Облыстағы мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі жай-күйі



Бағдарламаның паспорты
Кіріспе

I.ТАРАУ. Облыстағы мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі жай.күйі

II.ТАРАУ. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
2.1 Бағдарламаның мақсаты: оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту.

III.ТАРАУ. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен тетігі
3.1. Мүгедектіктің алдын алу
3.2 Медициналық.әлеуметтік сараптаманы жетілдіру
3.3. Әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру
3.3.1 Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту
3.3.2 Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
3.3.3 Медициналық оңалту
3.3.4 Әлеуметтік оңалту
3.3.5 Кәсіптік оңалту
3.4. Мүгедектерді оңалтуды өңірлік деңгейде ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара жұмыс істеу
3.5 Мүгедектерді оңалту жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру
3.6 Қазметкерлердің дамыуы
IV.ТАРАУ. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

Қорытынды
Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру проблемасы осы облыстық Бағдарлама шеңберіндегі шешуді қажет ететін әлеуметтік маңызды міндеттер болып табылады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мүгедектердің өмір сүруіне тең мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау көзделді.
Оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары және меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыстарының іс-тәжірибесіне кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі іс-шаралар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен әзірленіп бекітілді. Облыс деңгейінде және барлық өңірлерде аталған Заң аясындағы мүгедектерді оңалтудың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің кеңейтілген семинар-кеңестері өткізілді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2006 жылғы
4 сәуірдегі

№17236 –ІІІ шешімімен бекітілді

МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ
2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ

Өскемен қаласы, 2006 жыл

Мазмұны
Бағдарламаның паспорты
Кіріспе

I-ТАРАУ. Облыстағы мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі жай-
күйі

II-ТАРАУ. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
2.1 Бағдарламаның мақсаты: оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді
әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту.

III-ТАРАУ. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен тетігі
3.1. Мүгедектіктің алдын алу
3.2 Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру
3.3. Әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру
3.3.1 Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту
3.3.2 Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
3.3.3 Медициналық оңалту
3.3.4 Әлеуметтік оңалту
3.3.5 Кәсіптік оңалту
3.4. Мүгедектерді оңалтуды өңірлік деңгейде ұйымдастыру, мүгедектердің
қоғамдық бірлестіктерімен өзара жұмыс істеу
3.5 Мүгедектерді оңалту жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру
3.6 Қазметкерлердің дамыуы
IV-ТАРАУ. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

Қорытынды

Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008
жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау
туралы Қазақстан Республикасының
Заңы;
Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы Қазақстан
Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына 2004 жылғы 19
наурыздағы Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 30 қаршадағы № 1241
қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасында әлеуметтік
реформаларды одан әрi тереңдетудiң
2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы;
Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008
жылдарға арналған бағдарламасы


Бағдарламаны әзірлеуге жауапты Жұмыспен қамту және әлеуметтік
мемлекеттік орган бағдарламаларды үйлестіру
департаменті
Бағдарламаның мақсаты Оңалту жүйесін жетілдіру,
мүгедектерді әлеуметтік қолдауды
күшейту және олардың өмір сүру
сапасын жақсарту, мүгедектерді орнын
толтырушы құралдармен қамтамасыз
ету, мүгедектерді жалпы білім
мектептерінде, кәсіби оқытудың
арнаулы орталықтарында, жоғары оқу
орындарында оқыту
Бағдарламаның міндеттері Мүгедектікке әкеп соқтыратын
потологиясы бар жиі және ұзақ
ауратын адамдардың алдын алу жүйесін
қалыптастыру;
әлеуметтік мекемелер жүйесін, үйде
әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін
кеңейту;
мүгедектерді оңалту жүйесін
жетілдіру және мүгедектерді
медициналық, әлеуметтік және
кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер
аясын ұлғайту;
хоспис мекемелерінің жүйесін дамыту;
Өскемен протездік-ортопедиялық
орталығын кеңейту, көмектің осы
түрінің сапасын жақсарту;
мүгедектердің әлеуметтік, көлік және
рекреациялық инфрақұрылым
объектілеріне кедергісіз қол
жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдай
жасау;
мүгедектерді жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді нысандарын
дамыту;
Бағдарламаны іске асырудағы
жергілікті атқарушы органдарының
рөлін және жауапкершілігін арттыру;
мүгедектердің орталықтандырылған
дерекқорын құру;
оңалтушы-дәрігерлердің, әлеуметтік
қызметшілердің біліктілігін арттыру

Қажетті ресурстар мен қаржыландыру Бағдарламаны іске асыруға облыстық
көздері бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасы тыйым
салмаған қаражаттар бағытталатын
болады. Бағдарламаны іске асырудың
жалпы шығындары 4383802,0 мың теңге,
оның ішінде: республикалық бюджеттен
– 212002 мың теңге, оның ішінде 2006
жылы – 41701,0 мың теңге, 2007 жылы
– 83799,0 мың теңге, 2008 жылы –
86502,0 мың теңге; жергілікті
бюджеттен – 4170850,0 мың теңге,
оның ішінде 2006 жылы – 1190034,0
мың теңге, 2007 жылы – 1443896,0
мың теңге, 2008 жылы – 1536920,0 мың
теңге; спонсорлар қаражаттары -
950,0 мың теңге, оның ішінде 2006
жылы – 300,0 мың теңге, 2007 жылы –
300,0 мың теңге, 2008 жылы – 350,0
мың теңге құрайды.
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру:
мүгедектерді оңалтудың бірыңғай
жүйесін құруға және оларды
әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін
жоғарылатуға;
мүгедектікке шығу апатын азайтуға
және мүгедектік деңгейді
төмендетуге;
онкологиялық ауруларды, қант диабеті
ауруларды, қан айналымы жүйесінің
ауруларын азайтуға;
медициналық-әлеуметтік сараптаманың
сапасын жоғарылатуға;
оңалту ұйымдарының жұмысына қазіргі
заманғы техникалық, ұйымдық,
медициналық, әлеуметтік және кәсіби
технологияларды енгізуге;
мүгедектерге ұсынылатын медициналық,
әлеуметтік, білім беру және өзге де
оңалту қызметтерінің тізбесін
кеңейтуге және сапасын арттыруға;
мүгедектердің әлеуметтік
инфрақұрылым объектілеріне және
ақпараттық ортаға қол жеткізуін
жақсартуға;
лайықты еңбекке мүгедектердің қол
жеткізуін ұлғайтуға;
мүгедектердің орталықтандырылған
дерекқорын құруға;
медициналық-әлеуметтік сараптама
және мүгедектерге әлеуметтік және
оңалту қызмет көрсету мамандарының
кәсіби деңгейін арттыруға
жәрдемдесетін болады.
Іске асыру мерзімі 2006-2008 жылдары

Кіріспе

Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру
проблемасы осы облыстық Бағдарлама шеңберіндегі шешуді қажет ететін
әлеуметтік маңызды міндеттер болып табылады.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының Заңында мүгедектердің өмір сүруіне тең
мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және
ұйымдастырушылық жағдайлар жасау көзделді.
Оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары және
меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыстарының іс-
тәжірибесіне кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі іс-шаралар Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен әзірленіп бекітілді.
Облыс деңгейінде және барлық өңірлерде аталған Заң аясындағы мүгедектерді
оңалтудың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған әлеуметтік және
медициналық қызметкерлердің кеңейтілген семинар-кеңестері өткізілді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы мүгедектермен оңалту жұмыстың
дәстүрлі негізгі бағыттарын жалғастырып дамытады, оған кешенді, жүйелік
сипат береді. Әлеуметтік және басқа да мекемелердің қызметін мынадай
негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру көзделуде: мүгедектерді әлеуметтік,
кәсіптік және медициналық оңалту.
Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы
Жолдауы және Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі
тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негіздеме болып
табылады.
Бағдарлама Республикалық Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасының аясында әзірленді.

I-ТАРАУ. Облыстағы мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі жай-
күйі

2006 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыстағы барлық санаттағы
мүгедектердің саны 47768 немесе барлық тұрғындардың 3,1%-ға жуығын құрайды,
оның 1 топтағы мүгедектері – 4466, 2 топтағы мүгедектері

– 24201 адам, 3 топтағы – 14120 адам, мүгедек балалар 4981, оның
ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері – 1513 адам.
2005 жылы алғаш рет мүгедек деп танылғандардың барлығы
4531адам, бұл 2004 жылмен салыстырғанда мүгедектіктің 63 адамға төмендеді.
Мүгедек бала санатында 2004 жылғы 12 аймен салыстырғанда 2005 жылғы
12 айда алғаш рет мүгедек деп танылғандардың 73 адамға төмендеу үрдісі
байқалды.
2005 жылғы 9 айда 2004 жылғы 9 айда
1 топ 471-11,9% 564-13,1%
2 топ 2167-54,9% 2419-61,4%
3 топ 1310-33,2% 955-25,5%
Мүгедек бала 583 656

2005 жылы 1-2 топтағы ауырлығы бойынша мүгедектік 66,8% дейін
(2004 жылғы – 74,5%) төмендеді. Алғаш рет куәландырылған 3 топтағы
мүгедектерінің өсуі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 7,7% құрды.
Ересек тұрғындардың арасындағы алғашқы мүгедектіктің
құрылымында 1 орында – қатерлі ісіктер – 24,4%, 2 орында – қан айналымы
жүйесінің аурулары – 19,9%; 3 орында – дененің әртүрлі мүшелері зақымдалған
– 13,7%, 4 орында - көз ауруы бойынша -8,5%.
Балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында 2005 жылы
1 орында –туа біткен даму аномалиясы - 32%, 2 орында – жүйке жүйесінің
аурулары – 19,2% (2004 жылы – 16,7%), 3 орында – психикалық бұзылу – 14,6%
(2004 жылы – 15,5%).
Облыста 2 оңалту бөлімдері жұмыс істейді: Чернобыль АЭС және
Семей ядролық полигонының радиациялық әсерінің зардабымен адамдар үшін
Семей қаласында және 1 қалалық ауруханананың базасындағы Ұлы Отан соғысының
мүгедектері мен қатысушылары үшін Өскемен қаласында.
Шығыс Қазақстан облыстық онкодиспансердің торокальдық бөлімінде
жыл сайын қатерлі ісік және ісік алдындағы өкпе аурумен 180-190 аурулар
тексеруден және емделуден өтеді, оның ішінде 35-40 ауыруға оперативтік
емдеу жүргізіледі.
2005 жылы барлық жеке оңалту бағдарламасы 16534 адамға
әзірленді, бұл куәландырылғандардың барлық санынан 80,5% құруда, оның 1569
- балалар.
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектердің
әлеуметтік мәртебесін, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-ортаға
бейімделуін қалпына келтіруге бағытталған.
Ол мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруды, оларға қажетті
әлеуметтік қызметтер көрсетуді, оларды көмекші (компенсаторлық)
техникалық
құралдармен қамтамасыз етуді, мүгедектердің әлеуметтік, көлік және
рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуге,
ақпараттық ортаны пайдалануға тең мүмкіндіктер тұғызады, материалдық және
әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді және т.б. қамтиды.
Бүгінгі таңда облыста мүгедектерге қызмет көрсету үшін 12 қарттар мен
мүгедектерге арналған интернат үйлері жұмыс істеуде, оның 8 қарттар мен
мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері, 3 ақыл есі кем және
психоневрологиялық аурулар үшін, 1-ақыл есі кем балалар үшін интернат үйі
болып табылады. Интернат-үйлерде 2485 адам тұрады, оның 1530 – мүгедек.
Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсетуді 3
аумақтық орталық пен 41 бөлімше жүзеге асырады, олардың қамқорында 4718
адам бар. Облыс орталығында тірек-қозғалыс аппараты ауру зардабымен балалар
үшін 120 төсек орынды 1 балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді.
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Семей қаласындағы Тоқтамыс балаларды
оңалту орталығы өз қызметін жүзеге асыруда, онда орталық жүйке жүйесіне
зақым келтірілген (балалар церебралді паралич, тынысы бұзылу синдромымен
орталық жүйке жүйесінің туа біткен зақымдануы) балаларға арнаулы ем
беріледі, сондай-ақ тірек-қозғалыс аппаратына зақым келтірілген, жанбас
балтыр буындарының дисплазиясымен, сколиоз, майтабандық, мойын қисықтығымен
балаларды қалпына келтіру емдеуімен айналысады.
Қалпына келтіру жұмыс Адели костюмдерін қолданумен Дипрокор
әдісін, сондай-ақ Бұлшық еттердің тонусы мен моториктерін биомеханикалық
түзеу әдісін пайдаланумен негізделеді.
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедек-
балалары бар отбасыларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері
құрылуда. Бөлімшелердің негізгі міндеттері бөгде адамның күтіміне мұқтаж
мүгедек-балаларды анықтау, оларды әлеуметтік дағдыларға, өзіне өзі қызмет
көрсете алу дағдыларына үйрету, демалысын ұйымдастыру, ата-аналар мен
отбасы мүшелерін мүгедек балалармен араласуға және оларды күтуге үйрету,
медициналық және құқықтық консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Облыс бойынша барлығы 1972 балаға қызмет көрсететін осындай 17 әлеуметтік
көмек бөлімшелері жұмыс істеуде. Мүмкіндігі шектеулі 1262 балаға, оларды
тәрбиелеуге және оқытуға 63,4 млн.теңге сомада материалдық көмек
көрсетілді.
Облыс қалаларында тасымалдаушылар қаражаттарының есебінен көз көру
бойынша 1-2 топтағы мүгедектерге тегін жол жүру ұсынылуда.
2006 жылы сурдоқұралдар бөлу мен сурдокөмек көрсетуге 25252,0 мың
теңге сома, тифлоқұралдар бөлуге 5226,0 мың теңге сома жоспарлануда.
Нашар еститін мүгедектерге берілетін сурдоқұралдардың тізбесі
ұлғайтылды. 2005 жылы нашар еститін мүгедектер үшін 625 есту аппараттары
(оның ішінде мүгедек-балалар үшін – 115), 40 телефакс, 107 көпфункционалды
дабылдатқыш жүйесі, 622 мәтінді хабарлайтын және хабар қабылдайтын ұялы
телефон сатып алынды.
Нашар көретін мүгедектер тифлоқұралдармен қамтамасыз етілуде. 2005
жылы нашар көретін мүгедектер үшін 400 таяқша, 92 тифломагнитола, 2 оқитын
машина, 275 арнаулы қол сағаттары сатып алынды.
2005 жылы 7658,0 мың теңге сомаға 213 мүгедек арбашалар сатып алынды,
2006 жылы 8,0 млн.теңгеге арбашаларды сатып алу жоспарлануда.
Жүріп-тұруы шектеулі, көру немесе есту кемістігі бар адмадарға тиісті
инфрақұрылымды ыңғайлау талап етілді. Мүгедектердің тұрғын үйді, қоғамдық
және өндірістік ғимараттарды, көлікті, мәдени-көріністік ұйымдар мен спорт
кешендерін қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылымына қиналмай қол жеткізуі
мүгедектердің өмірінде елеулі өзгерістер тұғызады.
Облыста мүгедектердің ақпараттық ортаға толық қолы жете бермейді.
Радио мен теледидардағы ақпараттық және көркем хабарлардың көпшілігіне
нашар көретін және нашар еститін мүгедектердің қолы жетпейді, кітапханалар
арнаулы қаріп пайдаланылатын әдебиеттермен қамтамасыз етілмеген.
Мүгедектерді қоғамға кіріктіру мақсатында сондай-ақ, кәсіптік оңалту
шаралары да қажет.
Облыста 11 мүмкіндігі шектеулі балалар үшін түзеу кабинеттері, 7
психологиялық-медициналық-педагогик алық комиссия жұмыс істейді.
Түзеу кабинетінде түрлі профильді мамандардың қатысуы кешенді көмек
көрсетуге мүмкіндік тұғызады.
Сонымен қоса шешілмеген проблемалар да бар. Білім беру ұйымдардағы
түзеу жүйесі мүмкіндігі шектеулі балалардың талаптарын қанағаттандырмайды,
оның барлығы 20-30% ғана логопункттерге, түзеу мектептері мен бақашаларға
барады.
Негізінде түзеу кабинеттерінде, психологиялық-медициналық-
педагогикалық комиссияларда жеке бөлмелері жоқ.
Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте анықтау және түзеу жүйесі
жоқ, медициналық мекемелерде скрининг ұйымдастыру мәселесі шешілмеген.
Психологиялық-медициналық-педагогик алық комиссиялар мен әлеуметтік
қызмет мекемелері бірлесіп мүгедек-балаға психологиялық, медициналық және
түзеу-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсетудің мүмкіншіліктері мен
талаптарын уақытында анықтау жөніндегі жұмыс жүргізуде. Сонымен қоса
облыстық психологиялық-медициналық-педагогик алық комиссиялары дамуы
бұзылған 5 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерге консультация берді және
зерттеді.
Өскемен қаласындағы № 8 кәсіби техникалық мектеп базасында
парасаты бұзылған мүгедек балаларды, жетім балаларды және
жасөспірімдерді кәсіптік оқыту, оңалту орталығы ашылды, одан басқа ауыр
соматикалық ауруымен (қант диабеті, бронхиалды ентікпе) балаларды сауықтыру
орталығы жұмыс істеуде. Серебрянск қаласында мінез-құлқы ауытқымалы балалар
үшін интернат-мектебі жұмыс істейді. Білім берудің түзеу ұйымдарының
жүйесін контингентінде 2245 бала бар 16 интернат-мектептер құрады. Балалар
үйі мен интернат-мектептердің жүйесі – 12, контингентінде 2386 адамы бар.
Өскемен қаласының Балаларды оңалту орталығынан тірек-қозғалыс
аппараты бұзылған балалар № 19 жалпы білім мектебінде оқиды.
Ерекше мұқтаж балалар мен жасөспірімдерді жалпы білім беру
мекемелерінде бірлестіріп тәрбиелеуді, оқытуды және оңалтуды ұйымдастыру
тәжірибесінің талдауы қоғамдағы инклюзивтік білімнің жоғары қажеттілігін,
педагогикалық және әлеуметтік тиімділігін және инклюзивтік процестердің
кері жүрмейтіндігін көрсетеді.
Оңалту бағдарламасының шеңберінде № 21 арнаулы мекеп жанындағы ақыл-
есі дамуына зақым келтірілген балалар үшін сыныптар ашылды.
Шығыс гуманитарлық институтының базасында дамуында проблемалары бар
балаларды зерттеу жөніндегі әлеуметтік түзеу зерттеу жұмысы ұйымдастырылды.

Ұзақ жылдар ағымында мүгедек балалар облыстық, республикалық және
халықаралық деңгейдегі Спешиал Олимпикс спорт жарыстарына тартылуда.
Мүгедектерді кәсіптік оңалту мәселелеріне көп назар аударыла бастады.
Ағымдағы жылы жұмысқа орналасуға көмектесуге жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімдеріне 173 мүгедек өтініш берді, оның ішінде тұрақты
жұмысқа орналасқандары – 77 адам, 73 мүгедек төлемді қоғамдық жұмысқа
жіберілді, 8 - әлеуметтік жұмыс орындарға. Жүзден астам мүгедекке кәсіптік
оңалту және психологиялық көмек көрсетілді, оқуға 25 мүгедек жіберілді,
оның 11 мына мамандықтар бойынша оқуын аяқтады: шағын бизнес кәсіпкері,
аспазшы-кондитер, электр есептеуші машинаның техник-операторы, бағалаушы
сараптамашы.
Мүгедектер кәсіптік дағдыларына және денсаулық жағдайына сәйкес
төлемді қоғамдық жұмыстарға қатысады. Бар жағдайлар мен қажеттіліктерден
шыға отырып оларға мұрағат құжаттарымен, құжаттарды компьютерлік өңдеу,
киім мен аяқ киім тігу және жөндеу, кітапхана қорын қайта жандандыру, азық-
түлік өндірісінде және сату саласындағы жұмыстар ұсынылады.
Сонымен қоса мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің арнаулы
кәсіпорындары мүгедектерді жұмысқа орналастырудың жолы болып табылады.
Облыста мүгедектер қоғамы, Биби-Ана балалы мүгедек әйелдер қоғамы,
Алтын-Ай мүгедек әйелдер қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамының және Қазақ
саңыраулар қоғамының облыстық филиалдарының оқу-өндірістік кәсіпорны жұмыс
істейді, онда 500 жуық мүгедек еңбек етуде. Бұл кәсіпорындар қызметінің
негізгі түрлері тігін өнімдерін, тоқыма, картонаж, электртехникалық,
пластмасса бұйымдарын өндіру, жиһаз жасау, жөндеу-құрылыс жұмыстары және
т.б. болып табылады.
Облыстағы мүгедектіктің қазіргі заманғы жағдайының және мүгедектерді
оңалту жөніндегі шаралардың жай-күйін талдау мүгедектерді әлеуметтік
қорғауды ұйымдастырудағы оң өзгерістермен бірқатар шешілмеген
проблемалардың да бар екенін дәлелдейді.

II-ТАРАУ. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
2.1 Бағдарламаның мақсаты: оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді
әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттердің шешілуін
талап етеді:
мүгедектіктің алдын алу жүйесін қалыптастыру;
мүгедектердің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту және олардың
әлеуметтік қолдауын күшейту;
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық,
әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын кеңейту;
хоспис мекемелерінің жүйесін дамыту, олардың қызмет ету нысандары мен
әдістерін жетілдіру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
атаулықты қамтамасыз ету және мүгедектерге ұсынылатын протездік-
ортопедиялық және сурдологиялық көмектің деңгейін арттыру;
мүгедектердің (халықтың ұтқырлығы төмен топтарының) әлеуметтік, көлік
және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін
қаматамсыз ету үшін жағдай жасау;
мүгедектерді жұмыспен қамтуға белсенді жәрдем беру нысандарын дамыту;
Бағдарламаны іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен
жауапкершілігін арттыру;
мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құру;
медициналық-әлеуметтік сараптама, оңалту саласындағы кадрмен
қамтамасыз ету жүйесін, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді
ұйымдастыру жетілдіру.
Бағдарламаның негізгі міндеттерін атқару мақсатында облыстың
мемлекеттік мекемелерінің мынадай қызметтері жүзеге асырылуда:
Денсаулық сақтау департаменті облыстағы мүгедектердің медициналық
оңалтуын ұйымдастыруды қаматамасыз етеді, ол үшін:
мүгедектерді медициналық оңалту мәселелері жөніндегі денсаулық сақтау
мекемелерінің қызметіне басшылық және бақылау жасайды;
мүгедектіктің алдын алу және мүгедектерді оңалту жөніндегі нысаналы
кешенді бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;
мүгедектердің талаптарын ескерумен оңалту мекемелер жүйесін кеңейтуге
шаралар қабылдайды;
медициналық оңалтуды жүзеге асыратын мекемелердің, ұйымдардың,
кәсіпорындардың лицензиялануын және сертификатталуын ұйымдастырады;
мүгедектерді медициналық оңалтудың түрлері мен құралдарына
мүгедектердің қажеттілігін талдайды, сондай-ақ оны жүргізу үшін қызметтер
мен техникалық құралдарға;
медициналық оңалту саласындағы ведомствоға қарасты мекемелерді
кадрлармен қамтамасыз ету, кадрлардың даярлығы және біліктілігін арттыру
бағдарламасын әзірлейді;
өзге басқару органдарымен бірлесіп өңірлік оңалту нормативтерін
әзірлейді;
оңалтудың жеке бағдарламаларына (ОЖБ) сәйкес мүгедектердің
медициналық оңалтуға қажеттілігі жөніндегі деректер банкісін қалыптастыруды
ұйымдастырады;
мүгедектерді оңалту проблемалары бойынша ведомствоаралық ақпараттық
кеңістікті құруға қатысады;
оңалту шаралары тиімділігіне талдау жасайды;
медициналық оңалту саласындағы мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен
өзара жұмыс істейді;
белгіленген тәртіппен статистикалық есеп берудің ұсынылуын
ұйымдастырады.
Білім департаменті облыстағы мүгедектердің кәсіби оңалтуын
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, ол үшін:
мүгедектердің жалпы және кәсіптік білімін ұйымдастырады;
мүгедектерді оңалту мәселелер жөніндегі жалпы және кәсіптік білім,
сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің қызметіне басшылық және
бақылау жасайды;
мүгедектерді кәсіби оңалту жөніндегі нысаналы кешенді бағдарламаларды
әзірлеуге қатысады;
мектепке дейінгі тәрбие, жалпы және кәсіптік білім саласындағы,
сондай-ақ мүгедек балаларды оңалтуды жүзеге асыратын оңалту мекемелерінің
жүйесін ұйымдастырады және дамытады;
мүгедектердің кәсіптік оңалтуға қажеттілігін талдайды, өзге
ведомстволармен бірлесіп еңбек нарығын ескерумен мүгедектерді кәсіптік
оқыту үшін кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін әзірлейді;
мүгедектерді психологиялық-медициналық-әлеуметті к оңалту бойынша
кадрлардың (педагоктар, психологтар, әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар,
логопедтер) даярлығын ұймдастырады;
мүгедектерді оңалтудың технологиясы саласындағы инновациялық саясатты
жүзеге асырады;
мүгедектерді оңалту проблемалары бойынша ведомствоаралық ақпараттық
кеңістікті құруға қатысады;
оңалту шараларының тиімділігіне талдау жүргізеді;
кәсіптік оңалту саласындағы мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен өзара
жұмыс істейді;
белгіленген тәртіппен статистикалық есеп берудің ұсынылуын
ұйымдастырады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті
мүгедектерді оңалту саласында:
жеке бағыттар бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектерге арналған дене шынықтыру және спорт
Әлемдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жағдайын талдау
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Мүгедектік жеке мәселе ретінде
Мүгедектерді әлеуметтіндіру
Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау
МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі
Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен жолдары
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Пәндер