Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметінiң дамуы және оны мемлекеттiк реттеу



КIРIСПЕ

I КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Кәсiпорынның: экономикалық мазмұны, белгiлерi, түрлерi
1.2 Рыноктық экономикадағы кәсiпорынның маңызы және оны мемлекеттiк реттеу шаралары

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСIПОРЫН ҚЫЗМЕТІНIҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
2.1 Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметінің қалыптасуы және даму мәселелерi
2.2 Қазақстан Республикасында кәсiпорындарды мемлекеттiк реттеу саясаты
2.3 Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсiпкерлiктiң алатын
орны


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Біздің еліміздің болашағы — оны, интеллектуалды қоры, ҒЫЛЫМ және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзi көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең coңғы ҒЫЛЫМ жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ҒЫЛЫМҒА жене ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиic.
Шағын кәсіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының, бipi. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген рынокты дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кipin отырады. Егер, Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45—50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7—8 кәсіпорын ғана кұрайды екен.
Нарықтық экономиканың субъектілері болып жекеленген меншік иелері саналады. Меншік иесінің өз мүліктерін пайдалануға, иеленуге құқығы бар. Меншіктің көптүрлі формалы болуы кәсіпорынның әртүрлі ұйымдық-құқылық формасын құруға негіз болып табылады.
1. «Экономика ілімдерінің тарихы» Ө.Қ. Шеденов, Я.С. Ядгаров, С.Ә. Досқалиев. Алматы «Қазақ университеті» 2003ж.
2. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» К.Б. Бердалиев. Алматы «Экономика» 2001ж.
3. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»
Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков. Алматы «Экономика» 2002ж.
4. «Жалпы экономикалық теория» Ө.Қ. Шеденов, Ү.С. Байжомартов,
Б.А. Жүнісов, Б.И. Комягин. Алматы – Ақтөбе 2002ж.
5. «Экономикалық саясат». Алматы «Экономика» 2004ж.
6. «Экономикалық теория». Ә. Абдуллаев. Алматы,2003ж.
7. Әліпбай С. Тек қана бірге, тек қана алға! Қазақстан кәсіпкерлердің ІІ конгресі өз жұмысын осындай өршіл ұранмен қорытындылады.//Егемен Қазақстан-29 қазан
8. Қасен Т. Кең тынысты кәсіпкер // Егемен Қазақстан 2005-7 маусым
9. Кәсіпкерлік – кемел келешек кепілдігі // Егемен Қазақстан 2005 26 наурыз
10. Ашанұлы Қ. Орташа тап – мемлекеттің тірегі // Қазақ әдебиеті – 2004, 9 сәуір
11. Сәбден Қ. Кәсіпкерлікті басқару // Алматы білім 2002
12. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүсінов Б.А, Байжамартов Ү.С, Комягин Б.И «Жалпы экономикалық теория » Ақтөбе –2004 жыл, 145-бет.
13. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы» Алматы-2004жыл
14. Бисенғазиев М.Б, Хамитов А.Ш «Кәсіпкерлік негіздері » Орал 2001жыл.
15. Жолдасбаев Т.Ө «Кәсіпорын экономикасы » Алматы –2002 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

I КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1. Кәсiпорынның: экономикалық мазмұны, белгiлерi, түрлерi
2. Рыноктық экономикадағы кәсiпорынның маңызы және оны мемлекеттiк реттеу
шаралары

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСIПОРЫН ҚЫЗМЕТІНIҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ
МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
2.1 Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметінің қалыптасуы және даму
мәселелерi
2.2 Қазақстан Республикасында кәсiпорындарды мемлекеттiк реттеу саясаты
2.3 Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсiпкерлiктiң алатын
орны

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Біздің еліміздің болашағы — оны, интеллектуалды қоры, ғылым және
инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халыққа
арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзi көрсеткендей, шикізат сатуға
бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең coңғы
ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы
көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ғылымға жене
ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиic.
Шағын кәсіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының,
бipi. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген рынокты дамыған елдерде 10
кәсіпорынның 9-ы кipin отырады. Егер, Европа елдерінде әр мың тұрғынға
шаққанда 45—50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын
шамасында, ал Қазақстанда не бары 7—8 кәсіпорын ғана кұрайды екен.
Нарықтық экономиканың субъектілері болып жекеленген меншік иелері
саналады. Меншік иесінің өз мүліктерін пайдалануға, иеленуге құқығы бар.
Меншіктің көптүрлі формалы болуы кәсіпорынның әртүрлі ұйымдық-құқылық
формасын құруға негіз болып табылады.
Kәciпорын қоғамдық өндірістің бастапқы, басты буыны болып саналады.
Тікелей кәсіпорындарда өнім шығарылып, жұмыстар атқарылады,
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және таза табыс алу мақсатындағы
игі қызметтер көрсетеді. Кәсіпорын өз алдына шаруашылық етуші субъекті
болып табылады.
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың нeгiзi. Шет елдерде оның дамуы үшін
50-шi жылдардан бастап орталық және аймақтық мемлекеттік басқару
органдарының мамандандырылған жүйелері мен тікелей және жанама қаржылық
қолдау жүйелері құрыла бастады.
Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке
кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келісідей қызметтерді атқарады: жалпы
экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік,
ұйымдастырушылық.
Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып
табылады, бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субьектісі
ретіндегі рөліне негізделеді

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1. Кәсіпорынның экономикалық мазмұны, белгiлерi, түрлерi
Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң
экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың
алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi
мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң
қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға
негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi
бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы – мiндеттi шарттар
мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi – ұжымдық, коллективтiк
деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi - әртүрлi ассосациялар:
акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т.б. жеке-дара кәсiпкерлерге
қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi
мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.
Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы
нәтижесi - өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр
кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске
асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты
мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша
минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай
ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны
жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк
қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс.
Сонымен кәсiпкерлiк – рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа
мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың
салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады.
Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi – новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi
факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта
ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу
тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi –
шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн
қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп
қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды
алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн
ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу
болып табылады.
Барынша көп табыс табу кәсiпкерлiк жұмыстың қозғаушы факторы. Көп
жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана iс ұйымдастырылып, одан әрi кеңейтiледi.
Кәсiпкерлiкке тән тағы бiр сипат шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы.
Iске кiрiскендн алғашында алда не болатыны белгiсiз, анықталмағандық
болады, оны болжап, дәл айту қиын.
Осындай елеулi белгiлерi бола отырып кәсiпкерлiк келесi салалар
бойынша бөлiнедi:
• кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк,
коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
• кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай:
өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
• шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты кәсiпкерлiк: бiр
профильдi , көп профильдi;
• шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк ,
агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық, құрылыста және басқада
халық шаруашылық салаларында.
Өндiрiстiк бизнес: өндiрiстiк бизнеске негiзiнен
материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк
қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең
қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi.
Өндiрiстiк бизнес - бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл
шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес -
бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа
тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi
шығару. Өндiрiстiк бизнесмен - бұл кейiннен сатып алушыларға,
тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани
игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен
айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiру және дайындаумен
өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi - екiлi жағдай ғана.
Көпшiлiк жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз бизнесiне отбасы
мүшелерiн, туған туыстарын тартады, сондай-ақ жалдамалы
жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.
Коммерциялық бизнес: коммерциялық немесе саудалық бизнес
- бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк.
Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi,
ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар - ақша
операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық
бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi,
өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға
айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген
сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi
көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.
Қаржылық кәсiпкерлiк: саудалық бизнеске әлдеқайда жақын
тұрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның
негiзiнде сатып алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта
бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Өндiрiстiк , коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа
түрлерiн жүзеге асыру ақшаның көздердi керек етедi. Шикiзатпен
материалдарды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы
жұмысшылардың жалақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша
көздерiн тұрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әр бiр бизнесмен өз
iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген
деп ойлаймыз. Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi бiр
бизнес операциясының басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi
дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, содықтан да операция аяқталғаннан
кейiн ақшаны алғанға дейiн бизнесменге қолда бар қаржы
ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған орай ол заемдық көздердi
iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында
отардың валютадағы жеткiлiктi мөлшерде қаржы көздерiн ұстап
отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу
үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырымды. Одан әрi
бизнесмен белгiлi бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос
жатқан ақшаны процент алу аясында банкiге салады немесе
акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады.
Делдалдық бизнес: жоғарыда қарастырылған бизнестiң
өндiрiстiк коммерциялық жағы бiр түрлi делдалдық бизнестi
дүниеге әкелдi. Бұл бизнес өндiрiстiк, сауда - коммерциялық қаржы
несиелiк сияқты әр трлi салаларда жүзеге асырылады. Оның
негiзгi ерекшклiгi - мұнда бизнестiң материалдық заттай элементi
болмайды. Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе
бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды.
Оның ролi мен мiндетi - осы операциялардың жүргiзiлуiне және
бiтiм жасауға мұрындық болу.
Бұл жерде бизнестiң дәнiн себушi - делдал әкелетiн ақпарат.
Бiр жағынан сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан
өндiрушi, тауар сатушының жағында тұратын делдал оларды iскерлiк
бiтiмдiк қолына iкелiп қосады.
Сақтандыру бизннесi: сақтандыру эканомикалық қарым-
қатынастың бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк
кезеңiнде орын алды және оны еңбек табысын табуға мүмкiндiгi
жоқ немесе көмекке зәру адамдарға жәрдем көрсету мақсатында
белгiлi бiр қаржы қорын құру үшiн кәсiп орындармен
азаматтардың тапқан табысының белгiлi бiр бөлiгiн ерiксiз тәртiппен
алу арқылы мемлекет жүзеге асырып отырды.
Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе
бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер
жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн
атап өтуге болады:
• Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
• Серiктестiк немесе партнерлiк;
• Корпорация (акционерлiк қоғам).
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес.
Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн
атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық
кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi,
өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен
заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға
белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән
болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк
ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын
ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады.
Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске
тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы
ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi
шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле
түсiнбеуi.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн
қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға
сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы,
ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның
табыстарына корпорация салығы салынады.
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк
болып бөлiнедi. Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк
ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық
жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi.
Жалпы кәсiпорынның жiктелуiн келесi суреттен көре аламыз. (Сурет-1)

1.2 Рыноктық экономикадағы кәсiпорынның маңызы және оны мемлекеттiк
реттеу шаралары
Кәсiпорын нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта.
Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен
толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы
алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана
қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында
оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды.
Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
• Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
• Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
• Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
• Рыноктық қатынастарды дамыту;
• Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
• Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
• Жаңа жұмыс орындарын ашу;
• Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;
• Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
• Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
• Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
• Кластерлiк жүйенiң дамуы;
• Лизингтiк қатынастардың дамуы;
• Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
• Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн
құрайды.
Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпорын бастан кешiрiп
отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны
белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм
соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк
үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi
экономикасында лайықты орын алуда.
Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта
құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып,
оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi
мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн
рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау
және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр.
Кәсiпкерлiктi қолдаудың және реттеудiң келесiдей түрлерiн атап өтуге
болады:
• Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және реттеу;
• Инновациялық қолдау және ынталандыру;
• Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
• Құқықтық қолдау және заңдар қабылдау;
• Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
• Салықтық жеңiлдiктер арқылы кәсiпкерлiктiң маңызды салаларын дамыту iс-
шаралары жатады.
Осы жоғарыда айтылған кәсiпкерлiк қызметтi қолдау мен ерттеу
шараларының iшiндегi қалған бағыттарға да әсер ететiн негiзгi реттеу мен
қолдауды, кәсiпкерлiктiң дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын
және ұсынатын мемлекеттiк iс-шаралар жиынтығы болып табылады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржылық
қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын
аталған мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы
мемлекеттiк бюджетiнен, мемлекеттiк заемдардың, мемлекеттiк ақшалай
гранттар есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау мен
реттеудiң негiзгi бағыттарына:
• Елде жекешелендiрудi одан ары жүргiзу;
• Рыноктық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiк қызметтердiң еркiн қызмет
етуiне қолайлы ортаны қалыптастыру;
• Кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн
лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылған тәртiбiн
белгiлеу;
• Ұлттық маңызды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту
үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен
пайдалану жүйесiн жасау;
• Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие
берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;
• Елдегi кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда,
ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса
алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
• Өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып
алуды орналастырған кезде отандық кәсiпкерлiк субъектiлерiне
артықшылықтар беру.
Шағын және орта бизнес кәсiпорындарының тұрақты жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету үшiн олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған
көптеген нақты iс-шараларды қарастырып, кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
және дамыту концепциясын жасау қажет. Аталмыш концепцияны жасау барысында
құқықтық жақтарын және қаржы-несиелiк қолдау шараларын, сонымен қатар
кәсiпкерлердiң де, мемлекеттiң де мүдделерi ескерiлген шараларды iске
асыруымыз керек. Оның мақсаты кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту
стратегиялары оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерiн өңдеу болып
табылады.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСIПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТIНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ
МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
2.1 Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметтiң қалыптасуы және
даму мәселелерi

Барлық МемлекеттiкЖеке Мемлекет Бiрiккен Шетелдiк
кәсiпорындаркәсiпорын меншiк араласуымен кәсiпорын кәсiпорын
ҚР 182796 25661 149473 1133 5089 7662
Шағын 163534 18204 144381 708 4812 7523
Орта 10674 6607 3975 266 198 92
Iрi 2014 850 1117 159 79 47

Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметтiң қалыптасуы және оның
дамуы негiзiнен елiмiздiң егемендiгiн алған жылдардан бастап бүгiнге дейiн
жалғасуда. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың алғашқы реформаларға Кеңес Одағы
экономикасының негiзi экономиканы орталықтан басқару жүйесiн ыдыратып,
меншiктiк қатынастарды дамыту болып табылады. Оның алғашқы қадамы
мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, яғни бұл кәсiпкерлiк ортаны
қалыптастырудың алғашқы кезеңi едi.
Елiмiзде кәсiпорындар мен экономикалық құрылымдарды жаппай
жекешелендiру 1998 жылға дейiн қарқынды түрде жүргiзiлдi. Ал одан кейiнгi
кезеңдерде экономиканы реформалау тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету
үшiн кәсiпкерлiк дамуына қолайлы орта жасау, отандық кәсiпорындардың
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп саласындағы үлес
салмағының артуына жағдай жасау, кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау,
кәсiпкерлiк қызметте кластерлiк жүйенi дамыту сияқты басты мiндеттердi
шешуде. Оның бiрден-бiр мысалы соңғы жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға
арналған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясы мысал бола алады. Ол
стратегияның негiзгi мақсаты отаныдық өндiрiстiң шикiзат бағытынан қол
үзiп, экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы
Әлемдік экономикадағы шағын кәсіпкерліктің орны
«Қазақстан Республикасындағы кедендік саясат»
Пәндер