Егеменді елдің діни басылымдары


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Баспа ісі және редакциялау кафедрасы
Елемесова Асемханым
Егеменді елдің діни басылымдары
«Алтын қалам» баспасы - имандылықтың қақпасы
Жоғары оқу орнын аяқтау үшін
қорғалатын
Бітіру жұмысы
Ғылыми жетекшісі - “Білім” баспасының директоры, жазушы Ж. Нұсқабаев
Ресми сарапшы - ҚМДБ - ң баспасөз хатшысы Оңғарқажы Өмірбек
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының
2007 жылғы “ . . . ” . . . мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі . . . ф. ғ. к. доцент Сақ Қ. Ө.
Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2007 жылғы . . .
Комиссия хатшысы . . . филол. ғыл. кандидаты Шыңғысова Н.
Алматы 2007
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I тарау - Дін және қазақ қоғамы . . . 5
1. 1. Қазақстандағы діни ахуал . . . 5
- Жымысқы жаулаушылық бірлігімізге қатер немесе
сырттан келген секталар . . . 15
II тарау - Салауатты өмір кілті - дін тәрбиесінде . . . 24
2. 1. Дін - тәрбие діңгегі . . . 26
2. 2. Сауатты жұртқа сауапты насихат керек . . . 26
III Қорытынды . . . 30
IV Сілтеме тізімі . . . 34
V Қосымша . . . 37
Кіріспе
Еліміздің егемендік туына қол жеткізгеніне де он бес жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдар ішінде аса күрделі рухани процестер жүргізілді.
Ең алдымен тәуелсіздік ғасырлар бойы аңсаған арманға жеткізді. Өз тізгіні өзінде әлем таныған шекарасы берік, құқығы толық, еңсесі биік ел болдық. Адамзат Қазақстан деген дербес мемлекеттің бар екенін, қазақ деген өміршең халықтың бар екенін білді. Есесіне азаматтарымыз да шет елдерге шығу мүмкіндігіне ие болды. Мыңдаған жастарымыз шет елдерде білім алды, ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты. Өнерпаздарымыз өз елінің өнерлерін әлемег паш етті. Ал спорт саңлақтарымыз өз мемлекеттерінің атынан бәйгелерге қосылып, өз елінің көк байрағын желбіретті. Тәуелсіздік жылдары ел экономикасы көтерілді. Елімізде бұрын болмаған өндіріс салалары іске қосылды. Жоғарғы оқу орындарымыз бен арнайы кәсіби білім ордаларында жаңа мамандықтар бойынша мамандар дайындала бастады. Елімізде құқықтық азаматтық қоғам орнату жағынан сүбелі жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл процестер әлі де жалғасуда. Дініміздің кең етек жая бастауы да қуанарлық жайт. Жыл өткен сайын қазақ халқының Ислам дініне бет бұрысы жақсырап келеді. Жүздеген мешіттер мен діни оқу орындары ашылды. Сонымен қатар дін саласында көптеген кітаптардың жарық көруі газет журналдарға деген халықтың сұранысының көбеюі және дүниежүзілік діни ұйымдардың басын қосқан дүркіреген ассамблеяның Қазақстанда өтуі де егемендіктің жемісі. Және де Алматыдағы Орталық мешіттің ашылуы, әл - Фараби даңғылы бойындағы университеттің ашылуы, діни басылымдардың сан және сапа жағынан жоғарылауы, облыс орталықтары мен Астана қаласында сондай - ақ Республикамыздың жекелеген аймақтарында көптеген мешіттердің ашлуы, тағысын тағы. Осындай үлкен де белсенді шаралардан еліміз баспалары да сырт қалған жоқ. Әрбір баспа өз шама шарқынша, заман талабына сай, халық сұранысына орай қызмет етуде. Мысалыға «Алтын қалам» баспасы. Бұл баспа жөнінде тақырыпты баяндау барысында кеңінен мағлұмат беріледі.
Тақырыптың өзектілігі - бұл қазіргі таңда қоғамымызда белең алып отырған дін саласына байланысты көптеген мәселелердің басылымдар арқылы халыққа жеткізіліп, елді елең ектізер жайттармен хабардар етуі. Баспасөз арқылы еліміздегі келімсек діндер мен өз ішіміздегі діни түрлі ағымдар мен олардың зардаптарын түсіндіріп жеткізу. Исламның кереметтерін басылымдар арқылы халық жүрегіне ұялату.
Бітіру жұмысының мақсаты - еліміздегі көктемгі жауыннан кейінгі қаптап кететін көбелектей болған діни ұйымдардың ашықтан - ашық өз насихаттарын жүргізіп қалай болса солай қазақ жастарының санасын улап, өз санаттарына ілестіріп жатады. Міне, сондай діни ұйымдар жайлы баспасөз беттері мен дін саласындағы оқу құралдарында жарияланған мәселелерге жалпы шолу жасау.
Дін атын жамылып, астарында саясатты көздеген уағызшыл миссионелерге қарсы тұрудың дара да әділ жолы - Ислам дінін уағыздау. Исламның ғажаптары мен пайдасын қазақ жастарына толық түсіндіріп жеткізу. Исламның сан жетпес хабардар етіп тура жолға бастау.
Дипломдық бітіру жұмысының міндеті - аталған мәселелерді дәлелді түрде, деректермен салыстырып қарау барысында жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың зерттелуі - бұл тақырып бұрын зерттелмеген тың тақырып болғандықтан алдағы уақытта терең зерттеуді талап етеді.
Бітіру жұмысының деректері - деректер негізінен «Иман», «Ислам және өркениет», «Мұсылман», «Аңсар», т. б. ғылыми танымдық рухани баспасөз беттерінен, Әбсаттар қажы Дербісәлі «Дінбасы», Мұртаза Бұлытай «Дін және ұлт», т. б. еңбектерден алынды.
Жалпы дипломдық жұмыс кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.
I тарау - Дін және қазақ қоғамы
Заң жүзінде дінді мемлекеттен бөлек дегенмен бүгінгі қоғам болмысында бұл екеуінің ара жігін айыру мүмкін емес. Себебі, адамның тәні мен ішкі жан дүниесі өзара үйлесімді дамиды. Кешегі Кеңестік тұстағы дінді «апиын» санау көзқарасы көбіміздің әлі күнге санамызда қалып қойған. Дін десе талай зиялы қауымның көз алдына мешіттерге күні кешеге дейін кебісін, мәсісін сүйрете басып, барып-келіп жүретін шал-шауқандар мен сақалдары омырауына түскен дағарадай сәлделі молдалар елестейді. Өйткені исламның үлкен өркениет пен мәдениет, ғылым мен білім екенін әлі толық ұғына алмағандар арамызда баршылық. Мұның бірден бір себебі - бүгінгі бүгінгі ең қуатты насихат құралы -бұқаралық ақпарат құралдары - баспасөз бен телеарналар дінімізге үстірт қарайды, тіпті оны саясатпен де шатастырып жатады. Бұл мәселеге Оңғар қажы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Дін діндарларға ғана керек пе?» мақаласында кеңінен талқыланады [162. 4] Мұның да себебі жоқ емес. Дін дұшпандары исламға түрлі «изм»дерді таңып, жұртқа құбыжық етіп көрсетуге, одан шошындыруға барынша тырысып бағуда. Көзі ашық, көңілі ояу, кімкіиге де белгілі: ислам діні Аллаһтың хаһ жолына бастайды. Әлгі айтылған «изм»дерге үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ислам халықты бірлік пен ынтымаққа үндейді. Осы дініміздің асылдығын көпшілікке насихат түрінде жеткізу кемшін екені рас. Осы кемшілікті және дін туралы заңымыздың осалдығын пайдаланып, қазақ топырағында өніп-өспеген, тамыр жаймаған неше түрлі келімсек, жат секталар мен ағымдар ту сыртында тұрған шет елдік алпауыт діни ұйымдардың жан-жақты қолдауы мен қандастарымызда алдарқатып өздеріне тарту үстінде.
- Қазақстандағы діни ахуал
Дін қашанда қоғаммен байланыста болған. Дінді әлеуметтік тұрғыдан зерттеу діннің жай күйін ашып көрсетіп береді. Бұл жөнінде Мұртаза Бұлұтайдың «Дін және ұлт» еңбегінде кеңінен талқыланады.
Елімізде дін социологиясы ілімдері соңғы жылдары ғана жандана бастағанын ескергеніміз жөн. Бұл туралы пікірлерімізді баяндамас бұрын, алдымен дін социологиясының зерттеу тақырыбы және дамуы хаында айтылық. Қысқаша айтқанда, дін социологиясы адамдардың дінге негізделген әлеуметік қатынастарын зерттейді. Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды ролін жоққа шығаруға болмайды. Соңғы ғасырларда батыс қоғамдарында діннің нормативтік күші шектелген сайын діни феномендердің зерттелуі таза теология мәселесінен гөрі, социология, саясаттану, антропология, құқық, психология сиқты эмприкалық ілімдердің зерттеу нысанына айналған. Сондықтан дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда. Дін соцологиясы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді. Мәселен, белгілі бір діннің, яки сектаның мүшелері өздерінің діни нанымдары негізінде белгілі бір әлеуметтік іс амалдарды жүзеге асырып жатса белгілі бір формада киініп, белгілі қоғамдық қатынастарға түсіп жатса, бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді.
Енді дін социологиясының зерттеу әдістері туралы айталық. Эмприкалық, яғни тәжірибеге сүйенген ілім ретінде дін социологиясы нақтылы зерттеулер мен тәжірибелерді жүзеге асырады. Діннің қоғам өміріндегі маңызды орны уә ықпалын анықтацдаға ең тиімді әдіс адамдармен сұхбаттар жүргізу (тікелей кездесу әдісі) және діни топтар мен секталардың маргиналды діни ағымдардың ритуалдері мен жиналыстарына қатысу және тәжірибе жинақтау(эмприкалық әдіс) . Бұған қоса діни мәтіндер мен баспасөзде келтірілген діни ақпараттарды сұрыптау, талдау герменевтикалық сараптау пайдалы әдістерге жатады. Жиналған материалдар сапалы һәм саналы сарапқа салынбайынша ғылыми нәтижелер шығаруға болмайды.
Діни іс әрекеттер екі формада жүзеге асырылуы мүмкін. Біріншіден, кейбір адамдардың, яки тұтастай қоғамның белгілі уақыттарды белгілі іс әрекеттерді жүзеге асыруы. Мұндай жағдайда діни өмірді ұйымдастырушы діни ұйымның болуы шарт емес. Екіншіден, діни іс әрекеттерді белгілі ұйымдардың ұйымдастыруы және олардың мән мағынасын белгілеуі. Осы тұрғыдан алғанда дін социологиясы діни ұйымдар мен қоғамның әлеуметтік тұрғыдан талдауын мына мәселелер бойынша жүзеге асырады.
- Діни ұйымды сипаттау
- Діни ұйым дардың сипатталуы
- Діни ұйымдардың типологиясы
- Діни ұйымдардың дамуы
- Діни жамағатты сипаттау
- Діни жамағаттың құрылымдылық жүйесі
- Діни жамағат мүшелерінің діни ұстанымдары мен өрнектері
- Діни жамағат уә қоғамның қатынасы
- Діни сипаттары бойынша қоғамның әлеумметтік топтарға жіктелуі
- Әлеуметтік жіктер жүйесінің дінмен арақатынасы
- Әлеуметтік таптардың спецификалық діндарлығы
- Діни көпшілдік және әлеуметтік таптарға жіктелуі
- Дін және әлеуметтік динамикалардың арақатынасы.
Адамдардың саяси өміріндегі діни әрекеттер мен ұстанымдарды зерттеу дін социологиясының міндеттеріне жатады. Зерттеулер азаматтардың дауыс беруінде діни факторлардың айтарлықтай рол атқарғандығын дәлелдеген.
Дін социологиясының ендігі зерттеу саласы жанұя қатынастарындағы діннің ролі. Бұл сала жанұяның діни әлеуметтік тұтастығын, жанұя өміріндегі дін факторларынң ролі мен діни ритуалдері (үйлену, ажырасу, жанұя құрылымы, өлім, балалардың жыныстарына қарай тәрбиелен ерекшеліктері, жанұядағы қарт мүшелердің орны, туыстық қатынастардың әсері т. т. ) жан жақты зерттейді. Дін социологиясы, сонымен қатар дін және әлеуметтік қақтығыстардың арақатынасын анықтаумен де шұғылданады. Алуан этникалық топтар мен діндерден құралған Қазақстандық зерттеушілер үшін бұл сала тың һәм маңызды.
Бізде дін социологиясы, оның ішінде ислам социологиясы саласындағы зерттеулер енді енді бастап келе жатқанын айта кеткен жөн. Мұның себебі ретінде дінге қарсы негізделген бұрынғы томаға тұйық қоғамның әсері позитивист һәм «профан» ұстанымдары мен Батыстың отарлау жүйесінің осы саладағы қзінің үстемдігін дәлелдеуге бейімделген бір жақты шолақ харекетінің салқын ызғарын айтуға болады. Бізде жалпы дін мәселесі көп жылдар бойы еленбей келе жатқан күрделі де маңызды ғылым саласы. Дін дегенде тек діннің ғибадат жағын яки естен танып зікір салуды ғана ойлайтындар бар . Соңғы ғасырда дін социолгиясы саласында қомақты еңбектер жазған ғалым ретінде философия ғылымдарының докторы, профессор Хилми Зия Үлкенді айтуға болады. Ол Түркияда дін социологиясының негізін қалаушылардың бірі. Оның ондаған рет басылған және сала мамандарының басты құралына айналған еңбектерінен социологияға қатыстылары мыналар «Әлеуметтік доктриналар тарихы», «Әлеуметтану», «Әлеуметтануға кіріспе», «Дін социологиясы».
Еліміздегі дін социологиясы саласындағы зерттеулерде батыстағы ғылыми ағымдардың шырмауына түспей, мәселеге шынайы тұрғыдан қарғанымыз абзал.
Дін социологиясын зерттеуде Батыс елдерінде қолданылып келе жатқан әдістердің бірі «социография» әдісі. Бұл әлеуметтік қарым қатынас феномендерін сипаттауға бағытталған әдіс. Осы әдіс бойынша әлеуметтік өмірдің белгілі бір мәселесі хақында деректер жиналады, тәжірибелер жасалады. Социорафиялық талдаулар практикалық тұрғыдан пайдалы болғанымен, терң ғылыми дәрежелерге апармауы мүмкін. Сонан соң мұндай қолдан жасалған материалдардыБатыстың тек өз мүддесі үшін ғанғ пайдаланатынын ұмытпаңыз. Ислам діні өзге діндермен көптеген ұқсас жақтары болғанымен нақтыы монотеизм, яғни «тәухид» қағидасына негізделген, көптәңірлі (политеистік) қоғамда пайда болғанына қарамастан, Мекке қоғамның мәдени үрдістеріне қарсы бағытта қалыптасқан дін. Демек, ислам социологиясы мұсылман қоғамдарды зерттеген кезде Батыстың ұстанымдары мен әдістеріне гөрі зерттеу субъектісіне тән әдістерді қолдану тиімді болады. Ислам социологиясы туралы зерттеулерде осы діннің универсалдық, күллі ғаламдық сипатын ескрген жөн. Жалпылап алғанда дін социологиясын, жалқы ислам социологиясын зерттеуде жоғарыда аталған проблемаларға қоса мынандай қиыншылықтарды айтуға болады.
Дін социологиясы саласында жазылған әдебиеттер тым аз я тіптен жоқ. Батыс авторлары мен мұсылман зерттеушілердің маңызды еңбектерінің бірде бір қазақшаға аударылмаған. Бұл проблема тәуеліз ел ретінде біздің ғылыми дамуымызға аса жойқын соққы беруде.
Жалпы дін саласындағы зерттеулерге, оның ішінде, әсіресі ислами зерттеулерге зайырлылық қағидасы алға тартылып, мән берілмеуде. Христиан мемлекеті болғанына қармастан, Германиядағы жиырма шақты «ислам ғылымдары» мыңдаған студенттердің білім алып жатқанын айтсақ жеткілікті. Батыс елдері мен Америкада көптеген инститтуттар уә арнайы зерттеу орындары йаһудилік, христиандық, ислам және өзге де діндерді әлеуметтану, саясаттану, экономика, құқық, философия т. т. тұрғысынан зерттеуде. Жаппай жұмыс істеп жатқан бұл ұйымдар аталмыш елдердің әлеуметтік, саяси, экономикалық, өміріне айтарлықтай маңызды үлес қосуда. Олардың бізде жүрген зерттеуші, барлаушылары да арнайы материалдар жіберіп, өз миссиаларын орындауда,
Дін социологиясы тікелей теолгияның жұмысы деп бағлаушылық. Бұл да теріс пікір. Жоғарыда айтқанымыздай, дін социиологиясы мен теологияның ортақ мәселелері бек көп. Бірақ, Христиан теологиясының қағидаларын басқа діндерге, мәселен, исламға телуге болмайтынын ескерген жөн. Батыс ғалымдарынң өздері өскен христиан ортаның әсерімен дайындалған қалыптарын басқа діндерге қолдануға болмайды. Мәселен, Америкадағы протестант тариқаттары басаған фундаментализмдғ мұсылмандарға тән феномен етіп көрсетуге тырысушылық бар.
Ислами зерттеулердің соны көрініс табуы үшін бізге Батыс тілін жақсы меңгерген, бірақ Батысқа сатылмаған, өз діні мен руханиятына берік, ислам ғылымдарын заманауи ғылыми жетістіктер негізінде зерттейтін, өзін өткен тарихпен шектемейтін, болашаққа үмітпен иждаһаттылықпен ұмтылатын және Құранды басшылыққа алатын мамандар қажет.
Сонда ғана біз нағыз өркениеттің төрінде боламыз!
Еліміздегі діни ахуалды мемлекеттік тұрғыдан бір жүйеге келтіріп реттеудің сәті әлдеқашан туған-ды. Елімізде негізінен екі дін бар десек болады. Олар - ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар Халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ұйғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген шешен, әзербайжан, башқұрт, ингуш, балгар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сунни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзербайжан, және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ қана шиға(шиит) жолын ұстанады. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, қйымдастырушы һәм біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек . . .
Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс береді.
Қазақстандағы мұсылмандар мен христиандар жалпы халықтың 97 пайызын құрайды. Бұларға қоса елімізде көптәңірлі (политеистік) және атеистік бағыттағы нанымдарды ұстанатын шағын топтармен қатар біртәңірлі (монотеист) йаһудилік(иудаизм) дінінің уәкілдері бар. Әсіресе, йаһудилер(еврейлер) мен олардың діни бірлестіктерінің саны тәуелсіздік жылдарында шектен тыс артқан. Тәуелсіздікке дейін бірде бір діни ұйымы болмаған йаһудилердің бүгінгі күні 25 діни бірлестігі бар. Және олардың барлығы облыс орталықтарында дерліктей синагогалары жұмыс істеп жатыр. Орталық Азия бойынша ең үлкен синагога жуырда Астана қаласында ашылған. Израил, АҚШ және өзге елдердегі бас раввиндер елімізге жиі келіп, ресми адамдар, кәсіпкерлер және жамағат уәкілдерімен кездесулер өткізуде. Қазақстан йаһудилері құрылтайы «Шалом» деп аталатын газет шығарады. Йаһудилердің елімізде санының артуы және бұдан да дамуы күтілуде . . .
Соңғы жылдары елімізде үгіт насихат жұмыстарын күшейткен дәстүрлі емес діни ағымдар қатарынан «Сайнтолгия шіркеуі», Бахаизм, Қадиания(Ахмадия), Кришна қоғамы, Сатанизм, Виссорионство шіркеуі сияқтыларды атауға болады.
Ел мен жер тұтастығын сақтауда дініміздің тұтастығын сақтау айрықша.
Дін адамзаттың қоғамдағы өмірін, азамат ретіндегі өмірін, жанұядағы өмірін, бұл дүниеден кейінгі өмірін (ақиреттегі) реттейді. Мен кіммін, қайдан келдім, қайда барамын, бұл жаратылыс қалай болды, өмір қалай пайда болды, бұл әлемді, бұл космосты жаратқан қандай күш деген сұрақтар бұдан мың жылдан кейін де адамзатта бола береді. Сұраныстар қажеттіліктер болғандықтан адамзат өмірінде дін әрқашан болады.
«Алтын қалам» баспасы - имандылықтың қақпасы
XXI ғасыр ғылым мен технология саласына ғана үлкен жаңалықтар енгізіп қоймай, халықтың рухани өміріне де өзгеріс әкелді. Жаңа заманға сай рухани ой талғамы өскен халықтың бүгінгі күні саладағы жаңа әдебиетке сұранысы ерекше. Осы тұста «Алтын қалам» баспасы қоғамның мәденирухани өміріндегі ең өзекті тұстардың тамырын дөп басып, шөліркеген елдің шөлін қандыратын, халыққа аса қажет, рухани, танымдық, этикалық, эстетикалық мазмұнды еңбектер мақсатында ашылып отыр.
Ата-дәстүр мен жоғалтып алған рухани құндылықтарға қайта оралып қайта жаңғыртып жатқан қазіргі таңда дәстүрлі дініміздің де әдеби жәдігерлерін қайта қалрына келтіріп, жаңа рухани құндылықтармен толықтыру - дәстүрлі қоғамымызды сақтаудың бірден бір жолы екені анық.
Осы тұрғыдан «Алтын қалам» баспасы - қазіргі қазақ рухани өмірін жаңартудағы ең ізгі жаңалықтардың бірі.
2004жылы қыркүйек айында ашылған «Алтын қалам» баспасынан бірнеше әдебиетер жарық көріп те үлгерді. Олардың қатарына «Құран кімнің сөзі?», «Ақиқат шуағы», «Саңлық сахабалар», «Құрен әліптесі тәжуид қағидалары» сынды жаңа еңбектер бар. Ал бұрынырақта жарық көрген «Ислам ғылымхалы» мен «Адамзаттың асыл тәжі» халықтың қызу сұранысымен баспадан екінші рет шығып та үлгерді.
Бұл басылымдар бізге нені ұқтырады, мұнда исламның қандай сырлары қамтылады? Соған қысқаша тоқталып өтсек.
«Ислам ғылымхалы» - дінтанушылар Мұхитдин Исаұлы мен Қайрат Жолдыбайұлының бұл еңбегі ислам діні қағидалары мен шариғат негіздерін мұсылман жұртшылығына кең көлемді таныту мақсатында шықты. Кітапта Ханафи Мәзхабы бойынша ислам дінінің негізгі бес парызына кеңірек тоқталумен қатар, мінажаттардың атқарылу барысы, шарттары, оларға берілген ислами үкімдер түгел таратылып, түсіндірілген. Бұған қоса шариғат заңдарының әйелдерге қатысты ерекшеліктері де арнайы ескерілген. «Ақиқат шуағы» - автор Қ. Жолдыбайұлы. Кітапта Аллаһ Тағаланың барлығы мен бірлігі пәлсапалық тұрғыдан арнайы дәлелденіп, ғаламдағы керемет жүйенің өз өзінен кездейсоқ пайда бола алмайтындығы жаратылыс ғажайптарынан көптеген мысалдар келтіру арқылы дәлелденген. Бұған қоса Дарвинизм теориясы ғылыми дәлелдермен жоққа шығарылған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) Ұлы жаратушы тарапынан жіберілген шынайы елші екендігі нақты әрі қисынды тұжырымдар негізінде зерделенген. Өлгеннен кейін тірілудің шүбәсіз екендігі де Құран аяттарымен дәлелденіп «Тағдыр» мәселесімен кеңінен талқыланған. Таралымы 6000 дана.
«Саңлақ сахабалар» авторы- Алау Әділбаев.
Еңбекте пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) саңлақ сахабаларының өнегелі өмір жолы көркем суреттелген. Сондай -ақ олардың Ислам дінін жайып таратудағы ерен еңбектері, көзсіз батырлықтары, адалдық пен шынайылықтары әрдайым пайғамбарымыздың қасынан табылып, қолдау көрсеткендіктері шынайы баяндалған. Бұған қоса (Ашара и мубаиришара) деп аталатын кзі тірісінде жаннаттық екендіктері білдірілген сахабалардың ерекшеліктері, әйел сахабалардың өмірлері, ғалым саххабалардың еңбектері жайлы тарихи деректер келтіріліп, олардың ғибратты ғұмырлары суреттелген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz