Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік туралы ақпарат
Кіріспе
1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
2. Заңды жауапкершіліктің түсінігі оның түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.
8. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
10. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. М., 1995.
11. Общая теория и права./Под ред. А.С. Пиголкина. М., 1996.
12. Теория государства и права./Под ред. М.Н. Марченко М., 1998.
13. Теория государства и права в схемах и определениях. В.К. Бабаев, В.М. Баранов, В.А. Толстик М.,1998.
14. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
Жоспары
Кіріспе
1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
2. Заңды жауапкершіліктің түсінігі оның түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-
әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-
әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-
қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады.
Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет,
мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың
елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен
ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке
тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе
әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай
отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай
іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Заңды жауапкершілік – жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын
бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде
пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен
сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген
құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік
етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны
адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың
жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім
азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол
да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде
тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік,
құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян
келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен
бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да
пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін
бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады.
Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның
жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық
мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда
заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар
жеке және заңды түлғалардың іс-әрекеттерін катаң бақылап отырады.
Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу заңдылықтарына ие
белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық
бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады.
Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды
нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы кұқық бұзушылықтың
түсінігін береді.
Құқық бұзушылық – биологиялық, физиологиялық, технологиялық
ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық – құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-
құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген
сөз. Әрбір құқық бұзушылық – нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір
жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы
келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық
бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық – қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы
бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті
әрекет, әрекетсіздік заңда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі
керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық – объективтік процесс болып табылады. Бұндағы
объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтьш
әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл
осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие
болады.
Формальді – логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға
зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы,
қоғамға зиянды әрекет – әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл
тұжырымнан екі терістік байқалады:
1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды
немесе қауіпті.
2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп
тыйым салынбаған.
Құқық бұзушылықгың мәні – оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп
көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық
құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне
келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға
қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға
айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі.
Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар
қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады.
Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы
мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-
әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның
қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін
бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан
қызметін қажет етеді.
Құқық бұзушылықгың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының
құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның
маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық
бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін.
Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау – өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің
үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен,
осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың
қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды
қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады.
Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы – ажырамас белгісі.
Оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының заңды
көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің
нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-
әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни
егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық
нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.
Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның
өзінің тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты
болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға,
мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен
бостандықтарды пайдалануы, құқықка қайшы әрекет деп саналады.
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1. Құқық бұзушылық – құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-
әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы
басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек,
құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-
әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық
болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға
жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ
қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз
жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл
дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында
жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын
ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп,
қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде
құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір
игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына,
рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы
мүмкін.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына,
қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды,
фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені
жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас
бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда
келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру,
мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.
5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы
келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын
қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқықка қайшы әрекет деуге
болады. Құқыққа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық
бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына
алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен
қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа
қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі
мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні
мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады.
6. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана
жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс
болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған
адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық
нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз
әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды.
Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген
болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның ез еркімен саналы
түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә –
құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-
қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-
әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық
қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын
ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен
жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала
білсе, осы зардаптардың болуының тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не
бұған немқұрайды қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.
2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады.
Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға
шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде
жол апатына кезігеді.
Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші
жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол
көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын
алады.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын,
қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет
атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш
белгісімен сипатталады:
- мемлекеттік мәжбүрлеу;
- құқық бұзушыны жауапқа тарту;
- құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу шарасын
мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау
қажет болған жағдайда олардың сақгалуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары
тиісті шаралар қолдануға құқылы.
Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз
әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады – тергеу
жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды.
Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім
қабылдайды.
Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол оның
мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам
біреудің мүлкіне келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп
жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан
айырады, жүріп-тұру еркіндігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық
жауаптылықтың мақсаты:
- кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін
қауіпті екенін көрсету;
- қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі
адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;
- заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын
анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл
ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның
мазмұнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң
ғылымында құқықка қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде
саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың
заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
Құқық бұзушылықгың объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-
әрекетсіздікті жасау немесе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай
әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-
әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына
әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян
келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.
Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша
объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік,
белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиян келеді.
1. Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет-
әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және
келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз –
келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-
әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған
нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық
бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір
игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою,
азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу
т.с.с.
Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке
мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің
сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық
бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін
қалайды.
Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс
айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды
салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде
келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ. Демек, әрекет-әрекетсіздікпен
қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша
айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі
анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нәтижесі арасындағы
байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын
жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.
2. Объект – құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік
емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар.
Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай
да бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп
түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше
болуы мүмкін.
3. Құқық бұзушылықгың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты
жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын,
элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық
бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан
қарағанда құқық бұзушылық – құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол
берген кінәлі әрекет болып табылады.
Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды
нәтижесін алдын ала болжағандығы немесе болжамағандығына қатысты анықталады
және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта
адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті
зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала
біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал абайсыздықта адам өз іс-
әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды
жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе
қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын
бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін
екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә (қасақаналық немесе абайсыздық)
адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып
табылмақ.
Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар да
ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты
көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-
әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп отырғанымыз –
құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал мақсат – құқық
бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін тани білу әрекет-
әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу және құқықпен
қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың мүдделеріне зиян
келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға мүмкіндік
береді.
4. Субъект – әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект
құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-
есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық
жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге
әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді
құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар
қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстың
жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас,
әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтық жауапкершілік 15 жастан
есептеледі.
Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен
практикада біркелкі шешілмеген. Құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне
келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады.
Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі
сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа
жол берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде
адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық құқық
бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі – жауапкершілікке жеке тұлға
тартылады. Қылмыс топ болып жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің
істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бұл тұрғыда
мамандардың пікірі әр түрлі. Олардың бір тобы адамдардың тобын құқық
бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай санамайды.
Сонымен, құқық бұзушылық – әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің
заңды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа
қайшы және кінәлі әрекет-әрекетсіздігі.
Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға
қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1)
Қылмыс. 2) Теріс қылық.
Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты,
әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы
әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі
арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.
Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті
фактор негіз болады.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған
айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік
құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік,
мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты – оларға қылмыстық
заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты
заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық
бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса,
қылмыс болып саналмайды.
Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі
біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан
келтіруші құқық бұзушылық.
Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып
табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген
зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне
байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға
жіктелінеді.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық
қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық
салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-
әрекетсіздік.
Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне
кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу,
өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары
мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және
мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес,
жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшелінеді. Мәселен,
ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.
2. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық
тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол
өндірістің қызметтік, әскери және оку тәртібін бұзып, олардың алдында
тұрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен
міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар
қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және
т.б.
3. Азаматтық құқық бұзушылық – азаматтық құқық нормаларымен реттелетін
мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін,
әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге
бөлінеді. Шартты – азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің
әрекетінен туындаса, шартсыз – азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын
сақтамау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz