Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі . . . 4-5

1. 2 Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері . . . 6-7

2. Жалпы салық түрлері

2. 1Салықтөлеушіні тіркеу . . . 8-11

2. 2 Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі . . . 12-15

2. 3 Жеке табыс салығы . . . 16-17

2. 4 Жер салығы . . . 18-19

2. 5 Жеке тұлғалардың мүлік салығы . . . 20-21

2. 6 Әлеуметтік салық . . . 22-24

2. 7 Қосылған құн салығы . . . 25-26

Қорытынды бөлім . . . 27-28

Әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Мен Райымбекова Айгерим Нурлыбековна 18-ші маусым мен 14-ші шілде аралығында Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінде кәсіби пратика өттім.

Менің кәсіби практика өтудегі мақсатым оқу барысында алған теориялық білімімді кәсіби практикада пысықтап және де өз мамандығымды жетік білу үшін.

Әуезов аудандық Салық комитетінің құрылымымен таныстым.

  1. Есеп беру, анализдеу және ақпараттық технологиялар бөлімі
  2. Заңды тұлғалар Аудит бөлімі
  3. Жеке тұлғалар Аудит бөлімі
  4. Заңды тұлғалар Салықтөлеушілермен жұмыс істеу бөлімі
  5. Жеке тұлғалар Салықтөлеушілермен жұмыс істеу бөлімі
  6. Жанама салық бөлімі
  7. Бейөндірістік төлемдер бөлімі
  8. Өндіріп алу бөлімі
  9. Тіркеу бөлімі
  10. Ұйымдық - құқықтық бөлімі
  11. Жеке тұлғалар Салықтөлеушілерді есепке алу және куәлік беру бөлімі
  12. Заңды тұлғалар Салықтөлеушілерді есепке алу және куәлік беру бөлімі
  13. Заңды тұлғалар СТТН-ді есептен шығару
  14. Жеке тұлғалар СТТН-ді есептен шығару
  15. Жеке тұлғалар төлемдерді есептеу тобы
  16. Жеке кәсіпкерлер мен Мемлекеттік қызметкерлердің декларациясын қабылдау
  17. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу және патент рәсімдеу бөлімі

Жеке кәсіпкерлерді тіркеу және патент рәсімдеу бөлімінде инспектормен бірге жұмыс жасадым. Бөлімнің салықтөлеушілермен жұмыс жасау ретімен таныстым.

Салық және салық салу пәнінде өткен салықтардың барлығына практикада іс жүзінде декларация толтырдым.

Форма 600. 00 - Әлеуметтік салық декларациясы

Форма 201. 00 - Жеке табыс салығы декларациясы

Форма 701. 00 - Жер салығы декларациясы

Форма 701. 02 - Мүлік салығы декларациясы

Форма 910. 00 - Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі декларациясы.

Форма 300. 00 - Қосылған құн салығы декларациясы

Декларацияны дұрыс емес берген кәсіпорындарға нұсқама жасадым. (24 бетте)

1. Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі

Қазақстан Республикасындағы салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Қазақстан Республикасындағы салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми баслымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық Кодексінен, сондай-ақ қабылдануы Салық Кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Cалық Кодексте көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

Салық Кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Салық Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады.

Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

Салық Кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына және таратылуына, жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметінің тоқтатылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

Салық Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.

1. 2 Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері

Салық төлеушінің құқықтары

- Қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алуға;

- Салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін жеке өзі не өз өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен білдіруге;

- Салық бақылауы нәтижелерін алуға;

- Салық бақылауы нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсіндірме табыс етуге;

- жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай - күйі туралы көшірме алуға;

- Салық Кодексімен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

- салық құпиясының сақталуын талап етуге;

- салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табыс етпеуге құқылы.

- Салық төлеуші салық заңнамасында реттелетін қатынастарға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.

Салық төлеушінің міндеттері

Салық Кодексіне сәйкес салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындауға;

Салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;

нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беруге;

салық есептілігі мен құжаттарды Салық Кодексіне көзделген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттік бағалрды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелерін реттейтін заңдарында көзделген ақпарат пен құжаттарды табыс етуге;

Салық Кодексіне сәйкес қолма - қол ақшамен, төлемдік банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискальдық жады бар бақылау - касса машиналарын міндетті түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізуге;

заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына және таратылуына, жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметінің тоқтатылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

2. Жалпы салық түрлері

2. 1 Салық төлеушіні тіркеу

Уәкілетті салық органы арқылы салық төлеуші Республиканың кез келген Салық комитетінде тіркеуге немесе қайта тіркеуден өткізуге болады. Салық төлеуші тіркеу формасын кез келген салық комитетіне апарып, Салық комитетіне сәйкес код формасын, есепке алынатын жерді нақтылап жазуы керек.

Басқа салық комитетінен есептен алынған Өтініш қаралып болған соң, растауына сұрау салынады. Сұрау салыну келген Салық комитетінің қызметкері, өтініштерді құжаттар жураналынан қарайды, басқада салық комиттерінен келген және «растауын сұрайды» деген статусы бар, растау немесе өңделуде жатады.

Салық төлеушінің тіркелуі өтініш беруге байланысты келесідей түрде болады:

  • Қазақстан Республикасының салықтөлеушісінің мемлекеттік тіркелуі;
  • Тіркеу деректерінің өзгеруі;
  • Есептік тіркеуге қою;

Мемлекеттік тіркеу режимі тек қана мына жағдайда қолданылады, салық төлеуші алғаш рет тіркеуге тұрғанда және салық төлеушінің тіркеу номері жоқ болғанда.

Салық төлеушінің қайта тіркелуі келесідей түрде болады:

  • жауапты ұйым салықтөлеушінің деректерін өзгертіп сақтаған жағдайда;
  • салықтөлеуші үшін жауапты ұйым өзгеріп кеткен жағдайда (мекен-жайы) немесе басқа да себептермен;

2. 2 Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік алу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

  • Жеке куәлік
  • СТТН
  • 2 дана 001. 00 формасындағы өтініш
  • 2 дана Өтініш (қолмен жазылған)

Егерде жеке кәсіпкер оңайлатылған нысанды (упрощенная декларация) пайдаланатын болса, онда 910. 00 формасында тапсырады.

Жеке кәсіпкер - заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік , біржолғы талон және патент бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі.

Патент алу үшін

  • Жеке куәлік
  • СТТН
  • Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралыКуәлік
  • 2 дана 001. 00 формасындағы өтініш
  • 2 дана Өтініш (қолмен жазылған)

Егерде жеке кәсіпкердің патентті мерзімін ұзартуға әкелгенде, міндетті түрде алдыңғы патентті өткізеді.

Патент - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат. Белгілі бір арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті орган белгілейді. Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі. Салық төлеуші бүлінген патентті салық органына тапсыруға тиіс. Берілген патенттерді тіркеуді салық органдары патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді. Тіркеу журналындарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Патент негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі

1. Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімделген кірістің 2 проценті мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.

2. Патенттің құны бюджетке мынадай түрде:

а) жеке табыс салығы - патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде;

б) әлеуметтік салық - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар соммасын алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігін мөлшерінде төленуге тиіс.

Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:

а) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп

ә) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі

б) патент негізіндегі арнаулы салық режимі

в) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі

2. 2 Жеке табыс салығы

Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша есептеп, төлейді және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етеді.

Жеке табыс салығы салынатын объекттер мыналар:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлеріне салық салынбайды :

а) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;

ә) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

б) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу;

в) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

г) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;

ғ) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі.

2007 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 9608 теңгені құрады теңге

:
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы: Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы
соның ішінде: соның ішінде
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен: Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен
Өзгеруі пайызбен: Өзгеруі пайызбен
: азық-түлік тауарлары
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы: азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер
соның ішінде: өткен айға
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен: 2006 жылғы желтоқсанға
: Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы: 9608
соның ішінде: 5764
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен: 3844
Өзгеруі пайызбен: 100
99, 1
115, 9
: Әлеуметтік-демографиялық
топтар:
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы:
соның ішінде:
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен:
Өзгеруі пайызбен:
: балалар, 13 жасқа дейінгі
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы: 7528
соның ішінде: 4517
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен: 3011
Өзгеруі пайызбен: 78, 4
99, 5
114, 3
: жасөспірімдер, 14-17 жастағы
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы:
соның ішінде:
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен:
Өзгеруі пайызбен:
: жігіттер
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы: 12117
соның ішінде: 7270
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен: 4847
Өзгеруі пайызбен: 126, 1
99, 1
115, 9
: қыздар
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы: 9284
соның ішінде: 5570
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен: 3714
Өзгеруі пайызбен: 96, 6
99, 1
115, 9
: еңбекке қабілетті халық,
18 жастан жоғары:
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы:
соның ішінде:
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен:
Өзгеруі пайызбен:
: ерлер
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы: 11492
соның ішінде: 6895
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен: 4597
Өзгеруі пайызбен: 119, 6
99, 1
116, 2
: әйелдер
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы: 9125
соның ішінде: 5475
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен: 3650
Өзгеруі пайызбен: 95, 0
99, 1
116, 2
: зейнеткерлер мен қарт
адамдар
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы: 8984
соның ішінде: 5391
Орта есеппен жан басына шаққандағы шамамен ара салмағы, пайызбен: 3593
Өзгеруі пайызбен: 93, 5
99, 1
116, 0

Әдіснамалық түсініктемелер

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтреге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Төрайымның орынбасары Э. Қонаев

2. 3 Жер салығы

Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:

а) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;

ә) елді мекендер жерлеріне;

б) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі-өнеркәсіп жерлері) ;

в) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері) ;

г) орман қорының жерлеріне;

ғ) су қорының жерлеріне;

д) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.

Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

Жер салығы :

а) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

б) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.

Төлеушілер мынадай:

а) жеке меншік құқығындағы;

ә) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

б) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.

2. 4 Мүлік салығы

Мүлік салығын төлеушілер мыналар болып табылады :

а) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, сондай-ақ концессия шарты бойынша концессионер;

б) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.

Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

а) Қазаұстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

ә) жер қойнауын пайдаланушылар;

б) мемлекеттік мекемелер;

в) уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

г) діни бірлестіктер.

Салықты есептеу.

а) Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

ә) Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырады.

б) Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.

в) Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

2. 5 Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салықты есептеу уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Жұмыс орнын ауыстырған кезде жеке тұлға бұрынғы жұмыс орнынан аталған жеке тұлғаға кірістер төлеуге төлеушінің шығыстар сомасы туралы және осы шығыстардан төленген салық сомасы туралы есепті жаңа жұмыс орнына табыс етуге тиіс.

Қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер, жеке нотмриустар, адвокаттар өзі үшін үш айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлеген салық ставкаларды (1- кестеде көрсетілген) қолдану арқылы есептелген әлеуметтік салық сомасын Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдар сомасына азайтады. Арнаулы салық режимдерін қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салықты есептеуді Салық Кодексінің 374-390 баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүктілігі мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленген әлеуметтік жәрдемақылар сомасына кемітіледі.

Әлеуметтік салық жөніндегі декларация салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей тоқсан сайын тапсырылып отырады. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп - қисабын тапсырады.

1- кесте. Салық ставкалары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық және салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың табысына салық салу мен өндіріп алу
Төлем көзінен салық салынатын табыстар
Жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынатын табыстар
Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
Салықтың атқаратын қызметтері
Меншік туралы салық
Салық төлеушілерді тіркеу есебі
Корпоративтiк табыс салығын алу
Жеке табыс салығы бойынша салық салу объектілерін сипаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz