Қазақ тілі олимпиадасының тапсырмалары


1. Сөздің дұрыс айтылымын табыңыз:
Менің қолымда тоғыз алма.
A) тоғұз
B) тоғыз
C) тоғоз
D) тогиз

2. −кер қосымшасы қай сөзге жалғанады?
A) ғарыш
B) қыз
C) үй
D) сүт

3. «Бәлкім» сөзін қай сөздің орнына қоюға болатынын анықтаңыз:
Мүмкін, ертең ауа райы өзгерер.
A) мүмкін
B) ертең
C) ауа райы
D) өзгерер

4. Қазақтың мәдениеті мен танымын білдіретін сөздерді анықтаңыз.
A) киіз үй, айтыс, күй.
B) Тарақ, бешпент, сәукеле.
C) Кірпіш үй, боз үй, киіз үй.
D) Туыс, нағашы, бөле.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақ тілін үйренуге талаптанатын оқушылардың арасында қазақ тілінен
республикалық Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы дистанциялық
олимпиадасының тапсырмалары

Лексика-грамматика бөлімі
9 – сыныпқа

1. Сөздің дұрыс айтылымын табыңыз:
Менің қолымда тоғыз алма.
A) тоғұз
B) тоғыз
C) тоғоз
D) тогиз

2. −кер қосымшасы қай сөзге жалғанады?
A) ғарыш
B) қыз
C) үй
D) сүт

3. Бәлкім сөзін қай сөздің орнына қоюға болатынын анықтаңыз:
Мүмкін, ертең ауа райы өзгерер.
A) мүмкін
B) ертең
C) ауа райы
D) өзгерер

4. Қазақтың мәдениеті мен танымын білдіретін сөздерді анықтаңыз.
A) киіз үй, айтыс, күй.
B) Тарақ, бешпент, сәукеле.
C) Кірпіш үй, боз үй, киіз үй.
D) Туыс, нағашы, бөле.

5. Көп нүктенің орнына керек сөзді қойыңыз:
Менің бауырым ... қызмет бабымен кетті.
A) Мәскеуге
B) Мәскеудің
C) Мәскеуді
D) Мәскеумен

6. Толықтырыңыз:
Ақорда ғимараты Астана ... орналасқан.
A) қаласында
B) қаласын
C) қаласымен
D) қаласының

7. Мағыналас нұсқаны табыңыз: өте жылдам
A) көзді ашып жұмғанша
B) көзін ашты
C) көзімен көрді
D) көз көрген

8. Сөйлем басына сөз таңдаңыз:
... не жасайды?
A) Мұнайдан
B) Мұнайда
C) Мұнайдың
D) Мұнайсыз

9. Толықтырыңыз:
Сен сағат ... жетіге дейін не істедің?
A) алтыдан
B) алтыға
C) алтымен
D) алтыны

10. Толықтырыңыз:
Мен ... қарап қалдым.
A) Ғалияға
B) Ғалиядан
C) Ғалияның
D) Ғалияны

11. Диалогты аяқтаңыз:
- Ғалымжан бас маман ба?
-Иә, ол ...
A) бас маман.
B) бас маманмын.
C) бас мамансыз.
D) бас маманбыз.

12. Сөйлемді бастаңыз:
... көрінбейді.
A) Жұлдыздар
B) Жұлдыздер
C) Жұлдызтар
D) Жұлдызлар

13. Сөйлемді аяқтаңыз:
- Назерке, сіз Қарағандыда ...
A) жүрсіз бе?
B) жүрміз бе?
C) жүрсің бе?
D) жүр ме?

14. Тиісті қосымшаны жалғаңыз:
Елбасы Францияның мемлекеттік хатшысы... қабылдады.
A) -н
B) -ны
C) -нда
D) -нан

15. Керек сөзді белгілеңіз:
Уақытың ..., бізге кел.
A) болса
B) болсақ
C) болсам
D) болсаңыз

16. Туыстық атауды білдіретін сөзді анықтаңыз:
Аға – бор, іні – тас .
A) аға, іні
B) бор, тас
C) аға, тас
D) бор, іні

17. Дұрыс нұсқасын белгілеңіз:
А) Екі бас тұз
В) Екібастұз
С) Екібастуз
D) Экибастуз

18. Антоним сөздерді табыңыз:
Ашу− ..., ақыл−... .
А) жаны, қасы
В) алға, ілгері
С) жақсы, жақсылау
D) дұшпан, дос

19. Асты сызылған сөзді қалай түсіндіңіз?
Жылқы сеп−семіз екен.
A) өте семіз
B) сәл семіз
C) семізірек
D) семіздеу

20. Толықтырыңыз:
Нұржанның суретіне қарап қалсам, ақ ... қыздың жүзі таныс болғандай
көрінді.
A) киімді
B) киімсіз
C) киіммен
D) киімдегі

21. Толықтырыңыз:
Менің інім −... бала.
А) жуас
В) тұщы
С) ащы
D) дөңгелек

22. −інші қосымшасын жалғаңыз:
A) Он ... автобус керек пе?
B) Жиырма тоғыз... автобус тоқтай ма?
C) Төрт... троллейбус кетіп қалды ма?
D) Алты... трамвай келе жатыр ма?

23. Суретке сәйкес сөзді таңдаңыз:
... ағаш
A) үш
B) бір
C) екі
D) бес

24. Тиісті қосымшаны жалғаңыз.
Төрт... түгел болса, төбедегі келеді.
A) –еу
B) –ау
C) –те
D) –у

25. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз:
А) Әлия сағат бесіншіде келеді.
В) Сағат үште жиналыс басталады.
С) Спортшы бесеу минутта мәреге жетті.
D) Мен бесеу адам болып кірдім.

26. Диалогты толықтырыңыз:
−Сен кітаптың нешінші бетін оқып жатырсың?
−... бетін.
А) Сексен алтыншы
В) Сексен алты
С) Сексен алтау
D) Сексен алтыдай

27. Тиісті қосымшаны жалғаңыз.
Бір... тойып секіреді, бір... тоңып секіреді.
A) –еу
B) –ау
C) –е
D) –у

28. Сөйлемді аяқтаңыз:
Кітапхана мұнда емес, ...
A) мұнда
B) мұны
C) мұның
D) анда

29. Мәндес сөзді табыңыз:
Бүкіл түркі халқына қарулы жау келтірмедім.
(732 жыл, Орхон жазуы)
A) Барлық
B) Бір
C) Жалпы
D) Әлемдік

30. Сұраққа сәйкес бір сөзбен жауап беріңіз:
Мына тапсырманы кім орындады?
A) мына
B) тапсырманы
C) өзім
D) орындадым

31. Жауап таңдаңыз:
Дастан осында орналасты ма?
A) Осы
B) Иә, осында
C) Осы, осында
D) Осы, осында, осынау

32. Толықтырыңыз:
Қайырымдылығыңнан айырылсаң, ... айырылғаның.
A) бәрінен
B) бәрі
C) барлық
D) барлығы

33. Сөйлемді аяқтаңыз:
Жақсылық көрсем ...
A) өзімнен
B) өзім
C) өзім, өзге
D) өзім, өзге, өз

34. Сөйлемді аяқтаңыз:
Іздеген мұратына ...
A) жетеді
B) жетпейді
C) жетеді, жетпейді
D) жетпес

35. Сөйлемді аяқтаңыз:
Ерді талап ...
A) ұшырар
B) ұшады
C) ұшпайды
D) ұшу

36. Сөзді толықтырыңыз:
Бас екеу бол...й, мал екеу бол..с.
А) –ма
В) –ба
С) –па
D) –ме

37. Сәйкес тұлғаны таңдаңыз:
Егер мақсатыңа жеткің кел..., көп еңбек ету керек.
А) –са
В) –ар
С) –ер
D) –се

38. Cөйлемді толықтырыңыз:
Досым Қарағандыда тұрады. Оған хат ... керек.
А) жазуға
В) жазу
С) жазады
D) жазғанда

39. Cөйлемді толықтырыңыз.
Құрбыма телефон ... керек.
А) соққым
В) соғамын
С) соғуым
D) соққанша

40. Сөйлемді толықтырыңыз:
Елімізде дамудың аумақтық стратегиялық осьтері ... .
А) қалыптасқан
В) қалыптасу
С) қалыптасып
D) қалыптаса

41. Сөйлемді толықтырыңыз:
Банкте құнды заттарды сақтауға ... .
А) болады
В) болды
С) болса
D) болу

42. Сөйлемді толықтырыңыз:
Тілді басқа ұлттық құндылықтардан ... қарауға болмайды.
А) бөле−жара
В) бөліп қарау
С) бөліп тастау
D) бөлек−жара

43. Сөйлемді толықтырыңыз:
Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту ... қолға алына бастады.
А) енді
В) бұрын
С) ертең
D) алда

44. Антоним сөздерді табыңыз:
Үйлену–..., үй болу - ... .
А) оңай, қиын
В) үлкен, үлкенірек
С) бақытты, бақытсыз
D) жақсы, өте жақсы

45. Қай сөздің сипаты басқа?
А) алға
В) ілгері
С) баяу
D) алдыңғы жаққа

46. Сөйлемді толықтырыңыз:
Қазақ халқы ... көшпелі жұрт болған.
А) бұрын
В) болашақта
С) келешекте
D) қазіргі уақытта

47. Сөйлемді толықтырыңыз:
Кешеден ... күн жылы.
А) бері
В) таман
С) шейін
D) дейін

48. Сөйлемді толықтырыңыз:
Ерді ел ..., жігітті жұрт ... мақта.
А) жайлы
В) туралы
С) үшін
D) бойы

49. Сөйлемді толықтырыңыз:
Жер ..., диқандық ... білетіні мардымсыз.
А) сияқты
В) тәрізді
С) туралы
D) секілді

50. Сөйлемді толықтырыңыз:
Оқуға да кіргізем, - деп ... ұрсып, ... қамқорсып қояды.
А) яки
В) немесе
С) біресе
D) мейлі

51. Сезімді білдіру үшін сәйкес нұсқаны таңдаңыз:
... кешке баруым керек еді.
А) Қап!
В) Алақай!
С) Тәйт!
D) Шіркін!

52. Сөйлем басына сөз таңдаңыз:
..., өткен өмір-ай!
А) Туһ!
В) Алақай
С) Ойпыр-ай
D) Ойбай!

53. Сөйлем басына сөз таңдаңыз:
..., саған бірдеңе айтайыншы.
А) Қалқатай
В) Әлбетте
С) Шынын айтса
D) Бәлкім

54. Сөйлемді толықтырыңыз:
..., мәжіліске сен барарсың, өйткені менің қолым босар емес.
А) Мүмкін
В) Бақытымызға қарай
С) Сеніңше
D) Оның пікірінше

55. Аяқтаңыз:
Дүкен ашық болу ... .
A) керек
B) бар
C) болады
D) болды

56. Сәйкес сөзді белгілеңіз:
Әнді де, күйді де ... тыңдады.
A) құмарта
B) құмар
C) құмарға
D) құмарлық

57. Диалогты жалғаңыз:
- Әріптесіңіз кеше конференцияда болды ма?
А) –Иә, кеше болды.
В) –Иә, барады
С) –Иә, барайын деп жатыр
D) –Иә, болады

58. Сөйлемді аяқтаңыз:
Мұқтар шағын денелі ..., ал Сәбит ірі денелі кісі ... .
А) қажет
В) тиіс
С) екен
D) керек

59. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.
А) Жолдасыңыз сіздің істейді Сыртқы істер министрлігінде.
В) Сыртқы істер министрлігінде істейді жолдасыңыз сіздің.
С) Сіздің жолдасыңыз істейді Сыртқы істер министрлігінде.
D) Сіздің жолдасыңыз Сыртқы істер министрлігінде істейді.

60. Сөйлемді толықтырыңыз:
– Енді жиналысты басқаратын адам сайлау ... , - деді.
А) тәрізді
В) керек
С) болар
D) екен

61. Сөйлемді аяқтаңыз:
Райхан тамақ дайындап, Ақанды күтіп отыр ... .
А) тәрізді
В) болар
С) екен
D) тиіс

62. Сөйлемді аяқтаңыз:
Қатені келешекте қайталамайтындай түсіну ... .
А) тәрізді
В) болар
С) екен
D) керек

63. Сөйлемді байланыстырыңыз:
Жұмыс уақыты аяқталды, ... ол әлі кеткен жоқ.
А) сондықтан
В) бірақ
С) мен
D) және

64. Сөйлемді байланыстырыңыз:
Жиналыста адам көп болды, ... өз пікірін айтқандар аз еді.
А) бірақ
В) демек
С) сондықтан
D) және

65. Сөйлемді толықтырыңыз:
Мен оған тест сұрақтарын бердім, ... ол алған жоқ.
А) себебі
В) алайда
С) және
D) өйткені

66. Тиісті сөзді таңдаңыз:
Бүгінгі хабармен танысты ... қажетті ақпараттарды жазып алды.
А) бен
В) немесе
С) және
D) әйтпесе

67. Сөйлемді байланыстырыңыз:
Мейірім хабарландыруды оқыды ... құжаттарын әзірледі.
А) және
В) мен
С) та
D) да

68. Сөйлемді толықтырыңыз:
Бүгін ауа райы суық болып тұрса ..., құрылысшылар жұмыстарын тоқтатқан жоқ.
А) та
В) пен
С) да
D) және

69. Керек сөзді толықтырыңыз:
– Мен де сенімен бірге барамын − ... Ербол.
А) деп
В) де
С) деді
D) десе

70. Сөйлемді толықтырыңыз:
- Өнерді үйрен де жирен, - деп ... айтқансыз.
А) өзің
В) өзі
С) өзіңіз
D) өзім

Оқылым бөлімі
71-74-ке дейінгі тапсырма: Сөйлемді жалғастырыңыз.

71. Бүгін далада жаңбыр жауып тұр ... .
A) Сөмкеңізді алыңыз
B) Қолшатырыңызды ұмытпаңыз
C) Оқулығымды беріңізші
D) Кешке киноға барамын

72. Көрме алысырақ ...
A) Жаяу барамыз
B) Бірге барайық
C) Машинамен барамыз
D) Жаяу жүреміз

73. Өкінішке орай, мен қазақша нашар сөйлеймін ...
A) Қазақстанға жақында ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі
Қазақ тілі - мемлекеттік тілі
Қазақ тілі сабағы
Қазақ тілі – 1 пәні
Қазақ тілі – менің тілім
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Қазақ әдеби тілі туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь