыс беруші жалпы
сақтандыру компаниясымен келісім- шартқа отырады. Сақтандыру жылы ішінде
кәсіпорында ешқандай көлденең оқиға болмаса тіпті жақсы, ал егер де
бақытсыздық оқиға орын алса, жұмыс беруші ануитеттік келісім - шартын
жасауға міндетті. Міне, осы жерде проблема пайда болады. Өйткені, көп
жағдайларда кәсіпорын басшылары мұндай жағдайда не істерге
білмейді.Ануитеттік келісім-шарты 4 дана болып жасалады. Оның біреуі
ануитеттік компанияның өзінде қалады, екіншісі жұмыс берушіде қалдырылады,
үшіншісі жарақат алған жұмысшы адамға беріледі, төртіншісі сол адамды
сақтандырған бірінші сақтандыру компаниясына беріледі. Ал бұл бірінші жалпы
сақтандыру компаниясы осы келісім - шарт негізінде оны төлеуге тиісті. Оны
жұмыс беруші төлемейді, сол кәсіпорынмен сақтандыру келісім-шартын жасаған
алғашқы жалпы сақтандыру компаниясы төлейді. Сақтандыру төлемін жүзеге
асырудың қысқаша механизмі осы ретте болады.Жұмыс беруші әуелі жалпы
сақтандыру компаниясымен келісім- шартқа отырады. Жұмыста бақытсыздық оқиға
болған жағдайда ол ануитеттік сақтандыруға лицензиясы бар өмірді
сақтандыру компаниясымен келісім -шартына отырады. Ануитеттік компания
ануитеттің бағасын есептеп, оны жұмыс берушіге тапсырады. Жұмыс беруші оны
кәсіпорынмен алғашқы жалпы сақтандыру келісім- шартын жасаған сақтандыру
компаниясына жібереді.Олар тиісті төлемді іске асыруға міндетті.Әдеттегі
тәжірибеден көріп жүргеніміздей, кәсіпорындарымен алғашқы жалпы сақтандыру
келісім- шартын жасайтын сақтандыру компаниялары сәл нәрседен ілік тауып,
заңда көрсетілмеген артық құжаттарды талап етіп, қалай болғанда да
сақтандыру өтемін төлемеуге тырысады. Бұл дұрыс емес. Азаматтық құқтық
жауапкершілікті міндетті сақтандыру Заңында оқиға болған жағдайда қандай
құжаттар жасақталуы қажет екендігі және онда заңда көрсетілмеген басы артық
құжаттар талап етуге болмайтындығы атап көрсетілген.Кейбір сақтандыру
компаниялары кезінде кәсіпорындағы әрбір жұмысшымен жасалған сақтандыру
келісім - шартындағы сомадан ануитеттік сақтандырудың сомасы асып кеткен
жағдайларда да төлеуден бас тартады. Бұл да дұрыс емес. Ануитеттің сомасы
кәсіпорындағы жалпы сақтандыруға бөлінген бүкіл қаржыдан асып кетпесе
болғаны, ол міндетті түрде төленуге жатады.Егер ануитеттің төленетін сомасы
ол межеден асып кететін болса, онда айырмасын жұмыс беруші
төлейді.Сақтандырудың бұл схемасы біршама күрделілеу, өйткені оған екі
сақтандыру компаниясы қатысады. Соның салдарынан бірқатар қиыншылықтар
туындайды.Қазір ҚР Парламенті Мәжілісінде сақтандыру туралы жаңа заңның
жобасы жатыр. 2010 жылдан бастап бір ғана сақтандыру компаниясы жұмыс
жасайтын болады. Заңның атауы да өзгеріп Жұмысшыны (қызметшіні)
бақытсыздық жағдайдан сақтандыру деп аталатын болады.Ануитеттік компанияны
жұмысшының өзі таңдауға құқылы.Әр ануитеттік компанияның мүмкіндіктері
әртүрлі болады.Өзіңіздің зейнеткерлік жинақ ақшаңызды 55 жастан бастап алу
мүмкіндігі туралы:Зейнеткерлікпен қамтамасыз ету Заңы 55 жасқа толғаннан
кейін өзіңіздің зейнеткерлік жинақ қорыңызды алуға мүмкіндік береді. Оның
екі түрлі шарты бар. Біріншісі – адамның жасы, яғни 55 жастан кем болмауы
керек, екіншісі – зейнеткерлік жинағыңыздың сомасының жеткілікті болуы,
яғни ерлер үшін- 1 675 294 теңге, әйелдер үшін- 1 947 844 теңгеден кем
болмауы тиіс.Зейнеткерлік жинағыңыз осы көрсетілген сомаға жететін болса,
сіз оны мемлекеттік аннуитеттік компанияға аударасыз да, сол компаниядан
алып тұрасыз.Сіздің зейнеткерлік жинағыңыз көрсетілген сомаға жетіп тұр
делік, бірақ сіздің жасыңыз небәрі 55-те, сіз әлі 8 жыл бойы жинақ
ақшаңызды ала алмайсыз. Өйткені, зейнеткерлік жас - 63. Сондықтан да сіз
зейнеткерлік жинағыңызды мемлекеттік аннуитеттік компанияға аударып
жіберсеңіз, 63 жасты күтпей-ақ зейнеткерлік жинақ ақшаңызды алып тұрасыз.
Әрине, ай сайын емес, жылына бір рет, бір жылдық жинағыңызды, яғни біраз
мөлшердегі соманы ала аласыз. Сондай-ақ қалауыңыз бойынша депозитке салуға
да қақыңыз бар. Одан сіз ешнәрсе жоғалтпайсыз, керісінше жылына 12-13 пайыз
мөлшерінде пайда табасыз.Сіз зейнетақы қорындағы ақшаңызды ондағы
жинақталған сома таусылғанша ғана аласыз. Ал зейнетақы қорындағы
жинақталған соманы мемлекеттік аннуитеттік компанияға аударсаңыз,
жинақталған соманың таусылған-таусылмағанына қарамастан өмір бойы алып
тұрасыз. Бұл да бір артықшылығы.Гүлбағида Болатбекова- Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ ақпараттық қамтамасыз ету, талдау
департаментінің директоры:
-Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қазіргі таңда бес түрлі әлеуметтік
төлемдерді беруді қамтамасыз етіп отыр.
Әлеуметтік төлемдерді уақытылы, толық-қанды төлеп отыру жұмыс берушілердің,
кәсіпорын есепшілерінің әлеуметтік тәуекелге арналған қаржыны ай сайын
дәлме-дәл аударып отыруларына байланысты болады.

2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап кәсіпорындар әрбір жұмысшыға арналған
еңбек ақының біржарым пайызының мөлшерінде ай сайын әлеуметтік қаражат
аударып отыратын болып белгіленді. Бұл біржарым пайыздық соманы жұмысшы
емес, әлеуметтік салықтарды қайта бөлу есебінен жұмыс беруші аударып
отырады. Егер міндетті зейнетақы қоры біздің жалақымыздан он пайыз ұстап
отыратын болса, яғни жалақымыз 100 мың теңге болса, оның 10 мың теңгесі
біздің зейнетақы жинақтау қорымызға аударылып отырады. Сөйтіп, сіздің 90
мың теңге жалақыңыз қалды.Енді, бүгін 1-ші қаңтардан бастап сіздің жұмыс
берушіңіз осы 90 мың теңгенің 4 пайызын біздің Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына аударып отырады. Осы әлеуметтік сақтандыру саясатының
нәтижесінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бес түрлі, яғни:

-еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына;

-асыраушысынан айрылу жағдайына;

-жұмысынан айрылу жағдайына;

-жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы асырап алуы жағдайына;

-бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін әлеуметтік төлемдер төленіп
отырады.

Бұл маңызды әлеуметтік саясатқа кәсіпорын басшылары мен олардың есепшілері
өте мұқият қараулары керек. Әдетте солардың салақ-тығы мен қателіктерінен
көптеген көлденең қиындықтар болып жатады. Сондықтан кәсіп-орын әрбір айдың
25-ші жұлдызынан кешіктірмей тиісті әлеуметтік салықтарын сақтандыру
қорының есебіне аударып отырулары керек.Еңбек ету қабілетінен айрылған
жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 24 күнтізбелік айдағы
әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа, еңбек ету қабілетінен айрылу
дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне
байланысты. Әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға уәкілетті орган
еңбек ету қа-білетінен айрылу дәрежесін белгілеген күннен бастап
тағайындалады.
Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеу-меттік төлем алу құқығы қайтыс болуы
туралы куәлікте көрсетілген күннен немесе сот хабар-ошарсыз кетті деп
таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған күннен басталады.Асыраушысынан
айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік
аударымдар жүргізілген соңғы 24 күнтізбелік айдағы табыс сомасына,
асырауындағы адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысу өтіліне байланысты болады. Бұл төлем қайтыс болған адамның
асырауында болған баласына, асырап алған баласына, аға-інісіне, апа-
сіңлісіне тағайындалады және олар 18 жасқа толғанша немесе оқу орнын
бітіргенше төленеді.2008 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жүктілігі және
босануы бойынша жұмыс беруші төлейтін декреттік демалыстың орнына
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалады.
Жүктілігі және босануына байланысты төлем төлеу мерзімі белгіленген
тәртіппен еңбекке жарамсыздығы туралы парақта көрсетілген жүктілігі және
босануы бойынша демалыстың басталған күнінен басталады.Жұмысынан айрылу
жағдайына байланысты берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және орташа айлық табысына
байланысты болады. Жұмысынан айрылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем
тұлғаның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз
ретінде тіркелген күнінен бастап тағайындалады.2008 жылдың 1-ші қаңтарынан
бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір жасқа толғанға
дейінгі бала күтімі үшін соңғы 24 айдағы әлеуметтік аударымдар аударылған
табыстың 40% мөлшерінде әлеуметтік төлем-дер тағайындалады. Бұл ретте
әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері он еселенген ең кіші жалақы
мөлшерінің 40 пайызынан аспайды.Сонымен қатар бір жасқа толғанға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі көрсеткіштерінің жағдайын талдау
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі
Әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу
Мемлекеттің ақша-несие саясаты бойынша ақпарат
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оның қазіргі кезеңде Қазақстанда іске асыру мәселелері
Жастар және жұмыссыздық мәселесі
Әлеуметтік саясат - мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі
Әлеуметтік мемлекет түсінігі
Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Пәндер