Аудиттің әдістемелік маңызы



Кіріспе 3

I . ТАРАУ. Аудиттің әдістемелік маңызы 5
1.1 Аудиттің әдістері туралы түсінік 5
1.2 Аналитикалық анықтау.есептеу әдісі 9
1.3 Әдістемелік құжаттау әдісі 9
1.4 Нақты тексеру . бақылау әдісі 12

II . ТАРАУ. Аудит түрлеріне сипаттама 15
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі 15
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты 21
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары 30


Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 34
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латын сөзінен шыққан, яғни ол "тындап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-баскарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" - "тындаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
1. Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы". Заңы, 1998 ж., 20 қараша.
2. Адамс Р. Основы аудита: Под ред. Я.В. Соколова. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1995. -398 с.
3. Аңдреев В.Д. Практический аудит. М: Экономика, 1994г.
4. Аренс Э.А., Лоббек Дж.К. Аудит. Перевод с англ. Глав-ный ред. серии профессор Соклов Я.В. - М.: Финансы и статистика, 1995.-250 с.
5. Белобжецкий И.А. Аудит. В 2-х частях. М.: Бухгалтерский учет, 1994 г.
6. Данилевский Ю.А. Аудит: вопросы и ответы. М.: Бухгалтерский учет, 1993 г.
7. Данилевский Ю.А. Аудит промышленных акционерных обществ.- М: АО "Финстатинформ", 1995. -78 с.
8. Додж Рой. Краткое руководство по стандартам и нормам аудита. - М: "Финансы и статистика", ЮНИТИ, 1992. -240 с.
9. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита. Алматы. Экономика. 1995 г.
10. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. Алматы. Ғылым, 1994 г.
11. Робертсон Дж. Аудит. Перевод с англ. - М: КРМС, Аудиторская фирма "Контакт", 1993, -496 с.
12. Стуков С.А.. Голышев В.Д. Введение в аудит. М.: Тарнер. 1992 г.
13. Соколов Я.В. Десять постулатов аудита. Бухгалтерский учет. 1993 г., № 1.
14. Сейткасымов Г.С., Сейткасымова А.Г. Становление и развитие аудиторской деятельности. Карағанда. КарГУ, 1993 г.
15. Терехов А.Л. Аудиты высшие и внутренние. - Журнат "Бухгалтерский учет", 1993, № 4.
16. Угольников К.А. История аудита, журнал "Контроллинг", 1991

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

I - ТАРАУ. Аудиттің әдістемелік маңызы 5
1.1 Аудиттің әдістері туралы түсінік 5
1.2 Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі 9
1.3 Әдістемелік құжаттау әдісі 9
1.4 Нақты тексеру - бақылау әдісі 12

II - ТАРАУ. Аудит түрлеріне сипаттама 15
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі 15
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты 21
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары 30

Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 34

Кіріспе

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен
білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына
алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл
сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада
қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде,
қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік
туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латын сөзінен шыққан, яғни ол "тындап тұр" деген мағынаны
білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе
бақылап-баскарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" -
"тындаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам.
Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңға жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза
алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің
қорытынды есебін тындауға тиісті кызметкерлерді "аудитор" деп атаған. Бір
қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің
жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені
кез-келген жазба құжатты қолдан ор түрлі етіп жазуға, өзгертуте болады деп
тусінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші
өтірік айта алмайды деген. Қазактың: "бет көрсе- жүз үялады", - деген үлы
сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден "тындаушы" мен саған
"сенемін" - деген, ал өз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" —
деген адамгершілік касиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады.
Аудит бізге осы уақытка дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет
елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгал-тсрлік есеп жүршуде,
экономикалық талдау жасауда, басшылық жүрпзуде үлкен орын алған. Себебі,
кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда оның ролі
орасан зор.
Курстық жұмыста аудиттің түрлеріне сипаттама беріліп олардың ара жігін
ажыратуды, сонымен бірге аудиттің әдістеріне толықканды анықтама беріп,
оның аудит қызметіндегі орнын анықтауды мақсат қойдық.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ. Аудиттің әдістемелік маңызы

1.1 Аудиттің әдістері туралы түсінік

Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын
оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылын тану әдістері қандай бір
ғалым саласында болмасын арнайы ғылым тану құралы ретінде қолданылады.
Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік
айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағамында теориялық
тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғыным саласына бірдей әмбепап
әдіс - ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық өдістің негізі
-табиғатғағы экономикадаш құбылыстың барлыш өзара байланысты деп зерттеп
қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық қүбылысты өзара
объективтік зандылықпен байланыста екенін негізге алуында. Сондықтан да
диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми
методологиясының негізін құрайды. Аудит, экономика ғыным саласына қосылады,
оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән
ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы
методолоғая және жеке методология болып бөлінеді.
Аудиттің жеке әдістемесі диалектика принциптері мен жалпы ғыными
теориялық зерттеу зандылықтарынан құралады.
Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан
құралады; олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау,
салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философияның гнесология
теориясы бөлімінде толық, жан-жақты қарастырылған.
Анализ-ғылыми зерттеу әдісі, оның негізгі объектісі соның құрамына,
бөлшегіне жекелеп мазмүн, мағынасын анықтап, өз кезегінде түтасты құрайтын
әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау,
біріктіру, корытындылау) ғылыми зертттеу әдісі оның негізі зерттеу
объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмүн,
мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.
Аудит процесінде анализ және синтез аудит объектісіне осы әдістер
арқылы талдау жүргізу үшін қажет, Осы әдістердің, ерекшеліктеріне сопкес
талдау объектісінің жекелейй және топтаулы түріне де талдау жасап оның
мазмүн, мағынасын анықтауға болады. Аудит барысыңда шаруашылық субъек-
тілерінің қаржылық-табыстынык көрсеткіштерін талдау үшін дедукция -
индукция әдісі қолданылады.
Дедукция (тұжырымдау, қорытындынау) - ақыл-ойға салып, жалпы
көрсеткіштерді жеке көрсеткіштерге дәлел жасап, логикалық тұжырымдау,
корытынды жасау. Яғни, осы әдісгі қолданған жағдайда кәсіпорын
шаруашынығының жалпы көрсеткіштеріне талдау жасайды, содан кейін әрбір
бөлімдеріне талдау жасап сол мәліметтер арқылы топтап, қорытынды
жасалылады. Индукция - ақын-ойға салын жеке объектшерге талдау жасап, жалпы
көрсеткіштерге анықтама беретін логикалық әдіс.
Аудит барысында дедукция әдісі шаруашынық субъекті-лерінің жалпы
көрсетюштерінің мағынасы мен мазмүнына талдау жасап оның жеке құрамдарына
байланыстылығын анықтау. Индукция шаруашынық субъектілерінің шаруашыны-
гының жеке көрсеткіштеріне талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін
аныктамаларға байланыстылыған анықтап қорытынды жасайды.
Қорыта келгенде, аудит барысыңда индукция дедукция экономикалық талдау
әдісі ретінде үлкен орын алады.
Аналогия (ұқсастық) - ғылыми зерттеудегі үқсастық негізінде
объекгілерді анықтау. Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі
жағанан үқсастығын қарастыру арқылы анықтама жасайды.
Жүйелі талдау - талдау объектілерін жүйеге келтіріп, оны құрайтын
бөлімдерін топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі
талдау объектісінің бөлімдерін жеке-жеке бағалап, оларға әсер ететін
факторларды талдап олардың бірлескен түріндегі объектілерге осерін бір
жүйеге келтіреді. Яғаи, жүйелі талдау әдісі факторлардың арасындағы жүйелі
байланысты анықтайды.
Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі объектіні
жүйеленген черттеу әдісі мен талдаудың дамуы барысында өндіріс талаоына
сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарынын тиімділігін,
шығындарды оптималды мөлшерде есептеу үідің қолданылады. Бүл әдіс
өндірістік шаруашылық субъекгілерінің ішкі аудиттік жұмысында қолданылады.
Сонымен, аудитте қолданынатын жалпы ғылыми зерттеу әдістерін
қарастырдық. Әр ғылым саласында жалпы ғылыми зерттеу әдісінен басқа жеке-
жеке әр ғылын саласының ерекшелігіне сәйкес сол ғылым саласының мазмұнына,
пәніне сәйкесғылыми әдістері болады. Мысалы, бухгалтерлік есеіттің нақты
өзіне тән құжатғау, түгелдеу және бағалау, калькуляциялау, есептеу, екі
жақты жазу, баланс деген ғылыми әдістері бар.
Сол сияқты аудиттің де жеке ғылым саласы ретінде өзінің пәні мен
ерекшеліктеріне сәйкес арнайы ғылым тану туралы жұмыс жүргізу процесін
қамтамасыз ететін ғылыми әдістері бар.
Ол әдістер аудиттің мақсаты мек атқаратын функцияларына сәйкес жалпы
ғыными әдістермен үйлестікпен құралған. Олар әсіресе жақын ғылымдар
саласының методикалық әдістерімен тығыз байланысты. Аудит жұмысынын
барысында сол жоғарыда аташған ғылым салаларының әдістері аудитте тікелей
қолданылады және де олар аудит әдістерінің құрамьғаа тікелей әсерін
тигізеді. Мысалы, аудит, тексеру бірдей әдістермен жұмыс істейді. Олар:
түгелдеу, салыстыру, құжаттарды тексеру, бақылау әдістері, бухгалтерлік
есептердегі тіркеуді тексеру, аналитикалық және синтетикалық есеп
кестелерін тексеру.
Қорыта келгенде, аудиттің әдістері үш топқа бөлінеді: 1) аналитикалық
анықтау, есептеу; 2) құжаттау; 3) қорытындылау.

1.2 Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі

Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі - ол негізінде экономикалық талдау
(топтау, салыстыру т.б.), аналитикалық тексеру және статистикалық,
экономика-математикалық әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған
әдістемелік әдісі - ол, шаруашынық субъектілерінің қаржылық ақпаратының
құрамының аналитикалық есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығынын, оны сатудан
түскен төлем сомасынен салыстыру, ол көрсеткіштерді өткен жын
қорытындьыарымен салыстыру, онда анықталған өзгеру мөлшерінің нендей
себептен болғанын, факторлардың осерін есептеу.
Аналитикалық тексеру әдісі аудиттің барлық кезеңінде қолданылады.
Жоспарлаудан бастап күнделікті тексеруде, қаржылық ақпаратьға жасауда, онда
кездескен өзгерулерді анықтауда және кісіпорын шаруашылығының даму жолын
бағдарлау барысында аналитикалық тексеру уздіксіз жүргізіліп отырады.

1.3 Әдістемелік құжаттау әдісі

Әдістемелік құжаттау әдісі - өз кезегіне үш топқа бөлінеді; 1)
мәліметтік модельдеу; 2) нормативтік қүқынық жолын анык-тау; 3) есеп
құжаттарын зерттеп, тексеру. Мәліметтік модельдеу дегеніміз - аудит
объектісінің мәлімет тасушыға бір жүйеге келтіріп тіркелген мөліметтерін
айтамыз. (Ол алғашқы құжаттар, магнит барабандары, дискалары, перфокарта,
магнит таспасы, есеп кестелері, ақпараттар).
Мәліметтік модельдеу мақсаты тексеру объектісінің нормативтік-қүқылық,
ақпараттық, бухгалтерлік мәліметтерін бір жүйеге келтіріп аудит жүргізуге
ыңғайластыру. Мысалы, аудит жүргізу үшін өндіріс процесінің моделін алатын
болсақ, оңда шығыны жоспарланған өлшеаде, нақты шығын өлшемінде оның цехтар
арасындағы қүбылыс қозғалысы, оның бухгалтерлік құжатғарға тіркелуі,
жауапкершіліхтегі есебі тағы басқа көптеген мәліметтер бір жүйеге келтіріп,
мәлімет моделін құрайды.
Нормативтік-құқылық жолын анықтау әдісінде заң тұрғысынан ереже
нүсқаудың, норматавтік құжаттар талабының, ішкі ереже тәртібінін орыңдалуын
анықтайды. Мысалы, түгелдеу тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау үшін
түгелдеу жүргізудің ереже-нұскауының дұрыс қолданынуы бақьмау қажет. Нақты,
мүлік түгелдеу, қаржы корларын тексеру, ақша қаржысын тексеру ережелерініін
дұрыс қолданылуы.
Есеп құжатғарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда көрсетілген
діаруашылық әрекеттерінің операцияларының зандылығы, қажеттілігі және
экономикакалық тиімділігі, шындықты көрсетуін анықтау қажет. Осы әдісті
іске асыру үшін ор түрлі құжаттарды тексеру түрлері, нақты бақылау әдісі,
әр түрлі есептеу, инспекция өткізу т.б. қарастырулар қолданылады. Осы
орайда құжаттарды тексерудің бірнеше түрлерін, әдістерін қарастыруға
болады: формалдық, арифметикалық, зандынық, логикалық тексеру. Немесе
жаппай карама-қарсы екі жазу жолымен, шоттарға тіркелу жолымен, есепті
калпына келтіру әдісімен тағы басқалай қарастырулармен.
Формалдык. әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыс
толтырылғандығы, түзетудің болмауы, арифметикалық есебі, жауапкершіліктегі
жұмысшынардың қол қоюы қарасты-рылады.
Арифметикалық тексеруде санау, көбейту процестерінің мақсат сондағы
тіркелген анықталады. Құжаттың зандылығын тексерудегі мақсат сондағы
тіркелген операциялардың зандынығын және экономикалық тиімділігін анықтау.
Қарама-қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеруде
өте жиі қолданылады. Себебі, бір құжат бухгалтерлік есепте екі қайтара
кездеседі. Мысалы, кәсіпорынға жабдықтаушыдан материал келіп түссе,
материалдың құжатының бір данасы қоймашының есебінде болса, екіншісі банк
көшірмесінің тіркеуінде болады. Соларды салыстыру арқьиы қарама-қарсы
тексеру жүргізіледі, немесе дүкенші тауар сатудан түскен ақшаны кассаға
өткізеді. Яғаи, касса ордерінің түбірі касса есебінде болады да оның
түбіртегі дүкеншінің есебіне тіркеледі. Олардың арасындағы құжат
көрсеткішінің дұрыстығы қарама-қарсы тексеру арқылы анықталады. Осы қарама-
қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы үрлық немес әдейі қиянат жасаушынық
қылмыстары анықталады.
Есепті қалпына келтіру әдісі — ол негізінде аудит процесінде
бухгалтерлік есепте жіберілген қатекі түзету. Қате түзету процесінің
бірнеше түрі бар.
1) Корректура әдісі, ол бухгалтерлік түркеу кезінде жіберілген
қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау. Мысалы,
тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қалай түзетілді, оны түзеткен адам
өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).
2) Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы түзету.
Бүл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін әдіс.
Мысалы, дүкенші жадбықтаушыдан құжат бойынша тауар қабылдап алған. Тауар
сомасы 10 000 теңге, ал дүкенші өзінің есебіне 1000 теңге деп, тіркеген
бухгалтер өзінің корреспонденциясында 1000 теңге көрсеткен. Кейін тексеру
барысында қате анықталғаннан кейін қосымша - екі жақты жазу 9 000 теңгеге
жасалады.
3) Үшінші қате түзету әдісі - қызыл жазу. Бүл әдіс бойынша, бүрын екі
жақты жазуда жіберілген қате сол күйінде қайталанылады да тек қана еіа
жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады. Бухгалтерлік есептің
қалыптасқан тәртібі бойынша есеп шотғарына екі жақты жазу бойынша тіркелген
тәртібі айналым санын санағанда шығарылып тасталады. Яғни, қате жазу
бойынша қарамен жазылған сан, қызыл жазумен жазылған сан шығарылғаннан
кейін бұрын жіберілген қате түзетіледі.

1.4 Нақты тексеру - бақылау әдісі

Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын
алатын бақылау-тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын мүлкінің
нақты есебін алып түгелдеу. Бухгалтерлік есептің күдіксіз дұрыс екенін,
аналитикалық және синтетикалық есеп көрсеткіштерінің дұрыс екенін тек қана
нақты тексеру арқьиы сенімді түрде анықтаута болады. Ол өз кезегінде
шаруашылық субъектілерінің қорытынды ақпарат көрсеткіштерін нақты
тексеруге негіз болады. Нақты тексеру методологиясы сенімді, күдіксіз әдіс,
сол осьг арқылы ғана ар шындықты анықтауға болады. Өз кезегіңде нақты
тексеру үші түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы
анықтау.
Түгелдеу - инвентаризация. Бухгалтерлік есепте және аудит те тугелдеу
әдісі ол, кәсіпорын мүжінің, негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша
қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу әрекеттерінің нақты бір
кезенде түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сайма-сай дұрыс
екеңдігін анықтайды. Түгелдеу процесінің қорытындысы, бухгалтерлік
есеп көрсеткіші мен нақты тексеру құжаты "инвентарлық тізінде"
анықталған сомамен салыстыру арқьиы анықталады. Яғни, бухгалтерлік
есеп көрсеткіші тізімі қорытындысынан артык болса, оның айырмасы
жетпеген соманы көрсетеді. Қандай көрсеткіш (V) анықталған жағдайда да
аудит барысыңда оның себебін анықтау, оған анықтама жасау, түсініктеме беру
аудитордың міндеті.
Аудит барысында түгелдеу процесіне тікелей бақылау жасалылады. Себебі,
көп жағдайда есеп процесіндегі кемшілік немесе қиянатшылық осы түгелдеу
процесінде анықталады, екіншіден барлық бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің
дұрыстығы көп жағдайда оси түгелдеу қорытындысымен тіммей байланысты
болады. Осы оралда, ерекше орын алатын есеп процесі ол қоймадағы тауардың,
материалдың аналитикалық есебі. Оны жүргізу әдісі қазіргі кезде есептеу
машинасы арқылы немесе компьютер қолдану арқылы, ал көп жағдаңда қолмен
есеп карточкалары арқылы жүргізіледі. Аудит барысында
аналитикалық есеп жұмысын тексеру өте күрделі процесс. Ол жұмыста қате
жіберілсе немесе әдейі озгерістер енгізілсе оның кәсіпорын шаруашылыгына
тигізетін әсері өте күрделі. Соның салдарынан өндіріс процесіңде
толқушылық, өндіріс өнімнің сату қуатының өзгеруіне жалпы шаруашылық
қаржылық-табыстылық жағдайына әсерін тигізеді. Мысалы,
өндіріскеқажетті материалдың сапалылығы өзгертілсе оның бағасы да
өзгереді. Ал, ол өзгерістер материалдарды кіріс-шығыс жасауда құжатқа бір
бағамен, басқа сапамен тіркейді де аналитикалық есепте басқа бағамен басқа
сапамен есепке алылады. Соның әсерінен бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен
аналитикалық есеп көрсеткіштерінің арасында көптеген айырмашынықтар болады
да ол бұзақылық немесе заң бұзушылық, кынмыс жасаушылардың еншісіне немесе
пайдасында қалады. Яғни, соның нәтижесінде шарушылықтағы субъектілер, оның
сыбайластары көп зиян келтреді.
Кәсіпорын экономикасында материалдарды, тауарды түгелдеу сияқты
негізгі құралдарды түгелдеу де жүргізіледі. Оның тек негізгі құралдық
бухгалтерлік есебіндегі ерекше-ліктеріне сәйкес өзіндік айырмашылығы
болады. Мысалы, түгелдеу тізімі негізгі құралдың аналитикалық есен
карточкалары арқылы толтырылады. Сол сияқты ақша қаржысы мен құнды қағазды
түгендеу процесі де өзінің бухгалтерлік есеп. ереже-нүсқау талаптарына
сәйкес жүргізіледі.
Шаруашылық субъектілерінің есеп-айырысу орекетіне түгелдеу жүргізу өте
күрделі, оның тауарлары аудит жұмысы үшін өте қажет. Егер де жабдықтаушыға
алған тауары үшін төлем жасалмаса немесе сатып алушылар алған 'Іауарына
Іөлем жасамаса ол кәсіпорының қаржылық, табыстылық жағдайы туралы жұмысын
тексеру мүмкін емес.
Қорыта келгенде аудитор түгелдеу жұмысы туралы өзінің қорытындысын
жасайды. Ал, кездейсоқ, орескел жағдайлар анықталса тапсырушыға арнайы әр
фактілер туралы жеке-жеке анықтама жасап тапсырылады, ол бірак аудиттің
құпиялық, принципін сақтау тәртібімен жүргізіледі.
Сараптап анықтау. Нақты тексеру барысында сараптап анықтау әдісі
негізінде өндіріс барысын бақылау ретінде колданылады. Оның ішінде өндіріс
техно югиясының дұрысты-ғы, өңдіріске жіберілетін шикізаттардың,
материалдардың, өндіріс технояогиясының талабына лайыкты екенін, жаңа өнім
сапалылығын сараптау, өндіріс процесіндегі шикізат пен материалдардың
қосалқы шышнын сараптау тағы сол сияқты көптеген процестерге саралтау
жүргізіледі.
Бақылау-анықтау әдісі - бұл да нақты тексерудің бір түрі. Оның негізгі
мақсаты кунделікті шаруашылық барысын тексеру, бақылау жасау. Мысалы,
күнделікгі өндіріс барысына бақылау жасау, еңбек жұмыс тәртібін бақылау,
материалдар тасу, дайын өнімнің сатылу барысын олардың қоймада сақталу
тәртібін бақылау.
Қорыта келгенде аудитор жұмысында әдістемелік тексеру әдістері үлкен
орын алады. Оның ішінде қазіргі кезде тексеру барысында компьютер қолдану,
тапсырушының компьютер құрынынымен жұмыс істеуі ерекше орын алады. Әрине ол
үшін аудитор компьютер бағдарламасын жақсы білуі қажет.
Жоғарыда айтылған аудиттің әдістерінің мазмүнын тұжырымдай келіп
мынадай анықтама жасауға болады; "Аудитор көптеген әдістердің басын қосып
өз пәнін зерттеп жұмыс жүргізу үшін қолданылатын әдістер тобын аудиттің
әдісі дейміз.

II - ТАРАУ. Аудит түрлеріне сипаттама

2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі

Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің
түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Зандылыққ
тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және
бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы
түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.
Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен
жүргізіледі. Бүл жағдайда аудит тексеруінің көлешн және қойылатын талапты
кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған
шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орындары кәсіпорынға
аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің
кәсіпкершічігінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру
жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.
Нарықты қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттін атқаратын рөлі өте
үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінін атқаратын қызметі де, тапсырушылар
талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да
ерекше.
Жалпы аудит туралы. оның ішінде сьгртқы аудит туралы осыған дейін
көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің
ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары
немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы
жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп
және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын,
шығарылғаңдығын дәлелдей, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру.
Осындай тиянақты тексеру жургізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық
субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап
олардың экономикасының даму бағышн көрсетіп, оның каржылық жағдайын
нығайту жолдарын айтып, каржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына
түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорыннын, қаржы
жағдаиының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы
қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.
Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы
аудиттің мақсаты тадсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар -
кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік егелері. Мемлекеттік
құрылымының тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-
экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе
кәсіпкерлердің, меншік егелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты
көңіл белінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен
жүргізсе, мемлекет-ке салық толемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде
мемлекеттің әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады.
Шаруашылық субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгеңде, оның негізгі
мақсаты бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілу жағдайы, оның
көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына
сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.
Сыртқы аудит қызметін атқарушылар — жеке аудиторлар және аудит
фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің
мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржы қандай
жағдайда іске асырылуда? - деген сүрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит
қызметін осы түрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар.
Біріншіден, кәсіпорын басшылары өзінің жэне кәсіпорын жұмысын. оның
қаржылық жағдайын тек кана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп
көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты,
нақты шаруашылық жағдайын білуге қүштар. Нарықты қатынас жағдайыңда
ешқандай фирма, кәсііюрынның нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-
қатынастыққа бармайды.
Сыртқы аудитттер өз жүмысын сол елдегі занды түрде қабылданған аудит
стандартына, бухгалтерлік ессп принциптеріне сәйкес жүргізеді. Фирмалардың,
кәсіпорындардың балансы басылымға, тек қана аудитор өз корытындысын
бергеннен кейін және балансқа морін басқаннан кейін ғана шығады. Әрине,
аудитор қорытындысы кәсіпорын ақпаратының дұрыстығын, қаржы
көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана корытынды бергеннен
кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процестердің басылымға
шыгуының үлкен мағынасы бар.
Сыртқы аудиттің мазмұнын кеңірек түсіндіру үшін төмендегі схеманы
келтіреміз.

Ақпарағы басылымға шыққан фирмалар, кәсіпорындар біріншіден, өзінің
дербес шаруашылық субъектісі екеніне кепілдік алып, одан әрі
кәсіпкерлігімен айналысуға ерікті болғанын дәлелдейді. Олай дейтін
себебіміз, аудит қорытындысы сол кәсіорының өткен уақытға тапқан табыс
сомасы ақпаратта дұрыс көрсетілген, салық сомасы дұрыс есептелінген деп
анықтама жасайды. Яғаи, шаруашылық субъектісі мемлекет алдында заң
тұрғысынан салық төлеу процесін дұрыс жүргізген субъект болып танылады.
Екіншіден, басылымдағы ақпарат мәліметі бойынша сыбайлас көсіпкерлер
күдіксіз қарым-қатынасқа келеді. Себебі, басынымға шыққан материалдарды
сыбайластар зерттеп, талдап, сыбайлыстыққа сенімді екен деген қорытынды
жасайды. Осы орайда, аудит қорытындысы өзінің негізгі функциясының бірі,
пайдалануға дайындалған мәліметінің рөлін аткаратын кэсіпорын ақпаратын
бекітеді.
Үшіншіден, аудит қорытындысымен шаруашылық жүргізуге кепілдік алған
кэсіпорындар сол елдің экономи-касының бір қалыпты дамуына негіз болады.
Тұрақты халықты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Қалыптасқан экономика
құрылымына айналады.
Төртіншіден, қалыптасқан экономика құрынымы болған елде тиянақты
нарықты қатынас заңдылығы қалыптасып, сол заңдылыққа сәйкес ол елде тауарға
нарықты қатынас бағасы тұрақты бір жүйеге келеді. Соның нотижесінде сол
елдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы тұрақты даму жолына түседі. Яғни,
аудиторлық тексеру кәсіпорынның тиянақты кәсіпкерлік жасап, даму барысын
қамтамасыз ететін механизм. Дамыған елдердің экономикасының тұрақты дамуын
қамтамасыз етіп отырған - ол бірден бір нақты механизм аудитор қызметі.
Сондықтан да оған шет елдерде өте үлкен мағына беріледі.
Аудиторлық тексеру жүргізбей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Бухгалтерлік есеп және аудит
Сыртқы және ішкі аудит
Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері
ҚР САЛЫҚ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Зерттелініп жатқан ұйымның міндетті аудитті жүргізудің ерекшеліктерін қарастыру
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Пәндер