Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде



Кіріспе
І.Негізгі бөлім
1.1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Парламенті
а) Сенат
б) Мәжіліс
Конституциялық Кеңес
Орталық Сайлау Комиссиясы

ІІ.Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезендеріне тән саяси ұйым
2.1.Мемлекет . қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі

ІІІ.Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
3.1.Мемлекеттік басқарудың қағидалары
3.2.Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
3.3.Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде

IV.МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөзтізбегі колданылады. Олар қоғам саясаты, экономикалық, мемлекеттік, партиялық саясат, нарықтық, рухани, діни, халықаралық саясат, т.б; Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясаттарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани қүндылықгарды билік арқылы бөлетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса, адамдардың әлеуметтік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдық салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардың нәтижесі - мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде қоғамдық және саяси өмірдің процестеріне де әсер етеді.
Саяси сала адам іс-әрекетінің шартты, дербес, көп қырлы және күрделі саласы. Ол саяси билік қатынасының мына түрлерін қамтиды — зандылық, атқарушылық және соттық. Саяси сала қоғамдық емірдің және оның дамуының қозғаушы күшінің бірі. Бірақ оның ерекше саяси мазмұны мен формасы бар. Саяси билікті анықтау және қайтабөлу адамдардың өлеуметтік бірлігін іске асырудың нақтылы механизмін табуға негізделеді.
1. Қазақстан саяси энциклопедиясы
2. Қазақстанның үкіметтік сайты - www.government.kz
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы. А. 1999, 38б.
4.Ө. Байгелдi. Парламентаризм - демократиялық мемлекет негiзi.
// Заң газетi. 16.07.97.
5.Н.Назарбаев. Тәуелсiздiгiмiздiң он жылы. - А. 2001. 115б.
6.Байгелді Ө. Қазақстан парламенті: жаңа кезең - жаңа мақсаттар.//Ақиқат, 1996, ™ 11.
7.Бәйішев Ж. Парламент және конституциялық сот. //Ақиқат, 1993, 8.Кенжебаев М. Саясаттану негіздері: Оқу қүралы. Алматы,
1995.
9.Қалиев Қ. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің эволюциясы. //Саясат, 1996, ™ 8.
10.Әбікенов С. Заңдылықты жүзеге асырмайынша. // Ақиқат, 4995, ™ 2.
11.Н.Қалиев. Қазақстан парламентаризмi: теориялық негiздерi мен
қазiргi деңгейi.- //Ақиқат. N2. 2004ж. 25-26 бет.
12.А.Г.Унлепев. Политология: власть, демократия, личность.¬
Москва "Интерпракс" 1994. Стр 82-84.
13. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. А., 1998. Т.1.
14.М.Ковалевский. От прямого народоправства к
представительному и от патриархальной монорхии к
парламентаризму. - М. 1986. Стр195.
15.М.Бихари. Парламентаризм //Политология вчера и сегодня.
Выпуск третий. М.,1991. с.29-30.
16.Политология. Под общей редакцией А.Н.Нысанбаева. - Алматы.
Ақыл кiтабы. 1998 с.128-129.
17.Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, 1996 ж.
18.Назарбаев Н. Стратегия становления и развитие Казахстана как суверенного государства. Алматы: Дәуір, 1992 ж. 56 б.
19.Назарбаев Н. На пороге ХХІ века. Алматы: Өнер, 1996 ж. 288 б.
20.Токаев Қ. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике Казахстана. Алматы: Білім, 1997 ж. 593-594 бб.
21.Тоқаев Қ. Организация объединенных наций: полвека служения миру. Алматы, 1995 ж.
22.Тоқаев Қ. Беласу. Алматы: Дәуір, 2003 ж. 440-467 бб.
23.Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы.
Алматы, 2002 ж. 275-307 бб.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
І.Негізгі бөлім
1.1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Парламенті
а) Сенат
б) Мәжіліс
Конституциялық Кеңес
Орталық Сайлау Комиссиясы

ІІ.Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезендеріне тән
саяси ұйым
2.1.Мемлекет - қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі

ІІІ.Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
3.1.Мемлекеттік басқарудың қағидалары
3.2.Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
3.3.Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде

IV.МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөзтізбегі колданылады.
Олар қоғам саясаты, экономикалық, мемлекеттік, партиялық саясат, нарықтық,
рухани, діни, халықаралық саясат, т.б; Демек, қоғам көлемінде сан алуан
саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясаттарды қоғамда жүргізетін адам
жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани
қүндылықгарды билік арқылы бөлетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай
болса, адамдардың әлеуметтік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі
қоғамдық салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардың нәтижесі - мүддені,
адамның іс-әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның
дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде қоғамдық және саяси өмірдің
процестеріне де әсер етеді.
Саяси сала адам іс-әрекетінің шартты, дербес, көп қырлы және күрделі
саласы. Ол саяси билік қатынасының мына түрлерін қамтиды — зандылық,
атқарушылық және соттық. Саяси сала қоғамдық емірдің және оның дамуының
қозғаушы күшінің бірі. Бірақ оның ерекше саяси мазмұны мен формасы бар.
Саяси билікті анықтау және қайтабөлу адамдардың өлеуметтік бірлігін іске
асырудың нақтылы механизмін табуға негізделеді. Саяси саланын, баска да
салалардың өзара қарым-катынасының мазмұнын аныктау көп жағдайда саяси
режимге байланысты. Казақстан Республикасында мемлекеттік өкімет
билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне
негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-
әрекет жасайды.
Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір тәжірибесі қоғамның саяси жүйесінің
түрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату қажеттігін көрсетті. Биліктің әр
саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен
қатар дербес, басқа биліктерді толыктырушы, екінші жағынан олардың
кызметінің заңда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы
керек.

1.1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас
құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен
бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып,
ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын,
дамып отыратын құбылыс.
Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар,
олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы
байланыстар құрайды.
Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік
топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді
іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе,
саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен
байланысын қамтиды.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және
ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің
саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан
Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет
тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін
үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік
республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін
басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі
палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.
Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен
басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан
Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша
міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы
және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң
бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады.
Қазақстан – әкімшілік-территориялық бірлік болып келетін аймақтарға
бөлінген унитарлы мемлекет.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Конституцияға сай Республика үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы
өкіметін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және
олардың қызметінің басқаруын іске асырады.
Үкімет Премьер-Министрдің тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде
ұсынысы бойынша Президентпен құрылады және өзінің барлық қызметі мен іс-
әрекеттерінде Президенттің алдында жауапты. Сонымен қатар, өзінің
қызметінің бағдарламасы бойынша Парламенттің алдында жауапты болады.
Үкімет мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті мен халқы алдында ант
береді.
1999 жылғы 13 қазан күні Президенттің қаулысы бойынша келесі
Қазақстан Республикасы үкіметінің құрылысы анықталды:

• Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі;
• Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі;
• Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі;
• Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі;
• Қазақстан Республикасының юстиция министрлігі;
• Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі (2003 жылдың 13
қыркүйектен Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасының ақпарат министрлігі;
• Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі;
• Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі;
• Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі;
• Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғаныс министрлігі;
• Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі (2000 жылдың 14 желтоқсаннан Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрлігі (2002
жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі (2002 жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
• Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (2001жылдың 21
қазаннан Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Канцеляриясын жүргізуші.

Қазақстан Республикасының Парламенті
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясына сай Қазақстан Республикасының Парламенті
заң шығарушы функцияларды іске асыратын Республиканың жоғарғы өкілетті
органы болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін Сенат және
Мәжіліс екі платасынан тұрады. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – 6
жыл, ал Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – 5 жыл. Парламенттің
депутаты Қазақстан халқы алдында ант береді. Палаталар әр палатада жеті
адамнан аспайтын тұрақты комитеттер құрайды.
Парламент депутаттары үкіметпен қатар, заң шығарушы инициативасының
құқығына ие болады. Ол тек мәжілісте ғана күшке енеді.
Парламент: Президент ұсынысымен Конституцияға өзгерістер енгізеді,
республикалық бюджетті бекітеді, Республиканың Премьер – Министрін Ұлттық
Банктің Төрағасын тағайындауға рұқсат береді, бейбітшілік және соғыс
сауалдарын шешеді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға байланысты
халықаралық міндетті орындауға Республиканың Қарулы Күштерін қолдануға
Республика Президентінің ұсынысын қабылдайды.

Сенат
Сенатты, барлық өкілді органдар депутаттардың біріккен отырысында, әр
облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екі адамнан сайланып отыратын депуттар құрайды.
Жеті депутат сенаттың өкілеттік мерзіміне Республиканың Президентімен
тағайындалады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл. Сенатқа
депутаттардың сайлануы жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру
түрінде іске асады. Сайланатын сенат депутаттарының жартысы әр екі жыл
сайын қайта сайланып отырады.
Сенаттың депутаты ғ жылдан кем емес азаматтықта тұрған, 30 жасқа
жеткен, жоғарғы білімді және бес жылдық стажы бар, Қазақстан Республикасы
территориясының лайықты облысында, республикалық маңызы бар қаласында
немесе республика астанасында 3 жылдан кем емес тұрақты тұратын Қазақстан
Республикасының азаматы бола алады.
Сенаттың басқаруына:
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Сот
Төрағасын, коллегия төрағасын және Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және
қызметтен босату;
• Республика Президентінің Бас Прокурорды, Ұлттық Қауіпсіздік
Комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру;
• Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын
дербес праволығынан айыру;
• Жергілікті өкілді органдардың өкілеттілігін мерзімнен бұрын қысқарту;
• Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі
депутатты жіберу;
• Республика Президентінің қызметтен босату жайындағы істі қарау және
оның нәтижелерін палаталардың біріккен отырысында қарауына шығару;
Мәжіліс
Мәжіліс әкімшілік – территориялық бөлініс есебімен және бірдей халық
саны есебімен құрылған бірмандаттық территориялық округ бойынша сайланатын
77 депутаттан тұрады. Соның ішіндегі 10 депутат партиялық тізімдер
негізінде пропорционалдық өкілділік және біртұтас жалпы ұлттық сайлау
округінің территориялық жүйесі арқылы сайланады.
Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – 5 жыл. Депутаттардың
сайлануы жалпы, тең және тура сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру
түрінде іске асады.
Мәжіліс депутаты болып жасы жиырмаға жеткен республика азаматы бола
алады.
Мәжілістің ерекше басқаруына:
• Заң жобаларын қарауға қабылдау және талқылау;
• Парламентпен қабылданған заңдарға, Президенттің қарсылығы
бойынша, ұсыныстар дайындау;
• Президенттің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық
Сайлау Комиссиясының төрағасын, оның орынбасарын, секретарін және
мүшелерін қызметтікке тағайындау немесе одан босату;
• Республика Президентінің кезекті сайлануын жариялау;
• Маманданған Юстиция Коллегиясының құрамына екі депутатты жіберу;
• Республика Президентінің мемлекеттік опасыздық жасаужағдайында
оған қарсы айын тағу жатады.
Қазақстан Республикасының Қонституциялық Кеңесі
Қазақстан Республикасының Конституциясына сай 1995 жылы тамыз айында
құрылды.
Қазақстан Республикасының Қонституциялық Кеңесі өкілеттілік мерзімдері
алты жылға дейін созылатын жеті мүшеден құралады. Өздерінің құқықтары
бойынша Конституциялық Кеңестің өкілеттілік мерзімдер шексіз мүшелері
республиканың экс-Президенттері бола алады. Конституциялық Кеңестің
Төрағасы Республика Президентімен тағайындалады. Дауыстардың тең екіге
бөлінген жағдайында оның шешімі ақырғы болып саналады. Конституциялық
Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екі мүшесі Сенат Төрағасымен,
екеуі Мәжіліс Төрағасымен тағайындалады. Қалған жартысы әр үш жыл сайын
жаңарып тұрады. Конституциялық Кеңестің Төрағасының және мүшесінің қызметі
депутаттық мандатпен сай бола алмайды, яғни олар ғылыми не өнеркәсіптік
істен басқа төленетін коммерциялық не кәсіпкерлік қызметтермен айналыса
алмайды.
Конституциялық Кеңестің ұйымдасуы мен қызметі конституциялық заңмен
реттеледі. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат
Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламен депутаттарының жалпы санының бестен
бір бөлігінен кем емес депутаттардың, Премьер-Министрдің сұрауы бойынша:
• Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлануының
және республикалық референдумның дұрыс өткендігі жайындағы сұрақты
шешеді;
• Президенттің қол қойғанға дейін, Парламентпен қабылданған
заңдардың Республика Конституциясына сай болуын қарайды;
• Республиканың халықаралық келісімдерінің бекіту мерзіміне дейін
олардың Республика Конституциясына сай болуын қарайды;
• Конституциялық нормаларға ресми түсініктемелерді береді;
• Орнатылған конституциялық процедураларды сақтау жайындағы
қорытындыны береді;
Орталық Сайлау Комиссиясы
Орталық Сайлау Комиссиясы тұрақты қызмет ететін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Сайлау жүйесінің
демократиялық принциптерінің іске асырылуын қолдайды және сайлаушылардың
еркін өз қалауы бойынша сайлау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Отралық
Сайлау Комиссиясы Республиканың сайлау жүйесінің органдарын басқарады.
Отралық Сайлау Комиссиясының басты қызметтері болып:
• Сайлау жайлы Қазақстан Республикасының заң шығарылуының іске
асырылуын қамтамасыз ету;
• Сайлау бойынша сайлау комиссиясының қызметін басқару;
• Қазақстан Республикасы азаматтарының және Республиканың
территориясында тіркелген қоғамдық бірліктердің сайлау құқығын
қамтамасыз ету;
• Сайлаудың дайындығын ұйымдастыру және өткізуді бақылау;

Орталық Сайлау Комиссиясы төраға, төраға орынбасары, секретарі және
төрт мүшесі бар құрамнан құралады. Комиссияның арнайы құрамы Қазақстан
Республикасының ұсынысы бойынша Парламентпен сайланады. Және де оның
құрамына өзгертулер Республика Президентінің ұсынысы бойынша Парламентпен
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының негізгі саяси партиялары мен
қоғамдық бірлестіктері
Қазақстан Республикасының Конституциясы констициялық құрылымды
өзгеруге және республика біртұтастығын, қауіпсіздігін бұзуға бағытталған
ұйымдардан басқа партиялар мен ағымдарға кепілдік береді. Заңмен
қарастырылмаған әскери ұйымдардың құрылуына жол берілмейді. Қоғамдық
бірігімдердің іс-әрекеттеріне мемлекеттің заңсыз араласуына рұқсат
берілмейді.
2002 жылы 15 мамырда Н. Ә. Назарбаев Саяси Партиялар жайлы
Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасында келесі партиялар тіркелді:
• Қазақстанның Аграрлық Партиясы;
• Қазақстанның Азаматтық Партиясы;
• Ауыл Шаруашылық әлеуметтік-демократиялық партиясы;
• Қазақстанның Коммунистік партиясы;
• Қазақстанның Патриоттар партиясы;
• Отан Республикалық саяси партиясы;
• Асар Республикалық саяси партиясы;
• Ақ Жол Қазақстанның демократиялық партиясы;
• Руханият партиясы;
• ДВК партиясы;
• Қазақстанның демократиялық партиясы;
• Қазақстаның коммунистік халықтық партиясы.
Халықаралық және аймақтық қатынастар
Өзінің тәуелсіздігін жарияғанан кейін Қазақстан ресми түрде 100 аса
мемлекетпен танылды. Қазіргі кезде Қазақстан республикасы келесі
мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатты: Австралия, Афганистан,
Армения, Австрия, Канада, Қытай, Куба, Египет, Франция, Грузия, Германия,
Ұлыбритания, Венгрия, Үндістан, Индонезия, Иран, Италия, Испания, Жапония,
Израиль, Қырғыстан, Кувейт, Ливия, Мексика, Монғолия, БАЭ, Оман, Пакистан,
Палестина, Румыния, Ватикан, Солтүстік Корея, Швейцария, Швеция,
Тәджікстан, Турция, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Финляндия және басқада
мемлекеттер.
Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып келеді. Оның
ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымы, Халықаралық Волюталық Фонды, Дүниежүзілік Банк, Азиялық Даму Банкі,
Ислам Конференция Ұйымы және тағы басқа. 1995 жылы Қазақстан Бейбітшілік
үшін серіктестік деген НАТО бағдаламасына қосылды.
ІІ.Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды
кезендеріне тән саяси ұйым
Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және
соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті
жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың
айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі
аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканын дамытудың, әлеуметтік-
саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың
маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына
белсенді түрде әсер ете алады.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті
анықтауда өзінің керінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың
күрделігігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес
және бірнеше "қабатты" қамтиды. Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы
дамуының маңызды кезендеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі
және биліктің ұйымдастырушылық-күш құрлдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан
басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу
аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттерде
атайтындай, "жария-биліктің" болуы тән.
Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына,
кәсібіне, мамандыгына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар
туралы.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан
салық жинауға мәжбүр болуы. Салық - бұл Мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік
етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының
жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты
Мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар да төлейді; халықтың шамалы ғана салық төлеуден босатылады.
Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан
зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси
шараларын қаржылан-дыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мэдениет
салаларын қол-дауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық
қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті
қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық
принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашы - рулық басқару ұйымының
негізі мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-
қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісіне
басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі
құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде,
оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең
алдымен олардың аумақтық тиістілігін, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар
мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс
орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен
толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген
азаматтық институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе
азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі
айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
арқасында мемлекет халықты "өзіміздікі" және "өзіміздік емес" деп
дифференциялайды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық
және әкімшілік-аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының
маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі
шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын
аумақтық билік ету институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және
институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет
мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан
жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік.
Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады.
Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен
тұлғалар мемлекеттің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен
маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға,
мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекетке тиесілі
аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе
алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын
тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің – билігін дербес
жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз
ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның
үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің
ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның
мемлекеттік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл
аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет
басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты
сақтайды дегенді білдіреді.

2.1.Мемлекет - қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі.
Қоғамның, елдің, халықтың мүддесін ол толығымен көздей алды ма, жоқ
па, қоғам, ел, халық оған өкілеттік берді ме, жоқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі туралы
Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйе түсінігі
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер. Саяси партия қоғамның саяси жүйесінің элементі ретінде
Саяси қатынастар
Құқықтың түсінігі мен мәні
Өкілдік органдар
Пәндер