ХIX ғасырдың жартысы мен ХХ басында Қазақстан жеріндегі кәсіпкерліктің дамуы



ХІХ ғасырдың екінші жартысында ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамдық өмірінде ұлттық буржуазия тобы қалыптаса бастады. Бұл топтар қоғамның кәсіпшілік негізін қалады. Белгілі тарихшы Е.Бекмаханов былай деп жазған «ХІХ ғ ортасында товарлы капиталистік қатынастарының қазақ қоғамына енуіне байланысты қоғамның әлеуметтік жүйесінде күрделі өзгерістер болды. Қазақтың кейбір бай феодалдары капиталистік қатынасқа тез арада ілесіп кетті. Байлардың жаңадан құрылған жалдамалы еңбек, ауылшаруашылық машиналары кеңінен қолдана бастады» - деп жазады, өзінің «ХІХ ғ екінші жартысындағы және ХХ ғ басындағы байлар шаруашылығы және оның ерекшеліктері» деген еңбегінде \1\. Жаңа бай элементтер тобы өз шаруашылығының рынок сұранысына байланысты құра білді. Патша үкіметінің Қазақстандағы отаршыл экспансиясы оның әлеуметтік экономикалық өмірдегі табиғи ішкі қатынастарды толығымен өзгертті десе болады. Сонымен қатар олар қоғамның дамуына рыноктық қатынасты енгізу арқасында кәсіпкерлік топтардың қалыптасуына ықпал еттті. Ол жөнінде орыстың зерттеушілері Румянцев П.П. өзінің «Современный экономический строй» деген еңбегінде, Галуза П.Г. өзінің «Социальные отношения в казахском ауле и переселенческой деревне Казахстана в начале ХХ века » - деген еңбегінде, қазақ қоғамындағы кәсіпкерліктің дамуы жөнінде ашып көрсеткен. Галузо былай дейді
« Қазақтың жаңа байлар тобы жәрмеңкеде сатылатын малдың иесі ғана емес, сонымен қатар олар жердің де иесі» - деп көрсеткен. \2\ Олар ауылшарушылығының товарларын рынокқа шығарып қана қоймай, капитал қорында жинағанын көрсетеді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
ХІХ ғасырдың ортасы – Қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала
бастауының көріністері айқын байқалды: отырықшы мал шарушылығы мен
егіншіліктің дамуы, жеке меншік жердің гүлденуі кең таралуы, жылқы санының
азайып ірі қара малдың көбеюі. ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан ресейлік
кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс
орындарын салуға жұмсалды. Тұтас алғанда, Қазақстан өнеркәсібіне
кәсіпорындар жағдайының әлсіздігі, шығарылатын өнім сапасының төмендігі,
жұмысшылардың техникалық біліктілігінің жеткіліксіздігі, білімді инженер-
техник мамандардың мүлде болмауы тән еді. Бұл оның 1887 жыл Екатеринбургте
өткен Сібір- Урал ғылыми- техникалық көрмеге қатысуға кедергі жасады.\1\
Бірақ өнеркәсіптің сол бір болмашы көрінетін деңгейі, оның техникамен
біршама төмен жарақаттандырылуының өзі дегенмен де өлкенің полиэтникалық
халқының экономикалық әл- ауқатында өте маңызды жағдай болып шықты, оны
шаруашылық жүргізудің капиталистік жүйесіне тартты.
Қазақ өлкесінің бірте- бірте капиталистік қатынастар өрісіне
тартылуы халықтың экономикалық өміріне, атап айтқанда сауданың нысаны мен
мазмұнына аз өзгеріс енгізген жоқ. Ішкі сауда екі нысанда: айырбас және
ақша арқылы жүзеге асырылды. Ең соңғысын көбінесе бүклі өлкені жайлап
орналасқан орыс- украин шаруа тұрғындары және қазақ станциялары жүргізсе,
айырбасты көбінесе көшпелілер жүргізді.
Қазақстанның Орта Азиямен сауда байланыстарының мың жылдық тарихы
бар. В.В.Бартольд: Для культурных областей Средней Азии торговля с
кочевниками- турками всегда имела большое экономическое значение ... -
деп жазды. \1\ Қазақстан мен Орта Азияны байланыстырған тек оның
территориясының жақындығы ғана емес, этно- мәдени, тарихи дәстүрлері мен
экономикасының ұқсас тұстарының көп болуы.

1. Мадунов С. История казахско- узбекских отношений в ХІХ –начале ХХвв. –
Туркестан, 1992 год.

І. ХІХ ғасырдың жартысы мен ХХ басында Қазақстан жеріндегі Кәсіпкерліктің
дамуы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамдық
өмірінде ұлттық буржуазия тобы қалыптаса бастады. Бұл топтар қоғамның
кәсіпшілік негізін қалады. Белгілі тарихшы Е.Бекмаханов былай деп жазған
ХІХ ғ ортасында товарлы капиталистік қатынастарының қазақ қоғамына енуіне
байланысты қоғамның әлеуметтік жүйесінде күрделі өзгерістер болды.
Қазақтың кейбір бай феодалдары капиталистік қатынасқа тез арада ілесіп
кетті. Байлардың жаңадан құрылған жалдамалы еңбек, ауылшаруашылық
машиналары кеңінен қолдана бастады - деп жазады, өзінің ХІХ ғ екінші
жартысындағы және ХХ ғ басындағы байлар шаруашылығы және оның
ерекшеліктері деген еңбегінде \1\. Жаңа бай элементтер тобы өз
шаруашылығының рынок сұранысына байланысты құра білді. Патша үкіметінің
Қазақстандағы отаршыл экспансиясы оның әлеуметтік экономикалық өмірдегі
табиғи ішкі қатынастарды толығымен өзгертті десе болады. Сонымен қатар
олар қоғамның дамуына рыноктық қатынасты енгізу арқасында кәсіпкерлік
топтардың қалыптасуына ықпал еттті. Ол жөнінде орыстың зерттеушілері
Румянцев П.П. өзінің Современный экономический строй деген еңбегінде,
Галуза П.Г. өзінің Социальные отношения в казахском ауле и
переселенческой деревне Казахстана в начале ХХ века - деген еңбегінде,
қазақ қоғамындағы кәсіпкерліктің дамуы жөнінде ашып көрсеткен. Галузо
былай дейді
Қазақтың жаңа байлар тобы жәрмеңкеде сатылатын малдың иесі ғана емес,
сонымен қатар олар жердің де иесі - деп көрсеткен. \2\ Олар
ауылшарушылығының товарларын рынокқа шығарып қана қоймай, капитал қорында
жинағанын көрсетеді. Қазақ шаруашылығын рыноктық қатынасқа тарту оңайлыққа
соққан жоқ. Қазақстанның көптеген аудандарының тұрғындары әлеуметтік
немесе психологиялық жағынан капиталистік қатынасты түсінуге және
қабылдауға дайын емес еді. Олар малдың жаңа тұқымдарын көбейтуге және
ауылшаруашылығының жаңа технологиясын меңгеруге көп көңіл бөлмеді. Орыс
көпестері ауыл тұрғындарынан арзан бағаға мал және мал өнімдерін сатып
алып немесе айырбастап отырды. Кейбір қазақ байлары алыпсатарлықпен
айналыса бастады. 1822 жылғы реформадан кейін сауда қатынасы тез дами
бастады. ХІХ ғ 90 жылдары ХХ ғ 90 жылдары Павлодар, Атбасар, Қостанай,
Көкшетау, Ақтөбе уездерінде мал, мал өнімдерін сатумен айналысатын 640
қазақ көпестері қалыптасты. Олардың қатарында Петропавл саудагері
Бектұрған Қарағановтың жылдық сауда айналымы 150 сомды құрайды. Қазақтың
ірі көпесі Жейінқұловтың жылдық айналымы 500 сомды құрайды, ал Ибрагимов
деген көпес астық ұнын, нан сатумен айналысты, Құрабаев деген саудагер
киіз, киіз өнімдерін сатқан. Сонымен қатар саудагерлер маклерлік
алыпсатарлар, приказщиктер ұстаған делдалдықпен айналысқан. 1898 жылы
Көкшетау уезінде 62 приказщик қазақтар болып табылды. \3\ Байлардың
шаруашылығын зерттеу нәтижесінде 1849 жылы Ақтөбе, Павлодар уездерінде
алыпсатарлар тіркелген. ХІХ ғ қазақ саудагерлердің қатарында түрлі
саудамен айналысатын саудагерлер қалыптаса бастағанын көрсетеді. Мысалы
Павлодар уезінің Тереңкөл болысының 5- ші ауылында тұратын Ж.Бейітов 20
жылдар бойы түрлі сауда операцияларын жүргізгені жөнінде мәлімдейді. Оған
кәсіпкерлік қызмет жөнінде дәлел болатын Павлодар қаласында сақталған
тастан қаланған дүкен бола алады. Архив документтерінде сақталған Ақмола
уезінің кәсіпкер саудагерлері Осман Ибелгибаев, Тұрсын Тайшынов,
Ж.Тексылықов және тағы басқа кейбір қазақ кәсіпкерлері орыс отаршыларынан
жерді жалға алып, оны үлестіктерге бөліп, жалға беріп отырған. Кейбір
ұлттың буржуазия өкілдері өз капиталдарын фабрика, зауыт өндірісіне салып
отырған.
Қазақтар негізгі ішкі рынокқа: мал, мал өнімдерін, тері, жүн, тері,
киіз, арқан, қап және тағы басқа бұйымдар шығара бастады. Қалада тұрған
қазақтар өз бұйымдарын ақшаға, ал шалғай ауылдарында тұратын ауыл
тұрғындары өз өнімдерін орыс көпестеріне айырбасқа берген. ХІХ ғ аяғы ХХ ғ
басы жәрмеңке саны тез өсе бастады. 1885 Нарын өзені бойында Нарын-
Сергиополь жәрмеңкесі ашылады. 1893 жылы Жаркент уезінде ең ірі Қарқара
жәрмеңкесі жұмыс істей бастады. Жетісу өлкесінде Қапал уезінде Бектұрған
жәрмеңкесі ашылды. 1894 жылы Верный, Қапал, Лепсі, Жаркент сауда
орталықтарында сауда- өнеркәсіп айналымынан түскен ақша 9 млн. сомды
құрады. Жетісу көпестерінің беделі жылдан- жылға өсе бастайды. Халықаралық
сауда байланысында Ресей және Қытаймен байланыстары жандана түседі. Верный
уезінің кәсіпкерлері өз өнімдерін сыртқы саудаға шығарып, көп пайда
табады. Олардың қатарында Ф.А.Пестов, Н.А.Пугалов, А.Мальков,
П.Абдрахманов, В.Ф.Калпаков және тағы басқалары болған. 1867 жылы Россияда
крепостниктік правоның жойылуы елде капитализмнің дамуын жеделдетті.
Қазақстанның шикізат көзі және өнеркәсіп товарларын өткізетін рынок
ретінде ролі күшейді. 1867- 1868 жылдары Қазақстанда әкімшілік басқару
жұмыстарына байланысты жұмыстар жүргізілді. Патша үкіметінің ұлтшыл-
отарлық саясатына қарамастан Қазақстанда жүзеге асқан реформалар өлкенің
жалпы россиялық деңгеиіне көтерілуіне жағдайлар жасады, капиталистік
қатынастар процесінің орнауын жеделдетті. Қазақстанда шыт, жібек, былғары,
металл бұйымдары әкелінді,

1. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғ екінші жартысындағы және ХХ ғ басындағы
Қазақстандағы байлардың шаруашылығы және оның ерекшеліктері М.,
1961. 434с. - 338-346.
2. Галузо П.Г. Социальные отношение в казахском ауле и переселенческой
деревне Казахстана в начале ХХ века. \Казахстан в канун Октября. Под
ред. проф. П.Г.Галузо. А-А. 1968. 284с.-с.25-148.\
3. Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети ХІХ –
начале ХХ в.

ал Қазақстаннан Россия рыногына миллиондаған мал айдалды, мал өнімдері,
астық тасылды. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерінің құны
артып, натуралдық шаруашылық ыдырай бастады. Сауданың жаңа түрі –
жәрмеңкелік сауда пайда болды. Ірі жәрмеңкелердің жылдық товар айналымы 1
млн. сомға жетті. Қырдағы аудандарда тасымалды сауда дамыды. Өсімқорлық
тарады. 1870-1890 жылы саудада несиеге берудің капиталистік түрлері
қалыптасты. Банктер құрылды. Сауда- өнеркәсіп орталықтары ретінде
қалалардың ролі артты. Қала халқының саны қоныс аударушылар есебінен өсті.
Қазақтар негізінен оңтүстік жақта тұрды. Қалаларда ауылшарушылық өнімдерін
өңдейтін ұсақ өнеркәсіп орындары басым болды: тамақ, тері илейтін,
механикалық шеберханалар пайда болды. Кен өндіретін жаңа кәсіпшіліктер
саны өсті. Тек Ақмола облысының Қарқаралы уезінде 249 рудник болды.
Қарағандыда көмір шахталары, Риддерде рудниктер салына бастады. Тұз
өнеркәсібі, Каспидің балық шаруашылығы кәсіпшілігі капиталистік сипат ала
бастады. 1874- 1876 жылдары Орынбор теміржолы салынды. 90 жылдары Сібір
темір жол магистралінің Ақмола облысы арқылы өтетін бір бөлігі іске
қосылды. Темір жол салу товар айналымының артуына, Орталық Россиямен
байланыстың артуына, транзит сауда көлемінің артуына ықпал етті.
Патриархалдық томаға- тұйықтықтың күйреуі, натуралды шаруашылықтың
ыдырауы, товар- ақша қатынастарының таралуы, сауда мен астыққа деген
қажеттіліктің артуы отырықшылыққа және егіншілікке көшуді тездетті. 1889
жылы Жетісуда егінші қазақтар шамамен 10 млн. пұт астық өндірді. Ақтөбе
және Қостанай уездерінде 9 млн. пұт астық жиналды.
Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі маңызыды жеміс
патриархалдық- феодалдық ыдырау прцесінің жеделдеуі, тапқа жіктелу және
ауылдағы таптық күрестің өсуі болды. Жерден және малдан айырылған қазақ
кедейлері ауылдан мүлдем қол үзбесе де, кәсіп іздеп қалаларға кетті. ХІХ ғ
аяқ шенінде жұмысшы табы, оның ішінде Россия жұмысшы табының бір бөлігі
ретінде ұлттық жұмысшы табы қалыптаса бастады. Әсіресе, кен және тұз
өнеркәсібінде істейтін жұмысшылар саны өсті. 1855 жылы мұнда 1353 жұмысшы
болса, 1900 жылы 11225- ке жетті. Өлкенің өнеркәсіп орталықтарында орыс,
қазақтар бірігіп еңбек етті.
Ауыл өмірінің барлық салаларына капитализмнің енуі туғызған дағдыдан
тыс тұрмыс жағдайлары номадтарды табиғи- географиялық жағдайларды ескере
отырып, шөп шабумен, аң аулаумен, бақша егумен айналысуға итермеледі.
Едәуір көп шапқан қазақтар оны пайда келтіре отырып, Орынбор,
Петропавл табыншыларына сатты, капуста, картоп өсірді. Пеовскіде
жергілікті халық капуста егіп, оны орыс тұрғындарына сатып пайда тапты: 1
пұт картоп 20-40 тиын тұрды. 1888 жылдан бастап Семей облысының оңтүстік
уездерінде құнарлы топырағы бақша егуге жалпы қолайлы жерлерде қазақтар
қоныстанушылардың ықпалымен қарбыз, қауын өсіре
бастады: Өскемен уезінде- 5449, Семейде- 3054, Павлодарда-2030, Зайсанда-
180, облыс бойынша -10733 дана қауын- қарбыз өсірді. Оңтүстік аймақтарда
бақша шаруашылығы ескі дәстүрдің жалғасы ретінде жер- жерде өріс алды.
Кәсіпшіліктің жергілікті түрлерінің арасында аң аулаудың өскенін
атау керек, атап айтқанда, оны жәрмеңкелерде сатылған аң терілерінің
санына қарап аңғаруға болады.
Жүн, тоң май, қыл және тағы басқалары сияқты мал өнімдерінің
мейлінше мол болуы, сондай- ақ осы шикізаттың өңделген түрі, мысалы, киіз,
шекпен, қыл арқандарға деген қажеттілік ауылдарда үй кәсіпшілігінің дамуын
ынталандырды, олардың бұйымдары да жәрмеңкелерде сатылды.
Оңтүстік аудандарда сапалы жүндерден дағдылы төбесі шошақ,
маңдайында күнқағары бар, көшпеліні оңтүстіктегі аптап ыстықтан қорғайтын
жазғы киімдердің сөзсіз бір бөлігі болып табылатын айыр ақ қалпақтар
дайындалды.
Өнеркәсіптің дамуы, қалалардың кең- байтақ өлкелердің экономикалық
өмірі орталықтарына айналуы, акционерлік қоғамның құрылуы және шаруашылық
жүйесіндегі басқа да өзгерістер банк мекемелерінің желісінің кеңеюін көп
жағынан тездетіп, экономиканың дамуындағы негізгі сатып алу- сату құралы
ретінде ақшаның рөлін ұлғайтты.
1871 жылы Қазақстанда ашылған алғашқы банктердің бірі Петропавлдағы
негізгі капиталы 40 мың сомды құрайтын қалалық қоғамдық банк болатын. Ал
1875 жылы Ташкентте Мемлекеттік банк бөлімшесінің құрылуы құрамына Жетісу
облысына кірген бүкіл Түркістан генерал- губернаторлығы үшін елеулі оқиға
болды. Мемлекеттік банктің мұндай бөлімшелері Қазақстанның сауда
орталықтарымен қалыптасып келе жатқан өнеркәсіп орталықтарында: Оралда,
Петропавлда, Семейде, Верныйда жұмыс істеді. Қазақстанда Ресейдің ірі
экономикалық аудандарымен қосқан жаңа темір жол желілерінің іске қосылуы
Қазақстанда империяның ірі банк мекемелерінің жаңа бөлімдерін немесе
бөлімшелерін ашу үшін қолайлы негіз жасады. Ресейдің ең әйгілі 9
банкісінен Қазақстан қалаларында өз бөлімшелерін ең алдымен Дала өлкесінде
ашқан Сібір сауда банкі болды: бұл банктің 57 бөлімшесінің 6 бөлімі, яғни
12,3 пайызы Қазақстанда: 1894 жылы- Омбыда, 1898 жылы- Семейде, ал ХХ ғ.
басында- Ақмола, Верный, Қостанайда, Павлодарда жұмыс істеді.
Банктердің болмашы желісінің өзінің пайда болуы бірқатар
ерекшеліктері бар және қазақ- қырғыз кассалары арқылы жүзеге асырылған,
өлкеде ХІХ ғ 70 жылдарында қолданылған ұсақ кредиттің біртіедеп таралуын
жеделдетті. Олар далалық облыстардың байырғы халқына көкейтесті шаруашылық
және отбасылық қажеттерін қанағаттандыру үшін қаражат беруді мақсат еттті.
Банк ісінің жай- күйі, оларда капиталдың көбеюі Қазақстан тұрғындарының
арасында ақша жүйесінің таралуына, оның баспа- бас айырбастауды ығыстырып
шығарып тастауына тікелей тәуелді болды.
Егер капиталистік сауда әдістері бәрінен бұрын қамтыған солтүстік-
батыс және шығыс аудандарда көшпелілердің ақша белгілерінің мәнін, құнын
ұғынуы тез қарқынмен жүрсе, империяның құрамына кейініректе енген оңтүстік
аудандарда бүкіл құбылыс едәуір кейіннен орныға бастады. Профессор
Смирновтың пікірі бойынша, нақты ақшаның енгізілуі және жаңа жүйе бойынша
есеп айырысу аймақ жаулап алынғаннан кейін ене бастаған және Оңтүстік
Қазақстанда жергілікті ақша теңге Қоқанның теңгелерімен еркін айналыста
жүрген. Көшпелілерде ақша қаражатының болуы олар үшін қала банктерімен
іскерлік байланыс орнатуға, өсімқорлармен тығыз кредит- ақша байланыстарын
жасауға, жергілікті банктерде есепшоттар ашуға, біртіндеп рыноктық
қатынастарға тартылуға, қалаларда жылжымайтын мүлік сатып алуға кең
мүмкіндіктер ашты. Бұрынғы кезде, жергілікті халықта, 4-5 мың сомы бар
адам ең бай адам деп саналған, қазіргі уақытта мұндай байларды қалалар
ғана емес, қыстақтарда да кездестіруге болады, ал қалаларда 300 мың сом
нақты капиталы бар байлар кездеседі, - байып алған көшпелілер қатарына
шыққан жаңа әлеуметтік топтың өмірін Туркестанские ведомости газеті
осылайша сипаттайды.

І. ХІХ ғ.екінші жартысы мен ХХ ғ. басында Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
Ресей капитализмінің отары ретінде ревалюцияға дейінгі Қазақстанда
негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті жерде шикізаттар саласы
дамыды. Бұлар тау- кен өндіріуші және кен- зауыт өнеркәсібі, сондай- ақ
ауылшарушылық, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау- кен
өнеркәсібі кенді Алтайда және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті
металдар мен кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің жоспарлы
дамуы болған жоқ. Кен орындары жеке кәсіпкерлерге сатылды, олар 20 жылдай
пайдаланып, кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. 30-
жылдарда Алтайда А.Демидотың зауыттары мен кеніштері пайда болды, ол
қайтыс болғаннан кейін олар кен құрамынан күмістің табылуы себепті
Кабинеттің меншігіне көшті. Бұл кәсіпорындарда басыбайлы шаруалардың
еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника, міндетті күш- көлік
міндетткерлігі қолданды, сондықтан да олар реформадан кейінгі кезеңде
құлдырауға ұшырады, ал ХІХ ғ аяғына қарай жекелеген әрекеттерге қарамастан
жұмысын мүлде тоқтатты.
Орталық Қазақстанның сан- салалы экономикасының құрамдас бөлігі
жергілікті өнеркәсіп болды, оның біркелкі емес, өтпелі ең алдымен ұсақ
тауарлы деңгейі мен мәні бірқатар қарама- қарсы пікірлер туғызды.
Өздерінің көлемі, құрылысының қарапайымдығы жағынан, сондай- ақ оларда
жұмыс істейтін жұмысшылар саны бойынша шағын бұл зауыттар шын мәнінде ХІХ
ғасырдың аяғы- ХХ ғасырдың басында ғана өнеркәсіптің қарапайым бастамалары
болды. Орталық Қазақстанда көмір және түсті металдар кен орындарын
пайдалану неғұрлым табысты болды, оларға ХІХ ғ 30 жылдардың басынан орыс
көпестік капиталы назар аударған болатын, бұған мұнда патша әулеті
монополиясының болуы ықпал етті.
1834 жылы көпес С.И.Попов Қарқаралы уезінде Богословск күміс-
қорғасын және басқа да бай кен орындарын игере бастады. 1839 жылы ол
қорғасын мен күміс балқытуға арналған Благодатно- Степановский зауытын, ал
1849 жылы Александровск заутын салды. Жиырма жылдан кейін екі зауытта өз
жұмысын тоқтатты. С.И.Поповтың мұрагерлері 1858- 1859 жылдары
Новониколаевск күміс- қорғасын зауытын салды, ол 1877 жылға дейін жұмыс
істеді.
ХІХ ғ 40 жылдарында көпестер Н.Ушаков, А.Рязанов, Зотов жергілікті
байлардан Қарағанды көмір кенішін, Успенск мыс кеніші бар Нілді алқабын,
Жезқазған және Спасск- Вокресенск кенді аудандарын арзанға сатып алып, мыс
өндірумен айналысты. С.А.Попов 1887-1888 жылдары Қарқаралыға жақын жерде
Косьмо- Демьяновск, Балқаш көлінің жағалауына жақын жерде Степановск
зауыттарының негізін қалады, олар араға үзіліс салып, біріншісі 1913 жылға
дейін, екіншісі 1907 жылға дейі жұмыс істеді. Бұл кәсіпорындардың бәрін
кәсіпкерлер жеткілікті қаражаттары мен тәжірибесі болмай өндіріс техниаксы
төмен және білікті жұмысшылары жоқ жағдайда салып пайдаланды. Олардың
иелерінің көпшілігі оңай пайданы қуып кетті де, ақыры аяғында күйзеліске
ұшырады.
ХХғ басында жалпы кен өнеркәсіп орындары, алғашқы орында мыс
өндіретін кәсіпорындар шетелдік кәсіпкерлердің акционерлік қоғамдарының
қолна көшті. Олардың арасындағы алғашқы кәсіпорындардың бірі- 1904 жылы
Лонданда бұрын Рязанов пен Козицинаға тиесілі болып келген, ХІХ ғ екінші
жартысында өлкедегі мыс балқыту өнеркәсібінің ошағы болған кәсіпорындарды,
рудниктер мен кен орындарын пайдалану мақсатымен құрылған Спасск кен
рудаларының акционерлік қоғамы. Қоғам орыс кәсіпкерлерінен Спасск мыс
балқыту зауытымен қоса Спасск- Воскресенск мыс кенішін және Успенск мыс
кенішін, Саран және Қарағанды тас көмір кен орындарын, екі темір кенішін
сатып алды. Қоғам аралас құрамды ағылшын-француз қоғамы болды және Франция
президенті М.Ф.Карноның, ұлы француз капиталисі Клод Эрнест Жан Карноның
байланыстары мен ықпалы арқасында құрылған еді. Ол патша шенеуніктерін
сатып алу жолымен тиімді мәміле жасауға қол жеткізді. Қоғамның
басқармасынан төрт ағылшын және төрт француз кірді. Оның төрағасы –
ағылшынның ірі капиталисі, Парламент мүшесі Артур Фель, ал вице-президенті
Э.Карно болды.
1914 жылы Риддер және Екібастұз Ресейдің кеніштері мен зауыттарын
қоластына қаратқан Орыс – Азия корпарациясының концессиясына көшті. Шын
мәнінде бұл ағылшын компаниясы болатын, онда мысалы, Лесли Уркарт сияқты
ірі қаржы іскерлері үстемдік етті және 1914 жылы ол өзінің Ертіс
корпарациясы атты еншілес қоғамы арқылы Қазақстан Кенді Алтай мен
Екібастұз кеніштерін пайдалану мақсатымен Риддер және Қырғыз кен-
өнеркәсіп акционерлік қоғамдарын құрды.
1914 жылы Риддер және басқа кеніштердің, Екібастұз ауданында мырыш
зауытының құрылысы басталып, 1916 жылы Екібастұз көмір және Риддер
концентраттары базасында қорғасын зауыты салына бастады. Бұдан әрі ол
концентраттар Ертіс бойымен Ермак айлағына дейін жөнелтілді. Одан
Воскресенск темір жолы мен Екібастұз зауыттарына жеткізілді. Темір жол
желісі 1916 жылдың аяғына қарай аяқталды және 1917 жылға дейін қрғасын-
мырыш концентраттары Риддерден Екібастұзға дейін негізінен күш көлігімен
тасылды. Риддерде шағын байыту фабрикасы мен Быструха электр станциясы
салынды. Соңғысын Риддер кеніштерімен бірге 1916 жылы Быструха өзенінің
тасыған суы басып кетті.
1880- 1890 жылдардағы өлкедегі кен өнеркәсібінің басты салаларының
бірі алтын өндіру болатын. Өскемен уезінде 125- тен астам кен орны жұмыс
істеді. Бірақ ХХ ғ басында бірқатар себептергет байланысты салықтың көп
мөлшерде салынуы, қатынас жолдарының қашықтығы, қаражаттың, құрылыс
материалдарының жеткіліксіздігі және т.б. Өскемен уезінің алтын кеніштері
50- ге дейін қысқарды. Бұл алтын өнеркәсіпшілерін капиталды
орталықтандыруды күшейтуге өз серіктестеріне инженерлер тартуға,
өндірістік- техникалық ынтымақтастықты дамытуға, өндіріс технологиясын
жақсартуға және т.б. мәжбүр етті. Алтын өндіруші салаға Ресейдің орталық,
Сібір мен Алтайдың ірі өнекәсіпшілері де өз капиталдарын салды. Алтын
өнеркәсіпшілерінің қатарында орыс және татар ұлты басым болды. 1904 жылы
Өскемен уезінің 8 кеніш базасында- Алтай алтын өнеркәсіп компаниясы,
1906 жылы Зайсан уезінің бес кеніші мен рудниктер базасында- Марқакөл
алтын өнекәсіп серіктестігі, 1912 жылы Өскемен уезіндегі алтын айырып алу
фабрикасы бар 9 кеніштер мен рудниктер базасында Оңтүстік- Сібір алтын
өнеркәсіп серіктестігі құрылды.
1893 жылы ашылған Екібастұз көмір кенішін 1899 жылдан 1903 жылға
дейін Воскресенск кен- өнекәсіп қоғамы пайдаланып келді. Көмірді
негізгі тұтынушылар Сібір темір жолы, Батыс Сібір пароходствосы және т.б.
болды. Қарағанды мен Саран көмір кен орындары Спасск мыс балқыту заутының
отын базасы болды. Қарағанды көмірін Спасск зауытына дейін тасымалдау үшін
1906-1907 жылдарда тар табанды темір жол ашылды. Бұл көмір өндіру мен
тасуды көбейтуге едәуі ықпал жасады, көмір өндіру төрт еседен өсті. Қоңыр
көмір кен орындары да игерілді. 1913 жылы Жезқазған мыс кеніштерінен 120
шақырым жерде Байқоңыр кен орны барланды, ол салына бастаған Қарсақбай мыс
балқыту зауытын отынмен қамтамасыз ете алатын еді. 1915 жылдан бастап
Ташкент темір жолының Бершүгір станциясына жақын жерде осы жолды отынмен
қамтамасыз ету үшін Ленгір кен орнынан қарапайым кен өндіріле бастады. Нақ
осы кен орнының көмірімен Шымкент пен Ташкенттің кен орындары жабдықталды.

Сонымен қатар тұз өндіру де дамыды. Тұз жергілікті қажеті үшін де,
алыс жерлерге сату үшін де өндірілген Батыс Қазақстандағы Басқұншақ,
Елтон, Елек тұз кәсіпшіліктері, өлкенің солтүстік- батысындағы Корьяков,
Повольже, Карабаш тұз кәсіпшіліктері жұмысшылыа саны көп, әрі ірі
капиталистік кәсіпорындарға айналды. Ең ірілері Ішкі Ордадағы Басқұншақ
және Семей облысының Павлодар уезінің Коряков кәсіпшіліктері болды.
Орал- Жем мұнай ауданы да ағылшын кәсіпкерлерінің қолында болып
шықты. Ол мұнда өздерінің дербес акционерлік кәсіпшіліктерін құру жолымен
де, үлес қосып қатысып, орыс компаниялары арқылы да енген болатын. 1911
жылы 2 сәуірде Доссор кәсіпшілігінде қуатты мұнай бұрқағы атқылады, мұның
өзі Жемде ірі көлемде мұнай өндіруді бастап берді. Батыс Қазақстанның
мұнай кен орындарын пайдалану үшін мынандай ағылшын қоғамдары құрылды:
Батыс- Орал мұнай қоғамы, Орал- Жем қоғамы, Орталық Орал- Каспий қоғамы,
Солтүстік Каспий мұнай компаниясы және басқалары құрылды.
Мал шаруашылығы шикізатын өңдеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың
негізгі ошақтары Ақмола және Семей облыстары болатын. Жергілікті мекемерер
жинаған деректемелер бойынша, мұндай кәсіпшіліктің ошақтары Ақмола
облысында ХІХ ғ. орта шенінде пайда болған. 1888 жылы Семей облысында 63
зауыт- 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатын, 1 май қорытатын,
23 кірпіш, 2 сыра ашытатын және басқа да 4 зауыттар болып, оларда 262
жұмысшы істеген, жалпы шығарған өнімдерінің сомасы 230 мың сомды құрайды.

ІІІ. Сауданың дамуы
Орта ғасырларда Қазақстан территориясы арқылы өткен Ұлы Жібек
жолының бірнеше бағыттары Қазақстанда Шығыс және Батыс елдерімен, сол
кездегі саяси жағдайдың аса күрделігіне қарамастан, тығыз байланыстырды.
Көптеген тарихи жазба деректер қазақтардың әр түрлі мемлекеттермен
сауда- сатық байланыстарын орнатқандығы туралы хабарлайды.
Сол мемлекеттердің бірі- Қытай. Көршілес екі мемлекеттің арасындағы
байланыстардың қалыптасуына территориялық жақындастық пен экономикалық
факторлардың ықпалы зор болды. Осының арқасында Қазақстан мен Қытай
арасында шекаралық сауда пайда болды, Семей, Өскемен, Бұқтырма сияқты сауда
орталықтарының экономикалық байланыстарды нығайтуда ролі басым болды.
Қазақстанның көршілес Қытаймен саудаысның даму шарттарының бірі аумақтың
шектестігі, 1881 жылы Цинь империясы мен Ресей арасындағы Петербург шартына
қол қойылу болды. Шыңшаң қалаларындағы орыс саудагерлерінің саны
айтарлықтай өсті, олардың көпшілік бөлігі Шәуешекте сауда жасады және
олардың табыс мөлшері 200 мың сомды құрады. Құлжадағы сауда жандана түсті.
Цинь империясының қалаларымен саудаға Үржар, Мақаншы және басқа да елді
мекендердің шаруалары мен қазақтары қатысты. Олар негізінен бидаймен сауда
жасады. ХІХ ғ 80 жылдарында Жетісу өлкесі арқылы Шыңжаңмен жасалған сауда
байлансытарының өсуі байқалды. Жаркент учаскесінің бастығының мәлімдемесіне
қарағанда, 1893 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін Қарқара жәрмеңкесі
арқылы Батыс Қытайға 171 саудагер барған, апарған заттарының құны 435433
сом болған. Қазақстанға Қытай экспортының басты бөлігі шай болды. Қытай
шайын негізгі тұтынушылар ретінде қазақтар бүкіл шекаралық өңірде осы
тауардың әкелуіне үнемі мүдделілік танытты.
Қазақ тарихын зерттеушісі, атақты ғалым А.И.Левшин: Қытайлықтар
қырғыз қазақтарды матамен қамтамасыз етті - деп жазды. \ 1 \
ХVІ ғ екінші жартысында қазақ- ағылшын қатынастары қалыптаса
бастады. Қазақ жерінің ағылшындардың назарына ілігуін олардың ұлы
географиялық ашуларымен сабақтастыруға болады. Ағылшын көпестері мен
саяхатшылардың Қазақ еліне қатысты жазбаларын саралағанда ағылшындардың
шығыстағы саясатында қазақ жерлеріне белгілі дәрежеде мән беріле бастағаны
көрінеді. Бұл жазбалардың ішінде Джон Кэстільдің, Антон Дженкинсонның,
Джон Эльтонның еңбектері өте құнды болып табылады. Джон Кэстельдің
күнделігінде қазақ елі туралы, оның Үндістанға апаратын жаңа сауда
жолдарын барлаудағы ыңғайлы, тиімді мекен екенін жазған. Сонымен қатар
қазақтардың саяси- әлеметтік, салт- дәстүрлері, экономикалық құрылысы,
сауда байланыстары туралы көптеген

1. Левшин А.И. Описание киргиз- казачьих, или киргиз- кайсацких орд и
степей. Алматы, 1996

сауда байланыстары туралы көптеген мағлұматтар жинады.
Ол күнделігінде ... Эти людине знали денег, не понимали, что цена
чего- то может измерться денежными единицами - деп жазды. \ 2\
Қазақстан мен Орта Азиямен сауда байланыстарының мың жылдық тарихы
бар. В.В.Бартольд: Для культурных областей Средней Азии торговля с
кочевниками- туракми всегда имела большое экономическое значение ... . -
деп жазды. \ 3\
Қазақстан мен Орта Азияның тығыз байланыстылығы тек оның
территориялық жақындығы емес, этно- мәдени, тарихи традициялары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Зәки Уәлиди Тоған
Қазақ ауылының шаруашылық жағдайы
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
Пәндер